ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» пәнінен глоссарийЭкология- ағзалдарың тіршілік ету жағдайларын және ағзаларың тіршілік ету ортасы арасындағы азара байланыстарын зерттейтын биологиялық ғылымының бөлімі. Биология ғылыми – зерттеу затыөмірдің мәні,пайда болуы,дамуы,мен сан алуандығы болып табылатын тіршілік туралы ғылым. Тіршілік- қоршаған ортамен зат және энергия алмасу негізінде өзіндік және реттелген құрылымдардың қайта өсіп-өнуін үнемі қамтамасыз етіп отыратын процесс. Экологиялық куыс – түрдің,популяцияның,ағзаның түрақты тірішілік етуіне сәйкес келетін,негізігі, ортогональді өзгерісті,жиынтығында орнатып ресурстары мен жағдайларын бейнелейтін көп өлшемінді кеңістіктің аймағы. Табиғы немесе табиғы-антропогенді айналатың мүмкіншілік көлемін ағзарал мен олардың қауымдастарына айналатң өзін елеуі бүлдіруісіз қалапты тіршілік әрекетімен қамтамасыз етуі ортаның сыйымдалығы деп аталады. Қалыпты тіршілік өмір сүру әрекетінің астарынан тиімді коректенуге,тыныс алуға,көбеюге,баспанаға және т.б. мүмкіншіліктерді түсінеміз. Көбею барлық тіршілік иелеріне тән міндетті қасиет түр ерекшілігімен және ортақ физикалық-химиялық бірлестігімен тіршіліктін үздіксізідгін және жалғасуын қамтамасыз ететін өзіне ұқсастарды тудыру,көбеюдін негізгі екі түрі бар жынассыз және жыныстық көбею. Зат алмасу- бұл жасушаларда өтетін және ағзалардың қаршаған ортамен байланысын қамтамасыз ететін химиялық үрдістердің жиымтығы. Ағза / В.И. Вернадский бойынша/ - құрылымы тұйық,сатылы ұйымдасқан,тепе-тен емес,өздігінен қалыптасатың,заттар мен энергия алмасулар бойынша ашық жүйе. Түр – еркін будандасатын және жемісті ұрпақ беретін,морфологиялық,физиологиялық және биохимиялық ерекшеліктерінің тұкым куалаушылық ұксастығына ие джарақтардың жиынтығы. Дарақ,тұлга – тіршіліктің бөленбес біріліг./ ағзаны қара/ Популяция – түрдің тіршілік ету формасы,бір түрдің ортақ тектік қоры бар және мекендеу жағдайлары бірыңғай белгілі бір кеңестікке қоныстанатың жиымтығы. Тектік қор / популяция/ популяция гендерінің жиымтығы,популяция немесе түр топтары. Қауымдастық – табиғи шектелген тіршілікке жорамды кеністік шекарасындағы түрлердің өзара байланысты. мен азара тәуелдігінің жиымтығы. Биоценоз- құрлыстықтың немесе су қоймаларының бірынғай аймағына қоныстаған микроағзалардың,өсімдіктердің,санырауқұлақтар мен жануарлардың өзара байланысқан жиынтығы /биотоп/ Биотоп /экотоп/ -бір биоценоз жайлаған биосфераның сулық,жер бетілік,жер астылық бөлектерінің шегіндегі абиотикалық факторлары бойынша біршама біркелкі Фитоценоз- аймақтың бірынғай бөлігінде өзара әрекеттестікке түскен өсімдіктердің үйлесуінің нәтижелерінде тарихи қалыптасқан өсімдіктердің қауымдастығы.Оны белгілі бір түрлік құрам,тіршілік қалыптары,жер бетілік және жер астылық қабаттар,молдығы/ түрлерінің кездесу жиелігі/,таралуы,аспектісі /сыртқы түрі/,өміршендігі,дамуының мезгілдік өзгерістері сипаттамасы. Зооценоз- жануарлардың қауымдастығы. Микробиоценоз- микроағзалардың топтары. Микоценоз- саңырауқулақ топтары. Экологиялық надандық – адам мен қоршаған ортаның басқа байланысының зандарын менгеруге талапсыздық Экологиялық нигилизм – бұл зандарыды басшылыққа басқа талпынбау аталмыш зандарды емеушілік.Осы факторлардың екеуі де қоршаған ортасың жағдайына әсер етеді. Биологиялық индикация - бұл ортаның өзіне тән ерекшеліктерін әр түрлі тірі ағзалардың көмегімен анықтау. Биоиндикация -қоршаған орта жағдайын бақылауда осы ортадағы өзгерістер мен зиянды заттардың пайда болуына аса сезімтал кейбір ағзаларды қолдануға негізделген. Лихеноиндикация -бұл биоиндикаторлар ретінде қыналар қолданылатын әдіс. Биогеоценоздық (экожүйелік) -түрлік құрамы бойынша әр түрлі ағзаларды мекен ету ортасымен өзара байланыста бірітіретін (биотопта) тірі материяның ұйымдасуының жоғары деңгейі. Биосфералық – ғаламшар шекарасындағы барлық тіршілікбелгілерін қамтитын анағұрлым жоғары сатыдағы табиғи жүйелердің қалыптасқан деңгейі. Ағзалар экологиясы (аэтэкология) – ағзаның қоршаған ортада тіршілік етуінің шекараларын анықтап, ағзалардың орта факторларының әсеріне жауап беруін зерттейтін экологияның бір бөлімі. Популяциялық экология (демэкология) – популяциялардың құрылымы мен санының динамикасын, тіршілік етуінің жалпы экологиялық заңдылықтарын зерттейтін экологияның бір бөлімі. Бірлестіктер экологиясы (синэкология) – бірлестіктердің (биоценоздардың) ұйымдасу заңдылықтарын, құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың биотикалық зат айналымы мен энергияның трансформациясы ретінде көрінетін қызметін зерттейтін экологияның бір бөлімі. Биосфера – тірі ағзалардың және ося ағзалармен үздіксіз алмасуда болатын планета барлық затының және оның қызметінің жиынтығынан тұратын Жердің қабықшысы. Экологиялық фактор — бұл ағзаның бейімделушілік реакциялар, не адаптациялар арқылы жауап беретін қоршаған ортаның кез келген элементі немесе жағдайы. Абиотикалық факторлар — бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, радиациялық фон, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құ-рамы және т.б.) Биотикалық факторлар — бұл бірағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық, паразитизм және т.б.) Антропогенді факторлар — адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафттардың бұзылуы және т.6.). Оптимум – бұл ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсифтілігі. Экологиялық валенттілік- түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандайда бір ауытқу диапазонына қабілеті. Стенобионтты- (грек тілінен аударғанда stenos - тар) бұл экологиялық валенттілігі төмен түрлер. Эврибионтты- (грек тілінен аударғанда eyros- кең) бұл экологиялық валенттілігі жоғары түрлер. Толеранттылық шамасы- (латын тілінен аударғанда tolerantia –шыдау, төзім) экологиялық фактордың минимумы мен максимумы арасындағы ауытқу диапазонын анықтау, яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтау. Фотосинтез- жарықта ғана жүзеге асырылатын биосферадағы ең маңызды процесс. Жарықтың мөлшері радиация жиынтығымен анықталынады. Альбедо- (латын тілінен аударғанда albus –ақ) әр түрлі денелердің бетінің шағылыстыруға қабілеті. Жарық сүйгіш түрлер (гелофиттер)- жарық жақсы түсетін ашық жерлерде өсетін, фотосинтез процесінің тыныс алудан басымдылығы тек жоғары жарықтың жағдайында ғана орын алатын өсімдіктер. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – күшті жарықты көтере алмайтын, үнемі көлеңкеде өсетін өсімдіктір. Биолюминесценция- бұл тірі ағзалардың жарықты шығаруғы қабілеттілігі. Температура- тірі ағзалардың Жер бетінде таралуын анықтайтын фактор. Транспирация (латын тілінен аударғанда trans- арқылы, spiroтыныс лау, шығару) – буланудың интенсифтілігі. Пойкилотермді ағзалар- (латын тілінен аударғанда poikilos –алуан түрлі) homoiosбұл зат алмасу деңгейі тұрақсыз, денесінің темпеатурасы тұрақсыз, жылу реттеу механизмдері жоқ дерлік ағзалар. Гомойотермді ағзалар -(латын тілінен аударғанда homoios–бірдей)- зат алмасу деңгейі жоғары және тұрақты, зат алмасу нәтижесінде жылу реттелуі жүзеге асырылатын ағзалар. Эвритермді ағзалар- пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде кең ауқымды температура ауытқуында белсенді тіршілік ететін ағзалар. Стенотермді ағзалар- пойкилотермді жануарлардың өзін салыстырмалы түрде температураның ауыиқуын көтере алмайтын ағзалар. Гетеротермді жануарлар- пойкилотермді және гомойотермді жануарлардың арасында аралық жағдайда орналасатын жануарлар. Гидатофиттер- (грек тілінен аударғанда hydor, hydatos- су) денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға татып тұратын су өсімдіктері. Гидрофиттер- (грек тілінен аударғанда hydor - су) суға төменгі бөліктері ғана батып тұратын құрлық- су өсімдіктері. Гигрофиттер- (грек тілінен аударғанда hydros- ылғалды) ылғалдылығы жоғары жағдайларды өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Мезофиттер- (грек тілінен аударғанда mesos xeros- орташа, аралық) қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Ксерофиттер- (грек тілінен аударғанда xeros- құрғақ) құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Суккуленттер- (латын тілінен аударғанда succulent – құрғақ, қатты) - ұлпалардың суды көқп млшерде қорға жинауы. Склерофиттер - (грек тілінен аударғанда skleros – құрғақ, қатты) – құрғақшылыққа төзімді, судың булануын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер. Гидрофильдер - ылғыл сүйгіш жануарлар. Мезофильдер - орташа ылғылдық жағдайында тіршілік ететін жануарлар. Ксерофильдер - жоғары ылғалдылық жағдайынеда тіршілік ете алмайтын, құрғақшылықты сүйетін жануарлар. Макроклимат- (аймақтық климат) географиялық орналасудың нәтижесі. Мезоклимат - бұл орманның, егіс даласының, шалғындық және тау беткейлерінің климаты. Микроклимат- бұл ағзаның деңгейіндегі климат. Биологиялық ырғақ- уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайы. Фенология ғылымы – климаттық факторлардың жануарлар мен өсімдіктердің өмірінде жүріп жатқан периодтық процесстермен байланысын зерттейтін ғылым. Фотопериодизм- ағзалардың морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғақтың өзгеруі. Анабиоз- бұл тіршілік процесстерінің баулауя сонша, оларда тіршілік белгіоері білінбейтін қолайсыз жағдайларға бейімделудің ерекше түрі. Гидробионттар- сулы ортада мекен ететін ағзалар. Осмос- (грек тілінен аударғанда қысым дегенді білдіреді) жасушаның жартылай өткізгіш мембранасы арқылы суда еріген заттардың бір жақты диффузиясы. Сутектк көрсеткіш- судың қышқылдылығын сипаттайтын шама. Планктон- (грек тілінен аударғанда planktos –қалықтаушы) негізінен су ағысының көмегімен қозғалатын, жүзетін ағзалардың жиынтығы. Нектон- (грек тілінен аударғанда nektos –жүзетін) су түбімен тікелей байланысы жоқ, еркін орын ауыстыратын, жүзіп жүретін ағзалардың жиынтығы. Плейстон- (грек тілінен аударғанда plein – кемеде жүзу) денесінің бір бөлігі суда, екінші беті судың бетінде жүзетін ағзалар. Нейстон- (грек тілінен аударғанда neuston- жүзуге қабілетті) сүу бетнде жүзіп жүретін ағзалар. Фитопланктон- су қабатындатіршілік ететін және су ағысының әсерімен қозғалатын негізінен балдырлардан құралған микроскоптық өсімдіктер жиынтығы. Бентос- (грек тілінен аударғанда bentos- тереңдік) су қоймаларының түбінде (грунтта) мекендейтін ағзалардың жиынтығы. Детрит- бұл өлген өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарынан түзілеген ұс ақ органикалық заттардың бөлшектері. Капиллярлық су- бұл топырақ бөлшектері арасында өте жіңішке аралықтарды толтырып тұратын, жоғарғы ағысиы құрайтын құрайтын, өсімдіктер жақсы сіңіре алатын су. Гравитациялық су- судың төменгі ағысын құрайтын, өсімдіктер сіңіре алатын су. Эдафиттік факторлар дегеніміз –экологиялық факторлар ретіндегі топырақтың қасиеттері. Геобионттар- топырақта тұрақты тіршілік ететін, бүкіл даму циклі топырақта өтетін жануарлар. Геофилдер- даму циклінің бір бөлігі топырақта өтетін жануарлар. Геоксендер – топырақты уақытша баспана ретінде пайдаланатын жануарлар. Псаммофиттер- құмда өсуге бенйімделген өсімдіктер. Галофиттер- тұзды топырақта өуге бейімделген өсімдіктер. Галофилдер - тұзды топырақта тіршілк етуге бейімделген жануарлар. Эктопаразиттер- иесінің денесінің бетінде мекендейтін сыртқы паразиттер. Эндопаразиттер- иесінің денесінде тіршілік ететін ішкі паразиттер. Популяция дегеніміз – бұл бір бірімен өзара қарым қатынаста болатын және үлкен территорияда тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. Іріктеп алу деп популяция тығыздығын бағалауға арналған эксперименттер қатарын атаймыз. Популяция саны - берілген территория немесе көлем бірлігіндегі даралардың саны. Популяцияның тығыздығы популяция алып жатқан аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралар санымен (немесе биомассасымен) анықталынады. Туылу- көбею нәтижесінде уақыт бірлігінде пайда болған даралар саны. Өлім- белгілі бір кезеңде өлген даралардың саны. Популяияның өсімі- туылу мен өлімнің арасындағы айырма. Өсу жылдамдығы- уақыт бірлдігіндегі орташа өсім. Каннибализм- популяция тығыздығының шектен тыс артып кетуі. Тежеуші фактор (шарты) – бұл төзімділік шегіне жақын келетін немесе онда жоғары болатын кез келген фактор. Экологиялық төзімділік (толеранттылық) – ағзаның өзіне қолайлы экологиялық факторлардан ауытқуларға төзу қабілеті, түрдің тұрақты тіршілік етуінің және/немесе оның қандай да бір функциясының ортаның нақты факторына немесе олардың үйлесімділігіне қатысты іске асырылуының аймағы. Түрдің тұрақтылығы – түрдің өз әрекеттілігінің оның параметрлерінің табиғи ауытқулар шегінде сақтауға қабілетті. Гомеостаз – табиғи жүйенің (ағзаның, түрдің) оның негізгі құрылымдарының жүйелі жаңаруымен жүретін ішкі динамикалық тепе-теңдігінің, оның құрауыштарының тұрақты функционалды өзін-өзі реттеуінің және заттық-энергетикалық құрамының күйі. Динамикалық тепе- теңдік дегеніміз популяция санының белгілі бір орташа шама шекарасынан ауытқуы. Биотикалық факторлар дегеніміз даралар мен популяциялар арсындағы өзара әсерлердің түрлері. Гомотиптік реакциялар – бір түрдің дараларның расында байқалатын реакциялар. Топтық эффект- топ құрып тіршілк ету мен ондағы даралардың санының олардың мінез- құлқына, физиологиясына, дамуы мен көбеюіне әсері. Тікелей бәсекелестік- даралардың бірі- бірімен агрессивті шекісіп қалуы немесе өсімдіктер мен микроорганизмдердің улы заттарды бөліп шығаруы арқылы көрінетін бәсекелестіктің түрі. Жанама бәсекелестік- даралар арасында тікелей өзара әсер болмайтын бәсекелестіктің түрі. Аллелопатия дегеніміз – зат алмасудың арнаулы химиялық өнімдері арқылы ағзалардың өзара әсері. Симбиоз (селбесу) дегеніміз-әр түрге жататын даралардың екі жақты пайдалы бірігіп тіршілік етуі. Комменсиализм- бір ағзаның екінші бір ағзаға ешқандай зиянын тигізбей, сол екінші бір ағзаның есебінен тіршілік етуі. Амменсиализм- бір популяция үшін қолайсыз болып табылатын өзара қатынастар. Паратизм- бір түрдің (паразит) екіншісінің (иесі) денесінің ішіне не бетіне бекініп, иесінің есебінен тіршілік ететін түраралық қарым- қатынастар. Экологиялық қойма дегеніміз – ағзаның табиғаттағы орнын және онығ бүкіл тіршілік ету жағжайларын немесе, тіршілік ету орнын, яғни қоршаған ортаға, қоректің түріне, қоректену уақты мен әдісіне, көбейетін орнына, баспанасына және т.б. қатынасының жинытығы. Биотоп- белгілі бір дәрежеде біртекті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен қоныстандырылған кеңістік.ъ Экожүйе - зат, энергия,қпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағазалар мен оршаған орта жағдайларының жиынтығы. Энергия- материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғалысының жалпы сандық өлшемі. Автотрфтар- бейорганикалық заттардың органикалық заттарға айналуын жүзеге асыратын ағзалар. Гетеротрофтар- дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар. Миксотрофтар- аралас қоректену әдісі тәнағзалар. Некротофтар- қоректену организмін өлтіретін ағзалар. Биотроофтар- басқа тірі организмдер есебінен қоректенетін ағзалар. Сапротофтар- өлген органикалық затпен қоректентін ағзалар. Өндірушілер- планетаның барлық тірі дүниесін органикалық затпен қамтамасыз ететін жасыл өсімдіктер жиынтығы. Консументтер- гетеротрофты ағзалар, өндірушілер түзген органикалық затпен қоректенеді. Редуценттер- органикалық заттарды ыдыратушы және оларды бейорганикалық заттарға айналдырушы ағзалар. Сандар пирамидасы- әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалар санын көрсетеді. Биомассалар пирамидасы- әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалпы құрғақ массасын сипаттайды. Энергия пирамидасы - кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағынының шамасын немесе өнімділігін көрсетеді. Қоректену тізбегі - алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылатын қатар. Климакс - берілген орта жағдайындағы экожүйенің дамуының соңғы тұрақты күйі. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|