ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лекция. Ұстындардың типтері. Ұстын түйіндеріСтындар Бір қабатты өндірістік ғимараттардың қаңқаларында үш типтегі: қима ұзындығы бойынша тұрақты, қима биіктігі бойынша ауыспалы (сатылы) және бір – бірімен қатты байланбаған екі тірек түріндегі (бөлек) болат ұстындар пайдалынады. Қимасының биіктігі бойынша тұрақты ұстындарда (сур. 5.1, а) көпірлі крандардан жүктеме кранасты арқалықтары сүйенетін аспалар арқылы ұстын шыбығына беріледі. Ұстын шыбығы тұтас немесе өтпелі қимада болуы мүмкін. Тұрақты қимадағы ұстындардың үлкен артықшылығы (әсіресе тұтастардың) дайындаудың онша үлкен емес еңбек қажет ететіндігін қамтамасыз ететін олардың конструктивтік қарапайымдылығы. Бұл ұстындарды салыстырмалы түрде онша көп емес крандардың жүк көтергіштігінде (Q – 15-20т. дейін) және цехтың онша көп емес биіктігі (Н – 8-10м дейін) кезінде пайдаланады.
5.1-сурет. Өндірістік ғимараттардың ұстындары а – қима биіктігі бойынша тұрақты; б,в,г – баспалдақты; 1 - өткел габариті; 2-өткел. Жүк көтергіштігі үлкен крандар кезінде бірқабатты өндірістік ғимараттар үшін ұстындардың негізгі типі болып табылатын сатылы ұстындарға өту тиімді (сур. 5.1, б-г). Бұл жағайда кран асты арқалық ұстынның төменгі учаскесінің кемеріне тіреледі және кран асты тармақтың осі бойынша орналасады. Крандары екі ярус орналасқан ғимараттарда, ұстындардың биіктігі бойынша түрлі қимасымен үш учаскесі (екі сатылы ұстындар), қосымша аспалары және т.б. бар (сур. 5.1, г қара). Ерекше режимде жұмыс істейтін крандар кезінде ұстынның жоғарғы бөлігінде ойық жасайды, (оның ені 1м кем емес кезде) болмаса кран мен ұстынның жоғарғы бөлігіндегі ішкі қыры арасына өтпе салады. Ұстындардың негізгі өлшемдері көлденең рамасы қыйыстыру кезінде белгілейді. Бөлек ұстындарда (сур. 5.2) кран асты тірегі мен шатырлы тармақ вертикаль жазықтықтағы иілгіш горизонталь жұқа тақтайшамен байланысқан. Осының арқасында кран асты тіреуі тек крандардан вертикаль күшті қабылдайды, ал шатырлық көлденең рама жүйесінде жұмыс істейді және барлық басқа да жүктемелерді, оның ішінде крандардың горизонталь көлденең күшінде қабылдайды. Бөлек типтегі ұстындар жүк көтергіштігі үлкен крандардың төмен орналасуы кезінде және цехтарды қайта қалпына келтіру кезінде (мысалы, кеңейту кезінде) тиімді.
5.2-сурет. Бөлек ұстындар а – ғимарат кеңейтуі кезінде; б – төмен орналасқан ауыр крандар кезінде.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|