ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ндірістік ғимараттың болат қаңқасын құрастыру3.1.1. Ғимарат көлденең рамасының конструктивті схемасын құрастыру (компоновкалау) Ғимарат қаңқасының конструктивті схемасы жобалауға керек бастапқы мәліметтерге сәйкес және өндірістік ғимараттардың көтергіш элементтеріне қойылатын конструктивті схемасын құрастыруға әсер ететін факторлар көрсетіледі және де әлі де жасалынатын жұмыстарға байланысты сұрақтар қарастырылады. Колонна торының түрін таңдаған кезде олардың жоспарда орналасуын анықтайтын ережелер, бөлгіш осьтерге байламдардың өлшемдері және колонналардың орналасу схемасы көрсетіледі. Және де осында ғимаратты температуралық блоктарға бөлу туралы да көрсетіледі. Оны 11.1кестесінің мәліметтерін пайдалана отырып орындайды [1] 266б. немесе 42 кесте [3]. Ғимараттың конструктивті схемасын таңдаған және поперечникті құрастырған кезде (1-сурет) немесе шарнирлі болып келуі мүмкін беларқаның (итарқалы ферма) колоннамен түйіндесу конструкциясына ерекше мән беру керек [1] 282б.. Көлденең раманың горизонтальды және вертикальды өлшемдері анықталады (1-сурет). Горизонтальды өлшемдер (һ0, һв, һн, lк) ғимараттың бойлық бөлгіш осьтеріне, ал вертикальды өлшемдер еден деңгейінің белгісіне (нольдік белгі) байланыстырылады. Бөлгіш осьтен колоннаның сыртқы шеткі байламы (өлшем һо) кранның жүк көтергіштігі және жұмыс істеу режиміне, және де ғимараттың биіктігіне байланысты қабылданады [1] 268б.. Колоннаның жоғарғы жақ ені (һв) қажетті қаттылық ережесіне сәйкес һв ≥ кем болмау керек, көбінесе колоннаның енін һв 500мм деп қабылдайды. технологиялық, эксплуатациялық және экономикалық міндеттемелеріне сәйкес құрастырылады. Сонымен бірге ғимарат қаңқасының түрін таңдауға және
Колоннаның төменгі жақ енін ғимараттың қаттылығын қамтамасыз ететін ережеге сәйкес кем емес етіп қабылдайды немесе егер колоннаның кранасты шыбығының осі кранасты арқалықтың осімен байланысқаны белгілі болса, онда һн = λ + һ0, һ0 = һв. Кран аралығы lк – ғимарат аралығымен байланысты lк = l - 2λ (3.1) Жүк көтергіштігі Qкр = 5 ÷ 50 т с крандар үшін λ = 750мм болып қабылданатын, Qкр > 50 т с үшін, λ = 1000мм болатын бірыңғайланған өлшемге λ (бойлық бөлгіш осьтен кран рельсінің осіне дейінгі ара қашықтық) ерекше назар аудару керек. Көлденең раманың вертикальды өлшемдері Н, Нв, Нн, Нш параметрлерін анықтаумен байланысты. Н=Н1+Н2 – еден деңгейінен төбе жабынның құрылыс конструкциясының төменіне дейінгі цех биіктігі; Нв=һnб +һр+һ2 – колоннаның кран асты бөлігінің ұзындығы; Нн=һ – һв + һб – колоннаның кранүсті бөлігінің ұзындығы; Нш=һ0 + 0,5i lф + Н1ф + Нкр – ғимарат шатырының биіктігі; Мұнда һ1 – цехтың пайдалы биіктігі немесе еден деңгейінен бастап кран рельсі басының белгісі (әдетте тапсырмада беріледі), Н2=Нкр + 100 + 200....400мм – кран рельсі басының жоғарысынан құрылыс конструкцияларының төменіне дейінгі ара қашықтық. 100мм өлшемі қауіпсіздік техникасы міндеттеріне байланысты қабылданған, яғни кран арбасының жоғарғы нүктесімен беларқа төменгі нүктесі арасындағы саңылау, ал 200....400мм беларқаның иілуін ескереді; Һпб – алдын ала () В болып қабылданған кранасты арқалығының биіктігі, В – арқалық аралығы; Һр – алдын ала 200мм қабылданған кран рельсінің биіктігі; Һб – 600....1000мм аралығындағы Qкр байланысты қабылданған колонна базасының тірек плитасының тереңдігі; i – шатыр еңісі шатыр түріне байланысты қабылданады; һоп – тіректегі ферма биіктігі (1-сурет) һкр – 300....500мм аралығындағы итарқалы ферманың қадамына байланысты қабылданған шатыр төбежабынының биіктігі; һ1ф – фонардың жарық өтетін биіктігі, жарықтехникалық немесе жылутехникалық есеппен анықтайды. Аралық үшін қабылдауға болады 24м – 2 х 1,25 = 2,5м, 30 және 36м – 2 х 1,5 = 3м және 42м – 2 х 1,75 = 3,5м Қабырғаға тірелу ережесіне сәйкес фонар ені және ферма түйіні модулі 6м. Аралығы 24м дейінгі ғимараттар үшін ені 6м фонар, ал одан жоғары аралықтар үшін 12м-лік қолданылады. Н2 өлшемі 200мм болып қабылданады, ал Н өлшемі Н < 10,8м болғанда 1,2м дейін және Н > 10,8м болғанда 1,8м дейін көп жағына қарай жуықталады. Осыған байланысты Н керекті биіктікті келтіру үшін Н1 өлшемін қажетті шамаға дейін үлкейтуге рұқсат етіледі. Әйнектеуге кететін таспаның өлшемі мен санын қабылдау үшін және қабырғаның вертикальды тілігін орындау үшін қабырға панельдері мен болат жақтауларының биіктік мәліметтерін қолдануға болады: Жылытылмайтын ғимараттардың темірбетон панельдерінің қабырғалары – 0,8; 1,2; 1,8; 2,4м; Бірқабатты және көпқабатты темірбетон қабырға панельдері; Жылытылатын ғимараттар және іргелі панельдер – 1,2; 1,8м; Доборные панели – 0,6; 0,8м; Қабырғаларды әйнектейтін болат жақтаулар – 1,2; 1,8; 2,4м. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|