ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Жеке тергеу әрекеттерінің тактикасыАлу және тінту - Бұл тергеу әрекеттері көп жағдайларда дәлелдемелік мэлі-меттері бар қаржы-шаруашылық құжаттарды іздестіру мақсатында жүргізіледі. Қылмыстық істі тергеу кезінде табылған әртүрлі құжаттардың ерекше маңыздылығы бар. Барлық жағдайларда осы қылмыс немесе басқа да қылмыстық әрекет, сондай-ақ қылмыстық әрекеттермен байланысты қылмыстар осы кү-жаттардан көрініс табатындығы сөзсіз. Сондықтан да тергеудің алғашқы кезеңінде нақты құжаттарды табу және алу үшін төтенше шаралар қолданылуы қажет. Іздестірудегі кұжаттар туралы негізді мәліметтер болған жағдайларда оларды алу әрекеттері мекеме, ұйым, кәсіпорындарда жүргізіледі. Құжаттарды дер кезінде алу қылмыскерлердің қылмыстың ізін жасыруына кедергі жасайды. Іздестірудегі құжаттар хатшылардан, бухгалтерлерден, архивтерден, басшылар-дан және т.б. алынады. Есептік операция құжаттары есептік көрсеткішке байланысты тиісті банктерден және баска да қаржылық-несие мекемелерінен алынады. Кейбір кркат түрлері контрагенттерден (шарттардан, тексеру актілерінен), басты мекемеден, көлік агенттігінен, аудиторлық фирмалардан және т.б. ұйымдардан алынуы мүмкін. Бухгалтерлік қү-жаттарды мақсатқа сәйкес және толықтай алу өте күрделі әрекет. Мүнда тергеуші тек қандай қү-жаттар алынуы қажет екендігін ғана шамамен анықтай атады. Ол құжаттар тізімі төмендегідей болуы мүмкін: - мекемелердің тіркемелік құжаттары (құрылтай шарттары); - жалпы жиналыс хаттамасы, тіркеу туралы куәлік, жарғы; - бухгалтерлік есеп және есептілік құжаттары (бухгалтерлік басты кітап, регистрлер, көрсеткіштер, есептер мен баланстар); - бұйрыктар, ұйғарымдар, кызметгік жазбалар, шарттар, арнайы есептік кітапшалар); - есептік көрсеткіш бойынша есептік операция құжаттары (төлем талаптары мен тапсырыстар, тұлғалардың қолы қойылған карточка үлгілері және т.б.);; - кассалық бастапқы кұжаттар (кассалық ордер, кассалық кітап); - көліктік және қабылдау мен өткізу құжаттары (тауарлы-транспорттық, накладнойлар, фактуралық-есептер); қоймалық есеп құжаттары. Сонымен қатар, тергеу кезінде - офистік, коймалық, тауарлық, бухгалтерлік есеп және есептілік туралы іс жүргізу бағдарламасындағы компьютерлік файлдардың үлгілері алынады. Компьютерде сакталынған мәліметтерден мекемелердің қаржы-шаруашылық әрекеттері жасалған шарттар, сату және сатып алу бағалары, бухгалтерлік есеп мәліметтері, қаржылық қорытындылар туралы ақпараттар алынуы мүмкін. Компьютерлерде - шарт мәтіндері, іс жазбалары, бұйрыктар, тапсырыстар, жарлықтар мен окиғаға қатысты басқа да құжаттар сақталуы ыктимал. Тергеуші қарау әрекеті барысындағы кестелік және компьютерлік ақпаратгарды зерттеу үшін мамандардың көмегін пайдаланады. Барлық уақытта қажетті құжаттар толық алына бермейтіндігін міндетті түрде ескеру керек. Себебі сезікті түлғалар тексерілетін акт кркаттамаларының мазмұнын білетін болғандықтан құжаттарды жасыруға немесе олардың көзін түпкілікті жоюға байланысты әртүрлі шаралар қолданып тергеуге қарсы әрекеттер жасайды. Алу әрекеті кейбір ситуациялық жағдайларға байланысты тінту әрекетіне үласып кетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда тергеуші іздестіру жұмыстарын объектінің өзінде емес, сезіктінің серіктестеріне, мекемелерге, тасымалдау-шыларға, сатып алушыларға (келісім-шарт, кіріс және шығыс құжаттарына); банктерге (занды және жеке тұлғаларға кызмет көрсететін), сезіктінің жеке сейфі болуы мүмкін жерлерге, мемлекеттік мекемелерге - салық комитеттеріне, кеден әкімшілік, конак үйлерге және т.б. (қаржылык есептілік. кұрылтай кұжаттарына) жүргізуі қажет.Тергеудің бастапқы сатысында ресми құжаттарды. алғашқы жазбаларды, сондай-ақ сезіктінің қызметімен байланысты: әртүрлі жазбаларды, телефон нөмірлерін, азаматтардың аты-жөндері мен баска да кұжаттарды табу және алу үшін тінту әрекеті жүргізіледі. Алынған мұндай мәлімет қорытындылары барлық жағдайларда нәтижелі бола бермейді. Сондыктан да тінту әрекеттері кажетті құжаттардың нақты табылуы және алынуы мүмкін жерлерге ғана жүргізілуі тиіс. Тінту орны алу әрекеті жүргізілген ғимарат болуы мүмкін. Тәжірибеде көрсеткендей көбіне тінту әрекетін сезіктінің (басшының, бухгалтердіц) гараждарына, сая-жайлары мен қосымша ғимараттарына, автокөліктеріне және баска да тұрғылықты жерлері бойынша жүргізген тиімдірек болып табылады. Тінту барысында - бастапқы жазылған жазбалар, ресми емес есептік қркаттамалар, мазмұны түсініксіз, өзгертілген, химиялык оңдеулер аркылы өшіріліп, кырылган, косып жазылған кұжаттар алынады. Көбінде алынған мұндай мәліметтер, яғни ресми емес есептік құжаттар осы немесе баска да қаржылык-шаруашылык операциялардың накты мағынасы мен көлемін анықтауға мүмкіндіктер береді. Бұл кұжаттар ресми емес есеп мәліметтерін бухгалтерлік есептілік мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік туғызады. Тінтуді жоспарлау және оны жүргізу кезінде ресми емес eceп кұжатгарын да ескеру кажет. Себебі ол есептілік материалды - жауапты тұлғаның өз ойы бойынша бақылау және өзін-өзі тексеру мақсатында жүргізе^ін әрекеттері болып табылады. Ресми емес кркаттарға дәптердегі, парақтар мен қағаздар-дагы, жазба кітапшаларындагы, үстелдік күнтізбелердегі және т.о. жазбалар жатады. Бухгалтерлік ресми құжаттардан табылмаған: қызмет керсету, коймага түсірілген тауар, тауарды сату және т.б. туралы мәліметтер ресми емес есеп құжаттарынан көрініс табуы мүмкін. Белгілі бір уақыт кезеңіндегі қаржылық-шаруашылык операциялар көрініс табатын ресми емес есептік жүйелендірілген және алынған құжаттар аркылы мекеменің қаржылық-шаруашылық әрекеттері жөнінде (ресми қркаттар жоғалып немесе бухгалтерлік есеп мүлдем жүргізілмеген жагдайдың өзінде) дәлелді көр-сетпелер алынуы мүмкін. Тергеуші ресми емес қүжаттармен жұмыс жасау барысында алдымен, олардың іске тиістілігі мен қатыстылығын аныктап алуы тиіс. Ресми емес кұжаттарда ешқандай реквизит болмайды, олар еш жерде тіркелмейді, құжатта оны толтырған тұлғаның қолы қойылмайды және т.с.с.. Тінту тек мекеме орындарына ғана жүргізілмейді, сонымен қатар, жеке меншік жер учаскілеріне де, тұрғын-жайларға (соның ішінде - саяжай, саябақ, монша, көлік құралдарына және т.б.) жүргізіледі. Тінту жүргізудің мақсаты тек құжаттарды, дискет, диск, компьютерлерді іздестіру ғана емес, сондай-ақ алғашқы жазылған әртүрлі жазбаларды тауып алу. Құнды мүліктерге тоқтам (арест) салудың маңызы ерекше. Келтірілген шығындардың орнын толтыру тергеу тәжірибесіндегі негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Қылмыстық әрекеттермен жасалған материалдық шығындардың орны көбінде толықтырылмайды. Жауап алу - әрекеттері заң бойынша барлық жағдайларда жүргізіледі. Тергеуші қылмыстың экономикалық маңызын міндетті түрде ескере отырып бухгатгерлік есепті психологиялық процесс тұрғысынан қарастыруы керек.Қылмыстық істі тергеу кезінде қүдық бұзу әрекеттері анықталған сэттен бастап мекемеге тексеріс жүргізген тұлғалардан жауап алынады. Бұл тұлғалар ревизорлар мен аудиторлар болуы мүмкін. Олардан жауап алу арқылы қылмыстың жағдайы мен құ-қық бұзушылықтың мәнін анықтауға болады. Көрсетілген тұлғалардан жауап алу айтарлықтай қиыншылықтарға экеп соқтырмайды. Олар қылмысқа мүдделі емес болғандықтан дұрыс көрсетпелер береді. Жауап алынатын тұлғалардың кәсіби даярлығын ескере отырып, тергеуші жіберілген құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында барынша олармен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысуы қажет. Жоғарыда аталған тұлғалармен қатар бухалтерлік қызметпен байланысты тікелей шаруашылық есеп және есепшілік қызметін атқаратын (кассир, қоймашы, экспедиторлардан, дүкеншілерден, әртүрлі алғашқы құжаттарды толтырушылардан және сол сияқты басқа да) тұлғалардан жауап алынады. Жауап алынбас бұрын мекеменің бухгалтерлік есеп жүргізудегі есеп беру; тауарлы-материалды құндылықтарды қабылдау, сақтау және өткізу; кассаға түсетін ақшалай түсімдердің орындалу тәртіптері; сондай-ақ ресми емес құжаттардың болуы мүмкін делінген жерлер (орындар) анықталады. Көбінде бұл куәлардың басым көпшілігі қылмысқа мүдделі болмағандықтан дұрыс әрі әділ жауап береді. Бірақ олардың арасындағы кейбір тұлғалар іске мүдделі адамнын ықпал етуіне, иландыруына байланысты немесе онымен өзара келісім жасап жеке бір қажетті фактілерді бұрмалаулары мүмкін Қажетті мәліметтерді - мекемеде жұмыс істейтін тікелей шаруашылық (өндірістік) қызмет атқаратын немесе оған қатысты басқа да тұлғалардан алуға болады. Олар: хатшылар, жүргізушілер, жүк түсірушілер, күзетші, өндірісшілер т.б. Аталған тұлғалардың көмегімен шаруашылық операция жүргізу жағдайының жалғандығы (өткізілген тауар саны, оны тиеу және түсіру, тасымалдау жағдайы) анықталады; мекемедегі шын мәнінде жүргізіліп жатқан операциялар (тізімге кіргізілмеген тауарлар, шикізаттар өндірістер және т.б. мекеменің қоймасында сақталуы мүмкін) әшкерленеді. Бұл категориядағы куәларға мүдделі тұлға жағынан қысым көрсетілуі ықтимал. Сондықтан да олардан жауап алу әрекеті тергеудің бастапқы саты-сында жүргізілуі тиіс. Аса қажетті көрсетпелер басқа да куәлардан, нақты айтқанда басқа мекеме, ұйым өкілдерінен немесе шарт жасасушы серіктестіктерден де алынуы мүмкін. Бұл куәлар өзара шартқа отыру, сатып алу, сату туралы, тасымаддау, есеп айырысу және сол сияқты мәліметтер жөнінде басқа да ақпараттар береді. Коммерциямен шү-ғылданушы басшылар (директор, президент т.б.), экспедиторлар және басқа да тұлғалар іске куә ретінде қатыса алады. Көрсетілген категориядағы кез-келген куәдан жауап алу барысында оларға құжаттарын көрсетуін талап ету сияқты тактикалық тәсілдерді де қолдануға болады. ¥зақ мерзім өтіп кетуіне байланысты куәлардың көпшілігі қаржылык-шаруашылық операция iсi бойынша мәліметтерді таттықтай естерінде сақтап қалмайды және де жауап алу кезінде тергеушінің қарастырып отырған мәселелерін түпкілікті түсінбейді. Олар тек жүргізілген операция жағдайын ғана айтып берулері мүмкін. Кейбір жағдайларда керісінше тергеушінің өзінің «ұмытшақтық» қасиеті жауап алудың нәтижелі жүргізілмеуіне себеп болады. Құжаттарды көрсетіп, таныстыру арқылы куәлардың еске түсіру мүмкіншіліктерін артгыруға болады. Сонымен қатар, олардан жүргізілген шаруашылық операциялар мен оган қатысты басқа да оқиғалар жайында ақпараттар алынуы мүмкін. Жауап алу барысында мұндай тәсілдерді сезікті (айыпкер) тұлғаларга да (мекеме басшылары мен орынбасарларына, бас бухгалтерлерге) қолданылған тиімді. Бұл тұлғалардан жауап алу әрекеттері ревизия қорытындылары, аудиторлық тексерістер жүргізілгеннен және куәлардан жауап алынғаннан кейін ғана жүргізілуі тиіс. Сезіктілер (айыпкерлер) - жоғары деңгейде білімі бар (экономика, заң, техника салалары бойынша), элеуметтік мәртебесі биік және оларға көрсетілген дәлелдемені дұрыс дәлелдеп бағалауға қабілетті тұлғалар болып табылады.Аталған тұлғалардан жауап алу үшін міндетті түрде келесідей дайындық жұмыстары жүргізілуі тиіс: іс материалдарымен танысып қана қоймай, ондағы заңдылықтарды да қарастыру керек; дәлелдемелер алу мақсатында қажетті фактілерді анықтау қажет; қойылатын сұрақтар шеңбері кeң кезектілігі анықталуы тиіс; жауап алу кезінде дәлелдемені көрсетудің тактикасын ойластыру керек. Тергеуші сезіктіден жауап алар алдында өзінің білімі, тәжірибесі жағынан кемшіліктердің болуы мүмкіндіктерін сезген жағдайларда мамандармен алдын ала кеңесуі немесе оларды жауап алу әрекетін жүргізуге шақыру қажет.Тергеушілер кебінде дәлелдемені жауап алу алдында көрсетіп, одан кейін басты мәселеге көшу сияқты кемшіліктер жібереді. Іске қатысты құжаттар жауап алынатын тұлғаларға олар істің барлық мән-жайы туралы жауап бергеннен соң ғана көрсетілуі тиіс. Беттестіру. Беттестіру әрекетін жүргізу барысында аса мұқияттылык қажет. Бұрын жауап алынған тұлғалардың берген жауаптарының қарама-қарсы болуы әдетте олардың ұмытшақтық қасиеттеріне байланысты болмайды. Бұл жерде жауап беріп отырған тұлғаның біреуі екіншісіне кінә тағу мақсатында саналы түрде жалған жауап беруге тырысады. Мұндай жағдайлар мекеме басшысы мен бас бухгалтердің, басшылар мен оған бағынышты тұлғалардың, мекеме басшылары мен шартқа отырған басқа мекеме өкілдерінің арасында болады. Жауап алынған куәлардың біреуінің берген жауабы жалған екендігі ескеріле отырып, дәлелді дәлелдемелер алу мақсатында беттестіру әрекетін жүргізу арқылы іске қатысты мәселелер шешіледі. Тергеуші кұжаттарды қарау әрекетін міндетгі түрде жүргізуі тиіс. Өйткені кез-келген экономикалық кылмыстар түрін кұжаттарды қолданбай жасау мүмкін емес. Тергеуші кұжаттарды, оның түрін, мазмұнын. визаларын, қойылған колдарын, күндерін және т.б. зерттеу арқылы қылмыстың жасалу механизмін жете түсіне алады. Құжаттарды карауға мамандарды - бухгалтерді, технологты, товароведті шақыру қажет. Бұл қарау процесін жеңілдетеді, әрі жеделдетеді. Құжаттарды қарау кезінде екі жағдай пайда болуы мүмкін: - бұдан бұрын анықтаушы орган тексеру жұмыстарын немесе ревизия, аудит жұргізіп кеткен; - құпия тексеруден кейін іс қозғалған. Бірінші жағдайда тергеушінің қолында тексеріген құжаттар болады. Екінші жағдайда кұжаттар жок: оларды табу үшін алу, тінту, карау әрекеттері жүргізіледі. Қандай ңақты кркатгар қаралу керектігі қылмыстың тәсіліне байланысты болады. Сол себептен, тексеру алдында тергеуші кандай кұжаттар керек екендігін анықтап, белгілеп алуы тиіс. Құжаттарды қарап шығудың алдында дайындық шаралары жүргізіледі; кұжаттарға кол қоюға күдікгі бар тұлғалар тізімі, бухгалтерлік есеп шоттың күнделікті есептеу жұлмыс жоспары бекітілген бе, ішкі бухгалтерлік есеп беру қүжаттарының түрлері бекітілген бе, бухгалтерияға түсіп жатқан алғашқы (бастапқы) қүжаттардын барлыгы Компьютерре енгізілінген бе, мүліктер мен міндетемелердің бағалау, бақылау тәсілдері қандай деген жағдайларды анықтап алуы қажет.Жеке құжатты қарағанда: құжаттың жалпы түрін, көлемін, оның аталуы. кімнен шыкқаны, кімге арналғаны, күні, тіркелген нөмері, мазмұнын толтыру тәсілі. оның толығымен орналасканы, мөрі, штампы бар болса, олардың түрлері, мазмұны, әріптердің конфигурациясы, қолжазбаның кімнің атынан. калай койылғандығын тексеру керек. Қарау кезінде мыналарға көніл аудару кажет: құжаттардың толтырылуы бекітілген тиісті түріне және бланкісіне сай келе ме, реквизиттер толык тіркелген бе, кұжаттагы қателер дұрыс түзелген бе, бос жолдар сызылған ба, өзгерістердің белгілері бар ма, жок па.Қарау кезінде құжаттардың жалған жасалғандығын анықтау үшін қарама-қарсы тексеру, бір тізім кұжаттардың бұратала қарау, арифметикалык есептеу шараларын қолданған өте тиімді болады.Құжаттарды қарау өте маңызды әрекет, нәтижесінде мынандай жағдайларды анықтауға болады: құжаттарды толтыру ережесінің бұзылғандығын, құжаттардың даналарындағы (экземпляры) мәліметтердің бір-біріне сәйкес келмеуі. Сонымен қатар, қандай әрекеттер жасау керектігін, қай кызметкерлерінен жауап алуды, келесі қандай құжаттарды алу, кімнің үйінде тінту жүргізу, қандай сараптама тағайындау керектігін және т.б. анықтау. Компьютерді қараүдың ерешеліктері бар - міндетті түрде мамандарды катыстыру, бөгде адамдарға Компьютерре тиісуге тыйым салу, электр жүйесіне косуға рұқсат бермеу және т.б. Сараптама тағайындау. Сараптаманың қандай түрі тағайындалатындыгы экономикалық кылмыстың түріне; оның жасалу тәсіліне және баска да криминалистикалық сипаттағы элементтеріне байланысты. Сот қолжазба танү сараптамасы тәжірибеде барлык экономикалық кылмыс түрлеріне байланысты жүргізіледі. Соның ішінде көбінде бөтеннің мүлкін иелену мен ысырап ету қылмыстарын тергеу барысында сараптама тағайындау қажеттілігі жиі туындайды. Колжазба тану сараптамасы міндетті сараптама түрлерінің катарына жатады. Себебі бірде-бір іс жағдайлары бұл сараптамасыз шешілуі мүмкін емес. Егер сараптама жүргізілмесе істі қайта тергеуге кайтаруға негізі болып табылады. Сот колжазбатану сараптамасы арқылы лауазымды тұлғалардың; материалды жауапты адамдардың; мекеме басшылары мен бухгалтерлердің және т.б. қолтаңбаларының ауыстырылғандығы (олардікі емес екендігі) аныкталады.Кейбір кездерде басқа да қолмен жазылған жазбаларды; қойылған қолтаңбаларды зерттеу қажеттілігі сияқты жағдайлар кездеседі. Мысалы, орындаушы ауырып тұрған кезінде; мае күйінде немесе баска да колайсыз жағдайларда жазған өзінің қолжазбасын іздестіру мақсатында сараптама көмегіне жүгінуі мүмкін. Сараптама жүргізудін нәтижелілігі көбінде қолжазбатану сараптамасына жіберілетін материалдардың дұрыс әрі толык рәсімделуіне байланысты. Салыстырмалы материалдардың жеткіліксіз болуы сараптама жүргізбестен кері қайтаруға әкеп соқтырады, Кұжаттарды техникалық зерттеудің ерекшелігі қолжазбатану сараптамасына қарағанда сирек жүргізілетіндігінде. Ол төмендегідей сұрақтарды аныктау максатында тағайындалады: ұсынылып отырған құжатта, оның мәтінінде мерзім белгілеуінде және қолтаңбасында қандай да бір өзгерістер бар ма; құжаттағы барлык фрагментер (реквизиттер) бір уакытта орындалған ба; қүжаттағы мөртаңбалар осы мекеменің мөртаңбасымен орындалған ба; құжаттын, даналары бір принтермен басылып шығарылған ба және т.б. Сот-бухгалтерлік сараптама. Сот-бухгалтерлік сараптама өте кең тараған. Экономикалык қылмыстарды тергеу кезінде, әсіресе бөтеннің мүлкін ұрлау. лауазымды тұлғалардың кұзіреттілігін пайдалану қылмыстарын тергеу барысында бұл сараптама басты орын алады. Сот-бухгалтерлік сараптаманы тек бухгалтерлік есеп жүргізу құзіретіне қатысты барлық мәселелерді жақсы білетін мамандар жүзеге асырады.Сот-бухгалтерлік сараптаманың пәні - бухгалтерлік есептен көрініс табатын және тергеу мен сот қарауының объектісі болып табылатын шаруашылық қызмет операцияларының экономикалық мәні жөніндегі мәліметтер болып табылады. Осындай мәліметтерді материалдық тасымалдаушы ретінде бухгалтерлік құжаттар қызмет етеді, бұлар зерттеудің тікелей объектісі ретінде де көрініс табады. Сараптамалық зерттеу объектісі болып табылатын барлық кұжаттарды келесідей топтарға бөлуге болады: • материалды жауапты тұлғалардың барлық бастапқы құжаттары (ведомствалық накладнойлар, ведомствалық төлемдер, инвентаризациялық тізім және т.б.) мен (кассалық, аванстық, тауарлық, тауарлы-ақшалай) есептері; • зертелетін операциялардан көрініс табатын ведомостар (қойма есептерінің кітаптары мен карточкалары, журналдар, ордерлер, басты кітап. таблицалар, кітапшалар), бухгалтерлік есеп регистрлары. • есептік құжаттар (бухгалтерлік баланс, салық декларациялары, статистикалық есеп); Сот-бухгалтерлік сараптаманың объектілерін зерттеу кезінде баска да қылмыстық іс материалдары қосымша маңызды роль атқаратынын ескеру қажет. Оларға жататындар: ревизия актілері, тергеу және сот әрекеттерінің хаттамалары, әртүрлі білім саласындағы сарапшылардың қорытындылары, ресми емес құжаттамалар. Бұл қүжаттар бухгалтерлік есептің жүйелік нысандары болып табылмағанымен де, істің нақты мән-жайларын көрсетеді. Олардың көмегімен зерттеліп отырған операцияларды тереңірек анықтауға және сараптама жүргізудің дұрыс әдісін таңдап алуға болады. Кез-келген сот-сараптамасының түрлері мен сот-бухгалтерлік сараптаманы жүргізудің тэртібі сияқты, қылмыстық-іс жүргізу және азаматтық-іс жүргізу зандарының нормаларымен реттеледі. Заң сот-бухгалтерлік сараптаманы міндетті сараптамалардың қатарына жатқызбайды, сондықтан да оны тағайындау туралы мәселені істің мән-жайына байланысты тергеуші немесе сот шешеді. Мұндай мән-жайлар мынандай жағдайларда туындайды: • материалды жауапты және басқа да тұлғалармен берілген ақтау кұжаттары аудиторией есептелмесе; • аудитормен қолданылған тексеру әдістері күмән тудырғанда; • айыпталушының (сотталушының) сот-бухгалтерлік сараптама тағайындауы туралы негізді өтініші болса немесе аудитордың қорытындысына карсы дәлелді қарсылықтары болса; • басқа саладағы сарапшының қорытындылары нәтижесінде бухгалтерлік сараптама тағайындау қажеттілігі туындаса. Тергеушінің немесе сотттың бастапқы сот-бухгалтерлік сараптамадан басқа да, косымша немесе қайталама сараптама тағайындау құқығы бар. Қосымша бухгалтерлік сараптама мынандай жағдайларда тағайындалуы мүмкін: • бухгалтерлік сараптама актісін алғаннан кейін сот немесе тергеу органдарында іске қатысты сұрақтар туындаса; • сарапшының берген қорытындысы толық емес деп танылса; Сарапшының қорытындысы негізделмеген жағдайда қайталама сот-бухгалтерлік сараптама тағайындалады, оған төмендегілер себеп болуы мүмкін: • іс жүргізу нормаларының елеулі бұзылуы; • зертгеу әдістемелерінің қате болуы; • іс үшін аса маңызы бар сұрақтарды шешу барысында сарапшылардың арасында өзара келіспеушіліктердің туындауы; • тергеушінің қойған сұрақтарына сарапшы жауап бере алмауы; • зерттеу процесі жеткіліксіз баяндалса және сараптама актісінің қорытынды негізін дұрыс түсіну мүмкін емес жағдайда; - тергеуші сарапшының кәсіби құзыреттілігіне күмәнді болу жағдайлары. Сұрақтарды қою сот-бухгалтерлік сараптаманы тағайындаудың маңызды элементі болып табылады. Тергеушінің немесе соттың сұрақтары сараптамалык зерттеу шегін көрсетеді және олар сұрақтарды дұрыс коюға, сондай-ақ бухгалтерлік сараптаманы жүргізу уақыты мен сапасына, зерттеу жүргізудің толықтығына байланысты болып келеді. Тергеліп отырган істің ерекшелігі мен фактілік айырмашылықтарына байланысты сарапшы-бухгалтердің қорытындысы мен қойылатын сұрақтардың сипаты әрбір нақты іс бойынша әртүрлі болып келеді. Сол себептен де сот-бухгалтерлік сараптаманың жаңа мүмкіндік-тері мен сарапшылар шеңберінде шешілетін сұрақтардың шарттарымен тергеуші немесе сот толық танысқан кезде ғана сұрақтар дұрыс қойылады. Сұрақтарды қою тәртібі төмендегідей болып келеді: • сұрақтар сарапшы-бухгалтердің құзіреті шегінде қойылуы тиіс. Олар дәлелдемелерді бағалауға және лауазымды тұлғаларды заңи тұрғыда саралауға қатысты болмауы керек; • тапсырманың шегін дұрыс түсіну үшін сарапшыға қойылған сұрақ нақты болуы тиіс. Оларда тексеруге жататын кәсіпорынның атауы, лауазымды немесе материалды жауапты тұлғаның аты-жөні және тексеру кезеңіндегі әрекеттерін көрсететін нұсқаулықтар беріледі; • сұрақтарды күрделендірудің қажеті жоқ. Олар тергеліп отырған істің мән-жайларынан туындауы қажет және оны шешу үшін маңызды мәнге ие болуы керек; • сұрақтар логикалық кезектілікпен баяндалуы тиіс. Қарастырып отырған іс мәселелерінің сипатына байланысты сарапшының алдына қойылатын сұрақтарды төмендепдей үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа, есептік және тіркеу жазбалары мен бастапқы кркаттағы мәліметтердің сәйкес еместігін анықтау мәселелері жатады. Осыған байланысты сарапшының шешуіне қойылатын сұрақтар: - есептік және тіркеудегі жазбалар бастапқы құжаттамалардағы мәліметтермен сәйкес келе ме, егер сәйкес болмаса жіберілген ауытқулықтар келтірілген шығын сомасының жоғарлауына (немесе төмендеуіне) қалай әсер етті; - синтетикалық есептің деректері бастапқы құжаттар мен аналитикалық есепке сәйкес келе ме, егер сәйкес келмесе есептік көрсеткіштерін бұрмалау қандай сомада жасалған; - өнімді шығаруға байланысты қорытынды керсеткіштер құжаттамалык деректерге сәйкес келе ме, сәйкес келмесе қандай бұрмалаушылықтар жасалған; - шаруашылық есепте жіберілген ауытқулықтар (төмендету немесе жоғарлату) қандай шаруашылық операцияларымен байланысты; - қандай шаруашылық операциялар бойынша аналитикалық есептің көрсеткіштері синтетикалық есептің көрсеткіштеріне сәйкес келмейді; - есептік деректердегі сәйкессіздіктер қандай уақыт кезеңдерінде болған және т.б. Екінші топқа, сот-бухгалтерлік сараптама жүргізу арқылы шешілетін келесідей мәселелерді, яғни бухгалтерлік құжаттар бойынша ақша қаражаттары мен тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау, өткізу және есептен шығаруды анықтау мәселелері жатады. Мұнда келесідей сұрақтар қойылуы мүмкін: бухгалтерлік есептегі материалдарды есептеп шығару тиісті нысанда ресімделген бе; есептік тіркеудегі қандай жазбалар бастапқы құжаттармен негізделмеген; құлдылықтарды мақсатсыз ысырап ету немесе қабылдау қандай операциялар бойынша жүзеге асырылған; қандай мерзімде және қандай сомада құндылықтар ешқандай құжатсыз есептен шығарылған; дұрыс емес жасалған қүжат бойынша қанша сома берілген және т.б. Үшінші топ мәселелері - бухгалтерлік есептің дүрыс жүргізілу жағдайларын және тауарлы-материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының жеткіліксіздігін немесе артықшылықтардың болуын анықтауды арнайы киындататын жағдайларды анықтаумен байланысты. Сарапшының шешуіне төмендегідей сұрактарды қоюға болады: нақты шаруашылық операция бойынша бастапқы және жиынтық кұжаттар дұрыс ресімделген бе; құндылықтарды қабылдау және өткізу кезінде есептіліктің қандай талаптары орындалмаған; бухгалтерлік құжаттарды толтыру кезінде қандай ауытқулықтар жіберілген; аналитикалық есептілік жүргізу кезінде қандай ережелер сақталынбаған; калькульяция жүргізу кезінде қандай ережелер сақталынбаған; нақты шаруашылық операция бойынша бухгалтнрлік есепті жүргізу әдістемесі сақталынған ба; заңсыз операцияларды анықтауды қиындату үшін жасалған кедергілер бухгалтерлій есеп жүргізу тәртібінен қандай орын алады; ревизия немесе аудит қорытындылары дұрыс па; ревизия және аудиттің материалдары жеткілікті ме; бухгалтерлік ecen жүргізудің және мекеменің қойған қандай талаптары сақталмаған және т.б. Жоғарыда берілген сұрақтар өмірде кеңінен таралған. Белгілі бір іс жағдайына және ситуациясына байланысты басқа да сұрақтар қойылуы мүмкін. Сұрақтар нақты әрі анық болуы және олар сарапшы-бухгалтердің құзіретіне қатысты болуы керек. Кейбір кездерде сарапшы-бухгалтердің қүзіреті шеңберіне кірмейтін сұрақтар қойылады. Мысалы, мекемеге келтірілген залалдар мен шығындарға материалды жауапты тұлға кінәлі ме, сондай-ак материалды жауапты немесе лауазымды адамдар жағынан ықпал етушілік орын алды ма? - деген сұрақтар қойылады. Мұндай жалпы сұрақтарды шешу сарапшы-бухгалтердің құзіретіне кірмейді. Бұл сұрақтарды шешу тергеушілердің құзіреттілігіне жатады. Сарапшы бухгалтерлер есеп мәліметтерін зерттеу жолымен тек нақты жауапты адамның есебіндегі өнімнің қаншасы артық және қаншасы жетіспейтіндігін, сондай-ақ материалдық шығындардың көлемін ғана анықтап бере алады. Сот-бухгалтерлік сараптама тағайындау кезінде оларға жіберілетін материалдарды дайындау. Жоғарыда көрсетілген сұрақтармен қатар, тергеуші сарапшы-бухгалтерлерге іске қажетті барлық материалдарды жіберуге міндетті. Сарапшы-бухгалтерлерге төмендегідей материалдар жіберілуі тиіс: бухгалтерлік есептің бастапқы қүжаттары (оған накладнойлар жатады); ептік регистрлер, ордерлер, журналдар, басты кітап; бухгалтерлік есептегі баланс, есептілік. Сонымен катар, кейде сарапшыларға Бұл құжаттардан баскада ҚІЖК-нің және тактика талаптары сақтала отырып алынатын материалдар, яғни электронды тасымалдаушы дискілер, дискеттер қажет болады. Қажетті материалдар қатарына сондай-ақ жедел-есептеу материалдары, статистикалық есеп, қалдық журналдары, инвентаризация актілері, толық материалды жауаптылыққа байланысты жасалған шарт, еңбектік және басқа да шарт материалдары жатады.