Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Басқару бөлімі қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттерін анықтау




 

Басқару функциясына кіретіндер: - өндірісті қызмет көрсетуге технологиялық және техникалық жағынан дайындау; - технико-экономикалық жоспарлау; - қаражат және есеп іс-әрекеттері; - техникалық және өндірістік жеткізу; - мекеменің өндірістік-қаражат іс-әрекетіне экономикалық талдау. Мейрамхана басқармасының құрылымы – бұл өзара байланысты ұйымның белгілі бір функциялар атқаратын тізбектерінің жинағы. Құрылымның элементтеріне басқару органы, мекеменің әкімшіліктері жатады. Әкімшілік – бұл мейрамхананың өзінің қызметкерлері бар басшы. Басшы шаруашылық-қаражат іс-әрекеттерін басқарады, мейрахмананың қызмет көрсету мәдениетін, өндірілетін өнімнің сапасын, есеп жағдайын, кадрларды таңдау және жұмысқа орналасу реттерін бақылайды. Материалды-ақша заттарын жұмсауға, керекті заттар алуға келісім-шарт жасауға, қызметкерлерді ауыстыруға және жұмыстан шығарып жіберуге директордың еркі бар. Директор орынбасарының да сондай еркі бар, сонымен қатар директордың тапсырыстарын, өндірістің сұрақтарын шешуге және оған жауап беруге құқығы бар. Өндіріс меңгерушісі – мекеменің өндірістік іс-әрекетіне толығымен жауап береді. Ол күнделікті мәзірді жасайды, өндірісте санитарлық тазалықтың сақталуын қамтамасыз етеді, қолданылған тауар-материалдық құндылықтар туралы дер кезінде есеп беріп тұрады. Метрдотель барлық даяшылардың, бармендердің, швейцарлардың, гардеробщиктердің, залды тазалаушылардың, дәретханашылардың жұмысын реттеп басқарады. Күн бойы метрдотель залда болады, тазалық пен тәртіптің сақталуын және үстелдердің сервистерінің дұрыстығын қадағалайды. Мейрамхана ашылар алдында бүгінгі күннің жұмыс тәртібі туралы даяшыларға нұсқаулар береді, мәзірмен таныстырады, қонақтарды қарсы алуға дайындықтарын тексереді және т.б. Жұмыс күні аяқталғаннан кейінгі метрдотельдің міндеті даяшылардың түскен табысын кассаға өткізудің қадағалау, залдың тазалығын қабылдау, сервиске алынған ыдыс-аяқтарды өткізуін қадағалау, келесі ауысымға арнап журнал-күнделікке тапсырмалар жазып кету. Метрдотель даяшылардың жұмысын ұйымдастырады, олардан бригада құрып, бригадирді белгілейді, олардың графиктерін жасап жұмысқа уақытылы шығуын қадағалайды. Мейрамхананың метрдотелі журналға (ұмытылған заттарды жазу журналы) қонақтардың ұмытып кеткен заттарын жазып тұрады, ол жөнінде директорға хабарлап тұрады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных