Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Экономикалық қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы




Экономикалық қылмыстылық – бұл экономика саласы мен оған байланысқан басқа да қоғам салаларында жасалатын қылмыстар жүйесі. Ол экономикалық қызмет саласындағы және меншікке қарсы қылмыстарды қамтиды.

Криминологияда қазіргі кезде экономикалық қылмыстылықтың барлық талаптарға жауап бере алатындай критерийлері анықтала қоймағанын атап өту керек.

Экономикалық қылмыстылық түсінігінің мазмұны мәселесі бойынша европалық мамандар 1981-ж. қабылданған Әділет министрлері комитетінің ұсыныстарына арқау етеді, онда «спецификалық» және «спецификалық емес» құқық бұзушылықтардың 16 түрі тізбектелген.

Еліміздегі экономикалық қылмыстылықты сипаттайтын басты сапалы белгілер қатарында экономикадағы күштеудің деңгейінің түсуі мен әлеуметтік құқықтық бақылау жүйесінің біртіндеп қалыптаса бастағанын атауға болады. Сол сияқты экономикалық қылмыстылықта латенттіліктің жоғары екендігін де естен шығармау керек.

Отандық экономикалық қылмыстылықтың детерминациясы, динамикасы мен трансформациялануы капитализмге ауысуға көп байланысты. Кеңестік экономикалық тәртіптің құлдырап, жаңа дәуір формациясының қалыптаса бастауы елде көптеген келеңсіз құбылыстарға жағдай жасағаны мәлім.

Экономикалық қылмыстылықты зерттеушілер көлеңкелі экономика түсінігін жиі қолданады. Ол сәйкес жүйелерде тауарлар мен қызметтерге қатысты мәмілелердің тіркелмеуінен, туындаған құқыққа қайшы қатынастардың жиынтығы.

Өткен ғасырдың 90-жылдары экономикалық қылмыстылықпен тура байланысты көлеңкелі экономиканың криминалдық секторлары қалыптасқан. Оларға мыналар жатады:

- несие қаржы саласындағы қылмыстар;

- салымшыларды алдау;

- қару - жарақтың криминалды нарығы;

- шикізаттың заңсыз экспорты;

- заңсыз жолмен алынған қаражаттарды легализациялау;

- салықтан жалтару, салық салу объекттерін жасыру;

- жекешелендірудің криминологиялық маңызды салдарлары;

- ұрланған көліктер сату;

- спирт ішімдіктерін жасырын сату.

Экономикалық қылмыстылықтың тенденциялары мен негізгі сипаттамалары өткізілетін экономикалық реформалардың келеңсіз салдарларының аккумуляциялану процесіне байланысты болады.

90-жылдардағы экономикалық қылмыстылықтың себептері мен шарттары болған әлеуметтік, экономикалық және әлеуметтік психологиялық құбылыстар мен процестер қатарында мыналарды атауға болады:

Күн сайын өсіп отырған аномия, ұзақ жылдар бойы қоғамда орныққан құндылықтардың, экономикалық және құқықтық мінез үлгілерінің дағдарысқа ұшырауы, халықтың басым көпшілігінің ресми декларацияланған «жаңа» құндылықтарға легальды жолмен қол жеткізуге мүмкіндігінің болмауы;

Көлеңкелі экономика функционерлерінің легальды бизнеске ауысуы;

Бизнес жүргізудің орныққан этикасының болмауы;

Әлеуметтік поляризацияланудың күрт өсуіне әкеп соққан қоғамның әлеуметтік құрылымындағы аса жаман өзгерістер;

Халықтың басым көпшілігінде еңбекке деген ынтаның азаюы;

Жұмыссыздықтың өсуі.

Экономикалық қылмыстылықтың алдын алудың басты бағыты нарық үрдістерін әлеуметтік құқықтық мемлекет құру мақсаттарына бағындыру болып табылады.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 32-34,42,43, 48,49 әдебиеттерді қараңыз.

 

16-тақырып. Сыбайлас жемқорлық қылмыстылық

Коррупциялық қылмыстылық экономикалық және ұйымдасқан қылмыстылықпен тығыз байланысқан екендігін және кейде олардың құрылымдық элементі ретінде қарастырылатынын ескеруі керек. Дегенмен, қол сұғу объектісі, жасалу аясы, себептері мен шарттары, мотивациясы, коррупционер тұлғасы секілді криминологиялық сипаттамаларының жиынтығы коррупциялық қылмыстылықты қылмыстардың криминологиялық жіктемесінің жеке тобына ажыратуға мүмкіндік береді.

Коррупциялық қылмыстылық деп коррупциялық сипаттағы қылмыстардың барша жинағын айтады. Коррупция – мемлекеттік функцияларды атқаратын адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың лауазымды қызмет бабын пайдалана отырып немесе осыған байланысты артықшылықтарын пайдаланып, өзінің немесе басқаның пайдасына өзі немесе делдалдар арқылы мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алудан, сол сияқты аталған адамдарды жеке немесе заңды тұлғалар тараптарынан заңсыз осы игіліктерді бере отырып, сатып алудан тұратын әлеуметтік құбылыс.

Коррупциялық қылмыстылықтың себептері мен шарттарын талдағанда келесі детерминацияларға назар аудару керек: мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысының төмен болуы; басқармалық қатынастардың жеткілікті реттелмегендігі, мысалы, көптеген мәселелердің шешілуі бір ғана қызметкердің қарауына берілгендігі; мемлекеттік қызметкерлердің табыстары мен шығындарына бақылаудың болмауы; мемлекеттік қызмет саласындағы коррупцияның болуына сабырлықпен қарайтын қоғамдағы әлеуметтік-психологиялық жағдай.

Коррупциялық қылмыскер тұлғасына сипаттама бергенде студент олардың әлеуметтік-рольдік (лауазымы, шені, уәкілеттіліктерінің шеңбері) және өнегелі-психологиялық (заңнан гөрі материалдық игіліктерді құрметтейтіндігі, сораңдығы) қасиеттерін білуі керек.

Коррупциялық құқықбұзушылықтарға қарсы күресте 1998-жылы 2-шілдеде қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңы ерекше роль атқарады. Ол осы күрестің негізгі қағидаттарын, субъекттері мен лауазымды адамдарының шектерін, алдын алу шараларының мазмұны мен бағытын анықтайды.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 10,11,14,27,28, 40-44, 47-48, 54-55 әдебиеттерді қараңыз.

17-тақырып. Абайсыздағы қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы

Абайсызда жасалатын қылмыстар жалпы қылмыстылықтың бір бөлігі. Әлеуметтік құқықтық құбылыс ретінде абайсыздағы қылмыстылық менмендік пен немқұрайдылықтан құралады.

Криминологиядағы абайсыздағы қылмыстылық мәселесінің өзектенуі абайсыздағы қылмыстық мінез түрлерінің айрықша интенсификациялануына, осы әрекеттердің әралуан кәсіби және тұрмыстық салаларда көбеюіне, келтірілген залалдың өсуіне байланысты.

Қылмыстылықтың жалпы құрылымында осы қылмыстылықтың азғана бөлікке ие болғанына қарамастан (олардың үлесі 10-12% шамасында), абайсыздағы қылмыстар зардаптарының ауырлығы бойынша ылдыңғы қатарда тұр.

Ресми статистика бойынша абайсыздағы қылмыстардың динамикасының деңгейі төмендеп келеді. Алайда мұндайда олардың латенттігінің жоғары болатынын ескеру керек.

Абайсыздағы қылмыстарда өндірістік травматизм жоғары үлес салмаққа ие.

Экологиялық қылмыстардың абайсызда жасалатын түрлері көптеген адамдардың денсаулығы мен өміріне, олардың өмір сүруінің ортасына қауіп төндіреді.

Абайсыздағы қылмыстылықты сипаттайтын көрсеткіштер қатарында виктимділік деңгейі бар, яғни қылмыстық мінез механизміне жәбірленушілердің қылмыстық абайсыздыққа жағдай жасайтын немесе оның тууына ықпал ететін құқық бұзушылықтарын немесе басқа да дұрыс емес әрекеттерін қамтиды. Абайсыздықтағы қылмыстылықтың виктимділік деңгейі 20% шамасында.

Әрекеттің жасалу саласына байланысты абайсыздағы қылмыстылықтың келесі түрлерін ажыратады:

- тұрмыстағы абайсыздық;

- техникалық абайсыздық;

- лауазымдық абайсыздық.

Абайсыздағы қылмыстардың спецификасымен танысқанда осындағы қылмыстық мінез механизмінде криминогендік ситуация басты қатарға шығатыны байқалуы мүмкін. Шынында да, абайсыздағы қылмыстардағы жағдайдың маңыздылығы қасақана қылмыстарға қарағанда анағұрлым айқындаушы роль атқарады. Дегенмен, абайсыздағы қылмыстардың криминогендік детерминациясының сипаттамасын ситуативтілікпен ғана түсіндіруге болмайды. Қылмыстық қателіктердің шамамен 60% жағдайларында тұлғаның қауіпті ситуациямен қатынаста болатын қасиеттері маңызды роль атқарады.

Абайсыздағы қылмыстылықтың себептерінің қатарында адамның құндылықтық бағытының ерекшеліктерін атауға болады: әлеуметтік жауаптылық, парыздылық қасиеттерінің қалыптаспағаны. Абайсыз қылмыскерлерге қоғамдық және жеке қауіпсіздік нормаларына немқұрайдылықпен қарауға байланысты мінез құлық стереотиптерінің болуы тән.

Абайсыздағы қылмыскерлердің, әдетте, екі типін ажыратады: біреуінде біреуінің мінезінде менменді жеңілтектік басым болса, басқасында немқұрайдылық басым болады.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 40-43,52,53 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных