ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сеніп тапсырылган бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарының криминалистикалық сипаттамасыСеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету қылмыстарын өзіне мүлікті сеніп тапсырылған тұлғалар жасайды. Өздеріне берілген мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жағдайларын теріс пайдалана отырып, олар заңсыз жолмен сол заттарға деген құқықтық меншікті өздері иеленеді немесе басқа тұлғаларға иелену құқығын береді. Мүлік әртүрлі формада болуы мүмкін, мемлекеттік немесе жеке меншік. Қылмыстың субъектілері болып табылатын тұлғалар, олар заңда көрсетілген барлық белгілері бар - мемлекеттік кызметкерлер, кэсіпкерлер мен карапайым азаматтар.Бұл қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасын барлық элементтері үздіксіз тізбектелген ақпараттық мәліметтерді қүрайды және қылмыстық қол сұғушылық затынан көрініс табады. Иеленіп алу затына - акшалай каражаттар, бағалы қағаздар немесе материалды күлдылықтар жатады.Ақшалай каражаттарына - мемлекеттік кәсіпорындармен бөлінетін каржы қаражаттары, банкке салымшылардың (азаматтардың, заңды тұлғалардың) салған ақшалары; зейнеткерлік жинақ корларының, сақтандыру компаниялары мен басқа да қорлардың, заңды түлғалардың және т.б. акшалай қаражаттары жатуы мүмкін.Материалдық құндылықтардың шеңбері кең. Атап айтқанда, олар: жер учаскелері, өндірістік комплекстер, рудниктер, мүлай үңғылары, техникалық және компьютерлік жабдықтар, шикізаттар, материалдар, дайын өнімдер, сауда объектілері, ғимараттар, пәтерлер және т.б. Жогарыда аталған қылмыстық қол сүғушылық заттарының экономикалық және элеуметтік аяда өз алдына ерекше орны бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір қаржы-шаруашылық операциялармен және тиісті коғам шеңберімен байланысты болып келеді. Үрлау затына не жататынын анықтап алдық, енді ұрлықты кім және кандай тәсілмен жасайтындығын анықтауға мүмкіндіктер бар. Қоғамға ерекше қауіпті қылмыстардың түріне - бюджеттік каржыны, зейнеткерлік жинақ қорларының ақшалай қаражаттарын, тааһғи қорларды және т.б. ұрлау жатады. Бүгінгі танда сенімге кіру жолымен жасалған бөтеннің мүлкін иелену мен ысырап ету қылмыстары жалпы қоғамның - мемлекетке, үкіметке, қүқык қорғау органдарына сенімсіздікпен кдрау қаупін тудырады. Қылмыс субъектілерінің жеке басының ерекшеліктері, яғни оларға тэн қасиетгер - көбінде Бұл білім деңгейі жоғары, жұмыс істеу тәртібін өте жаксы білетін, тәжірибесі мол, кызмет технологиясын білетін, басқару кызметін орындау қүзіреттілігі берілген және экономика немесе технология, сондай-ак қаржы саласымен басқа да салалардан білімі бар түлғалар. Оларға кәсіптік тэжірибелерінің болуы тэн. Жас категориясы шамамен кемелденген деңгейі "30-50" аралығындағы адамдар. Жыныс жағынан көбінде ер адамдар. Психологиялық көзқарастан сипаттайтын болсақ, олар: отбасына берік, өнегелі, ұқыпты, қамқоршыл, ішімдік ішпейтін, есірткі заттарды пайдаланбайтын аса тәртіпті жандар. Сонымен қатар бұл түлғалар - пайдакүнем, сараң, үнемшіл және өте сақ, ал интеллект жағынан жоғары білімді болғаныменде арсыз болып келеді. Ысырап ету - Бұл категориядағылардың психологиялық портреті, яғни ой-өріс, мінез-қулықтары мүлдем өзгеше, нақты айтқанда: олар жеңілтек, мен-меншілдігі басым, кэсіби қабілеті төмен немесе мүлдем жоқ, талдап-саралау дегенді білмейтін адамдар. Жас және жыныс жағынан -Бұлар көбінде қызмет бабының өсуін, жоғарлауын таныс-тамыр арқылы жасаған, өз тәжірибесі аз немесе жоқ, жасы элі кемелдене қоймаған ер адамдар. Иелену жолымен жасалатын бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын тәсілдері бойьшша төмендегідей екі түрге бөліп қарастыруға болады: - мүлікті ұрлауды қарапайым жолмен жасау; - инсценировкалау жолымен жасау. Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті карапайым жолмен ұрлау кезінде қылмыскер (ақшалай қаражаттарды, заттарды немесе басқа да нәрселерді) мүліктерді ешбір ысырап етуінсіз немесе бүркемелеулер жасамай-ақ ашық түрде иеленеді. Ол қылмысты жалғыз немесе екі-үш адаммен шағын ғана топ болып жасайды. Мұнда - кассирлердің ақша каражаттарын иеленуі, қоймашылардың (зат сақтаушылардың) дайьш немесе басқа да өнімдерді иеленіп алуы жөнінде сөз қозғалып отыр. Бөтен мүлікті инсценировка жолымен үрлау қылмыстары әртүрлі тәсілдермен жасалады. Солардың ішінде универсалды тәсілдер -өндірістерде (банктік қызметтерде), сауда және элеуметтік аяларда қолданылады. Олар: қайтыс болып кеткен тұлғаларды ведомостқа қосып жазу; орындалмаған жү-мысқа ақшалай төлемдер беру; жалған құжаттар жасау арқылы ақша алу; құндылықтарды және т.б. иелену жолымен жасалады. Керсетілген қызмет салаларына байланысты, мысалы, өндірісте мынандай тәсілдер қолданылады: - жалған банкроттық; - өнімдерді дайындау технологиясын бұзу; - кәсіпорынның аты мен оның ұйымдық-қүқықтық жағдайын өзгерту жолдарымен қайта тіркеуге тұру; - ақшаны шетелдік есеп-шотқа аудару; - кәсіпорынның тұрақ-орнын, мекен-жайын өзгерту; - бухгалтерлік есеп жүргізу ережелерін бұзу және т.б.. Көп көріністік, яғни ipi мөлшерде жасалатын ұрлау қылмыстары ұйымдасқан топ құрамымен жасалады. Әдетте, Бұлар - материалды жауапты тұлғалардың (бухгалтерлермен, кассирлермен) алдын ала келісулері арқылы жүзеге асыры-лады. Тергеу барысының барлық кезендерінде қылмыстық топ құрамының қатысушылары, сондай-ақ олардың туыстары және достары тарапынан қарсы әрекеттер жасалуы мүмкін. Криминалистикалық сипаттаманың келесі элементіне ұрлау қылмысының жасалу жағдайлары жатады. Ол қылмыскердің немесе қылмыстық топтың ықпал ету шарттарынан, сондай-ақ қылмыстық қол сұғылатын заттардан түрады. Олар: фирмалар, цехтар, зауыттар, мекемелер, олардың қүрылтай құжаттары, акционерлердің және құрылтайшылардың жиылыс хаттамалары, басқа да қаржылы-шаруашылық операциялар (бастапқы құжаттар, есептік тіркеулер, басты кітапша, қаржылық есеп құжаттары) және басқа да объектілер. Бұлардың барлыгы объективті жағдайлар ретінде ұзақ уақытта қолданылады және қылмыстың ізін сақтай отырып тергеу кезінде түгелдей жоғалып кетуі мүмкін емес. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|