Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Омар дәуіріндегі мәдениет




Пайғамбардың дүние салуынан соң халифаттың билігі халифаның қолында болғандығы, ал провинцияларда уалилер халифаның атынан елді басқарғандығы белгілі. Халифа – ел басшысы, ол Мединедегі мұсылмандар тарапынан сайланды, одан соң өзге провинциялардағы мұсылмандардың биаты алынады. Халықтың таңдауымен билік басына келген Әбу Бәкір Омарды өзінің орнына ұсынып кетті. Алғашқы мұсылман арабтар ежелден бері келе жатқан әкеден балаға жалғасатын тақ мұрагерлігі дәстүрін қолданбады. Хулафа Рашидин дәуіріндегі ешбір халифа өлімінен соң өзінің орнына отыратын халифаны жанұясынан ұсынбаған. Исламды алғаш қабылдағандар, жоғары адамгершілік қасиетке иелері, сіңірген еңбектері және ардақты Пайғамбарға жақындары халифаттың халифасы болуына басты критерий болды. Сол кезеңде халифаның халықты басқару мен намазда имамдық жасау сияқты діни қызметтерді атқаруға міндетті саналды. Мұсылмандар биат жасаумен халифаны мойындағандығына, оған бағынатындығына және бұйрықтарын орындайтынына сөз беру арқылы жүзеге асырылады.

Халиыаның міндеттері - әділдікті жүзеге асару, елді басқару, халықтың діни және дүниелік істеріне жетекшілік жасау. Осы қызметтерді атқарған халифалар Құранда орын алған шура негізін (Али Имран 3/1-59, аш-Шура 42/38) тиімді қолданған және мемлекеттің шура мен биат негізінде қалыптасуын қамтамасыз еткен.

Ел дамуына қатысты атқарылған жұмыстар. Мұсылман арабтар бағындырған қалаларда кейде ескі ғибадатханаларды толықтай немесе жартылай мешітке айналдырса, кейде жаңа мещіттер тұрғызды. Дамаск қаласының ортасында орналасқан Юоан шіркеуінің жартысы христиандарға қалдырылып, қалған жартысы мешітке айналдырылған. Мұндай іс Хумуста да жүзеге асырылды. Бейбіт жолмен бағындырылған ескі ғибадатханаларға мұсылмандар тиіспеген. Халифа Омар өзіне берілген Құдыстағы ғибадатханаларға тиіспеді, қоқыс орнына айналған мешіт Ақсаның орнын тауып осол жерге үлкен мешіт тұрғызылуына бұйрық берді.

Елдің тұрмысын жақсарту жолында егіншілікке қолайлы жерлерге су жеткізу үшін каналдар қазылғандығын да атап өткен жөн. Келесі жағынан адамдардың суға деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін отырықты жерлерге каналдар қазылды. Басраға Тигр өзегінен су әкелу үшін қазылған тоғыз милдік Әбу Муса өзені мен Мақил каналы және Куфаға су әкелу үшін қазылған Саад каналын ерекше атауға болады.

Амр бин әл-Ас та Ніл өзенін Қызыл теңізге құятын 69 милдік канал қаздырды. Бұл каналға «Амиру-л-муминин» деп ат берілді. Осы су жолымен Мединеге азық-түлік тасымалдау қатынасы жолға қойылды. Осы каналмен жүретін жүк кемесі Қызыл теңізге өтеді де Жиддаға келіп түседі.

Қалалардың салынуы. Халифа Омар дәуірінде жаулап алынған жерлерді бақылауға алу және жаңа жерлерді бағындыру үшін әскер орналастырылатын және халық қоныстанатын қалалар бой көтерді. Жаулап алынған Ирак мен Иранды бір орталықпен басқару мүмкін болмағандықтан осы аймақта екі түрлі орталықтан басқару мақсатында Басра мен Куфа қалалары салынды.

Омардың бұйрығымен Утба бин Ғазуан бүгінгі Басрадан шамамен 25 шақырымдай қашықтықта қамыстан бір мешіт пен уали отыратын орын тұрғызды. Әбу Муса әл-Ашари 638 жылы осы аймаққа уали ретінде тағайындалғанда аталған екі ғимаратты бұрынғысынан да кең етіп кірпіштен қалатты. Қалаға араб тайпаларымен қатар жорықта қолға түскен және мұсылман болған халықтарда орналастырылды.

Куфа бастапқыда мұсылман араб әскерін орналастыратын берік лагерь ретінде пайда болды, одан соң бұл жерге қарапайым халық та келіп қоныстанды. Саад бин Әбу Уаққас халифа Омардың рұқсатын ала отырып, тегіне қарай тайпаларды Куфаға жеті бөлек ауданға орналастырды. әр Тайпаның бөлек мешіті мен мазараты болды. Қаланың орталығында орналасқан әл-Масжиду-л-Жами 40 000 адам намаз оқи алатын соншалықты үлкен етіп тұрғызылды. Халифаның әмірімен бес уақыт намаз аудан мешіттерінде, ал Жұма намазы үлкен мешітте оқылды. Осылай орналастару әскер қатарына алуға және олжа үлестіруге қолайлы болды. Куфаға христиан арабтар мен парсылдар да орналасты.

Келесі жағынан Амр бин әл-Ас 643 жылы Бабилонға жақын Фустат деп аталатын бекіністі қала салып, Араб түбегінен көшіп келген мұсылмандарды осы жерге жайғастырды. Ол кейін келе Мысырдың орталығына айналды.

Оқу-ағартушылық. Құранды бір нұсқаға түсіру қажет екендігін Әбу Бәкірге айтқан Омар халифатқа қарасты барлық аймақтардың мешіттері мен мектептерінде Құранды үйрету арқылы оқу-ағартушылықты бастау қажет екендігін уалилерге бұйырды. Осы мақсатпен уилаяттарға Мединеден кейбір сахабаларды аттандырды және оларға айлық төледі. Құранды дұрыс түсінуге талпыныс жасалып, муташабих аяттармен айналысуға тиым салынды, қадар мен қаза тақырыптарында қате түсініктемеге тосқауыл қойылды. Омар тарапынан Куфаға жіберілген Абдуллаһ бин Масуд онда берген қырағат, тәпсір дәрістерімен Куфа мектебінің негізін қалады, әсіресе, Иракта әһлу рай әрекетінің пайда болуына әсер етті.

Хижри күнтізбесін енгізу. Халифа Омар дәуірінде болған жорықтардың нәтижесінде Парсы және Аден шығанақтары арқылы Үндіста мен Қытайға, Хира қаласының маңына салынған Куфа арқылы Арабстанға, Сирияға, Палестинаға және Анатолияға, Иранға, Орта Азияға, Мысырға жәгне шығыс Жерторта теңізіне қарай ежелден бері келе жатқан сауда жолы мұсылман арабтардың бақылауына өтті.

Сауда қатынасының жандауымен жыл қайыруға деген қажеттілікке байланысты Омар хижретті күнтізбе бастамасы ретінде қабылдады, осылай хижрет жыл санағы қолданысқа енді. Хазіреті Алидің ұсынысымен хижрет жыл санағының он алтыншы жылы Рабиулаууал айында хижрет күнтізбесі қолданысқа ендіру жоспарланды.

Лекция

Осман халифалығы (644-656 жж.)

Халифа Омардың өлімінен соң оның белгілеп кеткен кеңес (шура) мүшелері тарапынан халифа ретінде сайланған Осман бин Аффан он екі жыл халифалық таққа отырды. Ислам тарихшылары оның халифалық кезеңін «бірінші алты жыл» және «екінші алты» жыл деп екі кезеңге бөледі. Бірінші алты жыл халифатта тыныштық пен ауызбірлік сақталған «сукунат дәуірі (644-650 жж.)» деп есептелсе, екінші дәуір «алауыздық кезеңі (650-656 жж.)» деп аталатын екінші алты жыл халифа Османның өлтірілуімен аяқталған және жағымсыз әсерін кейінгі дәуірге де қалдырған ішкі алауыздықтар өрбіген кезең ретінде тарихта қалған.

Осман мен уалилеріне бағытталған сыни түрдегі алауыздық билік басындағыларды құлатуға айналды. Әсіресе, жаулап алынған аймақтардағы әскери мақсатпен құрылған және әртүрлі араб тайпалары орналастырылған Куфа, Басра, және Фустат қалаларында бой көрсеткен бұл қозғалыс Құрайшқа қарсы тайпашылдық күресіне айналды. Осман бин Аффанға қарсы бас көтергендер оны орынсыз өлтірдіХазіреті Османның заманында болған және ислам тарихындағы алғашқы алауыздық ретінде танылған бұл көтеріліс ислам тарихының басты кезеңін құрайды. Ислам тарихының алғашқы алауыздығы болып табылатын аталған ел іші алауыздық және халифа Османның орынсыз өлім құшуынан соң мұсылмандар арасында ішкі шайқастар орын алды.

Хулафа Рашидиннің үшіншісі болып табылатын Осман бин Аффан 576 жылы дүниеге келген. Ол ардақты Пайғамбардан алты жас кіші. Осман Құрайштың атақты екі тармағының бірі – Бани Умаййаға жататын. Оның әкесі Аффан бин Әбу-л-Ас Құрайштың ең бай саудагері болатын және ол жахилия дәуірінде дүние салған. Ал анасы Аруа бинт Курайз ардақты Пайңамбардың нағашысы Байзаның қызы болатын. Хазіреті Осман ардақты Пайғамбардың екі қызымен үйленгеніне байланысты екі нұр иесі деген мағынаны білдіретін «зу-н-нурайн» деген лақаб атқа ие болған.

Балалық пен жақсық шағын Меккеде өткізген Осман кішкентай кезінде-ақ саудамен айналысты. Әкесінің Сирияға шыққан бір сауда мақсатындағы сапарында дүние салғаннан соң жанұясының сауда-саттық жұмыстарын Осман мойнына алған. Оның мата мен киім сатумен аты шықты. өнегелі мінез-құлқы мен әділдігіне байланысты саудада қолы жүрді және ислам келген алғашқы жылдарында Меккенің белді саудагерлері арасында орын алды. Осылай ол Мекке халқының құрметіне бөленіп Мекке мықтыларының қатарына қосылған. Осыған орай саудагерлермен бірге Әбу Бәкірдің шынайы досына айналған.

Осман ислам дүниеге келген алғашқы шақта Пайғамбардың жасырын исламды тарата бастаған алғашқы күндері Әбу Бәкір арқылы ардақты Пайғамбарға барып алғаш исламды қабылдағандар қатарынан табылды. Оның алғашқы он мұсылмандардың бірі екендігі баяндалады. Осман исламды мен жанұясының қатты қарсылығына ұшырады. Немере ағасы Хакам бин Әбу-л-Ас оны жіпке байлапүйдің ішіне қамап қойды және исламнан бас тартпайынша оның соңына түсетінін айтты. Соңында Османның сенген дінінен бас тартпайтынына көзі жеткеннен соң ол жайына қоя берді. Анасы да оны кірген дінінен шығару үшін бар амалды жасап бақты, одан да еш нәтиже шығара алмағаннан соң Османды жайына қойды. Османның жахилия дәуірінде Махия атты әйелмен үйленгендігі, одан Амр деген бала туылғанын және осы баласына байланысты Осман Әбу Амр деп аталатындығы баяндалады. Осман исламды қабылдағаннан аз уақыт ішінде ардақты Пайғамбардың қызы Руқиямен шаңырақ көтерген. Мекке мүшіріктерінің мұсылмандарға көрсеткен жәбір-жапасының күн өткен сайын артуына байланысты пайғамбарлықтың бесінші жылы Осман Руқиямен бірге алғашқы қоныс аударушылармен бірге Хабашстанға қоныс аударған. Біршама уақыт өткеннен соң Хабашстандағы бірнеше мұсылмандармен бірге ол Мекке қаласына қайта оралды. Мединеге хижрет кезінде жанұя мүшелерімен бірге ол Мединеге қоныс аударды. Осылай ол Хабашстанға және Мединеге екі рет хижрет жасады. Мединеге хижреттің алғашқы жылында ардақты Пайғамбар тарапынан мухажирлер мен ансарлар арасында жасалған бауырластық серті кезінде Осман Аус бин Сабитпен бауыр болды. Біршама уақыт Аус бин Сабиттің үйінде қонақ болған Осман тұрғызған өз үйіне көшті. Осы жерде де саудамен айналысып, мол табысқа қол жеткізді.

Осман әйелі Руқияның сырқаттануына байланысты Бәдір шайқасына қатыса алмады. Өйткені, ардақты Пайғамбар оның қызына қарауын өтінген. Шайқастан соң оны да Бәдір соғысына қатысқандармен бірге олжадан үлес берді. Руқия Бәдір жеңісі сүйіншісі Мединеге жеткен кезде көз жұмды. Османның Руқиядан Абдуллаһ деген ұлы дүниеге келген. Абдуллаһ Мединеге хижреттің төртінші жылы алты жасында бір қораздың көзін шұқуынан ауырып дүние салды.

Ардақты Пайғамбар Османды кейінірек келесі бір қызы Умму Кульсумге үйлендірді. Осыған байланысты ол Зиннурайн деген атқа ие болды. Умму Кульсум Османмен бас қосқанна алты жылдан соң хижреттің тоғызыншы жылы Табуқ жорығынан оралған күндері дүние салды.

Осман хижреттің үшінші жылы болған Ухуд шайқасына қатысты. Осман ардақты Пайғамбардың уахи хатшыларының бірі болатын. Ол Затурриқа және Зуамар жорықтары кезінде Мединеге Пайғамбардың өкілі ретінде қалдырылған. Худайбия келісімі болар кезде ардақты Пайғамбар тарапынан Меккеге елші ретінде жіберілген. Мұсылмандардың Қағбаға зиярат жасауында ол белсенділік көрсеткен.

Ардақты Пайғамбардың қызы Умму Кульсумның өлімінен соң Осман алты рет үйленді. Алдымен Фахита бинт Ғахуанмен үйленді және одан Абдуллаһ деген ұл дүниеге келді. Фахитаның өлімінен соң Умму Амр бинт Жундабпен шаңырақ көтерді. Одан Амр, Абан, Омар және Халид деген ұлдары мен Мариям деген қызы дүниеге келді. Османның ұлы Абан ардақты Пайғамбардың өмірі туралы мәліметтер жинаған алғашқы сияр ғадымы болатын. Осман Махзум руына жататын Уалид бин Муғираның қызы Фатимамен де үйленген, одан Уалид және Саид деген екі ұлы мен Умму Саид деген қызы дүниеге келген. Османның Калб тайпасына жататын Наила бин Фурафиса атты әйелінен де балалары болды. Басбұзарлар Осман үйін қоршауға алған және үйіне басып кіріп оны өлтірген кезде Наила оның жанында болатын. Ол күйеуін қорғамақ болғанда қолының саусақтары кесілген. Осман өлтірілгенде Фахита мен Рамла атты әйелдері де тірі болатын.

Халифа ретінде сайлануы. Араларыңнан бірің үш күн ішінде халифа сайлаңдар деп халифа Омардың белгілеп кеткен алты адамдық шура (кеңес) мүшелері алғашқы мәжілісін оның өлімінен бұрын (Тальха бин Убайдуллаһ Мединеде болмағандықтан) бес адам болып жүргізді. Бірақ Омардың әмірімен мәжіліс оның өлімінен кейінге қалдырылды. Екінші мәжілісте де бес адам бас қосты. Бас қосудың алғашқысында орын алған бірнеше тартыстан соң Абдуррахман бин Ауф мәжілісте отырғандар бірінің халифалыққа үміткерліктен бас тартып, осы мәжілісте ең көп қолдауға ие болғанды халифа сайлауға төрелік жасауға шақырды. Қалған төрт үміткер бұдан бас тартқандықтан, Абдуррахман өзін халифа сайлаудан еркімен бас тартып, өзін төрелік жасауға ұсынды. Осман, Зубейр бин Аууам және Тальхаға өкілдік жасаған Саад бин Әбу Уаққас оның төрелігін мойындайтынын алға тартты. Бірақ Али Абдуррахманның туысына бұрмай, тек мұсылмандардың игілігі үшін әділ болатыны жөнінде уәдесін алып барып қабылдайтынын мәлімдеді. Осы шартты қабылдағанын білдіргеннен соң Абдуррахман бин Ауф сайланатын халифаға бағынатындығы туралы кеңес мүшелерінің антын алды. Одан соң жұмыстарын жалғастырды. Кеңес мүшелерінің әрқайсысымен жеке жеке кездесті. Олардың халифалыққа үміткерлігі қаншалықты екендігі сұралды. Халифа ретінде сайланбай қалса қайсысын халифалыққа лайықты деп білетіндігін анықтауға тырысылды. Ол шура мүшелерімен кездесумен ғана шектелмей, мәжіліс тәртібі бойынша Әбу Тальха әл-Ансаридің басшылығымен бір топ әскер тарапынан күзетілген әлгі мәжіліс үйінен сыртқа шығып, Мединедегі ансар, мухажир басшыларымен де кеңесті. Сонымен қатар қажылықтан қайтып Мединеге келген уалилермен, қолбасылармен, тайпа көсемдерімен т.б.-лармен кездесіп, олардың осы кеңес мүшелері ішінде қайсысының халифалыққа лайықты деп білетіндігін анықтауға талпыныс жасалды. Ол мәжіліске қайтып келіп, шура мүшелерімен қайта-қайта кездесті және үш күн бойы жұмысын өте мұқияттылықпен атқарды. Төртінші күннің таң намазынан соң шешімін жариялау мақсатында Масжид Набауидің лық толған жамағатының алдына шығып, алдымен Алиді, одан соң Османды шақырып, екеуінен де халифа сайлана қалса, Алланың кітабына және Пайғамбардың сүннетіне бой ұсыну және бастапқы екі халифаның саясатын ұстану» жайлы сөз берулерін талап етті. Али «күш-қуатым мен білімім жеткенінше оны ұстанамын», - деп шартты және тартыншақтап жауап берді. Ал Осман оның қойған сұрағына тартыншақтамастан, ешқандай шартсыз түрде «ия» деп жауап берді. Осыған байланысты Абдуррахман бин Ауф Османды халифа деп сайлайтынын жариялап, оған биат жасады. Оның артынан Али мен мешіттегілер кезегімен Османға биат жасады.

Осы соңғы шешім жарияланғанға дейін Османның жақындары мен Алидің жақындары арасында тартыс орын алғанымен, халифа сайлау анықталғаннан соң ешөқандай тартыс және алауыздық орын алмады. Дереккөздерде Абдуррахман бин Ауфтың ұйымдастырған кездесулері кезінде көпшілігі Османды қолдағандығы туралы мәліметтер бар. Осы мәліметтер соңғы шешіміне дейін Абдуррахманның Алиді таңдау ниетінде болғандығы, бірақ, Алидің шартты түрде жауап беруіне байланысты таңдауын өзгерткенін баяндайды.

Халифа Осман заманындағы жорықтар. 644 жылы халифа ретінде сайланған Османның халифалығы он екі жылға созылды. Оның бастапқы алты жылы елде тыныштық орнады. Жорықтар заманының алғашқы жылдарында жетелдей түсті. Ал екінші алты жылынан бастап, пайда болған ішкі алауыздықтарға байланысты жорықтардың шапшаңдығы баялай бастады. Осыған қарамастан халифалығының соңғы екі жылында да біршама жеңістерге қол жеткізілді.

Иранға, Азербайжанға және Хорасанға жорықтар. Османның халифалығы заманында мұсылман араб әскерлері Иранның ішкі аймақтарына одан ары жорықтарын жалғастырды. Исфахан, Хамадан және Кирман алынып, Иранды жаулау толықтай дерлік аяқталды. Иранға жорықтар Бахрейн арқылы теңіз жолымен де жүргізілді. Осы жорықта Истахр мен сол аймақтағы өзге де қалалар бағындырылды және Балужистанның теңіз жағалауындағы аймақтар алынды. Мервке шегінуге мәжбүр болған сасанидтердің соңы билеушісі ІІІ Иездижерд 651 жылы өз адамдары тарапынан өлтірілді. Осы кезде Иран толықтай халифаттың құрамына қарап үлгірген болатын. Хорасанға халифаттың ықпалы мен үстін үстіне жасалған жорықтар Осман халифаның заманында басталған болатын. 651 жылдың басында Ахнаф бин Қайс Кирман арқылы Хорасанға басып кірді де Тохаристанға дейін созылып жатқан жерлерді бағындырды. Осы аймақтағы жорықтарды ұйымдастырып отырған Басра уалиі Абдуллаһ бин Амир де Нишапурды басып алды және аталған қалаға Хорасан аймағының алғашқы мешітін тұрғызды. Абдуллаһ бин Амир мен Ахнаф бин Қайстың толеранттық ұстанымдары сасани губернаторлары мен аймақ әкімдерінің халифат билігін мойындауына жол ашты. Абдуллаһ пен Ахнаф бүгінгі Ауғастан территориясына енетін Балх, Герат, Бушанж және Тус сияқты үлкен қалаларды бағындырды. Келесі жақта Армения, Грузия, Дағстан (Дагистан), Азербайжан, Арран аймағы және Тбилиси жаулап алынды. Халифа Осман Азербайжанның алуан түрлі аймақтарына араб әскерлерін орналастырды және аймақтарға ислам дінінің таралуына көп жағдай жасаолды.

Солтүстік Африка және Нубия аймағына жорықтар. Османның дәуірінде Солтүстік Африкаға жорықтар одан ары жалғасты. Византиялықтар 645 жылы осы аймақтың уалиі Амр бин әл-Ас Мединеге кеткен кезде Александрия қаласын жаулап алған болатын. Амр өзіне қарасты әскермен Александрияны қоршауға алып, соңында ондағй византиялықтарды қаладан қуып шықты (645 ж.). Амр уалиліктен алынып тасталғаннан соң, оның орнына тағайындалған Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сарх халифа Османнан рұқсат алып, жіберген қосымша әскермен 647 жылы Ифриқия аймағына жорыққа аттанды. Траблусғарбтан Ифриқияға (Тунис аймағы) дейін сапар шегіп, осы аймақтың басты орталықтарының бірі – Субайтила маңайында болған шайқаста 20 000 сарбаздың әскермен Византиядан тәуелсіздігін жариялаған Грегориустың 120 000 адамдық әскерін жеңіп шықты. Аббдуллаһ деп аталатын жеті сахабаның қатысуымен болған осы шайқас «Ғазуату-л-Абадила» (Абдуллаһтар шайқасы) деп аталды. Осы шайқастан соң Ифриқияның жергілікті басшылары Абдуллаһ бин Саадқа келіп, жерлерін өздеріне беру шартымен жизия салығын төлеуге келісті. Осылай аймақ халифат территориясына қарады. Бірақ, ифриқиялықтардың берген уәделерін бұзуына байланысты 653 немесе 654-655 жылы екінші мәрте осы аймақты жаулауға шыққан Абдуллаһ бин Саад оларды қайта тізе бүктірді.

