ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Күш қолданумен жасалатын қылмыстылық пен бұзақылықтың криминологиялық сипаттамасыКүш қолданумен жасалатын қылмыстылық – физикалық күш қолданумен немесе оны қолдану қатерімен жасалатын, басты мақсаты адамның физикалық және моральдық игіліктеріне зиян келтіру болатын қылмыстардың (оларды жасаған адамдардың) жиынтығы. Осы топ қылмыстарына физикалық немесе психикалық күштің қолданылу белгілеріне ие қасақана әрекеттер жатады. Меншікке қарсы және экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға қарағанда ондағы қылмыстар Қылмыстық кодекстің бір тарауына қарай жинақталмай, Ерекше бөлімінің әралуан тарауларында орын алған. Мысалы, күш қолданумен жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі ҚР ҚК Ерекше бөлімінің бірінші тарауында орын алған. Екінші топты меншікке қарсы қылмыстар құрамында көзделген тонау, қарақшылық, қорқытып алу, сол сияқты экономика саласындағы бірқатар қылмыстарды, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлерінің лауазымдық қылмыстарын жатқызады. Қоғамдық қауіпсіздікке, тәртіпке, халық денсаулығы мен адамгершілігіне қарсы қылмыстар үшінші топты құрайды. Төртінші топқа мемлекеттің конституциялық құрылым негіздері мен қауіпсіздігіне, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы, сот төрелігіне, басқару тәртібіне қарсы қылмыстар, әскери қызмет саласындағы қылмыстар жатады. Санкцияларына көз салсақ, олардың қоғамдық қауіптігі жоғары, алайда олардың таралуы бірінші топтан соңғысына қарай азайып отырады. Сондықтан криминологиялық тұрғыда бірінші екі топ пен бұзақылық қызығушылық туғызатын болады. Жалпы қылмыстылық құрылымында күш қолданумен жасалатын қылмыстар барлық жасалатын қылмыстардың 1/10 құрайды. Олар қауіптілігінің жоғарылығына байланысты латенттігі неғұрлым төмен деп есептеледі. Оларды жасыру қиынға соғатындықтан, үлесі шамамен 5-7%. Осы қылмыстардың бәрін біріктіретін ортақ белгі – тұлғаға қарсы күш қолдану. Оны жасайтын адамдардың өздері әрқашан физикалық не моральдық жағынан күшті тұлғалар бола бермейді. Керісінше, өздеріндегі кемшіліктерін компенсациялау үшін олар көбінесе қару немесе қару ретінде пайдаланылатын басқа да заттарды қолданады. Адам, әдетте, өзіндегі әлсіздікті, басқалардың алдындағы әлсіздігін жеңуге ұмтылысында біртіндеп күш қолдануға дағдыланады. Осы мақсатта олар жастайынан өзі сияқтылармен бірігіп, моральдық немесе физикалық жағынан әлдеқайда күшті, бірақ жалғызбастылларға күш қолданады. Қылмыстардың басым көпшілігі мас күйінде жасалады. Рецидив деңгейі жоғары. Топ құрамында адам өлтірудің 15%, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің 7%, зорлаудың жартысы, бұзақылықтардың үштен бірі, қарақшылықтың төрттен бірі, тонаудың 1/9 жасалады. Қарақшылықтың жартысынан астамын, қасақана адам өлтірудің үштен бірінен астамын, денсаулыққа ауыр зиян келтірудің үштен бірін, бұзақылықтардың төрттен бірін жұмыссыздар жасайды. Әйелдер барлық адам өлтірудің, бұзақылықтар мен адам денсаулығына ауыр зиян келтірудің оннан бірін жасайды, олар әрбір 200-ші зорлауға қатысады. Күш қолданумен жасалатын қылмыстарда кәмелетке толмағандардың үлесі аз. Күш қолданатын қылмыскерлердің көбісі отбасылық-тұрмыстық конфликтогендік жағдайларда тәрбиеленген, жастайынан әке-шешелерінің ұрыс-керістерінің куәлары болғандар. Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз. Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 44,45,46 әдебиеттерді қараңыз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|