ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Теледидар мұнаралары. Теледидар мұнарасы басына теледидарлық хабар тарату антенналары, радиорелейлік байланыс антенналарыТеледидар мұнарасы басына теледидарлық хабар тарату антенналары, радиорелейлік байланыс антенналары, гидрометеорологиялық құралдар, кейде қабаттарына түрлі қызметтер орналасатын, металдан жасалған биік мұнаралар. Теледидар мұнараларының негізгі қызметі - радиохабар тарату. Мұнараларды биік етіп жасау - техникалық қажетті жағдай, өйткені мұнара биік болса, теледидар хабары қолданылатын кашықтық ұлғаяды. Бұл шартты ескерген инженер - құрастырушылар көптеген мұнара жобаларын жасады. Әлемдегі ең биік теледидар мұнарасы – Торонто (Канада) қаласындағы мұнара. Оның биіктігі - 550 метр. Мюнхендегі мұнара биіктігі - 265 метр, ал радио дүниеге келмеген кезде тек әсемдік үшін салынған Париждегі Эйфель мұнарасының биіктігі 300 метр. Бұл мұнара қазір радио мен телевидениеде теңдесі жоқ орын алып отыр. Телевидениенің дамуымен бірге мұнара биіктігі де арта түсуде. Осылайша Санкт-Петербургте - 330 метрлік, Берлинде 360 метрлік мұнаралар салынды. 1967 жылы Мәскеу қаласының Останкино ауданында салынған теледидар мұнарасының биіктігі - 533 метр. Оның бірінші қабатында кинозал, 15 қабатында метеостанция, асханалар орналасқан. 147 метр биіктікте қала көрінісін тамашалайтын 200 адам сиятын алаң бар. Мұнараның салмағы - 32 мың тонна, диаметрі - 74 метр. Мұнараның жобасын жасаушы – орыс инженері Николай Васильевич Никитин. Оған осы еңбегі үшін техника ғылымдарының докторы атағы және Лениндік сыйлық берілді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|