ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тергеу әрекеттерінің тактикасыБерілген сипаттағы істер бойынша оқиға болған жерді карау күрделі әрі кейінге қалдырылмайтын, сондай-ақ тергеудің жағдайларын анықтауға мүмкіндік беретін тергеу әрекеті болып табылады. Бұл тергеу әрекетінің міндеттері: өрт болған жердің жай-күйін бекіту және зерттеу; өрттің жаққан орнын (ошағын) табу; өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін қылмыстық бұзуды, кінәлі тұлғаны көрсететін белгілерді іздеу және бекіту; инсцениров-қаланған қылмыс екенін көрсететін іздерді табу және болжаулар құру үшін мәліметтерді жинау, алу. Қылмыс іздерінің өртпен жойылуына қарамастан, өртті мұқият қарау кезінде апаттың туындау себептерін түсіндіретін дәлелдемелерді табуға болады. Оқиға болған жерде мына мәселелер анықталады: а) қай жерлер жанды; э) өрт бір жерден жанды ма, әлде бірнеше жерден шығып жанды ма; б) өрт қалай таралды; өрт қандай тікелей себептерден туындады; өрттің таралуына қандай да бір нәрселер әсер етпеді ме; в) жандыру белгісі болған кезде, оны алдын алу үшін қандай әдістер қолданылды; г) табылған іздер мен басқа да заттай дәлелдемелер кімнің кінәлі екендігін және оның өзіндік қасиетгерін көрсетеді; д) өрттің зардабы қандай; е) өртке қарсы пайдаланатын құралдар қандай жағдайда болады, өрт қауіпсіздік ережелері қалай сақталды. Оқиға болған жерді нәтижелі қарау мына мән-жайларға тікелей байланысты: оқиға болған жерді қарауға тергеушінің дайындығы, яғни өрт болган жерді күзетуді және оқиға болған жердің жай-күйінің сақталуын тиісінше қамтамасыз ету; қарауға қатысушы тұлғалар шеңберін дұрыс анықтау; оқиға болған жердегі іздер мен заттарды табу, бекіту мен алу үшін криминалистикалық техника мен әдістемені дұрыс таңцау және тиімді қолдану. Өрт болған объектіні анықгағаннан кейін, тергеуші жедел-тергеу тобының құрамы туралы мәселені шешеді, оған: тергеушінің өзі, қылмыстық іздестіру қызметкерлері, криминалист және ерт жөніндегі маман (өрт-техникалық сарапшы) кіреді. Ол әртүрлі материаддың жану ерекшелігін жақсы білетін өрт қауіпсіздік қызметкері болуы мүмкін. Объекті адам мәйіті болған кезде қарау әрекетіне сот-медицинасы саласындағы маман қатысуы тиіс. Ол өртенген жәбірленушінің өлген уақытын, сыртқы жарақаты мен оның сипатын, шамамен жас мөлшерін анықгайды. Мал шаруашылық фермасында өрт болып малдар өлген жағдайларда мал дәрігері шақырьшады. Электр өткізгіштің себебінен өрт болса, онда инженер-электрик немесе химик-маманы шақыртылады. Жедел-тергеу тобына ерт болған жерге мүмкіндігінше өрт сөніп бітпес бұрын жеткен дұрыс. Тергеуші өрттің қандай қарқынмен жануын және таралуын өз көзімен көрген жөн. Себебі жалынның, түтіннің түсін, иіс сезіміне әсерін тікелей қабылдау арқылы жану қарқындығын, толығымен жанғандығын, жанып жатқан заттардың химиялық кұрамын анықтауға мүмкіідіктер болады. Алдымен желдің қарқыны мен бағытын, содан кейін өрттің жайылуына себеп болатын табиғи факторларды анықтау қажет. Тергеудің бастапқы кезінде тергеуші және жедел тобының қызметкерлері өртгің анықталу жағдайларын; өрт сөндіруге байланысты қолданылған шара-ларды; материалдық жағдайға енгізілген өзгерістерді анықтайды. Алынған мәліметгерді міндетті түрде қарау процесінде пайдалану керек. Өрт жөніндегі істер бойынша оқиға болған жерді күзету күрделі мәселе, себебі оны сөндіруге көбінде жергілікті тұрғындар қатысады. Бірақ қандай жағдай болмасын, өрт сөндіруге қатыспайтын адамдар онда жүрмеулері тиіс. Өрт болған жер қоршалып, белгілер қойылуы қажет. Егер қарау барысында қатысушылардан басқа бөтен тұлғалар жүргендігі анықталса, оларды жібермес бұрын, олардың жеке басын, өрт фактісіне қатынасын анықтау қажет. Тергеуші өрт болған жерлер мен оған іргелес жатқан территорияларды дереу көзімен шолып шыққаннан кейін болған оқиғаны аныктайды, куәлер болса олардан қысқаша жауаптар алады, ал жоқ болған жағдайларда жедел-іздестіру тобының қызметкерлеріне оларды анықтау туралы тапсырма береді: өрт болып жатқанын бірінші көрген адамдарды, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі қызметкерлерін, өрт шыққан жерге алдымен келген және оны сөндіруге қатысқан адамдарды анықтайды. Тергеушінің міндетгеріне: көзімен көрген куәлардан өрт болған жердің жағдайы туралы толық мағлұмат алу, яғни өрт болғанға дейін осы немесе басқа да табылған заттар қай жерде және қалай орналаскандығы жөнінде бағдарлап білу және өрттің қай жерден басталып таралғандығын, сондай-ак олар қандай-да бір өзгеше иістерді (мысалы: жанып жаткан жанармай, резеңке иістерін. сезді ме, түтін немесе жалын болған жоқ па, болса түр-түсі қандай болғандығы туралы мән-жайларды) анықтау үшін; сонымен катар өрт басталған сәтте шаралар колданылды ма (кім қолданды және қандай шаралар); олар қандай да бір жарылыс болғанын естіді ме; кім және қашан өрт болған жерде соңғы рет болды; өрт қандай затқа және қаншалықты дәрежеде зақым келтірді; оқиға болған жердің жағдайына қандай да бір өзгерістер енгізілген жоқ па (кіммен, қашан және нақты қандай өзгерістер); өрт сөндірушілер келгенше оқиға болған жерде қандай да бip адам болды ма (нақты қандай адам), олар қай тұстан келді және қай бағытқа қарай бет алды немесе кетті деген сұрақтарды шешу жатады. Алдын ала қажетті мәліметтерді жинап болғаннан кейін тергеуші өрт болған жерді және оған жакын орналасқан учаскелерді жалпы шолып қарап шығады. Мұнын үстіне ол жолдарга және өртке катысты қылмыскерлер калдырғаи іздерді анықтау мақсатында жақын жерлерге, сондай-ак өртке барынша кауіп-тірек жерлерге, ғимараттың құрылыс ерекшелігіне аса назар аударуы тиіс. Егер оқиға болған жерде өрттің қоқыс үйінділері болған жағдайларда міндетті түрде жиһаздар мен құрылғылар және басқа да заттардың орналасқан жерлері көрсетіле отырып жанып кеткен ғимараттың жоспары жасалады, содан кейін ғана қарау басталады. Ғимараттың жоспары тергеушіге заттай дәлелдемелерді іздестіру бағыты мен қарауды бастау нүктесін анықтауға көмегін тигізеді. Оқиға болған жердің жағдайына әлі ешқандай өзгерістер енгізілмей тұрып, қараудың бастапкы сатысында қаралатын әртүрлі учаскелерді фотосуретке түсіру қажет. Оқиға болған жерді қарау процесінде келесілер анықталады: өрт кою белгілері; өрттің шықкан орны (ошағы); іске маңызды іздер мен баска да әртүрлі заттар; жанған объектіге, ол өртенбей тұрып кіру мүмкіндігі; өздігінен жанып кетуі ықтимал заттар мен материалдардың болуы; өртеу үшін пайдаланылған заттар мен құралдар және сүйықтықтар; жарыктандыру және жылыту құрылғыларынан от шығу мүмкіндіктері; электрөткізгіштердің, электр құрылғыларының, жылыту жүйелері мен алдын ала сактандыру құрылғыларының жарамдылығы. Өртеу белгілеріне мыналар жатуы мүмкін: а) екі немесе одан коп өзара байланыспаған өрт көздерінің болуы; ә) жылдам тұтанатын заттардың калдыкта-рының болуы; б) ертеніп кету үшін қасақана жағдайлар жасау; в) өртеу үшін арнайы құрылғылардың болуы; өрт сөндіру құралдарын қасакана Бұлдіру, жою және т.б. Өртгің пайда болу көздері (ошағы) оқиға болған жерді қарау кезінде-оттың таралу сипаты мен бағытына; өртену нәтижесінде болған қопарылыстардың сипаты мен көлеміне; екі түрлі электр жүретін сымдардың қосылуы салдарынан немесе оған су тию арқылы электреткізгіштер күйіп-жануы нәтижесінде өрттің пайда болған жеріне; өртеу үшін қолданған заттар мен құрылғылардың табылуына байланысты анықталады. Өрттің басталу орнын аныктау үшін өрттің әртүрлі орындарындағы жанған бірыңғай құрылғылар мен заттардың қалдықтарын салыстыру қажет. Мұндай салыстырулар нәтижесінің негізіндс барынша жанған заттар өрттің бастапқы шыққан жерінде болуы ықтимал деп тұжырым жасауға болады. Егер мал қораларындағы шала жанған жерлерден мал өліктері табылса, онда өрттің басталу көзі неғұрлым алысырақ жерлерден басталған деп тұжырымдар жасауға болады. Себебі малдар өртгің басталу көзінен қүлылу үшін оттан алысырақ жерлерге қарай кашады. Өрттің шықкан орнын анықтау тек ортену жағдайларын ғана емес, сонымен қатар кездейсок жағдайлар нәтижесінде немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу нәтижесінде пайда болған ерттерді тергеу кезінде де ете маңызды. Өрт жөніндегі істерге байланысты оқиға болған жерді қарау негізінен екі шекараны тексеру бойынша жүзеге асырылады. Біріншісіне - өрттің маңындағы территорияны, ал екіншісіне жану шекараларын карау жатады. Бірінші шекараны қарау кейінге қалдырылмай дереу жүргізіледі. Егер карау кешке карай, қараңғы түнде жасанды жарықтандырулар колдану аркылы жүргізілген жағдайларда ғана, оны ертеніне табиғи жарықтыкта асықпай қайта қарау қажет. Өрт болған территорияны қараудың негізгі және оны кейінге калдырмай жүргізудің міндеті - өрт сөндірушілердін еркінен тыс әрекеттердін салдарынан. сондай-ақ іс бойынша шындықты анықтауға мүдделі емес тұлгалармен қасақана жойылуы мүмкін кылмыстың іздері мен заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу және зерттеу үшін сақтап қалу. Сондыктан уақытты бекерге жібермей, мүмкіндігінше өрт болған жердің айналасын мүқият қараған жөн. Мұндай жағдайларда сезік келтірілген заттар мен закымдану іздеріне кеңіл аударылып, оларды сақтау мен бекіту үшін жедел шаралар қолданылуы тиіс. Сипаттайтын белгілері мен іздері бар заттар сол жерде зерттеу үшін караудын соңына дейін сақталады. Өртке жакын жерлерді карау кезінде кызметтік-іздестіру иттерін пайдалану өте тиімді.Өрт аумағына жататын территорияны және онымен шекаралас жанған құрылыс бөліктерін қарау кезінде өртенген жерлерден шығарылған заттарга. олардың жагдайына, реттеліп жиналуына, мөлшеріне, отпен келтірілген закымдану дәрежесіне көңіл аударып, олар кімге тиісті екендігі аныкталуы керек, Өрт сауда, қойма орындарында немесе бухгалтерлік кұжаттарды сақтау орындарында болған жағдайларда, жалпы қарау барысында алынған алғашқы мәліметтер ұрлықты жасыру мақсатында жасалғандығын көрсететіндей тұжырымдар жасауға негіз болған жағдайларда, оқиға болған жерді қарауды екінші шекарадан бастаған дұрыс, демек өрттің шығу көзі мүмкін деп жорамалданған жерлерді қараудан. Өрттің шығу көздері анықталған немесе жорамалданған жерлер міндетті түрде қазылуы тиіс. Оларды жүзеге асыру барысында өрт себептері туралы жорамалдауға мүмкіндіктер туғызатын иістерге назар аудару керек. Егер құрылған болжаулар қатарында өрт жөнінде жорамалдар болса, өртенген жерді қалпына келтіру жұ.мыстары тәртіп бойынша өрт болғанға дейінгі учаскелерде орналасқан заттар мен құрылғылардың тү_рған орнын жақсы білетін тұлғалардың немесе жергілікті қызметкердің қатысуымен жүргізілуі қажет.Кейде өрт болған ғимараттарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу тиімді болып табылады, мысалы: жанған жиьаздар немесе басқа да затгардың қалдықтарын орын-орнына қою пайдалы. Бұл өрттің шығу көзін анықтауды біршама жеңілдетуі мүмкін. Тіпті көп мөлшерде өрт болған кездің өзінде де ертену шекарасындағы заттар мен құрылғылар барлық уақытта толығымен жанып кетпейді. Өртенген орывдарды тазалау кезінде белгілі бір тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін іздерді, атап айтканда есік және кенере астындағы жанбай қалған еден бөліктерін табуға болады. Өрттен кейінгі жағдайларды анықтау өте күрделі мәселе. Сондықтан да барлық жағдайларда оның шекарасын қарау кезінде қоршаған территорияны қарау кезіндегідей белгілі бір жүйе болуы қажет. Істің сол жердегі мән-жайы мен жағдайы ескеріле отырып жұмыс жасау тәртібі анықталады. Бұл жерде мынандай кезектіліктер сақталынуы тиіс: бастапқыда барлық құрылыс конструкциялары, содан кейін бүкіл қүрылғылар қаралады. Кейде белгілі бір ғимараттарды немесе ғимарат бөлігіндегі барлық жұмыстарды бітіріп барып, екінші учаскеге өту қолайлы. Өрттің шығу көзі таралуы мүмкін деп жорамалданған барлық жолдар қаралуы керек. Өрт масштабына байланысты, сондай-ақ жарылыстардың ерекшеліктеріне және жану шекарасының кейбір жергілікті жағдайларына (талаптарына) байланысты қарау жұмыстарын жүргізгеннен кейін қараудың мұ.қияттылығы мен кезектілігін қамтамасыз ету мақсатында оларды міндетті түрде жекеленген учаскелері брйынша зерттеген жөн. Өрттің нақты жағдайы ескеріле отырып қарау учаскелерінің шекарасы мен көлемі анықталады. Оқиға болған жерде мәйітті қарау кезінде берілген категориядағы істер бойынша ең алдымен келесідей жағдайлар бекітіледі: - мәйіт өрт болған жердің қай жерінен табылды (демек, мәйіт табылған жер); - мәйіттің жалпы жағдайы, яғни мэйіттің дене тұрысы және кейіпінің белгілері. Мэйіттің дене мүшелерінің күйі және олардың орналасу қалпы, жалпы айтқанда мәйіттің тұрқы анықталып, белгіленеді; - мәйіттің үстіндегі киімі, оның қандай күйде екендігі; - мәйіттің денесіндегі жарақаттар, өлшемі және орналасқан орны; - жоғары температураның ықпал етуі нәтижесінде денесінің жекеленген бөліктерінің жарақаттану дәрежесі; - өртке тән емес (жат) жарақатгардың болуы. Мәйіттің қатты күйіп кетуі салдарынан оның сүйектерінің сынуы, денесінің жекеленген бөлшектерінің болмауы мүмкін. Мәйіттің (орналасу) жату жағдайына қарап, біз ол жайлы болжаулар жасай аламыз. Мысалы, егер мәйіт етбетінен беті жерге қарай қарап және қолымен көзін жауып жатса, онда ол тірі кезінде өртте қалып жалын ықпалына ұшыраған, өрттен қорғану үшін екі қолымен көзін жапқан. Өрт болған кезде жалынның әсеріне тірі адам үлырады деген болжауға негіз болады. Тығылуға болатын қуыс жерлерден (пеш, төсек, дивандардың асты т.б.) табылған балалардың, үлкен кісілердің мәйіттері өрт болған кезде олардың тірі болғандығын жанама түрде дәлелдейді.Ыстық ауаны жұлу кезінде кеңірдек пен ауыз қуысының күйіп қалуы мүмкін. Ауыр жарақаттанған адам жанып жатқан объектілерден шыға алмай өрттің астында калып қайтыс болуы мүмкін. Жалынның тірі адамға әсер етуінен пайда болған күйіктер тек теріден ғана емес, мүрын ішінен, ауыз куысынан да байқалады. Мұндай белгілердің болмауы тірі адам емес, мәйіт ортепггндігі көрсетеді. Мәйіт денесіндегі жарақаттардың адам өлгеннен кейін пайда болғандығын көміртегі қышқылымен уландыру кезінде мәйіттегі дақтардың ашық күлгін-қызыл түсті болуы көрсетеді, ал өлген адам жанған кезде оның терісі қызғылт-қоңыр түске айналады, эпидермис кұрғақ және оңай бөлінетін болып қалады. Мәйіттің терісі мен киімдерінде қан іздерінің болуы, мэйіттің мойнындағы ілмек жіптің астында странгуляциялық іздің болуы, жанбаған киімінде керосин немесе бензин іздерінің болуы адамның өлгеннен кейін оның жанғандығын куәландырады. Термикалық әсермен байланысты емес келтірілген зақымдар (атыс қаруларынан түскен, шауып-кесілген жарақаттар, странгуляциялық іздер) біраз бөліктері жанып кеткен мәйіттерде де жақсы сақталады. Себебі жоғарғы температура өз алдына тканьдік бекіткіш болып табылады. Жалынның әсеріне ыдыраған мәйітті қарау кезінде тек күш келтіру ғана емес, өрт кезінде де болуы мүмкін әртүрлі зақымдарды да табуға болады. Жоғары температураның әсерінен организмде сүйықтық азаяды, омыртқа аралық бөліктер кішірейеді, дене ұзындығы және көлемі бойынша кішірейіп, алдына қарай бүрісіп калады. Өртенген мәйіттің киімдерінің қалдыктары мүқият зерттеледі, мәйіт жатқан жерге сұйыктықтар сіңіп қалуы немесе қалмауы мүмкін. Мәйітті қарау кезінде тері қыртыстарының беткі және түпйі жағында күю іздері мен ыс, күйелердің болуына, нақтылап айтқанда көздің сыртқы бұрыштарына, шекесіне аса назар аудару қажет. Мүлдай іздер тері қыртысының тек беткі жағынан табылған жағдайларда жалынның әсерінен ол көзін сығырайтып тырыстырғандығын куәландырады, демек өрт болған сәтте жәбірленушінің тірі болғандығын көрсетеді.Адамның тістері жалынның әсеріне барынша төзімді екенін ескерген жөн, сондықтан оларды зерттеу кезінде мыналарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс: олардың тістерінің санына, формасына, түсіне, көзге көрінетін жарақаттары мен өзгерістеріне, сонымен қатар пломбылары мен протездері сипатталады. Бұл мәліметтер адамның басы қатты жанып кеткен жағдайларда оны тану үшін көрсетуге қажет. Өртенген мэйіттің тілі ауыз қуысынан шығып қалуы мүмкін және ол сырттай қарағанда механикалық асфексиядан болған өлімді көрсетеді. Шаштың түсу белгісі және адам денесіне күйік жарақатының таралуы мен жанған учаскелердің жекеленген белгілері кейде жәбірленушінің оқиға болған сәттегі жағдайы туралы мәселені шешуге көмегін тигізеді. Термикалық әсерлердің іздерін табу үшін ауыз қуысының сөлді қабықшалары, жұтқыншақ, өңеш, кеңірдек пен бронхылар мұқият қаралады. Ыс, күйе іздерінің табылуы, олардың өрт апатына тірі кезінде ұшырағандығын көрсетеді. Мәйітті сырттай қарау нәтижесінде хаттамаға мыналар бекітілуі тиіс: ол өрт болған учаскенің қай жерінен табылғандығы, табылған сэтге қандай жағдайда жатқандығы; мэйіттегі сыртқы жарақаттар мен оның жеке басы туралы мән-жайлар. Қарау кезінде табылған қылмыс құралдары, іздер баска да затгай дәлелдемелер мұқият буып-түйілуі тиіс, сонымен қатар иісі бар жанғыш заттар тығыны бар ыдысқа, болмаса полиэтиленді пакетке немесе кленкіге салынады. Мүмкіндік болса, жандыру кезінде пайдаланылған жанғыш заттарды анықтау мақсатында өрттің шығу көзінен немесе баска да жерлерінен aya алынады. Бензин немесе керосин бар жерлерде ауада олардың булары болады. Тергеуші нефелометрикалық тәсілді қолдана отырып оқиға болған жерден алынған бу үлгілерінің керосин немесе бензин екенін анықтау мақсатында талдау жасайды. Нефелометрикалық талдаулар келесідей жолдармен жүзеге асырылады: талдау жасау үшін aya үлгілерін резеңке грушаның көмегімен бөтелкеге толтыру, сонымен қатар толтырылған бөтелкедегі суды төгу арқылы. Бөтелкедегі сұйықтықты төккен кезде бөтелке зерттелетін ауаға толады. Қарау хаттамасына бекіте отырып, өрт болған орындардың әртүрлі жерлерінен бөтелкеге aya толтырып алу қажет. Өрт болған жердегі ауаны алдын ала талдау үшін тергеуші сызықты-калориметрлік талдау әдісін қолдана алады, оған сәйкес арнайы индикаторлық түтік арқылы өткізілген керосин мен бензиннің булары бар ауаны жіберген кезде, ондағы реагент түсін тез өзгертеді (қызғылт-сары түс жасыл түске айнаһады). Оқиға болған жерден алынған aya үлгілеріне жасалған талдау кейіннен лабораториялық жағдайларда қайтадан талдануы тиіс. Куә мен жәбірленушілерден жауап алу. Бірінші кезекте, ең эуелі қылмысты көзімен көрушілерден, өртті бірінші көрген адамдардан, оны өшіруге қатысушылардан (өрт сөндіруші топтардың қызметкерлерінен, құтқарушы топ кұрамдарынан және т.о.), содан кейін өртеніп кеткен объектінің лауазымды тұлғалары мен жұмысшыларынан және басқа да куәлардан жауап алынады. Өрттің пайда болу себептері мен жағдайлары туралы маңызды мәліметтер жөніндегі деректерді жәбірленушілерден жауап алу кезінде алуға болады. Бірақ, жәбірленушілер қорқу салдарынан және басқа да мән-жайларға немесе адамдарды, заттарды қүтқаруға және өрт сөндіруге ойларының бөлінуіне байланысты шын мәнінде (ешқандай арам ниетсіз) қателесіп жауап берулері, яғни өрттің болу жағдайларын бұрмалап айтулары мүмкіндігін ескеру қажет. Негізінде куәлар мен жәбірленушілерден жауап алу кезінде келесідей үш түрлі топтағы мәселелер аныкталып, төмендегідей сұрақтар шешіледі: 1) өрттің шығуын, пайда болуын, сөндіру жағдайларын ашатын мән-жайлар; 2) объектідегі өртке қарсы қауіпсіздік жағдайларына қатысты мәселелер; 3) өрттің болуына қатысты сезік келтірілген нақты тұлғалар. Өртгі көзімен көрушілерден, сондай-ақ оқиға болған жерге бірінші болып келген тұлғалардан, өртті сөндіруге қатысушылар мен жәбірленушілерден жауап алу барысында төмендегідей сұрақтар анықталады: - қай уақытта олардың әрқайсысы өрт орнына келді, және қандай жағдайда тап болды, өртті кім бірінші болып көрді және хабарлады; - қашан, қай жерде, қандай себептерге байланысты өрт шықты, ол бір уақытта, бірнеше жерде туындады ма; олар өрттің шығуына қатысты болған басқа белгілерді кездестірген, болмаса аңғарған жок па; - өртің пайда болу және таралу жағдайлары. желдін бағыты. үдеуі мен күшею қарқыны қандай; - түтіннің, оттың түсі мен қоюлығы; өртгің, жалынның сипаты; оның иісінің сипаты қандай; - оқиға болған жердің жағдайына қандай да бір өзгерістер енді ме, өрт сөндіру қалай жүргізілді; - қандай заттай дәлелдемелер және олар нақты қай жерлерден табылды; - мұндай заттарды (мысалы, жанатын) куәлар объектіге жіберілетін тұлғалардан көрді ме; - қалай және қандай жағдайда жәбірленушілер, сондай-ақ мәйітгер мен жануарлардың өліктері табылды; - өрттің әсерінен қандай мүліктер жойылды; - объектідегі өрт сөндіруге қолданған құралдардың алғашқы жағдайы қандай болды; - өрт шықпастан бұрын зақым, залал келтірілген объектінің аумағында, айналасында сезік келтіретіндей тұлғалар болды ма; - өрт болған жерге (өрт басталған кезде) кіруге кімдердің мүмкіндігі, рүқсаты болды; өрттің болу себептері мен шығуы оны кім істегені туралы қандай болжаулар айтылды және олар қандай негіздерге сүйеніп айтылған; - осы объектіні өртеуге байланысты қандай да бір адамның ниеті болды ма, оны өртеу туралы сөздер қозғалды ма; өрттің болуына кім мүдделі болуы мүмкін; - куәлар өрт болмас бұрын объектіден жиьаз, мүлік және т.б. заттарды біреулердің шығарып жатқанын байқады ма немесе көрді ме. Объектідегі өртке қарсы қауіпсіздіктің жағдайын білу үшін куәларға: өрт қауіпсіздігіне қарсы қандай ережелер бұзылды және Бұл ережені кімдер бұзды, жылыту, жарықтандыру, желдету жүйелерінің, газ-су және т.б. жағдайларды қамтамасыз ету құбырларының, өрт қауіпсіздігіне қарсы қолданатын құралдардың жағдайы қандай күйде болғандығы, өртенген объектіде өзінен-өзі тұтанатын, жанатын, атылатын немесе жарылғыш заттардың болған-болмағандығы жөнінде және де өрт жарылғыш құралдарынан пайда болды ма, әлде өрттің пайда болуына басқа да себептер болды ма деген сұрақтар қойылып, олардан жауап алынады. Сезіктіні куәландыру. Тәжірибеден көрініп отырғандай қылмысқа дайындалу мен оны жасау кезінде қылмыскер көбінде жанғыш заттар арқылы абайсызда өздерінің - қолдарын, киімдерін, аяқ киімдерін Бүлдіріп, болмаса денелерін, шаштарын күйдіріп алады. Кейде олардың қалталарында тұтандырғыш заттардың микробөлшектері қалып қояды, киімінде жанғыш заттардың иісі сіңіп ерт іздері немесе ыс, күйе дақтары қалуы және аталған бұл заттар заттай дәлелдеме болып табылуы мүмкін. Сондықтан да сезіктінің киімін, аяқ киімдерін және денесін қарау барысында қандай дақтар табылды және ол денесінің қай жерінен табылғандығьш, олардың көлемін, түрін, түсін және иісін нақты көрсете отырып бекіту қажет. Ол үшін портативтік ультракүлгін лампаларын қолдану керек. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен керосин мен басқа да жаңғыш заттардың дақтары ұлғайтылып көрінеді. Сезіктіні куәландыруға, киімін қарау кезінде оның киімінің, шашының, қолының, бөтінің күйген жерлері жеке, әрқайсысы бөлек-бөлек бекітіледі. Сонымен қатар, Бұл күйген учаскелердің орналасқан жері мен мөлшерінен басқа да, оның күю дэрежесі мен көрінісі көрсетіледі. Қылмыс іздерін жасыру мақсатында қылмыскер жану белгілерін жоюға тырысады, шашының күйген жерлерін тазалайды, тіпті болмаса қиып тастайды. Сондықтан да күйік кейде анык көрінбеуі, ал кейбір жағдайларда күдік тудыруы да мүмкін. Мұндай жагдайларда куәландыруға сот-медициналык сарапшыны немесе сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін күйік белгілері бар шаштың күйген, киылған жерлерінен бірнеше шаш түктерін, киімдерден талшықтарын алу қажет. Қиылған шаш пен киім болса, оны хаттамада ерекше белгілеп көрсету керек. Егер сезіктінің денесінен күйік іздері табылса, куәландыру хаттамасында олардың орны, саны, медициналық жіктелуі бойынша ауырлық дэрежесі көрсетіледі, ал сезіктінің өзі сот-медициналық сараптамаға жіберіледі. Сезіктінің аяқ киімінен оқиға болған жердегі кұмның, күлдің, шөптердің, жапырақтардың бөлшектері табылуы мүмкін. Бұл аяқ киімдер алынуы және сараптамалық зерттеуге жіберілуі тиіс. Тінту. Тұрғын үй немесе қызметтік (жұмыс) орындарда сезіктіні жеке тінту оқиға болған жерді қарағаннан кейін, оның нәтижелерін пайдалана отырып жүргізіледі. Тінтудің мақсаты - оқиға болған жерден табылған заттар мен ұқсас тұтанғыш және басқа да заттарды іздеу болып табылады. Егер өрт болган жерден құндылықтар, мүліктер, құжаттар, құрал-жабдықтар ұрланған жағдайда тінтудің мақсаты өртеудің құралдарымен қатар ұрланған заттарды табу және осы заттардага қылмыскердің қол іздерін алу (анықтау). Сондай-ақ тінту кезінде күнделіктерге, жазбаларға және басқа қүлсаттарга көңіл бөлу қажет, себебі ол жерде объектіні өртеген тұлға туралы және оның қылмысты жасау мақсаты мен ниеті жөніндегі мәліметтер баяндалуы мүмкін. Сезіктіні тінту барысында оның киіміне, сонымен қатар өртеуге немесе олардың көмегімен өзінің киіміндегі дақтар мен іздерді кетіруге қолданылуы мүмкін заттар мен сұйықтықтарға да назар аудару керек. Сезікті мен айыпкерден жауап алу. Сезіктіден алгашқы жауап алу кезінде, оның өртке қатыстылығына байланысты жанама дәлелдемелік мән-жайлар анықталады. Оқиға болған жерден табылған және өртке қолданылған құрал-жабдықтар мен қаруларға үдсас заттар сезіктіден табылған жағдайларда ҚІЖК-нің бап талаптары орындалғаннан кейін, жауап алу әрекетін нақ осы мәліметтерді анықтаудан бастау керек. Сезікті бұл құрал-жабдықтарды иемдену жағдайлары жөнінде түгелдей, толық айтып бергені өте маңызды. Мұндай жағдайларда сезікті көбінде өзінің пэтерінен табылған өртеу құралдары болып табылуы мүмкін заттардың оган тиесілі емес екендігі және бұл заттар туралы ештеңе білмейтіндігі жөнінде айтып қылмыстың ізін жасыруға тырысады. Сезіктіден жауап алу кезінде куәлердің, оның отбасы мүшелерінің және туыстарының көрсетпелерін, сондай-ақ сезіктінің қолдарының ізі бар заттай дәлелдемелерді қарау хаттамаларын пайдалану қылмысты ашудың, әшкерлеудің ең тиімді айла-әдістерінің біріне жатады. Егер сезіктіні жеке тінту және куәландыру барысында оның киімінен, аяқ киімінен немесе денесінен жанғыш заттардың иісі бар дақтар мен өрт, күйік іздері немесе оқиға болған жердегі құм белшектері табылса, жауап алу әрекеттерін міндетті түрде бұл дәлелдердің пайда болу көздерін анықтаудан бастау қажет. Мұндай жағдайларда сезікті көбінесе өзінен табылған іздердің пайда болуын әртүрлі себептермен байланыстырып түсіндіреді. Айыпталушыдан жауап алу кезінде оның жұмыс және кызметтік жагдайына еш байланыссыз өрт басталар алдында объектіде болуы туралы мәліметтерді қолдану тиімді болуы мүмкін. Сонымен катар, объектіні өртеген адамның қылмыс жасаудан бұрын, болмаса одан кейінгі күдікті іс-әрекеті немесе жүрісі жөніндегі нақты деректерді қолдану одан дұрыс жауаптар шіуға мүмкіндік береді. Сезіктінің (айыпталушының) қылмысын әшкерлеуде өте жиі кездесетін және тергеуге ең тиімсіз жағдайлардың бірі болып, олардың өрт болған уақытта сол жерде өздерінің болуы себебін, өртті сөндіруге келгенімен түсіндіруі табылады. Тәжірибеде көрсеткендей өртеушілер көбінде объектіні өртенгеннен кейін, өзін өрт сөндіруге белсенді қатысушы ретінде көрсетуі үшін, сонымен қатар қалдырған іздерін жою, өзінен барлық күдікті алып тастау, өрттің басталу, болу себебін және айыпкер туралы қандай ойлар айтылып жатқанын білу, сонымен байланыстыра (ұштастьфа) отырып дәлелдемелердің көзін жою және басқа біреуге жала жабу шараларын ойластыру үшін қылмыс болғаніжерге қайтып келеді. Сезіктіден оның өрт сөндіру жеріне келу себептері жөнінде жауап any кезінде, өрт сөндіруге қатысқан куәлердің жауаптары мен оқиға болған жерді қарау нәтижелерін қолдану керек. Олар арқылы сезіктінің өрт болған жерге қай уақытта, қашан және қай бағыттан келгені, оқиға болған жерде өзін калай ұстағаны туралы деректерді, сезіктінің айтуы бойынша өрт болған жердегі аяк киім жол іздерінің орналасуы мен оның келген жолының сәйкес келуі немесе келмеуі жөніндегі және басқа да мәліметтерді анықтап білуге болады. Айыпкер көбінесе өзінің өртке қатысты екенін мойындамай теріске шығарумен қатар, өрттің болу себебін әртүрлі кездейсоқ жағдайлармен түсіндіруге тырысады. Мұндай жағдайларда дұрыс жауап алу үшін өрт-техникалық және химиялық сараптама қорытындыларын қолдану қажет, себебі олар көбінде айыпкердің жауаптарымен (түсіндірмелерімен) сәйкес келе бермейді. Тергеуші өртке қолданылған құралдардың айыпкерден, сезіктіден табылуы, олардың киімдерінен жанғыш заттардың иісі бар дақтардың табылуы, денесіндегі күйік іздерінің болуы, өрт болган жерде болуы және күдікті жүріс-тұрысы сияқты жанама дәлелдемелерді қолдану арқылы оларды дұрыс жауап беруге мәжбүр етеді. Құжаттарды алу және қарау. Өрт және өрт қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бүзу жөніндегі істер бойынша кейінге қалдыруға болмайтын (қалдырмайтын) тәртіппен құжаттарды алу әрекеті жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі ережелерін тексеру актілері: объектідегі жарылатын, жанатын, өзінен-өзі тұтанатын заттарды сақтау мен тасымалдау жағдайын сипаттайтын қүжаттар; өрт сөндіруге қатысқан өрт күзеті өкілдері жасаған өрт туралы акт; кауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі жөніндегі жергілікті ережелер; өртенген объектілердегі мүліктердің инвентаризациялық тізімдері; ведомствалык тергеу материалдары; өрт себептері мен кінәлі тұлғаны анықтау үшін маңызы бар басқа да құжаттардың дәлелдемелік маңызы бар. Сондай-ақ, іске тіркеу үшін жергілікті метеорологиялық бекеттің ауа-райы жағдайы, aya температурасы, өрт болған уакыттағы желдің бағыты мен күші туралы анықтама талап ету қажет. Сараптама. Қарастырылып отырған істер бойынша жүргізілетін негізгі сараптама түрлері: өрт-техникалық; криминалистикалық және товартану. Адамдар құрбан болған немесе жануарлар өлген жағдайларда сот-медициналық және сот-ветеринарлық сараптамалар тағайындалады. Кей жағдайларда басқа да сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Өрт-техникалық сараптамасы келесідей сұрақтарды шешуге мүмкіндік береді: өрт қайдан шықты; өртенудің техникалық себебі қандай; объектіде қандай өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылды, олар өрттің шығуы мен таралуына себеп болуы мүмкін бе, олардың өзінен-өзі тұтану жағдайы қандай, жану, өртену ұзақтығы қандай; қандай технологиялық процесс, сонымен қатар өртке қауіпті материалдарды сақтау мен тасымалдау ережелері бұзылды, олар өрттің шығуына себеп болуы мүмкін бе; электр өткізгіш, жылыту, жарыктандыру, газ және жфдеткіш жүйелерінің техникалық жағдайы қандай болды, олардағы ақаулар өртгің шығуына себеп болуы мүмкін бе; ертеу үшін қандай құрал-жабдықтар, қарулар, әдіс-тәсілдер пайдаланылды. Өрт-техникалық сараптаманы ҚР-сы Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы немесе сәйкес мамандандырылған органдар жүргізеді. Аталған Бұл сараптаманы өрт болған жерді қарағаннан, куәлерден жауап алганнан және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын тергеу әрекеттерін жүргізгеннен кейін дереу тағайындау қажет. Өрт-техникалық сарапшының жұмысы, өрт болған жерді қарау кезінде басталса барынша тиімді болады, оларды қарау кезінде келесідей сұрақтар қойылады: ертенген зат нені білдіреді, ерт (көзінің) ошағының қүрамы; өрт болған жерден табылған заттарда, үйінді-қоқыстарда өрттен қалған күл, күйе және жанғыш заттардың іздері жоқ па. Трасологиялық сараптама. Осы қылмыс санаттары бойынша трасологиялық сараптаманың көмегімен қылмыскерді қолының, аяқ киімінің іздері бойынша идентификациялауға болады. Қылмыскерлердің қылмыс жасау кезінде қолданылған көлік құралдарын окиға болған жерден табылған протекторлардың іздері арқылы идентификациялаймыз. Сонымен қатар, оқиға болған жерден табылған әртүрлі заттар сезіктіден табылған заттармен бір бүтінді құрай ма деген мәселелер шешіледі. Товароведтік сараптама, өрт оқиғасы болған жерден алынған заттардың түрін, бағасын (құнын), сапасын және т.б. анықтайды. Сот-медициналық сараптамасы темендегі сұрақтарға қорытынды бере алады: - өлім өртену, тұншығу немесе басқа да себептердің нәтижесінде болды ма; - өртгің әсеріне адам тірі кезінде ұшырады ма, әлде өлгеннен кейін бе; - күйіктер неден, ненің әсерінен болған (жалынның, жанармай сұйықтығының немесе шайқалған газ); мәйітте басқа жарақатгар жоқ па, осы жарақатгардың сипаты қандай; - жарақат қандай қару-құралдармен келтірілген, мәйіттен табылғап жарақаттар жоғары қысым әсерінен болды ма немесе олар механикалық себептерден болды ма; - жәбірленуші алған күйіктің дәрежесі қандай. Сот-электротехникалық сараптамасы - өртке байланысты қылмыстарды тергеу кезінде өрт электр жүйесін пайдалану салдарынан шығуы мүмкін немесе мүмкін еместігін, болған-болмағандығын анықтау үшін жүргізіледі. Олар мынандай сұрактарды шешуде үлкен көмегін тигізеді: - өрт, электр жүйесіне, электр құрылғыларына шамадан (тыс) артық күш түсу әсерінен болды ма, қысқа тұйықталудан (короткое замыкание) болды ма; - өрт электр доғаларының немесе ұшқынның әсерінен болды ма; - жарықгандыру электр шамдарының жылуы (қызуы) нәтижесінде болды ма. Заттар мен материалдардын криминалистикалық сараптамасы келесідей сұрақтарды шешеді: өрт болған жерден табылған сұйықтық пен сезіктіден алынған сұйықтықтың қүрамды бір ме; өрт болған жерден табылған объект не зат; берілген ыдыста қандай сұйықтық болды; зерттеуге ұсынылған зат өзінен-өзі жана ма, егер жанса қандай жағдайларда өздігінен жанған және зерттелетін заттың темперетурасы қандай; ұсынылған зат жанғыш сұйықтықтарына жата ма; берілген газ бен қоспаның, яғни зерттелетін жанғыш сұйықтықтың тұтану температурасы қандай; берілген қоспаның жарылуы қауіпті ме; өрттен қалған жалын мен түтіннің түсі бойынша қандай зат жанғанын анықтауға бола ма және ол өздігінен жануы мүмкін бе және т.б. Жоғарыда аталған сараптамалардан басқа да сараптамалар тағайындалуы мүмкін. Атап айтқанда, ерт-технологиялық сараптамасы. Оның көмегімен өрт сөндіру әрекеттерімен байланысты мән-жайларды анықтауға болады. Яғни, нақты өртті сөндіру тактикасы пайда болған өрт жағдайына сәйкес қолданылды ма; өрт-техникалық құралдар мен әдістерді іріктеп алу өрт сөндіру конструкциясы мен өртенген объектінің техникалық жағдайына сәйкес келе ме және т.б. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|