ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Қылмыстылық және оның көрсеткіштеріҚылмыстылық – бұл белгілі бір уақытта белгілі бір территориядағы қылмыс белгілерінен тұратын іс-әрекеттер және осы іс-әрекеттерді жасаған адамдар жиынтығын беретін тарихи ауыспалы әлеуметтік құқықтық жалпылама құбылыс. Қылмыстылық және қылмыс арақатынасы жөніндегі сұрақтарды зерттеу барысында қылмыстылық қоғамда белгілі бір уақыт арасында жасалған барлық қылмыстардың жай ғана жиынтығы еместігін ескерген жөн. Қылмыстылық күрделі жүйе құрушы қылмыстар мен олардың нысаналарының жиынтығы болып табылады. Қылмыстылықтың негізгі санды-сапалық сипаттамалары және олардың көрсеткіштері. Қылмыстылықтың жай-күйі – көлемі, деңгейі, динамикасы, құрылымы, территориялық таралымы, латенттілігі секілді қасиеттерімен сипатталатын қылмыстылықтың негізгі жағдайы. Қылмыстылық көлемі – белгілі бір территорияда белгілі бір уақыттағы қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың абсолюттік саны. Қылмыстылық деңгейі – белгілі бір уақыт аралығында белгілі бір территорияда 100 мың (кейде 10 мың) тұрғын адамға шаққандағы жасалған қылмыстар (оны істеген адамдар) саны. Қылмыстылық деңгейінің көрсеткіштері: қылмыстылықтың жалпы коэффициенті, қылмыстылықтың қылмыстық құқықтық коэффициенті, қылмыстылық белсенділігінң коэффициенті, сотталғандық коэффициенті. Қылмыстылық динамикасы – қылмыстылықтың, оның ішінде қылмыстылықтың жеке қасиеттерінің уақыт аралығындағы өзгерісі. Қылмыстылық динамикасының көрсеткіштері – бұл қылмыстылықтың абсолюттік өсуі (кемуі), өсу өарқындылығы, қылмыстылық көлемі мен деңгейінің қосылу қарқындылығы. Қылмыстылық құрылымы – бұл оның жеке түрлерімен арақатынасын сипаттайтын ішкі құрылысы. Қылмыстылықтың жалпы көлеміндегі қылмыстылықтың жеке түрлерінің үлестік салмағы. Монографиялық ізденістерге көз жүгіртсек, қылмыстылық түсінігі мен оның негізгі қасиеттерінің сипаттамасы тек кеңестік дәуір криминологиясының ғана зерттеу заты болғанын анықтаймыз. 1985-жылғы «Курс советской криминологии» атты басылым авторлары Карпец И., Кудрявцев В., Сахаров А., Шрага, Минская С. осы құбылысқа мынадай анықтама берген: «Қылмыстылық – бұл эксплуататорлық қоғамдық-экономикалық формацияларда пайда болған таптық негіздегі, тарихи ауыспалы, өзгермелі, осы қоғамда және осы кезеңде жасалатын барлық қылмыстарды қамтитын, сонымен қатар сандық (динамикасы, жай-күйі) және сапалы (құрылымы мен сипаты) көрсеткіштерімен сипатталатын антогонистік әлеуметтік құқықтық құбылыс». Н.Ф.Кузнецованың «Преступление и преступность» атты еңбегінде қылмыстылық таптық қоғамдағы айтарлықтай бұқаралық, тарихи өзгермелі, әлеуметтік, қылмыстық құқықтық сипатқа ие, сәйкес мемлекетте белгілі бір кезеңде жасалатын барлық қылмыстардың жиынтығынан тұратын құбылыс ретінде анықталған. Профессор У.С. Джекебаев «Преступность как криминологическая проблема» атты еңбегінде қылмыстылықты «спецификалық жүйе болып табылатын және қоғамның жеке мүшелерінің мінездерінің қылмыстық заңда белгіленген нормалардан әлеуметтік шартталған ауытқуында көрініс беретін айтарлықтай дербес әлеуметтік және тарихи құбылыс» деп анықтаған. Байқап отырғанымыздай, келтірілген анықтамаларда сол кезеңде үстемдік еткен идеологияның ықпалы айқын. Дегенмен, саясат пен идеологиядан арылған күйіндегі қылмыстылықтың белгілеріне назар аударайық. Біздің пікірімізше, олар мыналар: 1) қылмыстық көріністердің жаппай сипатта болуы; 2) қылмыстылықтың әлеуметтік сипаты; 3) қылмыстылықтың құқықтық сипаты; 4) жүйелілігі. Осы белгілер негізінде қылмыстылықтың келесі анықтамасын беруге болады: қылмыстылық – бұл қылмыстық заңда көзделген әртүрлі әлеуметтік ауытқушы мінез күйіндегі бұқаралық әлеуметтік құқықтық құбылыс. Шетелдік криминологияда осы мәселе төңірегіндегі негізгі гипотезаның мәні: «қылмыстылық – бұл қоғамның күнделікті атқаратын функцияларының бірі. Қылмыстылық күнә жасаумен іспеттес құбылыс». Латенттік қылмыстылық – қылмыстылықтың тіркелген бөлігімен қоса алғанда оның шынайы бет-бейнесін көрсететін қылмыстылықтың беймәлім, жасырын бөлігі. Латенттік қылмыстылықты үш аспектте қарастырады: 1) криминологиялық; 2) криминалистикалық; 3) процессуалдық. Криминологиялық аспектте – ресми статистикада көрініс таппаған қылмыстардың жиынтығы. Криминалистикалық аспектте – анықталмаған және ашылмаған қылмыстардың жиынтығы. Процессуалдық аспектте – жасалғанынан соң қылмыстық сот өндірісі тәртібінде істің қозғалуына әкеп соқпаған қылмыстардың жиынтығы. Латенттік қылмыстылықтың болуы әралуан келеңсіз салдарларға әкеп соғады: қылмыстылықтың шынайы жай-күйі туралы, оның азаматтар мен қоғамға әкеп соғатын зардаптары туралы қате түсініктің болуы; құқық қорғау органдарының қызметіне қанағаттанбау және т.с.с. Бышевский Ю.В. мен Конев А.А. секілді ғалымдардың жүргізген зерттеулері бойынша адам өлтірудің 2%, адам денсаулығына орта дәрежеде зиян келтірудің, тонаудың, қарақшылықтың 8,6%, ұрлықтың 27%, зорлаудың 85%, парақорлықтың 98% латентті болып келеді. Криминологиялық маңызы бар латенттік қылмыстылықты келесі түрлерге ажыратады: табиғи латентті қылмыстылық; жасанды латентті қылмыстылық; шекаралас латенттілік. Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз. Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 10, 14, 27-28, 33, 36, 40-43, 46, 48 әдебиеттерді қараңыз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|