Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Криминологиялық болжау және қылмыстылықтың алдын алуды болжау




Криминологиялық болжау деп ғылыми криминологиялық ізденістер саласындағы көре алушылықты және қылмыстылықтағы өзгерістерді пайымдауды айтады.

Қылмыстылықты болжаудың негізгі мақсаты – бұл қылмыстылықтың болашақтағы дамуын (өзгеруін) сипаттайтын неғұрлым жалпы көрсеткіштерді анықтау, оның теріс және оң тенденцияларын анықтау, осы тенденциялардың қоғам мен мемлекетке қажет бағытта өзгеруі мен тұрақтану әдістерін дайындау.

Қылмыстылыққа қарсы күрестің болашақтағы ықтимал жағдайы туралы, осы күрестің мақсатқа лайық құралдары мен әдістерін таңдау жайлы ақпарат құрастыру криминологиялық болжаудың неғұрлым маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.

Криминологиялық болжауды әралуан негізде жіктейді.

Біріншіден, жалпы криминологиялық болжау криминология ғылымының болжауы мен қылмыстылықты болжауға бөлінеді. Екіншіден, қылмыстылықты болжау бастапқы болжауға және рецидивтік қылмыстылықты болжауға бөлінеді. Үшіншіден, уақытына қарай қылмыстылықты болжауды қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді топтарға ажыратады. Сол сияқты индивидуалдық қылмыстық мінезді болжау болжаудың дара түріне жатқызылған. Индивидуалдық болжау бұрын қылмыс жасаған немесе қоғамға қайшы әрекеттерге барған тұлғаларға да қатысты жасалады.

Криминологиялық болжау барысында әртүрлі әдістер қолданылады: экстраполяция, модельдеу, сарапшылар бағамы және т.с.с.

Қылмыстылықтың алдын алуды болжау – бұл уәкілетті органдардың адамдардың қылмыстық заң нормаларынан ауытқитын ықтимал әрекеттерін болдырмайтын немесе бейтараптандыратын позитивті объективтік және субъективтік жағдайлар жасауға және оларды дамытуға бағытталған іс шаралар жүйесін дайындап, оларды іске асыру бойынша қызметі.

Жоспарланған кезеңде қылмыстылықтың төмендеу тенденциясына, оның сипаты мен құрылымындағы позитивті өзгерістерге қол жеткізу немесе оны сақтап қалу жоспарлаудың мақсаты болып табылады.

Жоспарлау қылмыстылыққа қарсы күрес жүргізетін органдардың қызметіне ұйымдастырушы ұйытқы береді.

Ұзақ мерзімді болжау негізінде қылмыстылықтың алдын алудың перспективті жоспары құрылса, қысқа мерзімді болжау негізінде айтарлықтай қысқа мерзімдерге арналған ағымдағы жоспарлар жасалады.

Жоспарлар басқа да жіктерге қарай бөліне алады. Мысалы, мерзімдеріне қарай.

Атқарушыларының құрамы мен роліне қарай: кешенді-территориялық, кешенді салалық, салалық (ведомстволық).

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 12, 18, 19, 29, 30, 31, 54 әдебиеттерді қараңыз.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных