Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Пиктографиялық жазу Мысалдар




Пиктографиялық (суретті) жазу Бұл — жазудың ең алғашқы түрі. Ол суретке негізделген. Сондықтан мұны кейде суретті жазу деп те атай береді. Пиктографиялық жазудың таңбалары — суреттер. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей сөйлемді білдіре алады. Мәселен, қолына садақ ұстаған адамның суреті — «мен аңшымын», «аң аулауға бара жатырмын», «аң аулап тіршілік етемін» дегендерді білдіреді. Мұндай жазуды әр түрлі тілдерде сөйлейтін адамдар да түсінетін болған. Оның шыққан мерзімі тым көне дәуірге (неолит дәуіріне) барып тіреледі.Пиктографиялық жазудың қалдығын (жұрнағын) қазір де кездестіреміз. Мысалы, даралаушы (аморфты) тілдерде сөйлейтін халықтардың жазуы басқалармен салыстырғанда осы пиктографиялық жазуға жақындау келеді. Қазіргі кезде жиі қолданылатын, көшеде жүру тәртібін білдіретін әр түрлі белгілердіц, дүкендер мен шеберханалардың маңдайшаларындағы бас киімнің, аяқ киімнің, сағаттың суреттерінде пиктографиялық сипат бар.Пиктографиялық жазудың кемшілігі: пиктограммалар өте күрделі болады. Сондықтан да, адам ойының бәрін суретпен (пиктографиялық жазумен) жеткізе алмайсың. Әсіресе онымен абстракты мағыналы сөздерді (сын есімдер мен етістіктерді) таңбалау өте қиын.
Мұндайда ол образды-символдық сипаты бар бейнелерді пайдалануға мәжбүр болады. Мысалы: ~~~~ «су», аяқтың атталу бейнесі — «жүру», нан + ауыз суреті — «жеу», құс + жұмыртқа — «туу» т.б.

 

8-сұрақ Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны және басқа ғылымдармен байланысы Кесте
Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орны ерекше. Себебі кез келген ғылым тіл арқылы түсіндіріледі, тіл арқылы игеріледі. Ғылым атаулы екіге бөлінеді: қоғамдық (әлеуметтік) ғылымдар және жаратылыстану ғылымдары.Тіл білімі қоғамдық (әлеуметтік) ғылым. Тіл білімі - дербес ғылым. Ол әр түрлі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өзара байланыста болады.
Тіл білімінің әр түрлі ғылым салаларымен байланысынан туындайтын түрлері: социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) этнолингвистика, психолингвистика, лингвостатистикалық, лингвистикалық философия, логикалық грамматика, қолданбалы лингвистика, лингвистикалық география, когнитивтік лингвистика, лигвомәдениеттану, интерлингвистика және т.б.
Тіл білімінің теориялық мәні – тіл ғылыми тұрғыда зерттелінеді, соның нәтижесінде тілдің табиғаты, оның даму заңдылықтары айқындалады, ондағы тілдік категориялар сараланады.

3. Тіл білімінің ғылымдар жүйесінде алатын орнын және оның басқа ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, қазіргі замандағы ғылымның сипаты туралы мәселеден хабардар болу өте-мөте қажет.Қазіргі заманда бір жағынан, ғылымның бұрын болмаған жаңа салалары жасалып, ғылымда диференциация процесі жүріп жатса, екінші жағынан, екі немесе бірнеше ғылымның өз ара түйіскен жерінен сол ғылымдардың бәріне ортақ, бәріне бірдей қатысты проблемаларды бірлесе зертейтін дербес ғылыми дисциплиналар жасалып, ғылымда интеграция процесі жүріп жатыр.
Ғылым атаулының осылайша даму барысында тіл білімі де басқа көптеген ғылымдармен байланысқа түсіп, солармен қанатаса дамып келеді. Ол, ең алдымен, қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты. Бұлай болатыны мынадан: тіл білімі тілді қоғамның тууымен бірге туып, қоғамның дамуымен бірге дамитын қоғамдық құбылыс ретінде, қоғам мүшелерінің пікір алысу, қатынас жасау құралы ретінде қарастырады. Тіл білімі тілдің шығу тегін, жасалуын және дамуын зерттегенде, тарих ғылымының деректерінде пайдаланатыны сияқты, тарих ғылымы халық тарихын, қоғам тарихын зерттеу барысында тіл білімінің деректері мен жетістіктерін де пайдаланады. Сондай-ақ, тіл білімі археологиямен де, этнографиямен де байланыста болады. Бұл байланыс мынадан: тіл талай заманның жемісі, қазіргі тілдің элементтері өте ерте заманда жасалған. Тіл білімінің бір саласы - этнолингвистика тілді сол тілдің иесі- халықтың мәдениетімен байланысында зерттейді.Тіл білімінің археология мен этнографиямен байланысы бір жақты байланыс емес, екі жақты байланыс. Бұлай дейтініміз: археологиялық және этнографиялық деректер лингвистика үшін қаншалықты пайдалы болса, лингвистикалық деректер археология этнография үшін соншалықты пайдалы болмақ.
Тіл білімі қоғамдық ғылымдармен қатар жаратылыс тану ғылымдарымен де тығыз байланысты. Тілдің дыбыстық жағын тіл білімінің фонетика саласы, физиканың акустика саласы қарастырады. Сөйлеу процесі дыбыстарды айту және тіл дыбыстарын қабылдаумен тікелей байланысты.Ал бұл процесті дыбыстардың артикуляциясы (сөйлеу мүшелері арқылы тіл дыбыстарының жасалуы) жағынан және сөйлеуді есту мүшесі арқылы қабылдау жағынан физиология зертейді.Тілдің күрмелу себебін медицина мамандары атап айтқанда, психиаторлар, дефектологтар, логопедтер зертейді. Мұның үстіне, элоктронды машинамен аударма жасаудың, информация теориясының бірсыпыра мәселелерінің тікелей тіл біліміне қатысты болуы лингвистика мен математика ғылымдарының байланысын тудырып отыр. Бұл айтылғандар тіл білімінің дербес ғылым бола отырып, әр түрлі қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыс тану ғылымдарымен де қарым-қатынаста, өз ара байланыста болатынын және жалпы білімдік үлкен мәні бар екендігін көрсетеді

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных