Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тергеудің типтік ситуациялары, болзкаулар және жоспарлау




Қарастырылып отырған қылмыстардың алғашқы мәліметтері үшін риминалистикалық тұрғыдан келесідей деректердің болуы тиіс:

- өрттің фактісі туралы (орны, уақыты, салдары);

- әдетте өрттен қалған материалдық дәлелдемелер (күйіп кету, күлі, балку, деформация, материалдардың түсінің өзгеруі т.б.) және кінәлі адамдардың қылмыстык әрекеттерінің іздері туралы;

- болжамды өрт себептерінің сипаты туралы деректердің.

Әдетте аталған мәліметтер сәйкес (Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі) органдарға келіп түседі, олар тергеушілерді қылмыстық сипаттағы өрттер, сондай-ақ елеулі келтірілген материалдық залал немесе адам өліміне байланысты (ұштасатын) барлық өрт оқиғалары туралы ақпараттармен камтамасыз етіп тұруға міндетті. Кейбір жағдайларда осындай мәліметтердің қайнар көзі ретінде өрт болып жатқанын ең алғаш көрген азаматтар, өрттен зардап шеккен жәбірленушілер және лауазымды тұлғалар танылады.Өрт фактілері туралы алғашқы ақпараттардың түсу уақыты мен қайнар көздерінің өзіндік сипаты, өрт болған жерді қараудың нәтижесі (қоры-тындысы), басқа да фактілік деректердің ерекшеліктері алғашқы типтік ситуациялардың қатарын анықтауға көмегін тигізеді. Олардың ішіндегі келесі бастапқы ситуациялар барынша негізгі болып табылады:

Өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бүзу туралы іс, сол күні өрт фактілері туралы хабарлаған жеке азаматтар мен лауазымды тұлгалардан, Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімінен алынған ауызша ақпараттары мен оқиға болған жерді қарау мәліметтері бойынша қозғалады. Өрт шалған объектілердің елеулі бұзылуына немесе адамдардың өліміне әкеп соқтырады. Оқиға болған жерді қарау жанған объект (өрескел) қатты бұзылғандықтан немесе өртті сөндіру ұзақ уақытқа созылуына байланысты толық емес көлемде (жартылай) жүргізіледі. Бірақ өрттің пайда болуының орны туралы басты мәліметтер жиналады. Мұндай жағдайларда алынған алғашқы ақпараттарда өрттің пайда болу себептері, оның мән-жайы және кінәлі тұлгалар жөнінде жеткілікті деректер болмайды. Бұл алғашқы тергеу кезеңін қиындатады. Ситуация жалпы қарастырылып отырған іске тиісті мамандардың қатысуын және оған мұқият талдау жүргізіп, бағалауды қажет етеді.

- Өртеу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы қылмыетық iс сеіл қылмыс белгілерін және оның мән-жайы жөніндегі мәліметтерді құрайтын анықтама қызметінің материалдары бойынша қозғалды. Материал тергеу бөліміне өрт болғаннан бірнеше күн өткен соң келіп түсті. Жоғарыда айтылған бірінші жағдайға қарағанда өрттен болған зардап айтарлықтай ауыр емес. Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі материалдары белгілі бір жағдайда оқиғаның мән-жайлары мен пайда болу себептерін және оған кінәлі адамдарды анықтауға көмегін тигізеді. Тергеудің кеш басталу салдарына байланысты тергеу барысында жекеленген мәселелерді анықтауда бірқатар қиыншылықтар кездеседі.

Өз кезегінде осы ситуациялардың эрқайсысы зардаптың ауырлығына, тергеу қарауының нәтижелігіне және т.б. себептерге байланысты түрлерге бөлінуі мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген екі ситуацияға қатысты ең негізгі және маңызды тергеу болжаулары өрттің шығу себептеріне байланысты құрылады. Оның біріне өртеу туралы болжау жатады. Оқиғаның мәнін анықтау тәсілдері (тергеу бағыты мен анықталуға тиісті сұрақтар шеңбері туралы, сондай-ақ өрттің болуына кінәлі тұлғалар жөніндегі мүмкін деген болжаулардың сипаты) олардың тексерілуі мен себептерін анықтауға байланысты.

Өрттің болу себептерін анықтау үшін тергеу жоспарында объектінің өрт-техникалық сипаттамасы туралы, ондағы өндірістік және басқа да әрекеттер жөнінде, өрттің шығу көзі мен болу тетігі туралы және өрт сөндірудің салда-рынан болған бұзылу нәтижелерін ескере отырып, өрттен болған залалдардың дәрежесін анықтау туралы ақпарат жинау мәселелері қарастырылуы тиіс.Тергеу жоспарына кіретін және тергеу процесінде анықтауға жататын сұрақтар шеңбері, әдетте өртенген немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзған адамдарды, кінәнің түрін, қылмыстық іс-әрекеттің ниеті мен мақсатын, олардың арасындағы себепті байланысты, қылмыскердің жеке басы жөніндегі мәліметтерді, өрттің болу нәтижесінде келтірілген залалдардың мөлшері мен сипатын және өрттің болуына ықпал еткен жағдайларды анықтаумен байланысты.

Өрт туралы кез-келген істі тергеу әдістемесі өртеу фактісін анықтағанга дейін (ал, өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде тергеу біткенше) еңбек қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзу туралы істерді тергеу әдістемесімен ұқсас болып келеді. Өртенген кездегі өрт қоюшылар мен өртеу мақсатын міндетті түрде анықтау қажеттілігіне байланысты ары қарай тергеу жүргізу әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Бірінші тергеу ситуациялары бойынша өртеу істері келесідей алгашқы тергеу және т.б. әрекеттер жиынтығымен сипатталады: а) өрт оқиғасы болған жерді қарау; ә) көзімен көрушілерден (куәларден), жәбірленушілерден, материалды жауапты және өртті сөндіруге қатысқан басқа да тұлғалардан жауап алу; б) Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадагалау басқармасының анықтама бөлімі материалдарымен танысу; в) сезіктіні іздестіру; г) тінту және куәландыру; д) сезіктіден жауап алу; е) сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындау.

Өрт істері бойынша екінші тергеу ситуациясына келесідей әрекеттер жиынтығы тән: а) Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының анықтама бөлімі материалдарымен танысу; ә) арызданушыдан жауап алу; б) өрт оқиғасы болған жерді қарау; б) өртті сөндіруге қатысқан тұлғалардан жауап алу; в) өрт-техникалық сараптама тағайындау; г) сезіктіні іздестіру; д) тінту жүргізу; е) сезіктіден жауап алу. Осындай типтік ситуациялардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу туралы істерді тергеу кезінде алғашқы тергеу әрекеттерінің өзіне тән мынандай жиынтық кешені қалыптасады: өрт оқиғасы болған жерді қарау; жәбірленушілерден, куәлардан, материалды жауапты және өртті сөндіруге қатысқан тұлғалардан жауап алу; Төтенше жағдай министрлігінің төтенше жағдай аясындағы мемлекеттік бақылау және қадагалау басқармасының анықтама бөлімі материалдарымен танысу; техникалық және басқа да құжаттарды алу және қарау.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жағдайларында екінші тергеу ситуацияларына тән жиынтық кешені: оқиғасы болған жерді қарау; жәбірленушілерден, куәлардан, материалды жауапты тұлғалардан өртті сөндіруге қатысушылардан жауап алу; өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін (инструкцияларын), ерт қауіпсіздік шаралары жөніндегі бұйрықтар мен басқа да техникалық құжаттарды алу және зерттеу; өрт-техникалық сараптама тағайындау.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных