Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Лекция. Тұтас кранасты арқалықтар




Құрылымдық шешімдері. Кранасты арқалықтарының қима түрлері жүктемелерге, өткіндерге және кранның ерекше режиміне тәуелді. Жұмыс-тардың қарапайым режиміндегі өткіні 6 м және кранның жүк көтергіштігі 50т дейін болған кезінде тік күштерді табақтармен немесе бұрыштамалармен (1, а сурет) қабылдау үшін күшейтілген жұқартатын қоставрларды, не бол-маса симметриялы емес қимадағы дәнекерленген қоставрларды (7.1, б су-рет) пайдаланады. Үлкен өткіндері үшін және кранның үлкен жүк көтергішті-гі үшін көлденең тежеуіш құрылымдарымен бірге дәнекерленген қоставрлы арқалықтары пайдаланылады (7.1, в сурет). Кранның жүк көтергіштігі 50 т дейін болған кезде кең сөрелі таврынан жасалынған жұқа қабырғалы-қосым-шасымен бірге құрама қиманың арқалықтары тиімді (7.1, г сурет). Мұндай шешім дайындаудағы еңбек сыйымдылықты 20-30 %-ға төмендетеді, ал жұқа қабырғаларды пайдалану кезінде болатты 3-4 %-ға дейін тиімді алуды рұқсат етеді.

Болаттың шығындарын төмендету үшін дәнекерлі арқалықтарды кей кезде-рі болаттың екі маркасынан, қабырғаны – аз көміртектіден, белдеулерді – аз легірленгендерден жобалайды.

Ерекше режиміндегі кран жұмысының жоғарғы қарқындылығы кранасты арқалықтары қабырғаларының жоғарғы аймағының бұзылуының жиі пайда болуына алып келеді. Мұндай арқалықтарда крандық жүктемелердің ортадан тыс қосымшаларынан пайда болатын қабырғалардағы жергілікті кернеулер-дің деңгейін төмендету үшін тік және көлбеу элементтерін (7.1, д сурет) не-месе қос қабырғалы қималарын пайдалану (7.1, е сурет) жолдарымен жоғар-ғы белдеудегі айналу қаттылығын көбейтумен орынды. Кран астына жұмыс-тардың ерекше режіміндегі кең сөрелі таврынан жасалған арқалықтарды қол-дану (7.1, г сурет) сонымен қатар олардың ұзақ уақыттылығын көтеруде рұқсат еткендіктен, кернеулердің консентраторлары және қалдықты дәнекер-ленген кернеулердің көздері болатын дәнекерленген тігістер қабырғалардың кернеуленген аймақтарына ауысады.

Сонымен қатар жоғары ұзақ уақыттылығымен ауыспалы жоғарғы бөлігімен кең сөрелі қоставрынан жасалынған кранасты арқалықтардың шешімдері де ерекшеленеді, және олар жоғары беріктілікті бұрандамаларға бекітілген, Қазақстанның инженерлік-құрылыстық институтында бекітілген (7.1, ж су-рет).

 

7.1 сурет. Тұтас кранасты арқалықтарының қима түрлері

а – жұқартатын (прокатные) қоставрлар;б – симметриялы емес құрама қоставрлар; в – те-жеуіш құрылымдарымен бірге симметриялы құрама қоставры; г – таврдан жасалынған құрама қима белдеуімен; д – қоставр жоғарғы белдеумен күшейтілген; е – қос қабырғалы қима; ж – қима жоғарғы бөлігіндегі ауысыммен бірге; з – тойтармаланған қима.

 

Тойтарланған арқалықтар дәнекерленгеннен ауырлау және дайындауда көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Алайда бұрыштамалардан және көлденең тақтай-лардан құрылатын мықты жоғарғы белдемелерінің арқасында, сонымен қатар дәнекерлі кернеулердің жоқ болуынан, қабырғалармен белдеулердің байла-нысуының үлкен икемділігінен және үлкен ұзындыққа белдеудің қысымын таратуда мұндай арқалықтар ұзақ өмір сүреді. Сондықтан зауыттар ғимараттарында қара металлургияны жұмыстың ерекше режиміндегі крандармен тойтарланған арқалықтарды ерекшелік ретінде және қазіргі уақытта пайдаланады. Тойтару процессі еңбекті көп қажет етеді және арнайы жабдықтарды талап етеді, жоғары беріктілікті бұрандамалармен кранасты арқалықтарда тойтарма шегелерді ауыстыру тәсілдері ұсынылған, олардың қойылуы өте оңай.

 

 

7.2 сурет. Тежеуішті арқалықтар:

а,б және в – шеткі қатарлар бойынша; г және д – орта қатар бойынша; 1 – тақталы шарнир; 2 – қабырға қаттылығы; 3 – қосымша ферма; 4 – байланысты ферма

 

Жоғары беріктікті бұрандамаларды пайдалануын әлсіреген тойтарып шеге-леуді ауыстыру кезінде және қазіргі цехтардағы тойтарланған арқалықтарды күшейту кезінде де ұсыныс жасауға болады.

Арқалықтардың 12м дейінгі өткіндерінде және 1К-6К жұмыс режиміндегі крандардың жүк көтергіштігі 50 т дейін кезінде көлденең көлбеу күштерді қабылдау үшін жоғарғы белдеудегі қиманы күшейтсе де жеткілікті (7.1, а,б сурет). Арқалықтардың үлкен өткіні кезінде және жүк көтергіштігі 50 т және одан да жоғары крандары үшін арнайы тежеуіш құрылымдарын – тежеуіш арқалықтарды немесе фермаларды орнатады. Фермалар болаттардың шығын-дарына қарағанда тиімдірек, бірақ дайындауда және монтаждауда қиынырақ, сондықтан тежеуіш құрылымдардың 11,25м дейінгі еніне қалыңдығы 6-8мм кедір-бұдырланған табақтардан жасалынған қабырғасымен бірге тежеуіш арқалықтарын қолданады (7.2, а сурет). Сонымен қатар иілген табақтардан орындалатын тежеуіш арқалықтары да қолданылады (7.2, б сурет).

Шеткі қатар үшін тежеуіш арқалықтарының белдеулерімен кранасты арқалықтарының жоғары белдеуі және айналдыра қоршалған швеллер немесе қосымша фермалардың белдеуі болып табылады. Арқалықтың 12м өткіні ке-зінде сыртқы белдеу факверхтің бағаналарына бекітіледі. Арқалықтардың көлденең жылжуы кезінде ғимараттың қабырғасына берілмеуі керек, бұл бекіту табақты шарнирлердің көмегімен орындалады (7.2,а сурет). Тежеуіш арқалықтардың орта қатарындағы белдеулеріне іргелес өткіндердегі арқалық-тардың жоғарғы белдеуі болып табылады (7.2, г, д сурет).

Тежеуіш арқалықтардың табақтарын төменгі аймақтағы тұтас тігістердің белдеуіне пісіріп жабыстырады немесе жоғары беріктікті бұрандамаларға бекітеді. Жергілікті орнықтылықты қамтамасыз ету үшін және кездейсоқ жаныштауды болдырмау үшін тежеуіш табақтар төменгі жағында 65х6 кем емес қимасымен қабырғаның қаттылығын нығайтады; қабырға адымы 1.5-2м.

Тежеуіш құрылымдардың 1,25 м-ден жоғары еніне тежеуіш фермаларды үш бұрышты торлармен және қосымша бағаналармен пайдалану орынды (7.3, а, б сурет). Түйіндерді қамтамасыз ету үшін арқалықтың жиек белдеуіне торлардың элементтерін центрлеу жіберіледі.

Кранның ерекше режиміндегі ғимараттарда тежеуіш құрылымдардың енінен тәуелсіз тежеуіш арқалықтарды пайдаланады. Оны өту алаңы үшін және жолдарға және крандарға қызмет ету ретінде пайдаланады. Кранасты арқалықтардың төменгі белдеуіндегі шамадан тыс ауытқудан құтылу үшін оларды бос ұзындықтары 12 м-ден көтерілмеуі тиіс. Арқалықтардың және қосымша фермалардың төменгі белдеулердің арасына жеңіл байланысатын фермаларды орнатады, барлық элементтерді иілгіштік [λ] – 200 шектері бойынша таңдайды (7.3, в сурет). Кран жұмысының ерекше режиміндегі иілгіштік шектері 150-ден көп болмауы тиіс.

Монтаждаудың блоктық әдісі кезінде арқалықтардың арасына айналу кезінде блоктың қаттылығын қамтамасыз ететін тік байланыстар қарастырылады.

 

 

7.3. сурет. Тежеуішті және байланысты фермалардың сұлбасы:

А – шеткі қатардағы тежеуіш ферма; б – дәл сондай, орта қатардағы; в – арқалықтың төменгі белдеуіндегі байланысты ферма

 

Негізгі әдебиеттер: 3 [430-432]

Бақылау сұрақтары:

1. Кранасты арқалықтың қимасын таңдау неге байланысты?

2. Болат шығынын азайту үшін дәнекерлі арқалықтарды қалай жобалайды?

3. Тойтарылған арқалықтарды қолдану.

4. Жергілікті орнықтылықты қамтамасыз ету үшін және кездейсоқ жаныштауды болдырмау үшін тежеуіш табақтар немен

5. Тежегіш арқалықтарды қай кезде пайдаланады?

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных