ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кранасты құрылымдардың сипаттамасы.Кранасты құрылымдар крандарды жылжыту үшін қызмет етеді және жүктемелерді көтеріп-тасымал-дайтын жабдықтардан үймереттердің негізгі қаңқасына қабылдап береді. Осындай жабдықтардың негізгі түрлеріне көпірлі тіреуішті және аспалы крандар жатады. Сонымен қатар кранасты құрылымдар негізгі қаңқаның эле-менті болғандықтан рамалардың жазықтығынан ұстындардың көлденең ше-шілуін, тежеуіш күштерден ұстын арасындағы тік байланыстарға көлденең күштерді беруді, ғимараттың бөрене төселген жеріне желдік жүктемелерді, сейсмикалық және басқа да әсерлерді беруді қамтамасыз етеді және белгілі бір деңгейде негізгі қаңқаның кеңістіктік жұмыстарына жағдай жасайды. Кейбір жағдайда кранасты құрылымдары құрылыстық және технологиялық құрылымдарға тірелген жүктемелерді де (итарқалық фермалар, факверхтер-дің тіреулері, технологиялық және жөндеу алаңдары, өнеркәсіптік коммуникациялар және т.б.) қабылдайды. Көпірлі тіреуішті крандар астындағы (6.1 сурет) кранасты құрылымдар крандардан тік жүктемелерді қабылдайтын кранасты арқалықтардан немесе фермалардан 1, көлденең тік әсерлерді қабылдайтын тежегіш арқалықтардан (фермалардан) 2, ұстындарға крандық әсерлерді беретін кранасты құрылым-дардың түйіндерін бекітуден, кранасты құрылымдардың және тіректердің қа-таңдығын және өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін оларды бекіту элементте-рімен 3 және байланыстарымен 4 тұратын крандық рельстерден құралады. 6.1 сурет. Кранасты құрылымдардың сұлбасы: а – көпірлі крандардың жүктемелерінің сұлбасы; б – қатардың ортасындағы кранасты құрылымдарының құрамы; 1 – кранасты арқалық; 2 – тежегіш құрылымы; 3 – рельс бекіткіштерімен; 4 - байланыстар Кранасты құрылымдардың негізгі көтергіш элементтері – кранасты арқа-лықтардың әр түрлі құрылымдық пішіндері болуы мүмкін. Ең жиі тұтас кран-асты арқалықтары (6.2 сурет) қолданылады. Оның кесілген (6.2, а сурет) және кесілмеген (6.2, б сурет) түрлері бар.
6.2 сурет. Кранасты құрылымдардың түрлері: А – кесілген арқалықтар; б – кесілмеген арқалықтар; в – фермалар; г – кранасты-итарқаасты фермалар; д – төменнен жылжитын фермалар Кесілген кранасты арқалықтар монтаждауда оңай және тіреуіштің төмен тү-суін сезбейді, алайда болаттың шығындарын көбейтеді. Кесілмеген арқалықтар металл шығындарынан 12-15% тиімдірек, бірақ жи-нақтау кезінде монтаждық түйіскен жерлерін құруда әлдеқайда көп еңбек сі-ңіруді қажет етеді. Тіреуіштің созылмалы шөгуін коэффициентпен бағалауға болады , (6.1) мұндағы Δ – жеке күштерден тіреуіштердің орнын ауыстыруы (іргетастар-дың шөгуін есептегенде); El – кранасты арқалықтардың қатаңдығы; l – арқа-лықтардың өткіні. с≥0,05 кезінде кесілмеген арқалықтарды қолданбауды кеңес береді. Соны-мен қатар оларды топырақтардың отыруы кезінде де қолдануға болмайды. Жеңіл крандар (Q≤30 т) және ұстындардың үлкен адымдары кезінде тар те-сікті кранасты арқалықтары қатты жоғарғы белдеулерімен орынды (6.2, в сурет). Оларды қолдану болаттардың шығындарын кесілген тұтас арқалық-тармен салыстырғанда 15-20% төмендетуге рұқсат етеді. Тар тесікті арқа-лықтардың кемшілігіне дайындауда және монтаждауда еңбек сыйымдылық-тың жоғарлылығы және жұмыстың ерекше режіміндегі кранның ұзақтылығы-ның төмендігі қатысты. Үлкен өткіндер (ұстын адымы 24м және одан да көп) және жүк көтергіштігі үлкен крандар кезінде өзіне кранасты арқалықтарды және итарқа асты ферма-ларды біріктіретін кранасты-итарқа асты фермалар қолданылады (6.2, г су-рет). Мұндай құрылымдардың тиімділігі ұстын адымының үлкеюімен көбе-йеді және ұстын адымы 24 м болғанда 4-6% және адымы 36 м болғанда 12-16% құрайды. Алайда мұндай фермалар дайындау және монтаждауда қиын. Ұстындардың үлкен адымдарында ғимараттардың құрылыстық биіктіктерін кішірейту үшін сонымен қатар кранасты арқалықтарды немесе төменнен жү-ретін фермаларды қолдану мүмкін (6.2, д сурет). Орталықтан тыс жүктеме-лерді беруде пайда болатын айналу моменті қосымша көлденең фермалармен қабылданады. Кранасты құрылымдарға итарқа фермалары сүйенуі мүмкін, бірақ кранасты-итарқа асты фермалардан жүретін арқалықтардың айырма-шылығы төменгі белдеудің құрамына қосылмайды. Мұндай құрылымдық ше-шімдер өте қиын және ерекше жағдайларда қолданылады.
6.3 сурет. Аспалы көтеріп-тасымалдайтын жабдықтар А – тельфер; б – екі тіреуішті кран; в – үш тіреуішті кран; г – арқалықтарға катоктарды тіреу Аспалы крандар (кран-арқалықтар) ереже бойынша аз ғана жүк көтергіштігі (5 т дейін) бар және жабын құрылымдарына немесе жаппаларға бекітілген жолдармен ауысады. Екі-, үш- және көп тіреуішті крандар қолданылады. Кранның катоктары жолдардың төменгі белдеулеріндегі арқалықтарға тіке-лей ауысады (6.3, г сурет). Жолдардың негізгі түрлері кесілген немесе кесіл-меген сұлбаларға орнатылған жұқартатын немесе құрама арқалықтар болып табылады. Жолдардың 12 м өткіндерінде тесілген арқалықтарды қолдану мүмкін. Арқалықтардағы иілу моменттерді кішірей-ту үшін қосымша салпыншақтар орнатылуы мүмкін (6.4, д сурет). 6.4 сурет. Аспалы кран жолдарының түрлері а – жұқартатын қоставр; б – таврдан жасалған қозғалмалы тақталармен құрама қоставрлар; в – тозуға төзімділік таврдан жасалған қозғалмалы тақталармен қосымша қоставр; г – те-сілген арқалық; д – салпыншақтармен жолдардың сұлбасы; 1 – салпыншақ; 2 – кергіш. Көп өткінді ғимараттарда (авиа құрастырғыш, кеме жасайтын және басқа да зауыттар) жүк көтергіштігі 30т және одан да көп аспалы крандары қолданылады. Мұндай крандардың жолдары тегіс қималардың кесілген және кесілмеген сұлбалары бойынша орындалады. Ғимараттың жабдықтарын және қосымша операцияларын жөндеу үшін жұқартатын қоставрынан жасалынған дара рельсті жолдармен ауысатын тельферлермен жабдықталады. Бөлменің тар аймағында қызмет ету қажеттілігінде ғимараттың ішіндегі ұстындар бойына қозғалмалы консольді крандар орнатылады. Консольді крандардың орнын ауыстыру үшін арқалықтардың үшеуін орналастырады: біреуін – тік жүктемелерді қабылдау үшін, екеуін – көлденең жүктемелерді қабылдау үшін (6.5 сурет). 6.5 сурет. Консолді кран жолдарының сұлбасы
6. 2. Жүктемелер. Жүктемелер краннан кранасты құрылымдарға кран-ның доңғалағы (каткалар) арқылы беріледі, ол кранды көпірдің соңғы арқа-лығында орналасқан. Кранның жүк көтергіштігіне байланысты көпірдің кез келген жағында екі, төрт және одан да көп доңғалағы болуы мүмкін (6.6, а,б сурет). Кранасты құрылымдарды, ереже бойынша, ұстындар қатарының біреуіне жақын тұрған арбасымен жүк көтергіштігі үлкен (6.6, в сурет) екіден жақын тұрған крандарынан жүктемелерге есептейді, яғни кранасты құрылымдарға ең үлкен тік күштер әсер етеді. Біруақытта арқалықтарға максималды көлде-нең тік күштерді де қолданады. Тік және көлденең күштердің есептік мағынасы формула бойынша анықта-лады:
мұндағы k – кран жұмысының режимінен және кранасты арқалықтардың өт-кіндеріне байланысты 1 кестені қабылдай отырып, тегіс емес жолдар бойынша және рельстердің түйіскен жеріндегі кранның қозғалуы кезінде жүктемелердің соққы сипаттамасын ескере отқандағы динамикалық коэффициенті; γf =1,1 – жүктемелердегі сенімділік коэффициенті; - кран доңғалағындағы (каткасындағы) максималды күштер (крандарға стандарт бойынша қабылдайды, 12 қосымшадан қараңыз); формула бойынша анықталады. Ерекше жұмыс режиміндегі крандар үшін кранасты құрылымдар есебінде кранның ауытқуын шақыратын көлденең жүктемелер ескеріледі, сондықтан күшін келесі формула бойынша анықтайды =0,1 . Сондықтан максималды емес, бірнеше рет қайталанатын жүктемелердің әсерлерінің нәтижесінде қажыған бұзылу пайда болады, құрылымдарды төзімділікке есептеу кезінде ең көп қайталанатын жүктемелер қабылданады, (0,5-4К-6К; 0,6-7К; 0,7-8К крандардың жұмыс режимі бойынша) крандардың жұмыс режиміне тәуелді төмендетілген коэффициентке -ті көбейтумен анықталады. Кранасты арқалықтардың қаттылығын тексеру үшін жүктемедегі γf =1,0 се-німділік коэффициентімен жүктемеге бір краннан келесісіне орындайды, бірақ динамикалық коэффициенттің есебінсіз. Кран жолдарын жөндеу үшін және қызмет ету үшін арналған алаңдар ретінде пайдаланылатын тежеуіш арқалықтарды техникалық тапсырмаларды қабылдайтын уақытша жүктемеге есептейді (былайынша 1,5 кН/м2). Кранасты құрылымдардың өзіндік массасы анықтама мәліметтері бойынша қабылданады. Тежеуіш арқалықтардағы кранасты құрылымдардың және уақытша жүктемелердің өзіндік құнының әсерін есептеуде рұқсат етеді, тік крандық жүктемелерден есептік күштерді α коэффициентіне көбейтумен, ар-қалықтар үшін өткінмен 6м – 1,03; 12м – 1,05; 18м – 1,08 тең. 6.6 сурет. Көпірлі крандардағы жүктемелер сұлбасы: а,б – төрттікті- және сездік доңғалақты; в – екеуі жақын тұрған төрт доңғалақты
6. 3. Кранасты құрылымдарының нақты жұмыстарының Ерекшеліктері. Пайдалану шартындағы кранасты құрылымдардың жұмысы өте қиын және қарапайым арқалықты құрылымдар жұмысынан ерекшеленеді, сондай-ақ жүктемелердің өзгешелігімен, олардың қосымша сипаттамасымен және крандардың кранасты құрылымдармен өзара әрекеттестіктің қиындығымен келісілген. Үлкен мағынаарға жеткен (600-800 кН дейін) жинақталған тік кранды жүктеме арқалықтың ұзындығының кез келген нүктесіне қойылады және кернеудің жоғары деңгейі кезінде қабырғаларға ауыр кернеулі күйдің көрінуіне алып келеді. Рельстің бүркеншігінің деңгейіне қойылған тік жүктеменің (кранасты арқа-лықтардың осімен рельстің кездейсоқ орнынан алу кезінде) және көлденең күштің ортадан тыс қосымшалары болғандықтан арқалықтың жоғарғы белдеуіне қабырғаға иілуді шақырушы қосымша айналмалы момент әсер етеді. Крандардың тік және бүйір әсерлерінің динамикалық сипаттамасы болады және оқыстан жұлқитын қимылдарға және соққыларға жиі беріледі. Бұған крандық жолдардың тегіс еместігі және рельстердің түйіскен жеріндегі деңгей айырмалары себеп болады. Бұлардың барлығы кранасты құрылымдарда жарықшақтың қажуы түрінде зақымдануының, қосылған жердің бұзылуының және түйіндердің нашарлауының пайда болуына алып келеді және қалыпты пайдалануын бұзады. Кранасты арқалықтардың негізгі бұзылуына тігістің жоғарғы белдеуіндегі және тігіс аймағының маңындағы жарықшақтар, тігістердің бұзылуы теже-уіш құрылымдарын кранасты арқалықтарға бекітуде, түйін элементтерінің бұзылуы арқалықтарды ұстындарға бекітуде пайда болады. Ғимараттарда ең ауыр шарттарында кранасты құрылымдары жұмыс істейді, мұнда жұмыстың ерекше режиміндегі крандар жобаланады. Олар жоғары деңгейдегі күштердің ықпалыменжәне жүктеудің үлкен сандарының циклімен (жылына 2·106 циклі және одан да көп) ерекшеленеді. Жобалаудың нормаларына құрылымдардың бірінші тобындағы кранасты құрылымдары қатысты және ерекше талаптардың қатарын регламенттейді, яғни жобалау кезінде оларды міндетті түрде ескеру керек. Кранасты құрылымдардың ұзақтылығын күшейтетін шараларға мыналар қатысты: 1) кранасты құрылымдарының жұмыстарының нақты шарттарына жауап беретін құрылымдық шешімдерді өңдеу; 2) кернеудің концентрациясын максималды төмендету; 3) жоғарғы вибрациялық беріктікке қабілетті болаттарды пайдалану; 4) дайындауда және монтаждауда сапаны арттыру; 5) кранасты құрылымдардың күйін және бұзылған жерін уақытында жою тұрақты қадағалауды қамтамасыз етеді. Негізгі әдебиеттер: 3 [425-430] Бақылау сұрақтары: 1. Кранасты арқалықтың қызметі 2. Көпірлі тіреуішті крандар астындағы кранасты құрылымдардың элементтері. 3. Тұтас(қиылмаған) және қиылған арқалықты пайдалану 4. Кранасты –итарқаасты ферма қандай жағдайда қолданылады? 5. Аспалы кран туралы түсінік. 6. Кранасты арқалыққа түсетін жүктемелер
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|