ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кадрларды іріктеу барысында ақпарат көздерін жасау
Қызметкерлерді іріктеп жұмысқа алудың барлық жауапкершілігі кадр бойынша менеджердің мойында. Басқа да басқарудағы жұмыс сияқты, кадрларды іріктеу күрделі де және нақтылы жұмыс. Қызметке адамдарды іріктеу процесі жеке тұлғаның критерияларын анықтаудан басталады. Кадрларды таңдап іріктеу кезінде қателеспеу үшін, әр түрлі ақпарат көздері көмек береді. Кадрларды іріктеудегі ақпарат көздері: 1) қабылдау туралы арыз; 2) фотография; 3) биография; 4) жеке анкета; 5) кәмелеттік аттестат 6) еңбек кітапшасы 7) ұсыныстар 8) жұмысқа орналасушымен әңгіме 9) тексеру жұмысы 10) медициналық қарау, психологиялық тестілер 11) графологиялық қортынды. Жұмыс күштерінің нарығы: Кадрларды іріктеу процесінде ішкі және сыртқы жұмыс күштерінің нарығы пайдаланылады, яғни өз қызметкерлерін немесе сыртқы қызметкерлерді көмекке тартады. Әр түрлі нарықтардың іріктеуі өзінің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де болады. Кадрларды мекеменің өзінің ішінен іріктеудің артықшылықтары: -жұмыста жақсы жағдай сақталады, жоғарылауға мүмкіндіктер туады; -қабылдау кезіндегі шығынның азаюы; -өндіріс жұмысын білу; -қызметшілердің білімінің болуы. Кадрларды мекеменің өзінің ішінен іріктеудің кемшіліктері: -таңдау (іріктеу) мүмкіншіліктерінің азаюы; -квалификациясын (білімділігін) көтеруге шығынның өсуі. Кадрларды сырт мекемелерден іріктеудің артықшылықтары: - таңдау (іріктеу) мүмкіншілігінің кеңдігі; -мекеме үшін жаңа ойлардың қосылуы; -жұмысқа орналасушы басқа мекемеден білімдер, жаңалықтар әкеледі; -жұмысқа қабылдау маман кадрларға олқылықты, сұранысты толтырады. Кадрларды сырт мекемелерден іріктеудің кемшіліктері: -қабылдау кезіндегі шығынның көптігі; -жаңадан қабылданған адамдардың көптігі кетушілердің де санын арттырады; -ұжым климатына теріс әсерін тигізуі; -жаңа жұмысшыны үйретуге, білімін көтеруге уақыттың көп кетуі. Қызметкерлерді бағалаудың критериялары 1. Білімі және өндірістік тәжірибе. 2. Тәртіптілік (өзін-өзі ұстай білу). 3.Мақсаттылық. 4.Интеллектуальдық қабілеті. 5. Сөйлесе білу. 6. Ерекшеліктері. 7. Кәсіби жарамдылығы.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|