Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сұрақ Тілдің шығуының еңбек айқайы теориясы Бұл теорияның өзіндік ерекшелігі




Қоғамдық теорияның ішіндегі маңызды теореияның бірі-еңбек теориясы. Бұл теория бойынша тіл адамдардың бірлесіп еңбек етуі кезіндегі байланыс жасау қабілеттілігінен пайда болған. Оның ішінде «еңбек айқайы теориясы» мен Энгельстің еңбек теориясы таралған.

XIX ғасырда еңбек айқайы ("Трудовые выкрики") деп аталатын тұрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету кезінде шығарған рефлексті айқайларының негізінде пайда болды, бұл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз болды деп пайымдады. Бұл теорияны жақтаушылардың қателігі сол, олар тілді адамдардың қарым-қатынас кұралы ретінде түсінбей, тек еңбек процесін қостаушы көмекші кұрал деп түсінді. Олардың тілдің шығуының себепшісі болған алғашқы сөздер етістіктер еді деген пікірінің ешқандай ғылыми негізі жоқ. Тілді табиғи организм деп түсіндіретін натуралистік теория жөне басқа таза биологиялық ағым немесе тілдің шығуы мен дамуын кұдайдың құдіретті күшінің нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бұрында да бар еді, қазірде де жоқ емес. Бірақ олардың бәрі, сыйып келгенше, ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды. Сондай-ақ бұл теория бойынша тіл,еңбекпен бірге, «адамды адам еткен» факторларға енеді.

 

6 сұрақ Жазудың шығуы мен даму кезеңдері Жазудың шығу тарихына тоқтал
Жазудың өмірде атқаратын рөлі зор. Оның да шығу, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Ал ауызекі сөйлеу тілі туралы мұны айта алмайсың. Өйткені сөйлесу жүзбе-жүз кездескенде ғана болатын нәрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та «сөйлесе» беруге болады. Жазусыз мәдениет атаулыны, өркениет атаулыны көзге елестету қиын. Олай болса, жазудың шығуын көне замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың бірі деп есептеу керек.Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да білудің әрі теориялық, әрі практикалық мәні зор.Біз қазір жазуды сөздердің әріптер тіркесімен белгіленуі деп түсінеміз. Бірақ ол алғашында бұлай болмаған. Сөзді әріппен (дыбыспен) таңбалау кейінірек пайда болды. Оған дейін жазу (таңба) не бүтіндей сөйлемді (хабарды), не жеке сөзді, не жеке буынды белгілеген. Осыған орай жазудың мынандай түрлері бар екендігін айтқымыз келеді: 1) пиктографиялық жазу, 2) идеографиялық жазу, 3) буын жазуы, 4) әріптік немесе дыбыстық жазу.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных