Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жылжымалы және жылжымайтын жүктемеге жазық арқалықты ферма есебі




 

Ферманың берілген есептік схемасы үшін 7.4, 7.5, 7.6-суреттер және 7.1-кесте қажет:

әсер сызығы сызылады, одан оңырақ кесілген панельдің участогы ғана қолданылады;

в) жүк кесілген панельдің аралығында – құрылған әсер сызығының оң және сол участоктарының шеттерінің екі нүктесі өзара қиылысады (арқалық үшін түйіндік берілу ережесі бойынша).

Фермада күш әсер сызығын құруда ең мақсатқа лайықтырағы Риттер тәсілі болып табылады. Түйіндерді кесіп алу және проекция әдісіне тілік белгісіз күшті екі стержень арқылы өтсе ғана жүгінеді, бұл кезде Риттер әдісі қолданылмайды.

Түйіндерді кесіп алған кезде екі кесілген панель немесе бір үлкен панель шығуы мүмкін екенін айта кеткен жөн. Әдетте ол егер фермада тор үшбұрышты бағанмен болғанда шығады (7.3-сурет). N3 бағанының күш әсер сызығын тұрғызу үшін (жоғарымен жүру кезінде) V түйіні кесіп алынады, яғни белдеудің төртінші және бесінші панельдері кесіледі (сол тіректен санағанда). Бұл жағдайда «а», «б», «в» кезеңдері былайша оқылады: жүк кесілген үлкен панельдің сол жағында, жүк дәл сол панельдің оң жағында және жүк панельде – N3 баған үстінде.

Жоғарымен жүру Үлкен панель

7.3-сурет.

 

7.4-сурет.

 

7.5-сурет.

 

7.6-сурет.

Н-10 жүктеме схемасы жүк машинасының автокөлікті колоннасын көрсетеді. Колонна ұзындығы үлкен сондықтан схемада оның ортаңғы бөлігі көрсетілген, бір ауырлатылған УТ жүк машинасымен (сол жақтан екінші). Әсер сызығы ұзын болса нормативтік ара қашықтық пен жүктемелерді сақтай отырып схемада көрсетілгеннен сол және оң жақтағы жүк машиналар санын көбейткен дұрыс.

Жүктеме схемасы бұзылуы мүмкін, мұны күшті екі таңбалы әсер сызығымен анықтаған кезде ескеру керек (әр участокты бөлек жүктеу керек). Бірақ ауырлатылған жүк машинасы (УТ) міндетті түрде жұмыс істейтіндер қатарында сақталуы керек.Кремон диаграммасын сызылған ферма схемасын пайдаланып, оған тек қана 3п. сәйкес алынған түйіндік жүктемелерді ғана түсіріп, әсер сызығы сызылған параққа тұрғызу керек.

Түйіндік жүктемелер әр панельді d аралықты екі тіректегі арқалық ретінде қарастыру арқылы анықталады. Тірек болып белдеу түйіндері табылады. Түйіндік жүктемелерді анықтағаннан кейін 3 пунктісі бойынша күштерді анықтау үшін шекті жағдайды берген олардың жүктер соммасының теңдігін тексеру. Кремон диаграммасы жеткілікті үлкен масштабта сызылады (сызбадағы бос жерге байланысты).

Диаграмманы тұрғызған кезде міндетті түрде стерженьдер мен күштер арасындағы участоктар белгіленуін (екілік белгілену) сақтау керек. Кремон диаграммасын тұрғызу үшін қажетті түйіндік жүктемеден ферманың тірек реакциясын аналитикалық анықтауға рұқсат етіледі.

Әсер сызығын сызу парағының бетіне масштабпен сызылған ферма схемасының астына қаламмен салу. Сызық ординаталарының масштабын барлық сызықтар үшін бірдей, бірақ өте үлкен емес етіп кез келген масштабта қабылдау.

Берілген әсер сызықтарын тұрғызуға кірісер алдында екі тірек реакциясының әсер сызығын тұрғызу керек. Әсер сызығының барлық негізгі ординаталарында олардың сандық мәні жазылу керек. Ал 2п. тапсырмаларына сәйкес қарастырылған үш сызыққа ординаталардың сандық мәндері дәл солай барлық жүктер астына жазылады.

Әсер сызықтарында жүктердің шекті жағдайда орналасуы қауіпті орналасу белгісі формуласы бойынша жүргізілуі мүмкін, өйткені әсер сызықтарының үшбұрышты участоктары бар:

және

R1, R2, P, m, n мәндерін 7.8-суреттен қараңыз.

7.8-сурет.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных