ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Телефоны с беспроводными трубками 2 страница
8. Негізгі әдебиеттер: 1. Құсайынова Ж.А. Қазақ тілі. (бастауыш топтың барлық мамандықтарына арналған). Оқу құралы. Астана, 2009 ж. 2. Құсайынова Ж.А. Қазақ тілі. (бастауыш топтың барлық мамандығына арналған оқу-әдістемелік кешен). Астана, 2008 ж. 3. Қажғалиева А.М. Қазақ тілі энергетикалық факультетінің РЭТ мамандығы студенттеріне арналған. Астана, 2010 ж 5. Қажғалиева А.М. Энергетикалық факультетінің РЭТ мамандығы студенттеріне Қазақ тілі пәнінен ОӘК. Астана, 2010 ж 6. Бектұров Ш., Бектұрова А. Қазақ тілі (ана тілі деңгейінде оқыту). – Алматы, 1998 ж.
Қосымша әдебиеттер: 1. Әбішев Х. Радионы ойлап шығарушы А.С.Попов. А., Қаз.мем.баспасы, 1953. 2. Қазіргі радио. Радиобайланыс. Радиолокация. Радиотехника. А., Қаз.мем.баспасы, 1952. 3. Омаров Ә. Радиоэлектроника. Оқулық. А., Баспа, 2002. 4. Байланыс тарихы: бүгіні мен болашағы. Құрастырушы Қ.Қорғанұлы. Тараз, Сенім, 2009. 5. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірмелі сөздігі. Электроника, радиотехника және байланыс. Ш.Ниеталин, С.Әлібаева, Б.Кемелбеков, М.Нұрманов. А., М., 2007. 6. Ахметова А.А., Айдарбекова С.М. Қазақ тілі. Оқу-әдістемелік кешен, Астана, 2007. 7. Құсайынова Ж.А. Қазақ тілі. Оқу құралы. Астана, 2008. 8. Төлеуіп М., Дүкембай С., Тлембекова А. Энергетика және байланыс мамандары үшін қазақ тілі. Оқу құралы. - Алматы, 2001. 9. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Т.Жанұзақов. А., 2008. 10. Оралбаева М, Әбілқаев А. "Қазақ тілі". Алматы. 1996. 11. Ушаков Д.Н. Большой толковый словарь современного русского языка. М., 2008.
9. Курстың саясаты · Сабаққа кешікпей келу, кешіккен жағдайда сабаққа жіберілмейді · Сабақ үстінде сөйлемеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды сөндіріп қою · Сабаққа сай киіну · Сабақ босатқан жағдайда анықтама қағазын әкелу · Оқу үрдісіне белсене қатысу · Оқытушылармен, курстастарымен жақсы қарым – қатынаста болу; · Берілген тапсырмаларды уақытында орындау; · Оқу бөлмелерінде темекі шекпеу, ішімдікті пайдаланбау. 10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат Ағымдық бақылау - бағдарлама тақырыбы бойынша пікір айта білу; - жағдаятқа сәйкес сұхбаттар құрастыру; - алдын-ала өтілген мәтіндер бойынша әңгіме құрастыра білу; - жазбаша тапсырмаларды орындау; - сұхбаттасуға қатысу. Аралық бақылау - ауызша сұхбат; - лексика-грамматикалық тестер; Қорытынды бақылау - емтихан.
11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
Студенттердің білімін бағалау шкаласы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті А.М. Қажғалиева ҚАЗАҚ ТІЛІ Энергетикалық факультетінің радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы студенттеріне арналған Астана, 2010 Алғы сөз Жоғары оқу орындарының типтік бағдарламасын негізге ала отырып жасалған бұл оқу-әдістемелік кешен энергетикалық факультетінің радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы мамандығы студенттеріне арналған. Біріншіден, студент болашақта өз кәсібіне лайық қазақ тілін үйренеді, екіншіден, мамандығына қатысты іс кағаздарын жүргізуді игереді, үшіншіден, жас маман ретінде кәсіби лексиканы өндірісте қажетіне қарай қолдана алады. Соның нәтижесінде оларда өз мамандығына қатысты ой-пікірлерін нақты, анық жеткізу шеберлігі қалыптасады. Оқу-әдістемелік кешеннің құрылымы бір-бірімен байланыста алынған 15 мәтіннен, мәтінді бекіту жаттығуларынан, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөздік қорын молайтуға бағытталған сұхбаттан тұрады. Оқу-әдістемелік кешенде мәтінмен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінді. Берілген мәтіндер ғылыми-публицистикалық шығармалардан және мерзімді баспасөз материалдарынан іріктеп алынып құрастырылды. Сондай-ақ, оқу-әдістемелік кешенде сабақтың ғылыми сипатымен бірге танымдық, тәрбиелік қырлары да ескерілді. Ауызша, жазбаша тіл дамытуға, тіл мәдениетін көтеруге арналған материалдар да ұсынылды. Бұл студенттердің арнайы пәндерден алатын жалпы теориялық білімдерін қазақ тілі пәнімен ұштастыра отырып игеруге көп септігін тигізеді және студенттің сөздік қорын толықтыруда бірден-бір көмек болып табылады, әрі сауатты жазуға дағдыландырады. Сабақтың меңгерілу деңгейін анықтау бағытында лексика-грамматикалық тест сұрақтары қоса берілді.
І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы 2004 жылы 10 шілдеде ҚР Үкіметімен Қазақстан Республикасының «Байланыс туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң Қазақстан Республикасының территориясында тұратын заңды және жеке тұлғаларға байланыс қызметін көрсететін мемлекеттік органдардың құзыреттілігін анықтауға бағытталған. Осы заңның І тарауында Жалпы ережелер берілген. І бап Жүйе деп аталады. Жүйе - заңды және жеке тұлғалардың қауіпсіздігі мен сұраныстарын қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымның бөлінбейтін бөлігі. ІІ бап заңда қолданылатын Негізгі ұғымдар деп аталады. Аталмыш заңда келесідей негізгі ұғымдар қолданылады: Абонент - ол заңды немесе жеке тұлға. Байланыс қызметін көрсетуге байланысты абонентпен келісімшарт жасалып, оған абоненттік желі, абоненттік нөмір, абоненттік код беріледі. Абонентке ақпараттық қызмет көрсету қызмет і деп телефон нөмірі, мекенжай, электрондық поштаны айтады. ІІ тарауда байланыс саласының атқарушы және олардың іс-әрекеттерін реттейтін органдар туралы айтылады. ІҮ тарау байланыс ғимараттары мен байланыс құрылғыларын қорғау қажеттілігі туралы.ҮІ тарауда байланыс қызметін пайдаланатын абоненттердің құқықтары туралы айтылады.
ІІ. Айтылым. 1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға жауап беру арқылы мәтінді мазмұндаңыз. 2. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұныдаңыз. Закон «О связи» РК Глава ІІ. Статья 7. Национальный оператор связи Национальным оператором связи является оператор сети общего пользования, взявший на себя обязательство обеспечения предоставления услуг связи в любом населенном пункте. Положение о национальном операторе связи утверждается Правительством Республики Казахстан в соответствии с законодательством Республики Казахстан. ІІІ. Жазылым. 1. Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз. Рессей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында жасалған Халықаралық келісімді........................................................ мақсатымен, 2006 жылдың 18 маусымында Қазақстан Республикасының........................ ұлттық КаzSat........... спутнигі геостанционарлық орбитаға шығарылды. Спутниктің........... салмағы 1092 кг. Қызмет көрсету аумағына Қазақстан, Орталық Ресей, Кавказ және Орта Азия мемлекеттері........ КаzSat байланыс спутнигі............. байланыс қызметімен қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қажетті сөздер: жатады, тұңғыш, жоғары сапалы, жалпы, жүзеге асыру, байланыс. 2. Мәтінде берілген тәртіп бойынша сөйлемдерді жазыңыз. Жалпы ережелер, заңның, берілген, осы, І тарауында. Оған, абонентпен, келісімшарт жасалып, абоненттік желі, абоненттік нөмір, абоненттік код беріледі, байланыс қызметін көрсетуге байланысты. Байланыс саласының атқарушы және олардың іс- әрекеттерін реттейтін органдары туралы, айтылады, ІІ тарауда, және. ІҮ. Сөйлесім. 1. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз. І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Менің мамандығым Қазақстанның солтүстігінде автоматтық электрбайланыс мамандарын дайындау бұрын жүргізілмеген. Мұндай мамандармен бізді жақын жердегі Рессей оқу орындары қамтамасыз етті. Бірақ КСРО-ның құлдырағанынан кейін байланыс саласындағы жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі қатты сезілді. Сондықтан Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінде 1992 жылы «Автоматтық электробайланыс» мамандығы ашылды. Осы жылдар ішінде кафедра көптеген инженер-энергетик, байланыс және жылу энергетикасы мамандарын шығарды. Студенттерді даярлауда үлкен үлес қосқан және қазіргі уақытқа дейін өз көмектерін көрсетіп жүрген Ақмола облысының байланыс мекемелері. Телекоммуникация мекемелері түлектерді жұмысқа орналастырып қана қоймай, эксплуатациялық және диплом алдындағы тәжирибелерден өтуін ұйымдастырады. Аталмыш кафедра «Торап жүйелері және байланыс жүйесі», «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша электрондық және микропроцессорлық басқару жүйелері мен компьютерлік коммуникациялық технологиялар бағытында мамандар дайындайды. Дайындықтан өткен мамандар электрондық, микропроцессорлық және компьютерлік құрылғыларды жобалау, жасау, оларға қажетті бағдарламалар жазу, өндіріске еңгізумен шұғылданады. Бұл мамандар электрониканы толық меңгеріп, компьютерлік техника мен технологиялардың жетік маманы болып шығады. Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығын бітірушілердің кәсіби қызмет нысандарына электроника саласының ғылыми-зерттеу, жобалау институттары, электрондық және компьютерлік техниканы баптау, микропроцессорлық құрылғыларды жасау мекемелері мен зауыттары, энергетика, телекоммуникация және банк жүйелері мекемелері жатады. ІІ. Жазылым. 1. Мәтін бойынша 5 сұрақ дайындап жазыңыз. 2. Тақырып бойынша диаграмманы толтырыңыз.
Радиотехника мамандығы ІІІ. Айтылым. 1. Мәтінді үлгісін пайдалана отырып, өз мамандығыңыз туралы әңгімелеңіз. Біздің елімізде мамандықтың қай түрі болмасын жоғары бағаланады. Өйткені мамандық иесінің қайсысын алсаңыз да, олар халқына, еліне қызмет етеді. Мысалы, мұғалім мамандығын алыңыз. Мұғалім — тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – мұғалімдер. Өмір жолына бастау сол мұғалімнен тарайды. Мұғалімнің беделі ата-анадан да жоғары. Себебі: - мұғалім - таза, пәк, тек тазалықты сүйеді; - мұғалім - білімді, көп оқиды; - мұғалім - еңбекқор, көп ізденеді, білімін толықтырудан ерінбейді; - мұғалім - патриот, балаларды жерін, халқын сүюге тәрбиелейді, адам бойына бүкіл адами қасиеттерді жинауға жалықпайды, тіпті жауын да, жаудың баласын да тәрбиелеуді өзіне міндеттеп, ол міндетін орындауға, одан нәтиже шығаруға ешқашан жалықпайды; - мұғалім - ана, өз баласын да, халқының баласын да, яғни жалпы адамзат баласын сүйеді, жақсы көреді, жақсы көргендіктен ешқашан да ерінбейді, шаршамайды. Міне, сондықтан да мұғалімге құрмет көрсеткен орынды. 2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз, мәтінге ат қойыңыз. Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойып, оған жауап беру арқылы мәтінді мазмұндаңыз. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Осыған байланысты, олар әр салаға жіктеледі. Мысалы, экономика саласына қаржыгер, есепші, менеджер керек болса, техника саласына радиоинженер, инженер Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|