Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Кәсіпқой қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы




Кәсіпқой қылмыстылық қылмыстылықтың салыстырмалы дербес түрі болып табылады. Алайда кейбір криминологиялық белгілері бойынша ол рецидивтік қылмыстылыққа жақын.

Кәсіпқой қылмыстылық мәселесі бүгінгі таңда неғұрлым аз зерттелген қылмыстылық түрлерінің қатарында.

Криминалдық қызметтің осындай айрықша түрін анықтағанда «криминалдық профессионализм» терминін пайдаланады. Криминалдық профессионализм – субъект үшін өмір сүру қаражаттарын табу көзі болып табылатын, мақсатына жетуге белгілі бір білімдарлық пен дағдылықты талап ететін және қоғамға қарсы ортамен белгілі бір қатынастарды қажет ететін қылмыстық іс түрі. Демек, криминалдық профессионализмде төрт белгіні ажыратуға болады:

- қылмыстық ісінің тұрақты түрі (мамандануы);

- белгілі бір білімдарлығы мен дағдылығы (біліктілігі);

- тұрақты табысы – қылмыстар өмір сүру көзі ретінде;

- әлеуметтік ортамен байланысы.

Қазіргі кездегі қылмыстылық айқын пайдакүнемдік бағытталуымен сипатталады, ол кәсіпқой қылмыстық істерінің ауқымының кеңеюімен сипатталады.

Осындайда қылмыстық мамандануды біртекті қылмыстарды жүйелі жасаушылық анықтайды. Ол қылмыскерлерде белгілі бір дағдылықты туғызып, артынша өзі таңдаған ісіне мінезінің тура бейімделуіне әкеп соғады.

Қылмыс түрін таңдағанда немесе оларды жан-жақты үйлестіргенінде қылмыскердің білімдарлығының деңгейі мен сипаты, дайындығы, оның физикалық мүмкіндіктері біршама тар мамандануды, біліктілікті айқындайды.

Қазіргі кездегі кәсіпқой қылмыстылықта криминалдық мақсатта арнайы білімді, кейбір күнделікті өмірдегі бейтарап мамандықтардың (әскери, экономикалық, құқықтық, қаржылық) интеллектуалдық потенциалын пайдалану орын алған.

Соңғы жылдары криминалдық ортада қылмыскерлердің біліктілігінің мамандануы орын алып жатқанын байқауға болады. Ұрланған мүлікті сатып алушылар мен сатушылардан басқа ақпаратшылар да пайда болған – сілтемешілер, жалдамалы күзет, кеңесшілер, балалар жезөкшілігімен айналысатындар, есірткі сатушылар.

Қазіргі өтпелі кезеңге тән құбылыстардың қатарында жалдамалы адам өлтірушілер кастасының да пайда болғанын атап өту керек.

Кәсіпқой қылмыстылыққа консолидацияланудың жоғары деңгейінің болуы тән.

Қазіргі қылмыстық ортада қатаң стратификация орын алған. Кәсіпқой қылмыскерлердің дәстүрлері мен әдеттері ұрпақтан - ұрпаққа беріліп отырады. Олардың ұстаушылары криминалдық ортаның өзі, басым көпшілігінде бас бостандығынан айыру орындары болады.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 27,45,47 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных