ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Телеграф байланысының даму тарихыДискретті хабар тарату адам өмірінде аса маңызды рөл атқарады. Дискретті хабар таратусыз әр түрлі салаларда автоматталған басқару жүйелері құрыла алмайды. Дискретті хабар тарату техникасын қолдану қымбат, өйткені олар жоғары өнімді есептегіш техникасын пайдалануды талап етеді. Телеграф орталықтарының дамуы халықтың ақпаратпен алмасу қажеттілігін қамтамасыз етеді. Дискретті хабар тарату техникасы өндіріс, мекемелер жұмысының сапасын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Көптеген уақыт адамзат ақпаратты аз уақыт ішінде алыс арақашықтықтан тез, минималды қателіктермен тарату мәселесін шеше алмады. ІҮ ғасырда Ежелгі Грецияда суда орналасқан телеграф болды, оның хабар тарату үдерісі әлі де қолданылады. Ү ғасырдың соңында семафорлы телеграф пайда болған.Ежелде пайда болған телеграфтар ауа райының қолайсыз кездерінде хабарды тарату мәселесін шеше алмады. ХІХ ғасырда электротехниканың бірінші жетістіктері - ол ауа райының барлық жағдайында жауап бере алатын электрлік телеграфтар болды. 1832 жылы академик П.Л. Шилинг дүние жүзінде алғаш болып электромагнитті телеграфтық аппаратты сынақтан өткізді. Электрография саласын зерттейтін ғалым, физик Б.С. Якоби алғаш әріп басатын, электро қабылдағышы бар телеграфты аппарат ойлап тапқан. П.Л. Шилинг пен Б.С.Якоби еңбектері электромагниттік телеграфияның, яғни электротехниканың негізін қалады. Телеграф жүктемесінің өсуі әлемде бір сәтте бірнеше көздерден шыққан хабарды желілер арқылы тарататын жоғары өнімді телеграф аппаратын талап етті. Осындай аппараттардың бірі - француз инженері Бодо аппараты болды (1845-1905ж). 1866 жылы Атланта мұхиты арқылыкабель жүргізілді. Еуропа мен Америка телеграф арқылы байланыса бастады. Осы уақыттан бастап телеграфты желілер мемлекеттер мен құрлықтарды байланыстыра бастады. Қазіргі кезде үлкен көлемді ақпаратты тарату үшін стартстопты телеграф аппараты қолданылады. Сонымен қатар, жылжымалы бейне тарату аппараты қолданылады. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|