Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ежелгі замандағы мейрамхана бизнесінің тарихын ашып көрсету




 

Қонақжай индустрия мекемелерінің дамуы тарихи жағынан адам қоғамының даму кезеңдерімен сәйкес келеді. Тамақтандыру мекемелері орналастыру мекелерімен қатар дамыды. Бұл дамуының тарихы төрт кезеңнен тұрады:- көне;- орта ғасырлық; - жаңа уақыт; - қазіргі кезең.

Көне кезең (б.э.дейін 4 мың жыл – б.э. 476 жыл). Бұл кезеңге алғашқы қонақжай

Индустрияның мекемелері – таверналар жатады. Олар тамақтандыру үшін ғана арналды. Бұл туралы мәліметтер ежелгі манускриптерде, оның ішінде б.з.д 1700 жж жазылған Вавилон патшасы Хаммурапи кодекстерінде кездеседі. Таверналар Көне Грекиядағы б.з.д.1 ғасырдағы әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементі болды. Сауданың дамуы және соған байланысты ұзақ жүрісте болу тамақтандыру ғана емес, сондай-ақ түнеуді де ұйымдастыруды қажет етті. Бұл мекеменің басқа түрінің пайда болуына – тұрушылар ауласына – әкелді. Тұрушылар ауласы Рим империясының территориясында көп тарады. Көнеримдік тұрушылар ауласы үлкен жолдар бойында арасының қашықтығы 25 мильде(40,225 км) орналасты.

Рим империясының негізінде қаланған таптық құрылым қонақжайлық индустриясының дамуына үлкен әсер етті. Саяхатшыларды класттық сипаты бойынаша орналастырды. Көпестер, саудагерлер, қарапайым халыққа ешқашан мемлекеттік қызметкерлердің қасына тұрақтауға болмайтын. Осындай жағдайлар тұрушылар ауласының сапалы қызметіне әсер етті. Аристократтар, мемл.қызметкерлер тұрақтайтын орындар архитектураның барлық ережесіне сай салынып, қызметтердің кең спектріне ие болды. Ал төменгі тап өкілдері тоқтайтын таверналар мен тұрушылар ауласы түнеу мен демалыстың минималды жағдайларын ұсынатын. Қонақжай индустриясының мекемелерінің пайда болуына Таяу Шығыс, Азия, Кавказ маңы елдерінің сауда қатынастарының даму әсерін тигізді. Қонақжайлық тарихының ежелгі заманғы кезеңі 476 жылы Рим империясының құлауымен аяқталды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных