Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көліктегі қылмыстардың криминалистикалық сипатамасы.




Көлік құралдарының шамадан тыс көбейіп кетуіне, жүргізушілердің кәсіптік мәдениетінің төмендігіне, жүргізу тәжірибелерінің аздығына (немесе тіптен жоктығына), жолдың дұрыс жөнделмеуіне, жүргізушілер мен жаяу адамдардың жол ережелерін сақтамауларына (ішімдік пен есірткі заттарын пайдалануларына) байланысты өкінішке орай күннен-күнге жол-көлік оқиғаларының саны артуда.

Жол-көлік оқиғалары дегеніміз, көлік құралдары мен жүктерді бұзып киратуға, материалдық залалдар келтіруге, сондай-ак адам елімі мен дене жарақаттарын салуға әкеп соқтыратындай жағдайларда көлік кұралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік кұралдарын пайдалану ережелерін бұзуы болып табылады. Сонымен, бұлардың қылмыстық-кұкыктык құрылымы келесідей элементтерден тұрады: а) жол козғалысы ережелерін бұзу: э) занда кезделген зардаптардың болуы; б) жүргізушінің эреіеті (әрекетсіздігі) мен болған оқиғаның нәтижесінің арасында себепті байланыстың болуынан.Жол-көлік қозғалыс ережелеріне сәйкес жол-көлік окиғаларын мынандай түрлерге бөлуге болады: қозғалыс кұралдарының соқтығысуы; велосипедшіні. келік арба құралын, жануарларды, кедергіні, жаяу адамды басып кету; көліктін аударылып-төңкерілуі; жолаушылардың автокөліктен құлауы (ұшып кетуі) және т.б. Автокөлік қылмыстарына - жол қауіпсіздік ережелерін касакана бұзып немесе көлік кұралдарын пайдалану қауіпсіздігіне немқұрайлыкпен карау ситуациялары тән. Бұл қылмыстың қоғамда кең өріс алуы мен ерекше қауіптілігі жүргізушілердің криминалдык ситуацияларынан көрініс табады. Олардың әрекетгерінен атап айтқанда көлік құралдарын мас күйінде жүргізулерінен.

Көрсетілген ситуациялардың нәтижесінде адамдарды, велосипедшілерді басып кетуіне; көлік құралдарын соғу мен аударып-төңкерілуіне; жолаушылардың көлік құралдарьтнан ұшып шығып кетуіне әкеп соқтыратындай жағдайлар болады.Жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу қылмыстарына дайындалу, оны жасау мен ізін жасыру тәсілдері сияқты криминалистік сипаттағы мұндай элементтерді қарау кезінде, Бұл қылмыс түрі (ҚР-ның ҚК-нің 298-299 баптарында қарастырылған қылмыстарды қоспағанда) абайсыздық категорияларына жататындыгын ескеру қажет. Жол-келік қозғалысы ережелерін қылмыстық бұзуга - көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, келіктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру, мае күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу және т.б. әрекеттер жатады.

Сонымен қатар жол-көлік қауіпсіздік ережелерін бұзу, әдетте жүргізушілердің құқыққа қарсы мынандай мінез-құлық, жүріс тұрыс әрекеттерінен көрініс табады: жылдамдықтың шамадан артық болуы, озып өту, қатар жүру мен жол ережелерін бұзудан; қарама-қарсы жолға шығып кетуден; қиылысқан жолдардан өту тәртіптерін бұзудан; шам жарығымен жолды керсетпеуден; теміржолдан өту ережелерін бұзудан; жол қозғалысына қауіп төндіретіндей ақаулықтағы көлікті жүргізуден. Тұлғалардың көлік құралдарын мас күйінде жүргізуі өте қауіптілікке әкеп соқтырады. Арнайы медикопсихологиялық және психофизиологиялық зерттеулер адам организміндегі елеусіз алкогольдік ішімдіктердің болуының өзі, оның автокөлік, мотоцикл, трактор және басқа да механикалық көлік құралдарын жүргізу қабілеттілігін төмендететіндігін дәлелдейді.

Техникалық жағынан сапасыз құралдарды пайдалануға шығарумен байланысты құқыққа қарсы әрекеттер (әрекетсіздіктер) көлік мекемелеріндегі екілетті тұлгалардың көлікті жүргізуге рұқсат беруінен көрініс табады.

Көлік құралдарын пайдалану ережелерін өрескел бұзудың басқа да түрлеріне келесілер жатады: көлік жүргізушілерін мас күйінде жұмысқа шығару; жүргізу куәлігі жоқ немесе жүргізуші ретінде жарамсыз деп танылған дәрігерлік көрсеткіш қағаздары бар адамдарды жұмысқа шығару және т.б.

Қылмыскерлер көбінде кылмыс болған орыннан кетіп қалуға, сондай-ақ қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Мысалы, жаяу адамды басып кету нәтижесінде өлімге әкелген жағдайларда, оны елсіз жерлерге апарып кеміп жасыруға, жолдағы іздердің көзін жоюға, көлік құралдарындағы және басқа да объектілердегі зақымдану іздерін жоюға тырысады.Жол-көлік оқиғасына көптеген іздердің болуы мен материалдық жағдайдағы өзгерістердің болуы тән. Бұларға - жолдағы қозғалыс, сырғанау іздері, көлік құралдарындағы, жердегі құрылыстардағы зақымдану іздері, жүргізушілердің, жануарлардың, жаяу жүрген адамдардың зақымдану, жарақат алу іздері жатады.Жол-көлік оқиғасының салдарынан көлік құралдары мен құрылыстардың, объектілердің бұзылуымен, болмаса жойылып-құруымен байланысты материалдық шығындардың болатындығы сөзсіз.

Зардаптың өте ауыр түріне - адам өлімі, ауыр дене жарақаттары мен психикалық зақымдар жатады. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде қоршаған ортаға зиянды әрекеттер де келтірілуі (жарылғыш, қауіпті уытты және радиоактивті заттарды тасымалдаушы көлік құралдарының апатқа ұшырауы мүмкін.

Жол-көлік қозғалыс ережелерін бұзу қылмыстарының криминалистік сипаттамасында тұлғалардын жеке басының ерекшеліктері маңызды мәнге ие болады. Бұл санаттағы құқық бұзушыларға келесідей қасиеттер тән: өзіне аса сенушілік, өзімшілдік, менмендік, арсыздық; қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлықпен қарау; кәсіби даярлықтың жеткіліксіздігі; қажетті тәжірибенің, ептіліктің болмауы; көлік құраддарын пайдалану мен жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау талаптарын өкілетті тұлғалардың ездері орындамауы. болмаса қарамағындағы тұлғаларға ережелерді сактауға байланысты талаптардың толық қойылмауы және т.б.

Автокөлік қозғалысы қауіпсіздік ережелерін қасақана бұзудың әдеттегі ниетгеріне төмендегілер жатады:

жеке басының мақсатына жетуге байланысты өзімшілдік сезімнің тууы. Мысалы, белгілі бір жерге тезірек жетуге ынталану немесе өз ісінің дұрыстығын бекіту нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуға әкеп соқтыратын әрекеттер;

өндірістік мүдделермен байланысты жалған түсініктегі ниеттер (жүргізушілердің көп мөлшердегі заттарды жылдам-жылдам тасып бітіруге тырысу нәтижесінде ережелерді бұзуы).Нақты жағдайда субъект нормативтік талаптарды елемейді, себебі оларды формальды түрде орындаудың қажеті жоқ, тіптім нақты ситуацияда ол талаптарды орындау артығырақ деп санай келе, Бұл жерде қауіпсіздік ережелері бұзылса нәтижесі ешқандай ауыр зардаптарға әкеп соқтырмайды деп ойлайды.Қауіпсіздік ережелерін қасақана сақтамау әрекетгері (әрекетсіздіктері) келтірілетін зардаптарға байланысты қылмыстық өзіне сенушілікпен үлғасуы мүмкін. Кінәлі тұлға болатын ситуацияны алдын ала біле тұра жеңіл ойлылықпен немесе өзінің жүргізушілік тәжірибесіне, әккілігіне гқэне т.б. сенуімен ереже тәртіптерді қасақана бұзады. Мұнда жол-көлік қозғалысы ережелерін бұзу ниеттері, бұл қылмыстардың келтірілетін зардабына қатысты субъектінің абайсызда жасағандығын куәландырады.

Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу кезіндегі жағдайлар, оның орны, уақыты және басқа да жағдайлар криминалистік мәнге ие болады.

Жол жағдайы объективті және субъективті жәйттерден тұратын күрделі динамикалық жиынтық түрінде жұргізушімен көлік құ-ралын жүргізу кезінде ескерілуі керек. Мысалы: түнгі уақытта жарықтандырудың және жолды жөндеу жағдайларының дұрыс болмауы, жаяу жүрушілер мен жүргізушілердің мінез-құлық, жүріс-тұрыс және жылдамдық жағдайлары және т.б.Жолдың жағдайы күрделі болған сайын ол жерде автокөлік апаттарының болу ыктималдығы өседі. Мысалы, белгілі бір уақыт аралығында автокөлік-тердің үзіліссіз шамадан тыс көп жүруі кезінде, сондай-ақ aya райы нашар болған күндері (жаңбырлы, қарлы, боранды т.б.), түңгі уақыт аралығында жол-көлік оқиғаларының орын алуы байқалынады.

Апатқа түскен автокөліктің техникалық күйінің де криминалистік мәні бар. Сот-тергеу тәжірибесінде көлік құралдарын сапасыз жөндеу оларды техникалық жөндеу орталықтарында (ТЖО) жөндеу кезінде көлік құралдарының орнына стандарттан тыс қолдан жасалған, болмаса сапасыз деталь бөлшектерін, тез жанып кетуге бейім материалдарды пайдалану туралы куәландыратын фактілер жиі кездеседі. Техникалық ақаулыктағы автокөлікті жүргізу кезінде көбінде ауыр зардаптарға экелетіндей апаттар болып жатады.

Жол-көлік оқиғасы - себептер мен салдардың жиынтығын кұрайтын көптеген жағдайлардын нәтижесінде болады. Қауіпсіздік ережелерін бұзудын акикатын анықтау тек қылмысты ашуға қажетті мән-жайларға байланысты жағдайларды анықтау ғана емес, сонымен қатар автокөлікті пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте автокөлік қылмыстарына себеп болатын жағдайларға мыналар жатады: көлік күралы мен жолаушылардың қозғалысын ұйымдастырудағы кемшіліктер, көлік кұралдарының, жол мен көшелердің техникалык жағдайына бақылауды дұрыс жүргізбеу; жол полициясы жағынан тиісті козғалысты бакылаудың нашарлығы немесе жоқтығы; жүргізушілерді (кәсіптенген және авто-эуеской) дайындаудағы кемшіліктер, жол қозғалысына қатысушыларға қауіпсіздік ережелерді насихаттау жұмысынының өз деңгейінде жүргізілмеуі және т.о.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных