Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Нақты қылмыстық мінез-құлық механизмі




Қылмыстылық пен қылмыстардың себептерінің әлеуметтік психологиялық табиғатына сәйкес криминалдық әрекеттердің қайнар көзі тұлғаның мұқтаждықтары, мүдделері мен мотивациясы болады. Мотивация, сонымен бірге, тұлға психологиясына да, оның мінезінің себептеріне де қатысты. Мотивация – бұл мазмұны жағынан әлеуметтік келеңсіз, адамды қылмыстық істерге итермелейтін ниеттер жүйесі. Мотивация осындай іс-қимылдардың қоғамдық қауіпті зардаптары орын алмайынша белсендіре түседі. Әрекеттің басталуына дейін-ақ криминогенді болған, артынан сол әрекетте көрініс беретін криминалдық мотивация барлық дерлік қылмыстардың, оның ішінде абайсыздағы қылмыстардың да себебі болып табылады. «Ешбір, тіпті экстрамалды-криминогендік сыртқы орта да тұлғаның ниеттемесі мен кінәсінан тыс қылмыстық зардапқа әкеп соға алмайды», - деп жазады Н.Ф. Кузнецова.

Адамзат белсенділігінің көздерін, оның қозғалтқыш күштерінің және істерінің түсіндірмесі жалпы психологиялық теорияның көкейкесті проблемалары саналатын мұқтаждықтары мен мотивацияны қарастыруға байланысты болады. Қылмыскер тұлғасы мен қылмыстық мінезді зерттеу ізденушіні оның мотивациясын неғұрлым жақын және тікелей тұлғалық детерминанттар ретінде қарастыру қажеттігіне әкеледі. Белгілі психолог С.Л. Рубинштейн осыған байланысты былай жазады: «Мотивация жайындағы ілім детерминация жайындағы ілімнің нақтылануы».

Қылмыстық мінез мотивациясы деп қылмыс ниетінің құқыққа қайшы әрекет жасауға саналық қозу ретінде қалыптасу үрдісін айтады. Мұнда кез келген ішкі қоздырушылар сияқты ниет те тұлғаның әлеуметтік ортасы мен өмірлік тәжірибесінің ықпалымен қалыптасатынын ескеру керек. Адамның мұқтаждықтары, қызығушылықтары, сезімдері нақты іске оны қоздыратындай маңызға ие бола, қылмыстың жасалуының ниетіне айналады. Қылмыс жасағандарға тән мотивациялық саланың ерекшеліктері, әдетте, қылмыскер тұлғасын талдау шектерінде қарастырылады. В.В. Лунеев мотивацияның үлгілері қатарында мыналарды ажыратады: 1) субъекттің тұлғалық ұмтылыстарында көрініс беретін ниеттерінің әлеуметке қайшылығы; 2) материалдық және табиғи талпыныстарының рухани қажеттіліктерінен үстемдігі; 3) адамда міндеттіліктің, парыздылықтың емес, шахуаттылықтың, нәпсінің үстемдігі; 4) алыстағы, болашақтағы өмірлік перспективаларға қарағанда жақын маңайдағы мақсаттарының басымдылығы; 5) осы талпыныстарының қоғамның әлеуметтік құндылықтар жүйесіндегі төмен деңгейлігі.

Тұлғаның ішкі қасиеттері мен белгілерінің (мұқтаждық мүдделерінің, құндылықтарының және т.б.) өзгеруі өздігінен қылмыстық мотивацияның анықталуына негіз бола алмайды. Тұлғалық деформациялар ешқашан адам мінеінде көрініс бермеуі де мүмкін. Мысалы, адам бойындағы материалдық құндылықтарға қызығушылықтың болуы оның тек қылмыстық жолмен ғана баюға ұмтылысының бар екендігін куәландыра алмайды. Мұндай мүдделерін адам заңды жолмен де қанағаттандыра алады.

Адамның есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикалық аномалиялар оның қылмыстық мінезінің механизмінде спецификалық роль атқарады. Есі дұрыс, бірақ кейбір психикалық науқастарға шалдыққан адамдарда психикалық аномалиялар тұлға құрылымына оның ажырамас элементі ретінде кіреді.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 36, 39, 41 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных