ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Байланыс жүйесін құрастыруБұл жерде функциональды (қажетті) белгілеуді көрсету керек және әр байланыс түрінің орналасу жерін түсіндіру керек. Байланыстар схемасын оларды белгілеу шартынан және байланыс фермасының қиғаш тірегінің белдеулерге дейінгі бұрышы (40-500) болғанда және қиманың рациональды түрін таңдау шартынан таңдайды. Құрылыс фермаларының белдеуі арқылы өтетін горизонтальды байланыстар (көлденең және бойлық) крест тәрізді (2а-сурет) ([1]273б.11.5а-сурет) немесе үшбұрыш торкөзді (2б-сурет) ([1]273б.11.5б-сурет) болып қабылданады. Тор түрін таңдағанда түсіндіріп өту керек [1].
2-сурет. Колонналар арасындағы қатты диск байланыстар конструкциясының схемасы.а – крест тәрізді; б – үшбұрыш торкөзді. Итарқалы ферманың жоғарғы белдеуі арқылы өтетін горизонтальды көлденең бүйірлік (торцевые) байланыстар ферма жазықтығынан сығылған белдеулердің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін керек және бүйірлік керегетіректің (торцевой фахверк) қабырғасынан жел жүктемесін қабылдайды. Итарқалы ферманың төменгі белдеуі арқылы өтетін бойлық горизонтальды байланыстар горизонтальды (жергілікті) жүктемеден (кран моменті және көлденең тежелу күші) түсетін күшті кеңістіктік үйлестіруді қамтамасыз етеді, сонымен қоса тіреуші момент (жергілікті түйіндесу кезінде) әрекетінен болатын түсіруші күш пайда болған жағдайда ферманың төменгі белдеуінен тұрақтылығын да қамтамасыз етеді. Фермалар арасындағы вертикальды байланыстар ферманы вертикальды жағдайда ұстап тұру үшін қызмет етеді және 3,9м дейін биіктіктегі транспортабельді фермалар ретінде және үлкен биіктіктегі бөлек стержендерьмен россыпью ретінде орындалады. Колонналар арсындағы вертикальды байланыстар 2 яруста орнықтырылады, жоғарғы (кранүсті) және төменгі (кранасты), сонымен бірге горизонтальды бағыттағы әсерлерге қарсылық көрсетеді және бойлық бағыттағы ғимараттың қаттылығын қамтамасыз етеді [1] 272б.. Бұл жерде осы әсерлерді көрсете кету керек және колонналар арасындағы байланыстардың орналасуын көрсету керек. Бойлық бағыттағы қаңқаның температуралық деформациясына әсер ететін кранасты бөлігіндегі байланыстардың орналасуына ерекше мән беру керек 11.2 кесте [1] 273б. немесе 42 кесте [3]. Колонналар арасындағы байланыстар крест тәрізді торда оңай шешіледі (3а-сурет) ([12]167б.6.7б-сурет). Колонналардың аралығы жиі болғанда және Н > 9 үлкен биіктіктегі кранасты бөлігінде кермелі бірнеше крест түріндегі байланыстарды қолданған дұрыс. Керісінше, кранасты бөлігінің биіктігі аз және колонналар аралығы үлкен болған кезде портальды және жартылай портальды байланыстар қолданылады (3б-сурет) ([12]167б.6.7г-сурет).
а б 3-сурет. Колонналар арасындағы вертикальды байланыстар.
Курстық жобаның бұл бөлімінің түсініктемесінде ғимараттар қаңқасының конструктивті схемасының барлық құрастыру этаптары қысқаша көрсетілуі керек және осыған байланысты қабылданған шешімдер түсіндірілуі керек.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|