Ревизия актілерінің, ревизияның аралық актілерінің, материалды жауапты лауазымды адамдардың, жұмысшылар мен қызметкерлердің және басқа да тұлғалардың түсініктемелерінің, жауап алу хаттамаларының өз алдына ерекше маңызы бар. Сондықтан аталған бұл материалдарда қажетті материалдар құрамына кіреді. Әрбір іс бойынша сарапшыға қажетті материалдар нақты іс жағдайына байланысты жіберіледі. Барлық жағдайда қажетті материалдар тізімін тергеушілер немесе соттар өздері анықтайды. Материалдарды дайындау кезінде олардың толықтығын камтамасыз ету үшін тергеліп отырған іске маман-бухгалтерді қатыстыру қажет. Қарау, тінту, алу әрекеттерін жүргізу барысында, олар қандай қүжаттарды, материалдарды алу қажеттігін көрсетіп көмектеседі. Ол шаруашылық-операциялар қандай кұжаттардан көрініс таба-тындығын, қандай құжаттар өзара байланысты екендігін және тагы басқа да жағдайларды аныктай алады. Мамандар құжаттарды табуға, тергеушіге қажетті фактілері бар құжаттарды алуға және олардағы кемшіліктерді аныктауға көмектеседі. Егер тергеуші сарапшыға қажетті материалдарды жібермеген жағдайларда, сарапшы өндірісті тоқтатып қажетті материалдарды тергеушіден талап ете алады. Сот Сараптама Орталығының тәжірибесі көрсететіндей тағайындалған экономикалық сараптаманың басым көпшілігі, яғни 100%-ға жуығы қосымша материалдарды талап етуге мәжбүр болатындықтарын көрсетеді. Қаржы-экономикалық сот сараптамасы. Бұл сараптаманың пэні болып -кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың экономикалық және қаржылық мүлкін көрсететін жағдайлар табылады. Оны тағайындау қажеттілігі жалған банкроттыққа ұшырау, салық төлемеуге, несиені қайтармауға, заңсыз жекешелендіруге; бөтеннің мүлкін ұрлауға байланысты қылмыстарды тергеу кезінде туындайды. Қаржы-экономикалық сараптама келесідей екі түрге бөлінеді: 1) қаржы-несиелік зерттеу; 2) қаржы-өндірістік зерттеу. Қаржы-несиелік сараптамалар ақша қорлары мен несиелерді қалыптастыру, бөлу және жұмсау негізділігін зерттеу үшін қажет. Мұлдай жағдайларда мынандай сұрақтар қойылады: - банктен алынған несие негізді ме; - банктен несие алу үшін қандай жалған мәліметтер берілген; - несие қаржылары орынды жұмсалған ба; - несие ресурстары мен ақша қорларын құру және пайдалану негізді ме; - несиеге байланысты пайыздар дұрыс есептелінген бе; - несиені дер кезінде өтемеуге байланысты келтірілген залалдардың % -дық соммасы қанша; - кәсіпорын алған несиесіне төлемді дұрыс төледі ме; - қаржы-несиелік жоспарлар дұрыс рэсімделген бе, дұрыс рәсімделмесе, ол неден көрініс табады және қалай сипатталған. Сараптаманың екінші түрі мекеменің қаржылық жағдайын анықтау мақсатында жүргізіледі. Қаржы-экономикалық сараптама тағайындауға байланысты төмендегідей сұрақтар қойылуы тиіс: экономикалық көрсеткіштер дүрыс жасалынған ба;. смета (болашақта кететін шығындар мен табыска түсетін қаржылардың есебі) дұрыс жасалған ба; жұмысшыларға берілетін еңбек ақы мен сыйақылары дұрыс бөлінген бе; жұмсалған қаражат бағасы норма көрсеткіштеріне сәйкес келе ме; қаржы жоспары негізді ме, мысалы, тасымалдауға байланысты. шикі заттар мен материалдардың бағасы дұрыс есептелген бе; өнім бірлігінің өзіндік құны дұрыс қойылған ба; өндірістегі үздіксіз шығындардың есебі дұрыс жүргізілген бе; өзіндік құлына калькуляция дұрыс жасалынған ба; салық дұрыс аударылған ба. Сот-бухгалтерлік сараптамаға қарағанда бұл сарпатама түріне материалдарды дайындау ауқымы кең, Зерттеу материалдарына келесілер жатады: бухгалтерлік операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорын, мекеме, ұйымдардың барлық шаруашылық операциялары; аталған кәсіпорын мекеме, ұйымдардың құжаттамалары, яғни бухгалтерлік есеп құжаттарымен қатар экономикалық мазмұндағы кұжаттамалар. Сот-технологиялык сараптама. Кейбір кезде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысын тергегенде сот-технологиялық сараптама тағайындалады.Технологиялық сараптама бухгалтерлік немесе қаржылык сараптамалар тағайындалмай тұрып, немесе олармен бір.уақытта да тағайындалуы мүмкін. Технологиялық сараптама қорытындылары бухгалтерлік және қаржылық сараптамалар жүргізуге негіз болуы мүмкін. Өз кезегінде товартану сараптама қорытындылары технологиялық сараптама жүргізу үшін өте қажет. Технологиялық сараптама жүргізу арқылы төмендегілер анықталады: - шығындар бекітілген нормамен сәйкес келетіндігі, болмаса келмейтіндігі; - ұсынылып отырған өнімді дайындау кезінде қандай технологиялық өндірістердің бұзылуына жол берілгендігі; - технологиялық құрал-жабдықтардың жарамдылығы немесе жарамсыздығы, егер жарамсыз болса өндіріліп отырған өнімнің сапасына әсер ететіндігі, болмаса әсер етпейтіндігі; - өлшеуіш құралдарының жарамдылығы; - өнімді сақтау жағдайларының қамтамасыз етілгендігі немесе қамтамасыз етілмегендігі және олардың бұзылуына сеп болгандығы; - ұсынылып отырған өнім толық өндеу циклынан өткен, өтпегендігі, егер толық етпесе өндіріс циклының қай кезеңінде технологиялық процесс тоқтатылғандығы және т.б. Материалдарды дайындау кезінде міндетті түрде келесілер берілуі тиіс: өнім немесе оның үлгісі; жартылай фабрикатгың құжаттары (өнімдердің техникалық жағдайлары туралы); цех жұмыс процесінің көрінісін керсететін журнал, лабораториялық талдау мәліметтері; технологиялық жабдықтарды қарау туралы хаттамалар; жұмысшылардан жауап алу хаттамалары; сарапшылардың қорытындылары. Сот-құрылыс сараптама. Бұл сараптаманың пәніне - құрылыс объектілерімен байланысты жағдайлар жатады, нақтылап айтқанда жобалау процесінен бастап құрылысты пайдалану және оларға жөндеу жұмыстарын жүргізу жағдайлары. Сот-құрылыс сараптамасын үш түрге бөліп көрсетуге болады: 3. құрылыс-техникалық. Бірінші жағдайда - сараптаманың заты құрылыстың: бағасын, есебін, ондағы есептік құжаттамаларды дұрыс жүргізу жағдайларын анықтаумен байланысты болады. Бұл жағдайда сәйкес қойылатын сұрақтар: -сметалық қүжаттамалар дұрыс әрі негізді жасалынған ба және олар мемлекеттік стандартқа сәйкес келе ме; - қабылдау актілері мен смета құру кезіндегі бағалау дұрыс па, негізді ме; - құрылыс-монтаждық, құрылыс-жөндеу жұліыстарын жасаудағы шарттық баға негізделген бе; - фактілік бағасы қандай; - базар бағасы қандай; - орындалған жұмыстың көлемі және бағасы қандай; - құрылыс материалдарының багасы қандай; - қауіпсіздік ережелері мен еңбек шарттары сақталған ба; - құрылыс материалдары жобаға, нормаға сәйкес пе және т.б.. Екінші және үшінші жағдайларда сараптама жүргізу барысында анықтауға жататын жағдайлар: нақты орындалған құрылыс-монтаждық немесе құрылыс-жөндеу жұмыстарының көлемі қандай; - құрылыс-монтаждық жұмыс немесе құрылыс-жөндеу жұмыс сапасы қандай; - орындалған құрылыс-монтаждық жұмыс нормаға сәйкес келе ме; - пайданылған құрылыс материалдарының сапасы қандай және олар жоба нормаларына сәйкес келе ме; - құрылыс-монтаждық жұмыстар жобаға сәйкес келе ме, егер сәйкес келмесе қандай сәйкессіздік сипатына ие; - жобадағы сәйкессіздіктердің зардабы қандай болуы мүмкін; - жобада қарастырылмаған пайдаланылатын құрылыс материалдары қандай зардап әкелуі мүмкін; - құрылыста қандай техникалық қателіктер жіберілген; - олар немен негізделген: жобамен бе, әлде құрылыс-монтаждық жұмыстармен бе; - құрылыстың бұзылып қирауы мен техникалық жобаның арасында себепті байланыс бар ма; - бұзылып қирау құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланысты ма; - құрылыс-монтаждық немесе құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде еңбек қауіпсіздік ережелері сақталған ба: - кұрылыс материалдарын пайдалану кезінде олардың сапасының өзгеруі мүмкін бе; - жер учаскесінің шекарасы құжаттар мен нормаларға сәйкес келе ме және т.о. Материалды дайындау. Құрылыс сараптама тағайындау кезінде: жобаланған- сметалык құжаттама; кабылдау және бағалау актісі; құрылыс-монтаждық және құрылыс жөндеу жұмыстарының бақылау өлшемін тексеру актілері; құрылыс-монтаждық және құрылыс жөндеу жұмыстары бойынша материалды-техникалық есебі; құрылыс объектілерінің, бұзылып қираған ғимараттардың үлгісін; инженерлі-техникалық зерттеу қортындылары; жерді мұрагерлікке қалдыру (алу) актісі және оның техникалық паспорты; апатқа, бақытсыздық жағдайға ұшырау актілері және баска да қылмыстық іс материалдарын (оқиға болған жерді қарау, жауап алу хаттамаларын) жіберіледі. Биологиялық және баска да сараптамалар. Кейде экономикалық әсіресе экологиялық сипаттағы қылмыстарды тергеу барысында өндірісте биологиялык сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізу қажеттілігі туындайды.Бұл сараптама түрінің объектісіне тірі организмдер, өсімдіктер мен жануарлар жатады. Мысалы, агротехникалық сараптама жүргізу арқылы тұқымды егуге дайындау, оны өсіру, сақтау, астықты тасымалдау тәртіптерінің сақталуын, сонымен қатар астықтың сапасыздану себептерін анықтауға болады. Агробиология|Іық сараптама көмегімен астықтың түрі, сорт ерекшеліктері немесе басқа да дакылдар мен олардың өзгеріске ұшырау себептері анықталады. Зоотехникалық сараптама арқылы малдың қырылуының, өлімінің себептерін және малды асырап-күту мен карантиндік тәртіптерді сақтамау жағдайларын анықтауға болады. Ал ветеринарлық сараптама жүргізу жолымен малдың ауруы немен байланысты екендігі, малдың еті пайдалануға жарамдылығы немесе жарамсыздығы және т.б. аныкталады.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|