Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жұмысқа қабылдау процесін ашып көрсету




Қызметкерлерді іріктеп жұмысқа алудың барлық жауапкершілігі кадр бойынша менеджердің мойында. Басқа да басқарудағы жұмыс сияқты, кадрларды іріктеу күрделі де және нақтылы жұмыс. Қызметке адамдарды іріктеу процесі жеке тұлғаның критерияларын анықтаудан басталады

Кадрларды сырт мекемелерден іріктеудің артықшылықтары: - таңдау (іріктеу) мүмкіншілігінің кеңдігі; -мекеме үшін жаңа ойлардың қосылуы; -жұмысқа орналасушы басқа мекемеден білімдер, жаңалықтар әкеледі; -жұмысқа қабылдау маман кадрларға олқылықты, сұранысты толтырады. Кадрларды сырт мекемелерден іріктеудің кемшіліктері: -қабылдау кезіндегі шығынның көптігі; -жаңадан қабылданған адамдардың көптігі кетушілердің де санын арттырады; -ұжым климатына теріс әсерін тигізуі; -жаңа жұмысшыны үйретуге, білімін көтеруге уақыттың көп кетуі. Қызметкерлерді бағалаудың критериялары 1. Білімі және өндірістік тәжірибе. 2. Тәртіптілік (өзін-өзі ұстай білу). 3.Мақсаттылық. 4.Интеллектуальдық қабілеті. 5. Сөйлесе білу. 6. Ерекшеліктері. 7. Кәсіби жарамдылығы. Қызметкерлерді бағалау әдісін үш негізгі топқа біріктіруге болады: 1) болжамдық әдістер. Анкета көрсеткіштері, жазбаша немесе ауызша сипаттамалар, жетекшілердің пікірі, жеке сұхбттасу және психологиялық тестілер пайдаланылады. 2) практикалық әдістер. Жұмысшының қызмет міндеттерін орындаудағы жарамдылығы оның практикалық жұмыс нәтижесінің негізі арқылы тексеріледі. 3) имитациялық әдістер. Таласушыға нақты есепті шешу ұсынады. Бос орынға таласкерлерді бағалау мен іріктеу әдістері негізінен жеке және техникалық сапа арқылы классификацияланады. Жекесіне: -құжаттарын бағалау және талдау; -тесті өткізу; -әңгімелесіп-сұхбаттасу жатады; Техникалық жағына жататындар: -жұмыс эксперименті (бағалау орталығы); -графологиялық қорытынды. Бағалау орталығы – арнайы ұйымдастырылған мекеме. Таласкерді бағалау үш сағаттан төрт тәулікке дейін созылады және мынадай кезеңдері болады: -басқару органдарының іс-әрекеттерін орындау; -шағын топтп мәселелерді талқылау; -шешім қабылдау; -дау тұғызатын жағдайларды шешу; -жасалынған жоба бойынша баяндама; -іс-хатын дайындау. Тексерулер біткеннен кейін әрбір таласкерге сәйкес қорытынды жасалынады. Жұмысқа қабылдау Бағалау жұмыстары біткеннен кейін, сонымен көп кандидаттың ішінен біреуі ғана жоғары баға алған анықталды. Енді ерекше маңыздысы контракт жасау. "Контракт" мынадай мәліметтерді қамтиды: -әр жақтың аты-жөні (жұмыс беруші және жұмысшы); -жұмыс орны; -жұмыстың басталу күні; -ставка тарифі; -еңбек ақыны төлеу (апта сайын, ай сайын және т.б.); -мейрам күндері және оны төлеу; -ауруға немесе форсможорлық жағдайға байланысты жұмыс істемеу күндерін белгілеу ережелері және оны төлеу; -зейнетақы есептеу үлгісі; -арыздардың жолдары; -контрактының ұзақтық мезгілі.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных