ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SILLABUS
3.1 Оқытушылар туралы мәліметтер: Уалиева Жанна Борашевна– Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы Абишева Гүлбахыт Темірханқызы – Қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы Кафедра Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ Бас корпусының № 427 аудиториясында орналасқан. Кафедрада болатын уақыты: дүйсенбі – сенбі, сағ. 10.00 сағ. 17.00 дейін.
3.2 Пререквизиттері: «Мемлекет және құқық теориясы», «Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығы», «Құқықтық психология», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы (Жалпы және ерекше бөлімдері)», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару құқығы», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «Қазақстан Республикасы Азаматтық құқығы (Жалпы және ерекше бөлімдері)», «Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Әлеуметтану».
3.3 Постреквизиттері: «Сыбайлас жемқор қылмыстарға қарсы күрес, «Қылмыстылықтың алдын алу».
3.4 Пәннің қысқа мазмұны, мақсаттары және міндеттері: Криминология Қазақстан Республикасында «Құқықтану» мамандығы бойынша мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарында игерілетін қолданбалы пән болып саналады. Криминология қылмыстылықты орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бір жағынан, қылмыстылық арқылы, қылмыстық әрекеттер арқылы қарайды. Криминологияның негізгі категориялары – криминологиялық зерттеу әдістемесі, қылмыстылық, оның себептері мен шарттары, қылмыскер тұлғасы және қылмыстылықтың алдын алу. «Криминология» пәнінің мақсаты– тәлімгерлер сот және құқық қорғау органдарына жүктелген міндеттерді табысты орындай алуы үшін қажет терең теориялық білім беру және оның негізінде берік практикалық дағдылар мен машықтарға баулу. Негізгі міндеттері:криминологияның қағидаттары, категориялары, ережелері туралы жұйелендірілген теориялық білім алу; қылмыстылықты талдауға қабілеттілік алу, оның себептері мен шарттарының кешенін анықтай алу, қылмыскер тұлғасының ерекшеліктерін анықтап, қылмыстылықтың алдын алуға машықтаны.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|