Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кранасты арқалықтардың тіреуіш түйіндері.




Кранасты арқалықтардың тіреуіш түйіндерінде ұстындарға үлкен көлденең және тік күштердің берілуі пайда болады. Кесілген кранасты арқалықтарының тік қысымы ұстындарға әдетте тіреуіш қабырғаның шығып тұратын фрезермен өңделінген бөрененің кесілген жері арқылы беріледі (8.1, а сурет). Қарапайым арқалықтарды қалай есептеп құрастырса, дәл солай тіреуіш қабырғаларды да есептеп құрастырады

Кесілмеген арқалықтарда тік қысым тіреуіш қабырға арқылы беріледі, ол төменгі белдеуге орналастырылған, ал ұстынның белдеуімен тіреуіш тақта-сының арасына төсем салады (8.1, б сурет).

Кесілмеген кранасты арқалықтардағы шектес жүктелген өткіннің тіреуішін-де кері (бағыты төмен) реакция пайда болады. Арқалықтарды ұстындарға бекітетін анкерлік бұрандамалар осы күштерге есептелуі тиіс.

Крандардың көлденең жазықты әсерін қабылдау үшін арқалықтарды ұстын-дарға бекітетін қосымша элементтерді орналастырады (8.2, а сурет). Бұл элементтерді көлденең Н күшіне есептейді,

H = FТ h1 / h2, (8.1)

мұндағы FТ – көлденең жазықты күштерден кранның дөңгелегіне берілетін арқалықтың тіреуіш қысымы; h1, h2 – арқалықтың төменгі нүктесінен (бұрылу нүктесі) рельс ұшының белгісіне дейінгі арақашықтық және бекіту элемент-терінің орналасу орны (8.2, а суретті қараңыз).

Бекітудің бірнеше элементтері болғанда (мысалыға, тежеуіш құрылымдарын ұстындарға өзектер мен бастырмалар арқылы бекіту) FТ көлденең қысымы солардың арасына пропорционалды қаттылықпен таралады. Көтергіш қа-білеттілік қорына бекітудің әрбір элементін толық FТ қысымына есептеуге болады.

1 сурет. Кранасты кесілген (а) және кесілмеген (б) арқалықтарының тіреуіш түйіндері

8.2 сурет. Кранасты арқалықтарды ұстындарға бекіту түйіндерінің есепті сұлбасы:

а – көлденең жазықты күштерді жіберу сұлбасы; б – түйіндердің орнын ауыстыру; в – бекіту элементтерінің есепті сұлбасы; г – тіреуіш қабырғасының ауытқуы кезіндегі күштердің берілуі.

 

Кранасты құрылымдарын ұстындарға бекітудің түйіндерін жобалау кезінде олардың нақты жұмыстарының ерекшеліктерін ескерген жөн. Кранның өтуі кезінде арқалық иіледі, және оның тіреуіш қимасы φ бұрышына бұрылады (8.2, б сурет). Температуралық әсерлердің ықпалынан (әсіресе ыстық цехтарда) кранасты құрылымдары ұзарады (қысқарады), бұл ұстындарға қатысты тіреуіш қиманың тік жылжуына алып келеді. Бекіту элементтерінің нәтижесінде ∆Н көлденең орнын ауыстыруын алады.

Арқалықтардың тіреуіш қимасын сығу және тіреуіш қабырғасының астындағы төсемдерді езу арқылы бекіту элементтері сонымен қатар, тік ∆v жыл-жуды (8.2, б суретті қараңыз) алады.

Егерде бекітудің құрылымдары жеткілікті қаттылыққа ие болса, сығылуға және тіреуіш қимасының бұрылуына кедергі болса, онда бекіту элементтерінде ∆Н және ∆v орын ауыстырылуымен шақырылатын үлкен күштер пайда болады. Көп қайталанатын жүктемелерде бекіту элементерінің қажыған бұзылуына алып келеді. Бұл заттай зерттеудің нәтижесінде дәлелденген. Сондықтан көлденең бағыттағы ұстындарға арқалықты бекіту құрылымдары көлденең жазықты күштерді беруді қамтамасыз етуі тиіс, сонымен бірге бұрылудың еркіндігін және тіреуіш қималарының көлденең араласуын жіберуді де қамтамасыз етуі тиіс.

Бекіту элементтерінің көлденең және тік орын ауыстыру еркіндігін қамта-масыз ету үшін түйіндердің екі түрі қолданылады. Түйіндердің бірінші түрін-де көлденең жазықты әсерлер ұстындардың тығыз элементтері (тіректік енсіз жұқа тақтайша) орналасқан сөрелері арқылы беріледі. Бұлар тіреуіш қималарының орын ауыстыру еркіндігінің жылжып кету есебінде жіберіледі (8.3,а сурет). Уақыт өте келе байланыс беті жұмсарады және байланысында люфт құралады, тіректік элементтерді жоғары беріктілікті бұрандамаларға (оларды орын ауыстыру мүмкіндігі үшін) бекіту орынды. Түйіндердің екінші түрінде арқалықтар ұстындарға иілу элементтерінің көмегімен бекітіледі. Бұл элементтердің азғана қаттылығы кезінде ∆Н және ∆v орын ауыстыруынан пайда болатын қосымша күштер үлкен емес. Иілу бекіткіштерінің орнына тақталы элементтерді немесе дөңгелек стерженьдерді пайдаланады.

8.3, б суретінде көрсетілген түйінде көлденең жазықты күштер иілімді дөңгелек стерженьдермен қабылданады. Үлкен көлденең күштер кезінде әрбір арқалық бір-бірінен кейін орналасқан екі немесе үш бұрандамалармен бекітілуі мүмкін. Мұндай бекітудің артықшылығы арқалықтарды түзету және оны ауыстырудағы қарапайымдылығы болып табылады.

Ғимараттардағы жұмыстың ерекше режиміндегі крандармен бекіту элементтерінің есебі кезінде ∆Н және ∆v орын ауыстыруынан пайда болатын қо-сымша күштерді ескеруді кеңес береді (8.2, б суретті қараңыз). Бұл орын ауыстыруды келесі формула бойынша анықтауға болады:

(8.2)

мұндағы Мх – арқалықтағы есепті иілу моменті; l,hb – арқалықтың өткіні мен биіктігі; Іх – арқалықтың инерция моменті; FR – танның жүктемесінің әсерінен кранасты арқалықтың тіреуіш қысымы; А1 – тіреуіш қимасының есепті ауданы (тіреуіш қабырғаның және қабырға бөлігінің аудан соммасы).

Бекіту элементтіндегі орын ауыстырудан пайда болатын иілу моментінің соңы қысылған арқалықтар сияқты анықталады (8.2 в суретті қараңыз):

(3)

мұндағы І,l0 – инерция моменті және бекіту элементінің ұзындығы:

Тіреуіш қабырғаның ауытқуынан арқалықтар бекіткішке сонымен қатар ар-қалықтардың остерімен FR тең әсерлі тіреуіш қысымды жылжыту арқылы пайда болатын қосымша тік Нс күшімен (2,г суретті қараңыз) беріледі:

Эксперименттік зерттеу бойынша е шамасын тіреуіш қабырғаның b еніне тең етіп қабылдауға болады.

Ғимараттардағы температураның үлкен айырмасымен (жылжымайтын ғимараттар, ыстық цехта) бекіту элементтерінің есебінде температуралық әсерлерден пайда болатын немесе орын ауыстыру еркіндігін (мысалы, тіректік элементтер арқылы күштерді берумен) қамтамасыз ететін бекітуді жобалайтын күштерді ескерген жөн.

 

 

8.2. Кранды рельстер және оларды кранасты арқалықтарға бекіту. Көпірлі крандар үшін мойын қылтасымен күшейтілген және табанымен нығайтылған арнайы кранды рельстер (КР) қолданылады.

Кранды рельстің қажетті түрі крандарға арналған стандарттарда немесе тізімдемелерде көрсетіледі. Жүк көтергіштігі 20 т дейін жалпы белгіленген кран үшін Р-38 (жүк көтергіштігі 5 және 10 т кран үшін) және Р-43 теміржолды рельстерді қолдануға рұқсат етеді. Кей кездері кранды рельс орнына тіктөртбұрышты болат қолданылады.

Кранасты арқалықтарға рельстерді бекітудің құрылымдық шешімі рельстердің түріне байланысты (8.4сурет). Бекіту 20-30мм шегінде рельстің түзетуді қамтамасыз етуі тиіс, дегенмен жобалау барысында рельстің жылжуы пайда болады. Сондықтан рельсті кранасты арқалықтардың белдеуіне пісіруде кеңес бермейді.

 

 

8.4 сурет. Рельстерді кранасты арқалықтарға бекіту.

а – КР түрі; б – теміржолды; в және г – тіктөртбұрышты; 1 – серіппелі тығырық; 2 – М22 бұрандамасы

Ғимараттарда жұмыстық ерекше режіміндегі крандармен тек қана арнайы КР кранды рельстерін қолдануды кеңес береді. Теміржол рельстерінде саңылауымен мойын қылтасы әлсіреген орнында жарықшақтар жиі пайда болады: бұдан басқа, тежеуіш табағындағы ілмек үшін саңылау кернеудің шоғырлануымен пайда болады және солардың жанында жарықшақтар одан әрі өрбиді. Тіктөртбұрышты рельс КР-ға қарағанда азғана қатты, ал бекіту үшін саңылауларды тегістеу өте көп еңбекті қажет етеді. Арқалықтың рельсімен белдеуі арасында төмен модульді материалдан жасалған тіректік тсемдерді орнату орынды. Төсемдер рельс пен белдеудің қосылу шарттарын жақсартады, кранның дңгелегі астындағы жергілікті кернеуді тегістейді және кішірейтеді, рельс пен белдеудің тегіс емес қосылуында жергілікті кернеудің ең көп мәнін жояды, кранның динамикалық әсерлерін кішірейтеді. Кранның жүк көтергіштігі үлкен емес (Q≤20 т) кезінде төсемдерді резеңке қосылған таспалардан, ал жүк көтергіштігі үлкен кезінде – металлды резеңкелерден жасайды. Дегенмен кранның өтуі кезінде төсемдерді қысады, онда белдеуге рельстің серіппелі бекітуінің әр түрлі типі қолданылады (8.5 сурет).

 

8.5-сурет. Тіректік төсемдерге орнатылған рельстің серіппелі бекіткіші.

1 – серіппе; 2 – рельс; 3 – тіректік төсем; 4 – бұрандама.

8.3. Кран үшін тіреуіштер. Ғимараттардың шетжағындағы кранасты арқалықтарына кранның жұмысшы аймағына кедергі жасау үшін тіректер орнатылады. Кранның тіреуішіне соққының күшін төмендету үшін соңғы ажыратқыштармен жабдықтайды, ал тіреуіштерге амортизаторларды орнатады. ″Жүктемелер мен әсерлер″ ережесі бөлімінде анықталатын тіреуішті соққының шартты күшіне анрналған консоль түрінде есептейді.

 

Негізгі әдебиеттер: 3 [443-448]

Бақылау сұрақтары:

1. Кесілмеген арқалықтарда тік қысым қалай беріледі?

2. Кранасты құрылымдарын ұстындарға бекітудің түйіндерін жобалау кезінде

нені ескерген жөн?

3. Бекіту элементтерінің көлденең және тік орын ауыстыру еркіндігін

қамтамасыз ету үшін түйіндердің қандай түрлері қолданылады№

4. Көпірлі кран үшін қандай кран рельсі пайдаланылады?

5. Кранға арналған тіреуіштің қызметі қандай?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных