ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Рт және өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзудың криминалистикалық сипаттамшсы.Өрт - бұл адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, материалдық залал келтіріп, физика-химиялык құбылыстармен байланысатын, белгілі бір себептерден туындайтын жану процесі. Өрт пайда болу себептеріне байланысты төрт топка бөлінеді: антропогендік - адамзат факторымен тікелей байланысты; 2. техногендік - машиналардың. техниканың, құрал-жабдыктардың кұрылымдарының технологиялық жағдайына байланысты өзінен-өзі өртенуі; 3. табиғи құбылыстардың әсерінен, мысалы: найзағайдың түсуінен; 4. криминалдық - адамдардың отқа қылмыстық немқұрайлыкпен қарауынан немесе қасақана әрекеттерінін салдарынан және адамзат қызметінің кез-келген жерінде, әртүрлі мақсаттары мен себептерінен тындауы мүмкін Қылмыстық-кұкықтық, әсірес криминалистикалық көзқарас тұрғысынан өртке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өрттің қылмыстык әрекет нәтижесінде пайда болуына байланысты қылмыстык жазаланатын әрекеттердің қатарын қарастырады: бөтен адамның мүлкін қасақана немесе абайсызда жою немесе бұлдіру; өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу; атом энергетикасы объектілерінде қауіпсіздік ережелерін бұзу; тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік бұзу; жарылыс қаупі бар объектілерде қауіпсіздік ережелерін бұзу. Өртке қатысты қауіпті заттар мен материалдарды өндіріс процесіне енгізу жағдайындағы өртті алдын алу және тергеу мәселелері ете өзекті, әрі көп аспектілі болып табылады. Бірақ бұл қылмыстар көбінде ашыла бермейді. Тергеудің үстірт жүргізілуі салдарынан өрттің болу себептері анықталмай қалады, кінәлі тұлғалар әшкерленбейді, өрттін нәтижесінде келтірілген материалдық залалдардың орнын толтыруға байланысты қажетті шаралар колданылмайды. Қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларына сәйкес әрбір болған өртке байланысты оның пайда болу мән-жайларын анықтау мақсатында тексеру жүргізіледі. Қылмыс құрамының белгілері толық болған жағдайларда қылмыстық іс қозғалады. Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі өрт жөніндегі анықтау органдары болып табылады. Оларға келесідей міндеттер жүктеледі: өрттің пайда болу себептері мен жедел-іздестіру шараларын жүргізу; кінәлі тұлғаларды аныктау; өртті ескерту және оны алдын алуға байланысты кажетгі жұмыстарды жүзеге асыру. Өртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу өндірісін жүргізу қажет. Анықтама органы қылмыстық істі қозғайды және қылмыстық жазалайтын әрекетгің іздерін анықтау мен бекіту үшін қажетті тергеу әрекеттерін жүргізеді. Қылмыс ашылғандығы және ол бойынша анықтау әрекеті басталғандығы жөнінде прокурорға дереу хабарланады. Кейінге қалдырылмайтын тергеу әрекеттерін орындау кезінде аныктама органы тергеушіге істі беруге міндетті. Өртке байланысты істер бойынша алдын ала тергеу жұмыстарын ішкі істер органдарының тергеушілері жүргізеді. Қылмыстық істер мынандай жағдайларда қозғалады: а) өртеу белгілері болған; ф адам өлімі болған; б) өрт үлкен апатқа айналған; в) ipi мөлшерде материалдық залалдар келтірілген; г) басқа қылмыс белгілері болған; д) өрттің болу себептері аныкталмаған жағдайларда. Талқыланып отырған қылмыс түрінің криминалистикалық сипаттамасы кылмыстық қол сұғушылықтың пәнін сипаттайтын мәліметтерден, яғни оларды жасау жағдайлары мен механизмінен, әдістерінен, қылмыскердің жеке басының ерекшеліктерінен, кейбір жағдайларда өрт сөндірушілердің өрт сөндіру кезіндегі әрекеттерінен көрініс табады. Белгіленген істер бойынша қылмыстық қол сұғушылық пэнінің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері, өрт кезінде жойылған немесе зақымдалған мүліктің сипатын (мемлекетгік немесе жеке, оның түрі, құны, т.б.), өрттің туындау себептерін, бұзылған өрт қауіпсіздік ережелерінің түрін анықтау үшін қажет. Аталған ерекшеліктер туралы мәліметтер қылмыстың жасалу әдісін, жағдайы мен механизмін, құқыққа қайшы әрекетгің ниетін, құқық Бұлушылардың жеке басын аныктауда маңызды. Аталған қылмыстардың жасалу тәсілдері де әртүрлі. Көбінде қасақана жасалған өртеу қылмыстарына мынандай сипаттамалар тән: дайындык кезеңінің болуы (қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі туралы мәліметтер жинауды қоса алғанда); оны зерттеу; өртейтін объектіге бару; қылмыстық ниетті ойластыру; өртеу үшін қажетті техникалық құрал-жабдықтарды таңдап алу; болатын жағдайға немесе осы жағдайдың өзгеруіне өзін бейімдеу; өрттің ізін жасыру үшін шаралар қолдану. Сонымен қатар өрттің жасалу тәсілдеріне байланысты мынандай бірнеше типтік түрлерге бөлінеді: тез жанатын және тез тұтанатын материалдарды өртейтін жерлерде болған өрт; жандыруға арнап жасалған материалдар көмегімен өртеу; жылдам немесе жоспарланған уақытта оттың сыртқы көзінен туындауына есептеліп жасалған жағдайлардың немесе арнайы дайындалған техникалық құралдардың көмегімен өртеу; қандай да болмасын заттар мен материалдардың өзінен-өзі жануына қолайлы жағдайлар жасау жолымен жасалатын өрт. Өз кезегінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға дайындық кезеңі тән емес, дегенімен де жасалатын әрекеттердің жауаптылығынан бас тарту мақсатында оқиғаның мәнін жасыруға байланысты қылмыстық әрекетті бүркемелеуі мүмкін. Аталған құқық бұзушылықтар, олардың жасалу тәсіліне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: тұрмыстық және өндірістік-жарықтандыру, жылыту, газ және химиялық құрылғьшарды пайдалану мен сақтау кезінде өрт қауіпсіздігіне қарсы ережелерді сақтамау; электрөткізгіш және жарықтандыру құрылғыларын тұтыну мен жасауға байланысты өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу; отпен байланысты жұмыстардың, алау жағу және т.б. дұрыс жүргізілмеуі; жоғары өрт қауіптілік көздеріне (автокелікке, жарылгыш заттарға т.б.) немқұрайлықпен қарау.Осы кылмыстардың механизмінің бастапқы кезеңінде өрт жасырын түрде болуы мүмкін, ал шарықтану және соңғы кезеңдерінде ашық және айқын түрде болады. Бұл механизмдер бір жағынан түтіннің пайда болу ерекшелігі мен кезектілігінен, өрттің көрінісінен, оның жою күшінен, сонымен қатар пайда болған жағдайлардан өртеуге байланысты қолданылатын тәсілдерден немесе өрт және басқа да қауіптілік көздерін дү-рыс пайдаланбаудан, ал екінші жағынан оттың ертгік және энергетикалық күшінен айқын түрде керініс табады. Осы істер бойынша себепті-тергеулік мәліметтерді алу үшін өрт механизмінің барлық кезеңдерінің көрінісін елестете білу тиіс. Жағдайды анықтау үшін оқиғаға тікелей және жанама қатысқан тұлғалардың жүріс-тұрыс сипаты жөніндегі, сондай-ақ келтірілген зардаптардың ауырлыгы мен ерекшелігі туралы мәліметтер өте маңызды болып табылады. Осылардың бәрін анықтау істің мән-жайы туралы көптеген маңызды мәліметтерді және қылмыстың болған жерін, жасалу тәсілі мен механизмін, сезікті тұлғалардың шеңберін анықтау үшін қажет. Оқиға болған жерді мүдият қарау мен әртүрлі мамандарды орынды пайдалану бұл мәселені шешуді қамтамасыз етеді.Өрт сөндіру жағдайы мен өрт сөндіру тактикасының криминалистикалык маңызы бар. Өрт сөндіруші тұлғалардың өртті сөндіру бағытына, таңдап алған әрекеттері мен тәсілдеріне байланысты өртеу кезіндегі ситуация анықталады, Бұл жағдайларда өртті ешқандай адам өлімінсіз, елеусіз көлемде залал келтіріп сөндіруге, болмаса керісінше ауыр зардап, залал тудыруға әкеп соқтыруы мүмкін. Мұлдай сипаттағы қылмыскерлердің типологиялық ерекшеліктері де әртүрлі. Өрт жағушы тұлғалардың тұрғылықты жерлері мен жұмыс орындарында олардың жеке басы жөнінде теріс (жағымсыз) мінездеме берілетіндігі сөзсіз. Олардың көпшілігі бұрын сотталған, ішімдікке, бұзақылық әрекеттерге бейім тұлғалар болып келеді. Мысалы, азаматтардың жеке мүлкін өртеу істері бойынша өртеушілердің басым көпшілігі бұрын әртүрлі қылмыстары үшін сотталған тұлғалар. Көп жағдайларда өртеу әрекетін жалғыз адам жүзеге асырады. Дегенімен де, қазіргі кезде ұйымдаеқан қылмыстардың пайда болуына байланысты өрт қоюшылар ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінен тұруы мүмкін. Мысалы, бәсекелестерінен өш, кек алу, есеп айыру және т.б. мақсатта. Өрт қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзған тұлғалар еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұлган тұлғаларға тән белгілермен сипатталады. Жеке мүлікті өртеу кезінде мұндай кылмыстың криминалистикалық сипаттамасының қажетті элементі болып криминалистикалық маңызы бар жәбірленуші туралы мәліметтер табылады (оның жеке бас, өмір сүру бейнесі, шұғылданатын кәсібі мен істейтін жұмысы, араласатын адамдары және т.б. жөніндегі мәліметтер). Бұл мәліметтер өрт қою жағдайларын ескере отырып дереу түрде іздестіруге қажетті қылмыскерлер шеңберін анықтауға мүмкіндіктер береді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|