ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Типтік ситуациялар мен болжаулар және тергеудің алғашқы кезеңіЖол-көлік окиғасының тергеу тәжірибесін талдап жалпылау оның типтік тергеу ситуацияларын толық қалыптастыруга, сондай-ақ солардың негізінде жол-көлік окиғасының тергеу жоспарын ұлымды түрде пайдалану үшін кажетті жедел-іздестіру шараларын және алғашкы тергеу әрекеттерінің жиынтыгы мен типтік тергеу болжауларын құруға мүмкіндіктер береді. Берілген санаттағы іс бойынша типтік тергеу ситуациялары мен болжаулар қатарына келесілер жатады: 1) жол-көлік оқиғасын қалыптастыратып динамикалык өзгерістердің токтау сәтіндегі жағдай өзгеріссіз оқиға болған жердегі барлық тиісті заттармен бекітілген. Бұл ерекше ситуациялық жағдайлардағы тергеу болжауларына: а) оқиғаның болу себебі - жүргізушінің жол қауіпсіздік ережелерін қылмыстық бұзу салдарынан; ә) 2) оқиғаға қатысушылармен жол-көлік окиғасының нәтижесін нақты сипттайтын жағдайлардың өзгертілуі. Мұндай ситуацияларда жоғарыда көрсетілген болжаулармен қатар, осы немесе басқа да оқиғаларға катысты тұлғалардың кінәсін әшкерелеп көрсететіндей жекеленген іздердің көзін жою мақсатында жол козғалысына, болмаса қозғалыс кауіпсіздігіне өзгерістер енгізілуі мүмкін деген болжаулар құрылуы қажет. Сонымен қатар міндетті түрде бұл іздерді жою ниеті туралы болжаулар құрылуы тиіс; 3) жол-көлік оқиғасының барлық фактілік белгілері сақталған, бірақ көлік жүргізуші оқиға болған орыннан қашып кеткен ситуация. Мұндай ситуацияларда тергеуші алдымен болған оқиғаға нақты қандай көлік құралдарының қатысқандығын және оны кім жүргізгендігі жөнінде болжаулар қүруы керек. Сонымен қатар міндетті түрде жоғарыда көрсетілген бірінші ситуациядағыдай болжаулар құрылуы қажет; 4) жол қозғалысы аймағынан қылмыстық фактілер көрініс табатын жағдайлар (мысалы, көшенің немесе жолдың бойынан, болмаса жиегінен, шетінен мәйіт табылған, бірақ жол-көлік оқиғасы болғандығын нактылайтын белгілердің болмауы). Мүңдай ситуацияларда келесідей болжаулар қүрылуы тиіс: а) баска кылмыстың ізін жасыру үшін жол-көлік оқиғасы болды деп инсценировка жасау: ә) нақты окиға болған жерді жасыру. Бұл ситуацияларда жалпы тергеу болжауларымен қатар жол-көлік оқиғасының болған жері, онын сипаты мен нақты жағдайы, оны жасау орны мен жолдын бойы, жиегі. шеті және т.б. жерлерде мәйіттің пайда болу жағдайы туралы жеке болжаулар жасалуы тиіс; 5) жол қозғалыс ағымы шекарасынан тыс жерлерден (орманнан, парктен, сай-жыралардан) мәйіт табылған, бірақ оның денесі мен киімдеріндегі жарақат, зақымдардың көлік құралдарынан болгандығын сипаттайтын белгілер (дөңгелек протектрлерінің іздері; фар шыныларының, болмаса автокөліктің терезесінің ұсақ үгінділері; мэйітті сүйрету іздері) болған жағдайлар. Мұндай ситуацияларда тергеуші жол-көлік оқигасына қатысты емес болжауларды жасаумен қатар жол-көлік оқигасында қандай жагдайлар болгандығы туралы жалпы болжаулар құрып алып, содан кейін баска қылмыс болғандығы жөнінде инсценировка жасалғандыгы туралы болжаулар құрады. Жол-көлік оқигасын тергеуді дер кезінде жоспарлау қылмыс түрініц объективті әрі нәтижелі тергелуіне белгілі бір дәрежеде маңызды әсер етеді, Ол алғашқы алынған фактілік мәліметтерге сәйкес жүзеге асырылады. Жол-көлік оқиғасының жоспарын қүру кезінде тергеуші ситуацияға байланысты және құрылған болжаулар бойынша тергеу әрекеттерін жүргізудің тиімді кезектілігін, сондай-ақ қажет болған жағдайларда жол-көлік окиғасы болған орыннан кетіп калған көлік құралдары мен жүргізушілерді іздеп табуға бағытталган жедел-іздестіру шараларын жүргізуді аныктауы тиіс. Жоспарда бірінші орынға оқиғаны көзімен көрушілерді анықтау мәселелері қойылады, содан кейін куәлерден, жәбірленушілерден жол-көлік окиғасының болуына кінәлі көлік кұралының жүргізушісінен жауап алу; сот медициналык сараптама тағайындау; жол-көлік оқиғасына кінәлі жүргізушілер оқиға болған кезде алкогольдік мас күйінде болған немесе болмағандығын тексеру мақсатында куәландыру әрекеттерін жүргізу мәселелері қарастырылады. Жол-көлік оқиғасын тергеу жоспарында әсіресе автотехникалық-сараптама тағайындау мен жургізу маңызды орын алады. Автотехникалық-сарапшының қорытындысы көп жағдайларда қылмыстық істің кейінгі тағдырын анықтайды. Жол-көлік оқиғасының жоспарында, сонымен катар белгіленген шараларды жүзеге асыру мерзімі мен олардың нақты орындаушылары қарастырылады. Сонымен, тергеушінің құрған жоспарында төменгідей мәселелер қарастырылуы тиіс: - оқиғаны көзімен көруші-куәлерден, жәбірленушілерден, көлік құралын жүргізушіден жауап алу; - оқиға болған орыннан кетіп қалған (жасырынудағы) жүргізушілерді іздестіру мен ұстауға байланысты жедел-іздестіру қызметкерлеріне тапсырмалар беру; оқиғаны көзімен көрушілер мен жолаушыларды анықтау; - сот-медициналық сараптамасын тағайындау, жүргізушінің мае күйінде болғандығын (немесе болмағандығын) тексеру мақсатында куәландыру әрекетін жүргізу; - сезіктіден жауап алу. Тергеудің кейінгі кезеңінің жоспарында келесі мәселелер қарастырылады: - әртүрлі сараптама түрлерін тағайындау мен жүргізу (автотехникалық, криминалистикалық, химиялық, психиатриалық, психологиялық және т.б.); - айыпталушыдан және т.б. жауап алу; - қажет болған жағдайларда тергеу экспериментін жүргізу; - оқиғаның болуына мүмкіндік тугызған себептер мен жағдайларды анықтау. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|