ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Сөйлесу қатынас құралдарыКүн сайын адамдар әр түрлі жолдармен байланыс жасайды. Олар: хат, телефон, факс, электронды пошта, интернет және т. б. құралдар. Бұрын адамдар хат-хабарларды түйе немесе ат арбамен 20 000 шақырымға дейін жеткізетін. Кейін пошта бөлімшелері пайда болды. Қазақстанда алғаш пошта бөлімшесі 1860 жылы Алматы (бұрыңғы Верный) қаласында ашылған. Орталық пошта республикамыздағы ең ірі байланыс жүйесі болды. Бұл жерден адамдар жедел хат, сәлемдеме, бандероль жіберіп, ақша аударған. Орталық поштада қалааралық сөйлесу жүйесі де болды. Бұл жұмыстарды Орталық пошта әлі күнге дейін атқаруда. Бұл күндері ұялы телефон, факс, электронды пошта, интернет пайда болды. Интернеттің тарихы өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталады. АҚШ Қорғаныс министрлігіне қарулы күштермен байланыс жасау үшін компьютер жүйесі қажет болды, сондықтан 70-жылдары Америка ғалымдары бұл істі қолға алып, 80-жылдары телефон компаниялары компьютер арқылы көптеген елдермен байланыс жасай бастады. Сөйтіп, халықаралық компьютер тілі пайда болып, интернет жүйесі дүние жүзіне тарай бастады. Интернетті көптеген мақсатқа қолдануға болады. Интернет арқылы машина, үй сатып алуға, басқа қаладағы қонақ үйлерінен орын алуға, кино көруге, ағылшын газеттерін, жапондық журналдар оқуға, кітаптар сатып алуға да болады. Интернеттің көмегімен санаулы уақыттың ішінде электронды пошта арқылы басқа елдермен байланыс жасауға болады және ол телефонмен сөйлесуден арзанға түседі.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|