ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Лекция. Көпқабатты үйлердің болаттан жасалған каркастары.Көп қабатты ғимараттардың динамикалық сипаттамасы
Көпқабатты ғимараттарды қолдану аясы және негізгі Ерекшеліктері Көпқабатты ғимараттардың құрылысы қала тұрғындарының күн санап өсіп келуіне және жерді неғұрлы тиімді пайдалануымен қалалар маңындағы табиғи аймақтарды сақтаумен, сондай-ақ құрылысқа кететін шығындарды қысқартумен және инженерлік коммуникацияларды, көлік және басқа да жүйелерді пайдаланумен тығыз байланысты. Көпқабатты ғимараттарды пайдаланудың негізгі аясы- тұрғын үйлер мен қызметі әртүрлі қоғамдық ғимараттар (басқарма, мекемелері, коммуналдық шаруашылық мекемелері, ғылым және ағарту ісі мекемелері және т.б). Көпқабатты өндірістік ғимараттар, зертханалар және инженерлік корпустар құрылысы кеңінен жүргізілуде. Әдеттегідей өндірістік ғимараттар биіктігі тоғыз қабаттан жоғары болмайды, зертхана және инженерлік корпустар- жиырма бес қабатқа дейін,тұрғын және қоғамдық ғимараттар одан жоғары болуы мүмкін. Көпқабатты ғимараттарда құрылымдар көтеретін және қоршайтын деп бөлінеді. Көтеретін құрылымдар функциясын мықтылығы жоғары материалдардан жасалған каркас,ао қоршайтын құралымдар функциясын – жылуоқшаулағыш материалдардан жасалған жеңіл қабырға панельдері орындайды. Мұндай құрылымдар жоғары индустриалды, бұл ғимаратты салу мерзімін қысқартады және құрылыс алаңдарының өлшемдерін азайтады. Көпқабатты ғимараттардың каркастары үшін материалдарды құрылыстың нақты жағдайларын ескере отырып техникалық-экономикалық сараптама негізінде таңдайды, каркастар темірбетон, болат және аралас болады,сонымен қатар ғимарат қабаты көтерілген сайын болаттан жасалған каркасты қолдану тиімділігі артады. Ұстындар қималарының минималды өлшемдерін қабылдауға мүмкіндік беретін, сонымен қатар ғимараттың пайдалы ауданын арттыратын материалдың жоғары мықтылығы болаттан жасалған каркастың негізгі жетістігі болып табылады. Сондықтан ғимараттардың төменгі қабаттарында төмен игерілген болаттан жасалған ұстындарды жобалау тиімді. Болат каркасты өртпен коррозиядан қорғау үшін каркас элементтерін бетондайды, керамикалық блоктармен немесе арнайы плиталармен қаптайды және қорғайтын құралымдармен сылақтайды. Көпқабатты ғимараттың каркасына үлкен салмақ түседі-вертикалды (тік)бөлмелердің пайдалы жүктемелері және көлденең, сондай-ақ температуралық әсерлер. Ұстындар, балкалар және байланыстар каркастың негізгі құрылымдық элементтері болып табылады.
9.1.2. Көпқабатты ғимараттардың каркастарының құрылымдық Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|