Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Радиобайланыс негізін қалаған ғалым




Попов Александр Степанович - орыс физигі, радиобайланыс негізін қалаған ғалым. Ол 1859 жылы Уралдағы Турьинские рудники ауылында дүниеге келген.

1882 жылы Петербург университетін үздік бітірген соң, А.С. Поповты электрик мамандарын даярлайтын Кронштадтағы офицерлер класына шақырады. Ол жерде сол кезге бай кітапханасы және жақсы жабдықталған физикалық зертханасы бар екендігін біліп, А.С.Попов басқа шақырулардан бас тартып, осы қалаға келеді. Осы кезде оқытушылық қызметпен бірге А.С. Попов электротехника саласында үлкен ғылыми жұмыс жүргізеді. Ол 1895 жылдың 7 мамырында Орыс физика және химия қоғамының отырысында алғаш рет 250 метрлік қашықтыққа радиограмма жібереді. 1900 жылы А.С. Париж қаласында өткен ІҮ Дүниежүзілік электротехниктер конгресіндеосы еңбегі үшін Алтын белгі және Құрмет дипломымен марапатталады.

1945 жылдан бастап 7 мамыр - Радио күні деп аталады.

А.С.Попов неміс физигі Г.Герц жасаған электрмагниттік толқын таратқыш вибраторды қашықтан сымсыз сигнал беру ісінде пайдаланғаны туралы еңбектер жазады және француз физигі Э.Бранли ұсынған радиокондукторды жетілдіреді. Бұл құрылғы - екі электроды бар шыныдан жасалған түтік. Оның ішінде ұсақ металл үгінділері бар. Бұл құрылғының қызметі электр разрядтарының металл үгінділеріне тигізетін әсеріне негізделген. Қалыпты жағдайда когерердің кедергісі үлкен болады, өйткені үгінділердің бір-біріне тиісуі нашар. Келген электромагниттік толқын көгерер ішінде жиілігі жоғары айнымалы ток туғызады. Сымсыз байланысты жүзеге асыруда А.С.Попов сигналды қабылдағаннан кейін когерерді сілкіп қалып тұратын қоңырауды пайдаланды. Құрылғының сезгіштігін арттыру мақсатында, А.С.Попов когерердің бір ұшын жерлестіріп, ал екінші ұшын биіктікте орнатылған сымға жалғап, тұңғыш рет қабылдаушы антеннаны қолданады.

Радио - (латынша сәуле таратамын, шығарамын деген сөз) арнаулы станциялардан электромагнит толқындары арқылы алыс қашықтыққа хабар беретін және қабылдайтын сымсыз аппарат.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных