Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Рецидивтік қылмыстылықтың алдын алу




Криминологияда рецидивтің қылмыстық құқықтық мағынасына қарағанда әлдеқайда кең шынайы рецидивтілік түсінігі пайдаланылады.

Криминологиядағы шынайы рецидивтілік – бұл адамның бұрын істеген қылмыстары үшін соттылығының болу-болмауына, оның өтелген-өтелмегеніне қарамастан, жаңа қылмыс жасауы.

Қоғамдық қауіптілігінің жоғары болуы қылмыстық рецидивтіліктің әлеуметтік сипаттамасы болып табылады, өйткені қылмыс жасауға екінші немесе одан да көп рет баруы адамның қоғамға қарсы бағытта екендігін куәландырады.

Қылмыстық рецидив айтарлықтай кең тараған құбылыс (20-25%). Рецидивтілігі неғұрлым жоғары қылмыстар қатарында ұрлық, бұзақылық, қарақшылық, тонау.

Соңғы жылдары аса қауіпті рецидивтің тарай бастағаны байқалады.

Қазіргі кездегі қылмыстық рецидивтің ерекшелігі ретінде экономикалық қылмыстардың санының өсуін атауға болады. Рецидивистер жекешелендіруге, сауда орындарын бақылауға, кәсіби, экономиканың банк саласындағы алаяқтыққа байланысты неғұрлым табысты қылмыстар жасауға белсене араласады. Рецидивистер қылмыстық ортаға өз жарғысымен келеді, қылмыстық арсенал қатарына адамды қорқытудың неғұрлым айлалы және қатыгез формаларын, өлтіру жолдарын енгізеді.

Рецидивист қылмыскер тұлғасында әлеуметтік-демографиялық, тұтыну-мотивациялық, психологиялық салалардағы ерекшеліктері айрықша көзге түседі.

Рецидивист тұлғасының типологиясының негізінде қоғамға қарсы бағытының тереңдігі мен тұрақтығы жатыр. Қазіргі кезде рецидивистердің үш үлгісін ажыратады: антисоциалдық, асоциалдық, ситуативтік.

Негізгі әдебиеттер: 5 бөлімде көрсетілген: 1,2,3,4,5,6,7,8 әдебиеттерді қараңыз.

Қосымша әдебиеттер 5 бөлімде көрсетілген: 14,15, 47 әдебиеттерді қараңыз.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных