ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Қылмыстылықтың себептері мен шарттарыҚылмыстылық пен қылмыстардың себептері мен шарттарын танып білудің әдістемесі диалектикалық және тарихи материализм болып табылады. Олар, ең алдымен, детерминация, қарама қайшылықтардың бірлігі мен күресі, тарихтылық пен жүйелілік. Философияда детерминациялықтың отыздан астам түрлері айтылады. «Детерминанта» латын тілінен аударғанда «анықтау» деген мағына береді. Детерминанта деп салдары деп аталатын басқа бір факторды пайда ететін фактор (құбылыс, материалдық не рухани дүние заты, т.с.с.). Криминологиялық детерминация байланыстылықтың үш түрін пайдаланады – себептік, шарттаушы, функционалдық. Себеп салдарды өздігінен пайда етеді. Себептік байланыс генетикалық байланысқа пара-пар. Шарт – себепті пайда етіп, оның әрекет етуіне жағдай жасайтын құбылыс. Осындай салдармен байланыс шарттау болып аталады. Шарттар деп өздігінен салдарды пайда етпесе де, кеңістік пен уақыт бойында себептермен ұштаса жүре және оларға ықпал ете отыра, себептің салдарды тудыруына қажет күйінде дамуын қамтамасыз ететін құбылыстар. Құбылыстардың функционалдық байланысы деп құбылыстардың бір қатарындағы өзгерістері олардың басқа қатарындағы өзгерістерін пайда ететін байланысты айтады. Оған корреляциялық байланыс (тәуелділік) мысал бола алады. Статистикалық корреляция О-ден 1-ге дейін өлшенеді (корреляция тығыздығы). Нольдік тәуелділік зерттелуші статистикалық қатарлардың өзара байланыстылығының жоқтығын көрсетеді. Бірге жақын не оған тең байланыс себептік-салдарлық байланыстың бар екендігін куәландырады. Корреляцияны себептік-шарттаушы байланыспен теңестіру криминологиядағы жаңылысу болып табылады. Қазіргі кезде ғылымда себептік байланыстың екі түсінігі қалыптасқан: 1) себеп жүйенің өзгеруін туғызатын ондағы бөліктердің, тараптардың, материалдық жүйе тенденцияларының өзара қатынастары ретінде; 2) себеп бір объекттің басқа объектке бір тарапты ықпалының салдарынан оның өзгеруі (екі буынды, бинарлық себеп). «Өзара қарым-қатынас теориясы» В.Н.Кудрявцевтың, А.И.Долгованың еңбектерінде қарастырылған. «Бинарлық теория» Н.Ф.Кузнецова, Б.С.Волженкин сияқты ғалымдардың еңбектерінде баяндалған. «Өзара қарым-қатынас теориясы» тұрғысынан әлеуметтік саладағы себеп – ол әрқашан объективтілік пен субъективтіліктің, тұлға мен ортаның қарым-қатынасы. Объективтілік пен субъективтіліктің қарым-қатынасын жеке-дара мінез және әлеуметтік бұқаралық деңгейде қарастыру керек. Индивидуалдық (жеке-дара) мінез деңгейінде нақты жеке құқық бұзушылық механизмі, нақты құқық бұзушы тұлғасы, оның құқыққа қайшы әрекеттерінің себептері қарастырылады. Бұқаралық деңгейде – қоғамдағы немесе жеке алынған аймақтағы қоғамға қарсы әрекеттердің жай-күйі, құрылымы мен тенденциялары, тұлғалар жайында жалпылама мәліметтер, осындай бұқаралық әлеуметтік құбылыстардың әлеуметтік себептері қарастырылады. Демек, жеке құқық бұзушының басты себептерін субъект тұлғасы мен нақты жағдайдың индивидуалдық ерекшеліктерінде іздеу керек. Ал жалпы құқық бұзушылықтардың себептері қоршаған болмыстың неғұрлым жоғары деңгейіне қатысты: осы қоғамға тән әлеуметтік, экономикалық, психологиялық құбылыстар мен процестер. Осы концепция жақтаушылары себеп салдарды туғызатынын, шарт себептің әрекет етуін қамтамасыз етіп, оған жағдай ғана жасайтынын мойындай келе, себеп пен шарт орын ауыстыра алатынын да айтады. Қарастырып отырған құбылыстардың барша қыр-сырын зерттеместен, алдын ала оны пайда еткен факторлардың қайсысы себеп, қайсыбірі шарт болатынын анықтау мүмкін емес. Бұл мәселені А.И. Долгова біршама нақтылай түскен. Оның жазуынша, қылмыс «әлеуметтен алынған тұлғалық қасиеттердің және сыртқы мән-жайлармен қарым-қатысуының нәтижесі болып табылады. Осы қарым-қатынаста басты рольді әлеуметтік орта да, тұлға типі де атқара алады». Себептің анықталуына ықпал ететін объективтік пен субъективтіктің арақатынасының варианттары сансыз көп. Ысртқы ортаның ықпалы мен тұлғалық қасиеттердің арақатынсының идеалдық үлестілігін елестетуге ғана болатын сияқты. Криминогендік шарттарды криминологияда екі топқа ажыратады: қылмыстың жасалуына ықпал ететін шарттар (ситуациялық шарттар) және криминогендік мотивацияны пайда ететін шарттар. Криминологиялық әдебиеттерде ситуациялық шарттардың келесі түрлерін ажыратады: - орын алу уақытына қарай: бір реттік, қысқа, айтарлықтай ұзақ, ұзақ; - пайда болуының кетенттілігінің дәрежесіне қарай: кенеттен, қылмыскердің бірнеше рет байқаған, қылмыскердің ұдайы байқаған; - нақты орын мен уақыттың жағдайларында шоғырланған себеп-сылтаудың болуы не болмауына байланысты. Криминогендік ситуациялардың пайда болу варианттары: - қылмыскерлердің алдын ала құратын (мысалы, кәсіпорын күзетіне өз адамын енгізуі); - қылмыскерлердің алдын ала ойластырмай жасағандары (мысалы, адамның өзін мас қылуын; - басқа адамдардың құқық бұзушы немесе адамгершілікке жат әрекеттері салдарынан туындаған (игіліктерді заңсыз алу үшін мәмілеге отыру, қақтығыстар болғанда аса озбырлықпен әрекет ету және т.с.с.); - болашақ жәбірленушілердің, үшінші бір тұлғалардың немқұрайдылығының салдарынан туындаған; - тұлғаның қзақ уақыт бойында келеңсіз отбасылық және жеке басының ауыр жағдайлары күйінде болуы салдарынан туған; - табиғи апаттардың тудырған (мысалы, жер сілкінісі салдарынан қоймалардың құлдырауы). Криминогендік өмірлік жағдайлардың объективтік болуы тұрғысынан криминогендік ситуацияларды қылмыстың жасалуына ықпал ететін және арандатушы жағдайларды қамтитын деп (мысалы, жәбірленушінің конфликттік мінезі) бөледі. Қалыптасу көздеріне қарай криминогендік ситуацияларды былай бөледі: - субъект тұлғасына және оның әрекеттеріне байланысты (мысалы, қылмыскердің ұдайы мастығынан туындаған конфликт); - субъекттің еркінен тыс туындайтын (мысалы, жәбірленушінің арандатушы мінезі); - аралас сипаттағы, олар қылмыс істеген адамның әрекеттерінен де, оның еркінен тыс мін-жайлардан да туындайды (мысалы, машинаны қатты жылдамдықпен айдау және көктайғақтың болуы). Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз. Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 21, 24, 29, 40-43 әдебиеттерді қараңыз.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|