Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Жалпы және жеке тіл білімі. Жалпы және жеке тіл білімінің айырмашылықтарын көрсет.




Жеке тіл білімі дегеніміз бір тілдің жүйесі мен құрылысын және оның даму заңдарын зерттеп айқындайтын лингвистиканың саласы (частное языкознание) Мәселен, француз тілі, араб тілі, орыс тілі, ағылшын тілі секілді. Ал, жалпы тіл білімі деп отырғанымыз қатынас құралы ретінде қаралатын адам баласы тілінің дамуының жалпы заңдары туралы ғылым. Демек жалпы тіл білімі мен жеке тіл білімі бір емес, алайда бұл екеунің өз ара байланысы мен қарым-қатынасы әрдайым сақталады. Жалпы тіл білімі бір ғана тілді емес көптеген тілдерді есепке алады, жеке тілдердің зерттелу деңгейіне сүйеніш ете отырып, жинақтап, топлышап қорытынды жасайды. Жеке тілдердің деректері неғұрлым көп болса, жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулар жасауына мүмкіндіктер соғұрлым мол болады. Жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады, тілдің даму заңдарын айқындайды, тілді зерттеудің әдістерін белгілейді, дүние жүзіндегі тілдерге олардың грамматикалық құрылысына қарай, шығу тегінің бірлігі мен туыстастық дәрежесіне қарай классификация жасайды, тіл білімінің әр түрлі салаларының (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис және осы салалардың әрқайсысының ішкі тармақтары) ара қатысы мен байланысын, ғылымдар жүйесіндегі тіл білімінің алатын орнын айқындайды. Демек, екеуінің айырмашылығы, жеке тіл білімі нақты бір тілдің төңірегіндегі мәселелерді қарастырады да, жалпы тіл білімі дүние жүзіндегі бар тілдердің проблемаларымен айналысады.

Сұрақ Тілдің таңбалық сипаты Таңба дегеніміз не? Тілдік таңба мен жалпы таңбаның айырмашылығы. Таңбаның дыбыстық тілден айырмашылығы

Тіл таңбалардың коммуникативті жүйесі болып саналады, сондықтан, тілдің таңбалық сипаты оның басты ерекшеліктерінің бірі. Тілді басқа таңбалар жүйесімен салыстыра қарастыра бастаған Ф.де Соссюр болатын. Ол «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліпбимен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т.б. салыстыруға болады. Ол (тіл) тек осы жүйелер ішіндегі өте-мөте маңыздырағы». Қазіргі кезде әр түрлі ғылым саласының қызметкерлерінің басты проблемасы таңба мен мағынаның арақатысын ажырату. Тілдік элементтердің төрт түрлі қызметіне: белгілеу (таңбалау) қызметі, жалпылаушы қызметі, коммуникативті қызметі және прагматикалық қызметіне қарай ажыратуға болады.Жалпы таңба атаулының бәрінің айрықша белгісі таңбаның екі жақтылығы – таңбалаушы және таңбаланушы. Тілдік таңбалардың белгілерінің бірі – еріктілігі (произвольность). Бір зат немесе ол туралы ұғым әр басқа тілде әр басқа дыбыстық комплекспен аталуы мүмкін. Тілдің таңбалық табиғаты шартты таңбалар жүйесінен басқаша болады. Себебі, тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың құралы. Ал басқа таңбалардың қолдану жүйесі әлде қайда тар, хабарлау мүмкіндігі аз болады. Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады, келісім бойынша өзгере алады. Дыбыстық тіл бұлайша өзгертуге келмейді. Барлық таңбалар жүйесі, сайып келгенде, дыбыстық тілге негізделеді. Шартты таңбалардың барлығының да мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге аударылады. Қандай бір таңбалардың жүйесі болсын, ол сөйлесіп, пікір алысатын құрал – тілді ауыстыра алмайды.







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных