ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Телефоны с беспроводными трубками 4 страницаБұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды, сондықтан 70-жылдары Америка ғалымдары бұл істі қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады. Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болып, интернет жүйесі дүние жүзіне тарай бастады. Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға болады. Интернет арқылы машина, үй сатып алуға, басқа қаладағы қонақ үйлерінен орын алуға, кино көруге, ағылшын газеттерін, жапондық журналдар оқуға, кітаптар сатып алуға да болады. Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы басқа елдермен байланыс жасауға болады және ол телефонмен сөйлесуден арзанға түседі. ІҮ. Сөйлесім. 1. Сұрақтарға жауап беру арқылы сұхбат құрастырыңыз. - Бұл күндері қандай байланыс түрлері пайда болды? - …… - Күн сайын біз адамдармен не арқылы байланыс жасаймыз? - …… - Бұрын адамдар хат-хабарларды қалай жеткізді? -....... - Республикамыздың ең ірі байланыс жүйесі қайда орналасты? -....... - Интернет тарихы қай кезден басталады?
І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Телевидение Телевидение (теле және латынша video – көремін) – зерзаттың кескіні мен дыбысын радио немесе өткізгіш сымдармен таралатын электрлік сигналдар арқылы алысқа тарату әрі оларды қабылдау негізінде сол обьектінің кескінін көрсету және дыбысын естірту мәселесімен айналысатын радиотехника саласы. Телевидение қоғам өмірінде көрермендерді саяси, эстетикалық тәрбиелеу және жан-жақты білім беру тұрғысынан аса зор рөл атқарды. Телевидение медицинада, өндірісті автоматтандыруда, ғарышты игеруде және тағы басқа көптеген салаларда кеңінен қолданылады. Телевидениенің қалыптасуына көптеген елдердің аса дарынды оқымыстылары өз заманында үлкен үлес қосқаны белгілі. Мысалы, 1880 жылы орыс ғалымы П.И. Бахметьев кескінді тізбектей беру туралы «Фототелеграф» жобасын ұсынса, ММУ профессоры А.Г. Столетов сыртқы фотоәсер құбылысының негізгі зандылықтарын зерттеді. Петербург технология институтының оқытушысы Г.Л.Розинг кескінді алу үшін электрондық - сәулелі түтікті пайдаланатын «Катодтык телескопия» жобасын жасады. Португалия оқымыстысы Де-Пайваның жобасы бойынша кескін элементтерін кезекпен беру арқылы және қабылдау құрылғалары байланыстың бір арнасына біріктірілді. Поляк ғалымы Н.Нипков механикалык телевидениенің бастамасы болып табылатын механикалык жаймалауды ұсынды. Ағылшын инженері Кемпбелл Суинтен телевидениенің электрондық жүйесін пайдалануды ұсынды. Осы айтылған жұмыстар телевидениенің даму негізі болып табылады.
ІІ. Жазылым. 1. Мәтінді пайдаланып, кестені толтырыңыз.
2. Сөздерге тиісті жалғауларды қойып, сөйлемдерді жазыңыз. Паскаль Блез есептеуіш машина...... алғашқы моделі... жасаған. Джон фон Нейман - дербес компьютерлер...... жобасын алғаш ұсынған ғалым. Генри Джозеф – электромеханика...... релені ойлап тап...... ғалым, физик. Б.Розинг – электрон......... теледидарды жасаған орыс ғалым...... Билл Гейтс «Альтаир» дербес компьютерін қамтамасыз ету мақсатында, алғаш рет Бейсик тілі... қолданып, Microsoft компаниясы..... құрды. 3. Мәтінге сүйеніп, сөйлемдерді толықтырыңыз. Телевидение......... аса зор рөл атқарды. Телевидение....... кеңінен қолданылады. Телевидениенің қалыптасуына................... үлкен үлес қосқан. 1880 жылы П.И. Бахметьев кескінді тізбектей беру туралы......... ұсынды. Поляк ғалымы Н.Нипков механикалык теледидардың бастамасы болып табылатын............. ұсынды. ІІІ. Сөйлесім. 1. Сұхбатты жалғастырыңыз. - Телевидение дегеніміз не? -....... - Телевидениенің дамуына кімдер үлес қосты?
І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Теледидар мұнаралары Теледидар мұнарасы басына теледидарлық хабар тарату антенналары, радиорелейлік байланыс антенналары, гидрометеорологиялық құралдар, кейде қабаттарына түрлі қызметтер орналасатын, металдан жасалған биік мұнаралар. Теледидар мұнараларының негізгі қызметі - радиохабар тарату. Мұнараларды биік етіп жасау - техникалық қажетті жағдай, өйткені мұнара биік болса, теледидар хабары қолданылатын кашықтық ұлғаяды. Бұл шартты ескерген инженер - құрастырушылар көптеген мұнара жобаларын жасады. Әлемдегі ең биік теледидар мұнарасы – Торонто (Канада) қаласындағы мұнара. Оның биіктігі - 550 метр. Мюнхендегі мұнара биіктігі - 265 метр, ал радио дүниеге келмеген кезде тек әсемдік үшін салынған Париждегі Эйфель мұнарасының биіктігі 300 метр. Бұл мұнара қазір радио мен телевидениеде теңдесі жоқ орын алып отыр. Телевидениенің дамуымен бірге мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Санкт-Петербургте - 330 метрлік, Берлинде 360 метрлік мұнаралар салынды. 1967 жылы Мәскеу қаласының Останкино ауданында салынған теледидар мұнарасының биіктігі - 533 метр. Оның бірінші қабатында кинозал, 15 қабатында метеостанция, асханалар орналасқан. 147 метр биіктікте қала көрінісін тамашалайтын 200 адам сиятын алаң бар. Мұнараның салмағы - 32 мың тонна, диаметрі - 74 метр. Мұнараның жобасын жасаушы – орыс инженері Николай Васильевич Никитин. Оған осы еңбегі үшін техника ғылымдарының докторы атағы және Лениндік сыйлық берілді.
2. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә», сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
ІІ. Айтылым. 1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Мұнара дегеніміз не? 2. Мұнара қандай болу керек? 3. Мұнара биік болса, не ұлғаяды? ІІІ. Жазылым. 1. Мәтіндегі етістіктерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырыңыз. ІҮ.Сөйлесім. 1. Мәтінді оқыңыз. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз. Көктөбедегі радио және теледидар мұнарасы Алматы қаласының Медеу ауданында еліміздің әлемге белгілі мақтанышы радио және теледидар мұнарасы бар. Әйгілі мұнара Көктөбенің батыс баурайында теңіз деңгейінен 1000 метр биіктікте орналасқан. Бұл мұнара сейсмологиялық ауданда орналасса да 10 балдық жер сілкінісіне шыдай алады. Мұнараны тұрғызуға ресейлік және қазақстандық құрылыс компаниялары қатысқан. Мұнараның құрылысы 1978-82 жылдар аралығында жүргізіліп, 1984 жылы іске қосылған. Жобаның жалпы құны 600 млн. сомды құраған. Мұнараның биіктігі 371 метр, таумен қоса жалпы биіктігі 1452 метр, салмағы 70 мың тонна.
І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Теледидар және дыбыс хабарларының студиялары Теледидар және хабар студияларында үлкен концерттік, орта, шағын концерттік, камералық және әдеби-драмалық блоктың орнына сахнаға жарамды студия кешендері болады. Әдеби - драмалық блок бірнеше студиялардан құралады. Олардың көлемдері әр түрлі. Студиялардың акустикалық сипаттары ғимараттардың акустикалық сипатымен анықталады. Студиялардың дыбыс изоляциясы таратылып жатқан акустикалық шулардың максималды мүмкін деңгейінен анықталады. Бұл деңгей келесі әдістермен анықталады: · Студияларды шулы ғимараттардан алыстату және оларды бірнеше цокольді қабатқа орнату қажеттілігі; · Студияларды көршілес ғимараттарға орнатуға болмайды; · Күшті дыбыстарға қарсы арнайы есіктерді қолдану; · Негізгіденоқшауланған бөлек фундамент болуы керек; · Дәлізден кіру үшін студияларды тамбулармен қамтамасыз ету қажет. Ауаны тазалауға арналған кондиционерлер орнатылу керек. Қозғалу вибрациясынан пайда болған шуларды төмендету үшін, олардың астына виброизоляциялық төсеулерді пайдаланады. ІІ. Айтылым. 1. Сұрақтарға жауап беріңіз. 1. Теледидар және хабар студияларында нелер болады? 2. Күшті дыбыстарға қарсы неі қолданылады? 3. Кондиционерлер не үшін орнатылады? 4. Не үшін виброизоляциялық төсеулер қолданылады? ІІІ. Жазылым. 1. Мәтінді оқып, мазмұнын айту үшін жоспар құрыңыз. Дыбыс Дыбыс тындаушыларға радио және сым арқылы жеткізіледі. Біздің мемлекетте дыбыс хабарының тарихы 100 жылдай болып саналады. Сол уақыттан бері дыбыс хабарының техникасы үлкен даму жолынан өтті. Қазіргі уақытта дыбыс хабарымен халықтың 67 % қамтамасыз етілген. Дыбыс теледидарлық бағдарламаның ажыратылмайтын бөлшегі болып саналады. Мемлекет халқының 90%-нан көбі теледидар хабарымен қамтамасыз етілген. Дыбыс хабары техникасының негізгі мақсаты - оның сапасын жоғарлату. Бұл мәселе сандық сигналдарды өндеу және тарату әдістерін қолданумен шешіледі. Қазіргі уақытта көптеген радиохабар жүелері арқылы әр түрлі анықтамалық және жарнамалық мәліметтер таратылады. Осындай хабарламаның бар болуы радиохабардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
2. Төменде берілген сөздерді сөздік арқылы орыс тіліне аударыңыз.
3. Сөздер мен сөз тіркестерден сөйлемдер құрап жазыңыз. Ауа, дыбыс, дауыс, хабар, хабар студиясы, күшті дыбыс. Ү. Сөйлесім 1. Тақырып бойынша сұхбат құрастырыңыз. І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Телефондық техника Қашықтықтан байланыс жасау қажеттілігі адамзатта ертеден болған. Ол әртүрлі жолдармен жүзеге асырылған. Мысалы, біздің дәуірімізге дейін ҮІ ғасырда парсы патшасы Кир осы мақсатта 30 мың адамды пайдаланған. Оларды халық «патша құлақтары» деп атаған. Бұл адамдар биік ғимараттар, мұнаралар басында орналасып, хабарды бір - біріне айқайлап жеткізген. Грек тарихшысы Диодор Сицилийскийдің жазбаларында осы байланыс түрі арқылы ақпаратты 1 сағат ішінде 100 км жерге дейін жеткізген деп көрсетілген. Сонымен қатар, ертеде хабарды тарату үшін жіпті, кернейді пайдаланған. Телефон - радиотолқындар арқылы қашықтықтан дыбыстық байланыс жасауға арналған құрылғы. Телефондық техника адамзатқа 1878 жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. Сол кезден бастап ол үнемі даму үстінде. Алғашқы механикалық құрылғылар дыбысты ауа арқылы жеткізген. Содан кейін электромагниттік толқындар арқылы жұмыс істейтін құрылғылар пайда болған. Қазіргі кезде телефондық техника өте жақсы дамып жатыр. Телефондық техниканың көптеген түрлері бар. Олар: электрлік телефон, сымсыз немесе ұялы телефон, спутниктік телефон, радиотелефон және т.б. Барлық телефондарға бірдей талаптар қойылады. Олар: - телефондық техника хабарларды өз уақытында және қажетті адамға ғана жеткізу керек; - телефондық техника адам өміріне қауіпсіз болу керек; - телефондық техниканың сыртқы түрі сүйкімді болу керек; - телефондық техника арқылы берілетін хабар арзан болу керек.
2. Сөйлемдерді оқыңыз, егер ол мәтін мазмұнына сәйкес келсе «иә», сәйкес келмесе «жоқ» деп жауап беріңіз.
ІІ. Айтылым. 1. Мәтін мазмұнын сұрақтарға жауап беру арқылы айтыңыз. 1. Телефондық техника адамзатқа қай жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді? 2. Алғашқы механикалық құрылғылар дыбысты не арқылы жеткізген? 3. Механикалық құрылғылардан кейін қандай құрылғылар пайда болған? 4. Барлық телефондарға қандай талаптар қойылады?
2. Мәтінді оқып, мазмұнын айту үшін сұрақтар құрастырыңыз. Телефон аппараты Телефон аппараты сөйлесу және шақыру сигналдарын қабылдап және таратуға арналған құрылғы. Ол шақыру, сөйлесу және коммутациялық құрылғылардан тұрады. Шақыру құралдарына – нөмір теру, шақыруды жіберу және шақыруды қабылдағыш құралдары жатады. Сөйлесу құралдарына – микрофон, телефон және телефонды трансформатор жатады. Коммутациялық құралдарға ауыстырып-қосқыш және баспа тиектері жатады. Телефон аппараты абоненттің басқа абонентпен жалғанып, онымен әңгіме жүргізуіне мүмкіндік беретін құрал. Құрылысына қарай аппараттар қабырғаға ілінетін, үстел үстінде тұратын (стационарлы), тасымалданатын болып бөлінеді. Сонымен қатар, кейбір арнайы телефондардың құрылымы ерекше болады. Олар қосымша талаптарға сәйкес жасалған. Мысалы, ылғалға тұрақты, жарылысқа қауіпі жоқ.
ІІІ. Жазылым. 1. Сөйлемдерді мәтіндегі тәртібі бойынша толықтырыңыз. .............. адамзатта ертеден болған. Қазіргі кезде........... өте жақсы дамып жатыр. Телефон -........ қашықтықтан дыбыстық байланыс жасауға арналған........ Телефондық техниканың....... бар. 2. Көп нүктенің орнына қажеттісөздерді қойып, сөйлемдерді толықтырыңыз. Телефондық техниканың сыртқы түрі ……. болуы керек. Телефондық техника адамдар өміріне ……. болуы керек. Телефондық техника телефондық хабарлардың ……. адамға ғана берілуін қамтамасыз етуі керек. ІҮ. Сөйлесім. 1. Сұхбатты жалғастырыңыз. - Телефондық техника дегеніміз не? -.......
І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Ұялы желілер Ұялы желілердің тұжырымдамасы 40-жылдардың соңында Bell System компаниясының жобасында пайда болды. Бұл ой жылжымалы байланыс үшін жаңа үлгітүрді әкелді. Үлкен алаңда сигналды тарататын және жоғарыда орналасқан үлкен қуатты таратқышпен бұрында пайдаланған «радиохабар тарату үлгісінің» орнын, жаңа үлгітүр көп есе қуаты кем таратқыштарды талап етеді. Еске сала кетейік, олардың әрқайсысы тек шағын аумақтарға қызмет көрсету үшін арнайы жасалған, оны ұялы (cell) деп атаймыз. Ұялы ойдың қасиеті, ұялар арасындығы қашықтықтың толық мәндері радиобөгеуілдермен байланысты болмай, сол бір жиілікпен және ұяның радиусымен ұялар арасындағы қашықтықтың қатынасымен анықталады. Ұяның радиусы таратқыштың қуатымен және сонда орнатылған антеннаның биіктігімен анықталады. Сол радиус жүйелік инженермен бақыланады. Сондықтан жүйелік инженердің енгізуімен, жиіліктері қайта пайдаланудың арқасында қанша радиоарналарды, немесе «тізбектерді» құрауға болатынын анықтайды. ІІ. Айтылым. 1. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оларға ауызша жауап беріңіз. «КазТранском» АҚ «КазТранском» АҚ Қазақстан Республикасы аумағында жоғары телекоммуникациялық байланыс қызметін көрсететін заманауи телефондық компания. «КаспийМұнайБайланыс» АҚ, «АқтөбеМұнайБайланыс» АҚ және «Байланыс» АҚ компанияларының бірігуі арқылы 2001 жылы құрылған «КазТранском» АҚ негізін қалаушы кәсіпорындардың терең тарихи дағдыларын сақтай отырып, телефондық техниканың жаңа жетістіктерін өз жұмысына белсенді еңгізуде. «КазТранском» АҚ республиканың қазіргі заманға сай коммуникациялық инфрақұрылымын құру сияқты мемлекеттік міндеттерді орындай отырып, Қазақстанның көптеген аумақтарына құнды телекоммуникациялық жобаларды жүзеге асырады. Ақтөбе, Атырау, Орал, Ақтау, Астана, Алматы және Павлодар қалаларында компанияның филиалдары ашылып, табысты жұмыс жүргізіп жатыр. «КазТранском» АҚ сапа менеджменті жүйесі бойынша сертификатты алған бірінші телекоммуникациялық компания. ІІІ. Жазылым. 1. Сөз тіркестерін аударыңыз. Жүйелік инженер, жылжымалы байланыс, сигналды тарататын, қызмет көрсету, жаңа үлгітүр, шағын аумақтар, қуатты таратқыш, антеннаның биіктігі, орнатылған антенна. 2. Төмендегі сөздер, сөз тіркестермен сөйлем құраңыз. Қызмет көрсету, арна, ресми түрде, қамтамасыз ету, автоматтық жүйе.
3. Сөздерді сәйкестендіріңіз. Жылмалы Эффективность Желі Система Жүйе Разрешение Рұқсат Сеть Жалғау Частота Таратқыш Соединить Жиілік Распространитель Тиімділік Передвижной
І. Оқылым. 1. Мәтінді оқыңыз, орыс тіліне аударыңыз. Пейджер Пейджер - жеке адамдардың қолдануына арналған қабылдағыш. Пейджер арқылы пейджингтік желі бойынша жіберілген хабарламаны алуға болады. Пейджерлерге хабарлама жіберу үшін, операторға телефон шалып, абоненттің нөмірін және хабарлама мәтінін айту керек. 2000 жылдардың басында ұялы телефондардың кең таралуына және ұялы телефондар арқылы жіберілген SMS хабарламаларының арзан бағасына байланысты, осы уақытқа ТМД елдерінде қолданыста болған пейджерлер пайдаланудан шыға бастады. Дегенмен, қазіргі уақытта ірі қалаларда бір немесе екі пейджингтік орталықтар жұмыс істейді. Қазір олар call-орталығы деп аталады. Сонымен қатар, қазіргі кезде пейджерлерді радиостанция мен телевидениеде көрермендер мен тыңдаушылардан хабарлама алу үшін қолданады. Егер адамдардың сұраныстарын қамтамасыз ету тұрғысынан қарасақ, ұялы телефондар арқылы байланысты ұйымдастыру пейджингтік байланыстан жеңіл. Бірақ, пейджингтік байланысты ұялы телефон байланысымен салыстырғанда пейджингтік байланыстың артықшылығы бар: - байланыс арзан; - адам өміріне қауіпсіз; - энергия көзі 1 айға жетеді; - интернеттен хабарларды тез жеткізеді, өйткені желі жүктемесі аз; - орынды таңдамайды, барлық жерде байланысуға мүмкіндігі бар. ІІ. Жазылым. 1. Сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтырыңыз. Пейджерлерді радиостанция мен телевидениеде көрермендер мен тыңдаушылардан.............. қолданады. Ірі қалаларда бір немесе екі............. жұмыс істейді. Ұялы телефондар арқылы жіберілген SMS хабарламаларының бағасы.......... Пейджер арқылы пейджингтік желі бойынша.......... алуға болады. Пейджер интернеттен хабарларды............., өйткені желі жүктемесі аз. 2. Сәйкестігін табыңыз.
3. Мәтінде берілген тәртіп бойынша сөйлемдерді жазыңыз. Пейджерлерде, батареялар, қолданылатын, 1 айға, жетеді, бір. Интернеттен, хабарларды, пейджерлер, тез жеткізеді, аз, өйткені, желінің жүктемесі. Орынды, пейджерлер, таңдамайды, барлық жерде, бар, байланысуға мүмкіндігі. 4. Тақырып бойынша диаграмманы толтырыңыз.
Пейджер
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|