Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Телефоны с беспроводными трубками 3 страница




- электрик аса қажет.

Радиотехника мамандығы электронды құрылғыларды жасау және өндіру саласында жұмыс істейтін инженерлерді дайындайды.

Радиоинженер электрондық құрылғыларды жобалайтын және өндіретін зауыттарда, ғылыми-зерттеу және жобалау институттарында жұмыс істейді.

Радиоинженер радиоөнеркәсіптің қазіргі элементтерінің базасын, есептеу техниканы, радиотехникалық жобалаудың дағдылырын білу керек.

Радиоинженер техникалық сауатты және ұқыпты болу керек.

Радиоинженерге физика, химия және математиканың негізгі заңдарын жетік білу аса қажет, өйткені радиотехника осы ғылымдарға негізделеді. Радиоинженер техника қауіпсіздігінің ережелерін де білу және қатаң сақтау керек, өйткені ол төменгі және жоғары кернеулермен жұмыс істейді.

3. Сұрақтарды тыңдап, ауызша жауап беріңіз.

1. Сіз қай факультетте оқисыз?

2. Факультет қай жылы құрылған?

3. Факультеттің деканы кім?

4. Факультет құрамына қандай кафедралар кіреді?

5. Оқу орныңыз қай көшеде орналасқан?

4. Сұрақтарға жауап беру арқылы жоғарыда берілген сурет бойынша шағын әңгіме құрастырыңыз.

а) Суретте кімдер бейнеленген?

ә) Олар қай мамандықта оқиды?

б) Олар не істеп жатыр?

в) Студенттер қандай құрылғымен жұмыс істеп жатыр?

г) Құрылғы нені анықтауға арналған?

ІҮ. Сөйлесім.

1. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Марат, сен не себептен осы мамандықты таңдадың?

-.................................................

- Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы болды ма?

-.................................................

- Қазақстанда осы мамандықтың мақтанышына айналған тұлғаларды

білесің бе?

-..................................................

- Болашақта өз мамандығың бойынша жұмыс істейсің бе?

-..................................................

- Қазір көп жастар өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Себебі неде

деп ойлайсың?

-...........................................

 
 


І. Оқылым.

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Радиотехника

Радио диапазонындағы электромагниттік тербелістер мен толқындарды генерациялау, күшейту, тарату, қабылдау тәсілдері және оларды пайдалану мәселелерін зерттейтін ғылым радиотехника деп аталады. Сонымен қатар, радиотехника деп электромагниттік тербелістер мен радио диапазондағы толқындарды радиобайланыста, теледидарда, радиолокация мен радионавигацияда, ғылыми зерттеулерде пайдаланатын техника саласы да аталады.

Радиотехниканың дамуына М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер және тағы басқа ғалымдар үлкен үлес қосты.

Орыс ғалымы В.П.Вологдин жасаған жоғары жиілікті индукторлық машина негізінде 1925 жылы Мәскеу мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды.

Радиотехника негізінде кез-келген қашықтықта радиотелефон байланысын, кескін, сызба және сурет тарату, жедел әрекетті телеграфтық және радиобайланыс орнату мүмкіндіктері пайда болды.

Радиотехниканың үлкен жетістіктерінің бірі – ол электронды есептеуіш машиналар.

2. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә», сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сұрақтар ИӘ ЖОҚ
1. Радиотехниканың дамуына ғалымдар М.Фарадей, Дж.К.Максвелл, Г.Герц, А.С.Попов, А.Мейснер үлкен үлес қосты.    
2. Электронды есептеуіш машиналар радиотехника жетістіктігі ме?    
3. 1925 жылы Мәскеу мен Нью-Йорк арасында тікелей радиобайланыс орнатылды.    

ІІ.Айтылым.

1. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінді мазмұндаңыз. ңіз.

1. Радиотехника ғылымы нені зерттейді?

2. Радиотехниканың дамуына қай ғалымдар үлес қосты?

3. Радиотехника негізінде нені орнатуға мүмкіндік туды?

4. Радиотехника жетістіктері қайда пайдаланылады?

2. Мәтінді қазақ тіліне аударып, мазмұнын айтыңыз.

Радиоволны

Радиоволны используются при передаче сигналов для телевизоров, радио и радиотелефонов.

Радары или радиолокаторы используют радиоволны для наблюдения за самолетами и кораблями. Радарный передатчик посылает в пространство специальный пучок радиоволн. Они фиксируются радарным принимающим устройством. На экране возникает изображение, показывающее, где находятся те или иные объекты, и с какой скоростью они движутся.

ІІІ. Жазылым.

1. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Радиоэлектронды құрылғылар, айналмалы радиомаяк, дағдыларын игеру, есептеу техникасы, электрлік тербеліс, кеңінен пайдаланып отыр, жұмыс істеу қағидалары, өндірістің дамуы, жоғары дәрежелі, кері байланыс орнату, негізін құрайды, арнаулы техника, жоғары кернеу, техника қауіпсіздігі, негізгі талаптар, білгені жөн, маңызы зор, қазіргі уақытта, кең ауқымды.

2. Сөз тіркестерін аударып, олармен сөйлемдер құраңыз.

Проектирование современной радиоэлектронной аппаратуры, предприятие, производящее радиоэлектронную аппаратуру, основные требования техники безопасности, разработка новых технологий, работа с высоким напряжением, технически грамотный.

3. Сәйкестігін табыңыз.

 

Сызба Тәсіл Есептеуіш Радиобайланыс Зерттеу Жетістік Шаруашылық Дайындау Дәреже Тәжірибелі Сауатты Опытный Прием Степень Достижение Грамотный Хозяйство Радиосвязь Готовить Вычислитель Исследовать Схема

4. Мәтінді оқып, кестені толтырыңыз.

Александр Мейсснер

Александр Мейсснер (1883 ж) - австриялық өнертапқыш, техника ғылымдарының докторы. Ол радиотолқындарды тарататын антеннаны жетілдіріп, радионавигацияға қажетті айналмалы радиомаякты алғашқы болып ойлап тапты. Сонымен қатар, А.Мейсснер гетеродинамикалық радиоқабылдағыштың жұмыс істеу қағидаларын анықтады. А.Мейсснер 1913 жылы лампалық триод негізінде кері байланысты орнатты. Өшпейтін электрлік тербелістерді ойлап тауып, алғашқы болып, радиотелефондық таратқыш жасады.

 

Александр Мейсснер О л кім?  
Қай жылы дүниеге келген?  
Не істеді?  

ІҮ. Айтылым.

1. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.

2. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Радиоинженер мамандығы қандай мамандық?

- Радиоинженер өте қызықты мамандық.

 

 

 


І. Оқылым.

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Радиобайланыс негізін қалаған ғалым

Попов Александр Степанович - орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған ғалым. Ол 1859 жылы Уралдағы Турьинские рудники ауылында дүниеге келген.

1882 жылы Петербург университетін үздік бітірген соң, А.С. Поповты электрик мамандарын даярлайтын Кронштадтағы офицерлер класына шақырады. Ол жерде сол кезге бай кітапханасы және жақсы жабдықталған физикалық зертханасы бар екендігін біліп, А.С.Попов басқа шақырулардан бас тартып, осы қалаға келеді. Осы кезде оқытушылық қызметпен бірге А.С. Попов электротехника саласында үлкен ғылыми жұмыс жүргізеді. Ол 1895 жылдың 7 мамырында Орыс физика және химия қоғамының отырысында алғаш рет 250 метрлік қашықтыққа радиограмма жібереді. 1900 жылы А.С. Париж қаласында өткен ІҮ Дүниежүзілік электротехниктер конгресіндеосы еңбегі үшін Алтын белгі және Құрмет дипломымен марапатталады.

1945 жылдан бастап 7 мамыр - Радио күні деп аталады.

А.С.Попов неміс физигі Г.Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдаланғаны туралы еңбектер жазады және француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды жетілдіреді. Бұл құрылғы - екі электроды бар шыныдан жасалған түтік. Оның ішінде ұсақ металл үгінділері бар. Бұл құрылғының қызметі электр разрядтарының металл үгінділеріне тигізетін әсеріне негізделген. Қалыпты жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісуі нашар. Келген электромагниттік толқын көгерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Сымсыз байланысты жүзеге асыруда А.С.Попов сигналды қабылдағаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңырауды пайдаланды. Құрылғының сезгіштігін арттыру мақсатында, А.С.Попов когерердің бір ұшын жерлестіріп, ал екінші ұшын биіктікте орнатылған сымға жалғап, тұңғыш рет қабылдаушы антеннаны қолданады.

Радио - (латынша сәуле таратамын, шығарамын деген сөз) арнаулы станциялардан электромагнит толқындары арқылы алыс қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат.

ІІ. Айтылым.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Радио сөзі қандай мағынаны білдіреді?

2. Радио сөзі қай тілден келген?

3. Радиобайланыс негізін қалаған кім?

4. 1900 жылыА.С Попов қандай құрметке ие болды?

5. Радио арқылы қандай жұмыс іске асырылады?

2. Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұнын айтыңыз.

Ұлттық телерадиохабар тарататын спутниктік жүйе

1999 жылдың аяғында телевизиялық хабарды таратуға арналған «Жарық» желісі іске қосылды. Бұл желінің 12 КА транспондері арқылы ұлттық теледидар хабарлары таратыла басталды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Intelsat Халықаралық ғарыштық байланыс ұйымының құрамына мүше болып, Қазақстан, Оңтүстік Ресей, Орта Азия республикалары, Солтүстік Қытай және Батыс Монголияны қамтитын спутник сәулесіне ие болды. Сонымен қатар, осы жылы Үкіметке ұлттық телерадиохабар тарататын спутниктік жүйе құрудың бағдарламасы және тұжырымдамасы ұсынылды. Аталмыш бағдарламаны Үкімет қолдап, «Қазақтелеком» ЖАҚ-ның жанынан ұлттық желіні құруға арналған бөлімше ашуды жоспарлады. Бұл желінің басты мақсаты - ол Қазақстанның ақпараттық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, әлемдік ақпараттық қауымдастыққа интеграция, республика және қазақ диаспорасы тұратын шет елдерде ұлттық арнаны тарату.

1997 жылдың 26 мамырында Алматыда «Кателко» Орталық қабылдағыш таратқыш станциясының (ОҚТС) салтанатты ашылуы өтті. Осы кезде Қазақстан-1 және Хабар телеарналары және Қазақстан- 1 және Шалқар радиоарналарының жұмысы басталды. Қазір бұл желімен Хабар-1, Хабар-2, Қазақстан-1, ОРТ- Қазақстан, КТК, НТК телеарналары және Қазақстан-1 мен Европа+ радиоарналары хабар таратады. Шет елдерде тұратын қазақтар үшін, Ресей Федерациясының Астрахань облысы мен Монголия мемлекетінде «Кателко» қабылдағыш стансасы орнатылды. Сонымен бірге, қазіргі кезде Астана қаласында спутниктік хабарды таратуды басқару орталығы салынып жатыр.

ІІІ. Жазылым.

1. Шашылған сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап жазыңыз.

Қыздыру, 1873 жылы, ойлап тапты, орыс, А.Н.Лодыгин, кәдімгі, лампаларын, оқымыстысы.

Радиотехника, есептеу техникасымен, жабдықталған, зертханалары, жаңа, оқу құралдарымен, кафедрасының.

Ұсынды, алысқа беру жобасын, кескінді, “телефотограф” деп аталатын, П.И.Бахметьев, 1880 жылы, орыс ғалымы.

Америка өнер тапқышы Керл, алысқа жеткізудің, алғашқы, ұсынды, жобасын, кескінді.

2. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз.

Қазақша Орысша
алғашқы  
таратқыш  
қосылды  
тұңғыш  
жолдама  
мұнара  
жоба  
орнату  
алыс  
жеткізу  
жүзеге асыру  
жабдықтар  
өлшеуіш  
құрылғы  
жасау  

3. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә», сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сұрақтар   ИӘ ЖОҚ
1.1995 жылы Қазақстан Республикасы Intelsat Халықаралық ғарыштық байланыс ұйымының құрамына кірді ме?    
2. Қазақстан спутник сәулесіне ие болды ма?    
3.1997 жылдың 26 мамырында Алматыда «Кателко» Орталық қабылдағыш таратқыш станциясы салтанатты ашылды.    


І. Оқылым.

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Радиолокацияның дамуы

Радиолокация (радио және Lосаtіо – орналасу) – радиотолқын көмегімен түрлі зерзаттарды іздеп табу және оның орнын анықтау.

1897 жылы А.С.Попов радиосигналдар бағытын қиып өткен корабльдің орнын табу тәсілін ұсынды. Таратқыш пен қабылдағыш сызығын ұшақ киып өткен кезде байқалатын радиотолқындардың соғу құбылысы алғашқы радиолокациялық станцияның пайда болуына септігін тигізді. 1938 жылы тұңғыш радиолокациялық станцияжасалды. Сонымен қатар, радиолокацияның дамуына есептеу техникасының дамуы үлкен әсер етті. Радиолокациялық өлшеуіш құралдарының пайда болуының нәтижесінде, зениттік және корабльдік артиллерия дами бастады. Сонымен бірге, радиолокация халық шаруашылығының барлық салаларында кеңінен қолданыла бастады. Радиолокация тәсілдерімен зерзатқа дейінгі қашықтық, шағылып келген сигналдардың бағыты, зерзат қозғалысының жылдамдықтары өлшенеді және радиолокациялық бақылау зерзаттарының көптеген сипаттамаларын анықтауға болады. Мысалы, су бетіндегі мұз қабатының параметрлерін, атмосфера ылғалдылығын, зерзаттардың өлшемдері мен пішінін және т.б.

2. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Мәтін мазмұнын тірек сөздер арқылы әңгімелеңіз.

Радиолокациялық станция

Радиолокациялық станция радиолокациялық әдіспен түрлі зерзаттарды бақылауға арналған радиотехникалық жабдықтар кешені. Құрамына антенналар жүйесі, радиотаратқыш, радиоқабылдағыш, бақылау экраны кіреді. Ірі станцияларда қабылданған сигналды өңдейтін есептеу машинасы да болады. Пайдалану орындарына қарай жер бетінде жер серігіне орналастырылатын, теңіздік, ұшақтық және жұмыс істеу тәртібіне қарай импульстік және үздіксіз сәуле шығаратын болып бөлінеді. Зерзаттарды бақылаумен қатар артиллериялық қаруларды, автоматты түрде қозғалатын зерзатты көздеу үшін де қолданылады.

ІІ. Айтылым.

1. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Радиолокация дегеніміз не?

2. РЛС көмегімен нені бақылауға болады?

3. Алғашқы радиолокациялық станция қай жылы іске қосылды?

ІІІ. Жазылым.

1. Сөз тіркестерін аударыңыз.

Радиотехниканың тәсілдері, радиосигналдар бағытын қиып өткен, ғалымдардың жетістіктерін пайдалану, анықтауға мүмкіндік береді, кеңінен таратыла бастады, жылжымалы және жылжымайтын объектілер, бақылауға болады.

2. Шашылған сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлемдер құрап жазыңыздар.

Қазіргі, информациялық технологиялар, болып отыр, кезең, кезеңі.

Қазір, үйінде, пайда бола бастады, көпшілігіміздің, компьютер.

Біз, жаңа, игерген, технологияларды, дайындаған, толық, мамандар.

ІҮ. Айтылым.

1. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Мәтіндегі оймен келісесіз бе? Өз ойларыңызды қазақша білдіріңіз.

 

После телеграфа, радио пришли телефон, радиотелефон, сотовый телефон. Все это достижения человеческого интеллекта, цивилизации.

Несколько общих правил разговора по телефону:

· Еще до того как вы наберете номер, следует подумать: Будет ли ваш звонок приятен?

· Не побеспокоите ли вы того, кому звоните?

· Заслуживает ли дело, по которому вы звоните, того, чтобы ради него кого- то беспокоить в данное время.

· Любой разговор по телефону должен начинаться с приветствия и представления, после чего следует просьба пригласить того, с кем вы намерены говорить.

· В начале разговора спросите, не помешали ли вы, не оторвали ли от важных дел. Помните: пока вы ведете неторопливый разговор с приятелем, к вашему собеседнику или к вам, быть может, не могут дозвониться по важному делу. Не говорите по телефону пустопорожних вещей.

· Не стоит звонить знакомым слишком поздно.

· Если кто-то неправильно набрал ваш номер и попал случайно к вам, не грубите, а вежливо ответьте: «Простите, вы ошиблись номером».

· Никогда не начинайте разговор с вопроса: «Кто говорит?» Это неэтично.

· Если во время разговора телефон отключился, перезванивает тот, кто звонил.

· Никогда не прерывайте собеседника: дайте закончить мысль.

· Если вы договорились о звонке партнеру, то обещание надо выполнить. Этикет не допускает «повисших» звонков.

· Без предварительной договоренности не звоните утром до 9 часов или вечером после 22.

· Собираясь зайти к знакомым, предупредите их телефонным звонком.

· Заканчивает телефонный разговор всегда позвонивший.

· По телефону не принято звонить, выражая сочувствие, или когда у человека несчастье, надо встретиться лично.

 

Ү. Сөйлесім.

1. Сұхбатты жалғастырыңыз.

- Радиолокация қандай мәселелермен шұғылданатын ғылым мен техниканың саласы?

- Алғашқы радиолокациялық станция кімнің басқаруымен қай жылы жасалып, іске қосылды?

І. Оқылым.

1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Телеграф байланысының даму тарихы

Дискретті хабар тарату адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Дискретті хабар таратусыз әр түрлі салаларда автоматталған басқару жүйелері құрыла алмайды. Дискретті хабар тарату техникасын қолдану қымбат, өйткені олар жоғары өнімді есептегіш техникасын пайдалануды талап етеді. Телеграф орталықтарының дамуы халықтың ақпаратпен алмасу қажеттілігін қамтамасыз етеді. Дискретті хабар тарату техникасы өндіріс, мекемелер жұмысының сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Көптеген уақыт адамзат ақпаратты аз уақыт ішінде алыс арақашықтықтан тез, минималды қателіктермен тарату мәселесін шеше алмады.

ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда суда орналасқан телеграф болды, оның хабар тарату үдерісі әлі де қолданылады. Ү ғасырдың соңында семафорлы телеграф пайда болған.Ежелде пайда болған телеграфтар ауа райының қолайсыз кездерінде хабарды тарату мәселесін шеше алмады. ХІХ ғасырда электротехниканың бірінші жетістіктері - ол ауа райының барлық жағдайында жауап бере алатын электрлік телеграфтар болды.

1832 жылы академик П.Л. Шилинг дүние жүзінде алғаш болып электромагнитті телеграфтық аппаратты сынақтан өткізді. Электрография саласын зерттейтін ғалым, физик Б.С. Якоби алғаш әріп басатын, электро қабылдағышы бар телеграфты аппарат ойлап тапқан. П.Л. Шилинг пен Б.С.Якоби еңбектері электромагниттік телеграфияның, яғни электротехниканың негізін қалады.

Телеграф жүктемесінің өсуі әлемде бір сәтте бірнеше көздерден шыққан хабарды желілер арқылы тарататын жоғары өнімді телеграф аппаратын талап етті. Осындай аппараттардың бірі - француз инженері Бодо аппараты болды (1845-1905ж). 1866 жылы Атланта мұхиты арқылыкабель жүргізілді. Еуропа мен Америка телеграф арқылы байланыса бастады. Осы уақыттан бастап телеграфты желілер мемлекеттер мен құрлықтарды байланыстыра бастады.

Қазіргі кезде үлкен көлемді ақпаратты тарату үшін стартстопты телеграф аппараты қолданылады. Сонымен қатар, жылжымалы бейне тарату аппараты қолданылады.

2. Ретсіз жазылған әріптерді дұрыс оқысаңыз, мәтінді оқисыздар. Мәтін не туралы?

ЭЛЕКТРОНДЫҚПОШТАНЫҢЕҢЕЛЕУЛІЕРЕКШЕЛІГІОНЫҢЖЫЛДАМДЫҒЫЭЛЕКТРОНДЫҚПОШТАНЫҢЖЫЛДАМДЫҒЫТЕЛЕФОНМЕНБІРДЕЙБІРАҚМҰНДАЕКІАБОНЕНТТІҢБІРСӘТТЕБОЛУЫҚАЖЕТЕМЕССОНЫМЕНҚАТАРМҰНДАХАБАРЛАМАНЫҢКӨШІРМЕСІЖАЗБАША ТҮРДЕЖЕТКІЗІЛГЕНДІКТЕНОНЫСАҚТАПҚОЮҒАЖӘНЕБІРДЕНБІРНЕШЕАБОНЕНТКЕЖІБЕРУГЕБОЛАДЫ.ЭЛЕКТРОНДЫҚПОШТАХАТСУРЕТБЕЙНЕЛІКМӘЛІМЕТДЫБЫСБАҒДАРЛАМАТАСЫМАЛДАЙАЛАДЫ.

ІІ. Жазылым.

1. Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда..................... (установленный на воде) телеграф болды. Ү ғасырдың соңында семафорлы телеграф........... (появился).Ежелде пайда болған телеграфтар ауа райының қолайсыз кездерінде................. (распространять вести) мәселесін шеше алмады. ХІХ ғасырда электротехниканың бірінші........... (достижения)- ол ауа райының барлық жағдайында жауап бере алатын электрлік телеграфтар болды.

2. Тақырып бойынша диаграмманы толтырыңыз.

       
   
 
 

 

 


Телеграф

ІІІ. Айтылым.

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Сөйлесу қатынас құралдары

Күн сайын адамдар әр түрлі жолдармен байланыс жасайды. Олар: хат, телефон, факс, электронды пошта, интернет және т. б. құралдар.

Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жеткізетін. Кейін пошта бөлімшелері пайда болды.

Қазақстанда алғаш пошта бөлімшесі 1860 жылы Алматы (бұрыңғы Верный) қаласында ашылған. Орталық пошта республикамыздағы ең ірі байланыс жүйесі болды. Бұл жерден адамдар жедел хат, сәлемдеме, бандероль жіберіп, ақша аударған. Орталық поштада қалааралық сөйлесу жүйесі де болды. Бұл жұмыстарды Орталық пошта әлі күнге дейін атқаруда.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных