Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЖОБАЛАУ КӨЛЕМІНІҢ ҚЫСҚАША ТҮСІНІКТЕМЕСІ




Болат қаңқа – ғимараттың қоршау конструкциялар салмағынан түсетін жүктемелерді (жабын, қабырға панельдері), атмосфералық жүктемелерді (қар, жел), крандардан, тельферлерден және басқа технологиялық жабдықтардан түсетін жүктемелерді қабылдайтын көтергіш конструкциялар комплексі.

Қаңқаның негізгі бөлігі колоннадан және өтпелі (ферма) немесе бірыңғай беларқадан тұратын көлденең рама (1-сурет) ([1]261б.10.4-сурет). Колонналар көбінесе іргетас қыспағында және беларқамен қатты немесе шарнирлі байланыс түрінде жобаланады. Колонналардың кранасты арқалықтары тірелетін кемерлері бар. Технологиялық және эксплуатациялық міндеттемелерге байланысты бір-екі-үш және төрт аралықты аралығы 18,0 ÷ 42,0 м, шеткі колонналар адымы – 6000мм, ортаңғылар – 6000 және 12000 мм еңіс және жазық жабынды және төбежабын конструкциялар адымы 6000 және 12000мм тең ғимараттарды қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

1-сурет. Беларқаның колоннамен түйіндсу түрлері және көлденең раманың есестік схемасы.

Жазық көлденең рамалар байланыстар жүйесімен, төбежабынның бойлық элементтерімен (сырғауылдар, панельдер, тіректер) және кранасты арқалықтарымен (жолдармен) және қаңқаның қаттылығы мен оның сығылған элементтерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін кеңістіктік өзгермейтін жүйемен байланысады.

Ғимараттар жылытылатын және жылытылмайтын болады. Қабырға қоршауларына ілмелі темірбетон панельдері пішінделген бетті металл панельдері және терезе панельдерінің жақтаулары қолданылады.

Ғимараттың төбежабыны темірбетон қабырғалы тақтайлардан (панель), болат бірыңғай немесе өтпелі сырғауылдан, қоршау элементтерінен тұратын металл панельдерден орындалады.

Орамалы жабын битум мастикасынан. Жылуоқшаулағыш қабырғалар мен төбежабындар үшін көлемдік массасы 0,5 кН/м3 кем емес тиімді жылытқыштар қолданылады (4.1 кестені қараңыз).

Ғимараттың жарықталынуы қабырғалардағы терезелер арқылы түсетін табиғи жарық көмегімен және ілмелі светильниктер арқылы жүзеге асады. Шатырдан су

әкету іштен, барлық сыртқы қабырғалар парапетпен (карнизсіз) орындалады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных