Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Криминологиялық виктимология




Жәбірленуші тұлғасы мен мінезін виктимология зерттейді. Криминологиялық виктимология айтарлықтай жаңа ғылыми бағыт болып табылады. Осының салдарынан оның теориялық негізі де, ғылыми аппараты да әлі күнге дейін толық қалыптаса қоймаған. Криминологиялық виктимологияда «жәбірленуші», «құрбан», «виктимділік», «виктимизация» категориялары бастылары болып табылады.

Жәбірленуші, құрбан – бұл қылмыстан физикалық, моральдық немесе мүліктік зардап шеккен адам. Мұнда оның заңда көзделген тәртіпте қылмыс жәбірленушісі деп танылуы және осы статусын субъективті түрде ұғынуы маңызды емес.

Виктимділік – адамның өн бойындағы қасиеттеріне, атқаратын қызметіне және басқа да бірқатар факторларға бола қылмыс жәбірленушісі болу ықтималдылығының жоғары дәрежесі. Оны қылмыс жәбірленушісі болу «қабілеттілігі» деп ұғыну керек.

Виктимизация деп адамның қылмыс жәбірленушісіне айналу процесін, осы процестің нәтижесін айтады.

Индивидуалдық виктимділік бірқатар субъективтік және объективтік факторларға байланысты болады. Сондықтан тұлғалық және ситуативтік виктимділікті ажыратады. Мысалы, қалтадан ұрлау, әдетте, адамдар дүкендерде кезекте тұрғанда, адамдардың жиналған жерлерінде көп жасалады. Осындай ұрылардың жәбірленушісі осындай жағдайларда көп болатын адамдар болады (олардың тұлғалық сипаттарына қарамастан).

Виктимділіктің тұлғалық компоненттері субъекттің индивидуалдық ерекшеліктеріне, оған тән қасиеттердің мазмұнына байланысты болады: әлеуметтік психологиялық, моральдық, рольдік және т.с.с.

Индивидуалды қылмыстық мінез генезисіндегі жәбірленушінің ролі қылмысқа тікелей қарсы тұрудан қылмыстық әрекеттерге арандатуға дейін бола алады.

Жәбірленуші мінезінің келесі түрлерін ажыратады: 1) бейтарап, мұнда жәбірленушінің мінезі қылмыстың жасалуына не ықпал етпеген, не кедергі де болмаған (мысалы, көлік жүргізушісінің тротуардағы жолаушыны басып кетуіндегі ситуация); 2) әлеуметтік-қолдаушы (жақсы, игі) мінез қылмыстық әрекеттерге белсене қарсылық көрсетуде көрініс табады (мысалы, азаматтың бұзақылық әрекеттерді тоқтатуға атсалысуы); 3) жәбірленушінің теріс қылықтары моральдық немесе құқықтық нормалардың бұзылуын туғызады (мысалы, қақтығысты туғызуы, қарсы мәмілеге түсуі, қылмыстың жасалуына дейінгі кезеңде мас күйінде болуы және т.с.с.).

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 12,35,38 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных