ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тақырып. Топтық және ұйымдасқан қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасыТоптық қылмыстылық – бұл қылмысты екі немесе одан да көп адамның бірігіп жасауы. Топтық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі ерекше жоғары. Қазіргі таңда ол айрықша етек алған қылмыстар қатарында. Жыл сайын орта есеппен барлық қылмыстардың үштен біріне жуығы топ құрамында жасалады. Кейбір қылмыстар тек топтасып қана жасалады, мысалы, бандитизм, жаппай тәртіпсіздік, т.б. Басқа қылмыс түрлерінің кейбіреулері басым көпшілігінде топ құрамында жасалатындығымен сипаттала алады (кәмелетке толмағандар қылмыстары, алаяқтық). Қылмыстық топтарды қатысушыларының санына, заңсыз істерінің сипатына, тұрақтылығына, басқа да белгілеріне қарай ажыратады. Дәстүрлі топтық қылмыстардың алдын алу шараларының қатарында адамдар арасындағы қатынастардың мәдениетін арттыру, адамдардың бос уақытын ойдағыдай ұйымдастыру, оны эмоционалдық жағымды іс шаралармен толықтыру сияқты шаралардың орын алатынын атап өту керек. Ұйымдасқан қылмыстылық – бұл тұрақты, қатаң иерархиялық жүйеге бөлінген, жоспарлы әрекет ететін, істері тікелей немесе аралық келісілген, белгілі бір аумақта немесе бақылауға алынған салада қылмыстық бизнесінен барынша табыс алуға бағытталған қылмыстық құрылымдардың (топ, қауымдастық, ассоциация) қатысушыларының жасайтын қылмыстарының жүйелі байланысқан жиынтығы. Ұйымдастырылу деңгейіне қарай келесі қылмыстық құрылымдарды ажыратады: - ұйымдасқан қылмыстық топ – ұйымдастырылу белгілерінің (тұрақтылығы, жүйелілігі, ауқымдылығы, белгілі мақсаттарының болуы, қылмыс жасау әдістері, қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі) кешенімен және қатысушыларының санының айтарлықтай аз болуымен (осыған бола қатысушылары өзара тікелей байланысқан болады) сипатталады; - бір қатарлы қылмыстық қауымдастық (ұйым) – екі немесе одан да көп ұйымдасқан қылмыстық топ; - иерархиялық қылмыстық қауымдастық – байланыстылық құрылымы мен сипатының ерекше күрделенілуімен сипатталады (ортақ жетекшісінің қол астында жиналған ұйымдасқан қылмыстық топтардың жүйесі). Әрекет ету ауқымдылығына қарай ұйымдасқан қылмыстық топтарды аймақтық, аймақаралық, тұтас мемлекет аумағында әрекет ететін, трансұлттық (халықаралық) түрлерге ажыратады. Әрекеттерінің бағытына қарай қылмыстық топтарды мына салаларда әрекет ететін түрлерге ажыратады: - криминалдық бизнес (қару-жарақтың, есірткінің, көркем өнер бұйымдарының заңсыз айналымы, автокөлік ұрлау, компьютерлік қылмыстар); - көлеңкелі экономика (таза табысты бақылау және иемдену, ықпал ету салаларын бақылау, көлеңкелі экономика кәсіпорындарын ұйымдастыру); - легальды экономика (қылмыстық жолмен алынған табыстарды легализациялау, оларды жоғары табысты кәсіптерге салу, кәсіпорындар табыстарын бақылау немесе иемдену). Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз. Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 20,23,26-28, 32 әдебиеттерді қараңыз. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|