Халифа Омардың заманында Мысыр уалиі Амр бин әл-Ас тарапынан Нубияға аттандырылған Уқба бин Амир біршама шайқастарды өткерсе де аталған аймақты бағындыра алмаған болатын. Абдуллаһ бин Саад Ифриқияда жеткен Субайтила жеңісінен соң жорықтарын Ніл өзенімен жоғарылай отырып, оңтүстікке, Нубияға қарай жалғастырды. Ол бүгінгі Судан жеріндегі Донголаға дейін ілгеріледі. Ондағы билік жүргізген христиан дініндегі Макарра корольдігімен келісім жасалып, аталған мемлекет халифатқа вассал ретінде қабылданды (652 ж.).

Кипр жорығы. Халифа Осман заманында Сирия мен Мысыр уалилері теңіз жағалауларындағы Византиядан қалған теңіз қоймаларын пайдалануға көшті. Теңіз арсеналдарында жұмыс істейтін ұсталарды пайдалана отырып, мұсылман арабтар теңіз флотын құрды. Қуаттана түскен осы теңіз флоттары арқылы мұсылман арабтар халифа Османның замамында бірнеше жеңістерге қол жеткізді. Дамаск уалиі Муауия бин Әбу Суфиян Кипрды жаулау үшін халифа Омардан рұқсат сұраған болатын. Бірақ теңіз жағдайы жайлы Мысыр уалиі Амр бин әл-Астан мәлімет алдырған халифа мұсылман әскерлер өміріне қауіп төндірмеу үшін теңізге жорық жасауға рұқсат бермеген еді. Халифа Осман заманында бүкіл Сирия уалиі қызметін атқарған Муауия үшінші халифаның рұқсатын алды. Халфа Осман екіріктілерден құралған әскермен ғана шығуға болады деген шартпен Кипрға жорық жасауға рұқсат етті. Муаия Мысыр уалиі Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сархты да жорыққа қосылуға шақырып, үлкен мұсылмана араб теңіз флотын құрды. Мұсылман араб теңіз әскері 649 жылдың көктемінде 1700 кемемен Аккадан теңізге шықты. Кипр аралы қоршауға алынып, 7200 алтын салық беру және мұсылмандарға шабуыл жасамау шартымен бейбіт жолмен келісім жасалды. Кипр басшыларының салықтан жалтаруына байланысты 654 жылы 500 кемелік мұсылман араб теңіз әскері екінші мәрте Кипрға аттанды және соғыс арқылы арал алынды және 12 000 әскер орналастырылды.

Зату-с-Сауари шайқасы. 650 жылы Сирия жағалауына жақын Аруад аралы алынды. 652 жылы Сицилия мен Родос аралдарына әскери кемелер аттандырылды. Осы жылы Александрияны жаулап алуға талпынған Византия әскери кемелері кері қайтарылды. Осы жылдары 200 кемелік мұсылман араб теңіз флоты Александрия (кейбір мәліметтерде Финика) ашық теңізінде ІІ Констанс қолбасшылығындағы 500 кемелік Византия теңіз флотымен шайқасып жеңіске жетті. Осы шайқаста кеме желкендері көп болуына байланысты «Зату-с-сауари» деп аталған осы жеңіспен Византияның Оңтүстік Жерорта теңізіндегі билігіне нүкте қойылды. Хулафа Рашидин дәуірінің ең үлкен шайқасы болып табылатын бұл шайқас 652 жылы немесе 655 жылы болды деген әртүрлі мәліметтер бар.

Құран Кәрімді көшіріп көбейту. Құран Кәрім халифа Әбу Бәкір заманында түпнұсқа (мусхаф) ретінде жинақталған және аталған мусхаф барлығына түбіртек ретінде сақталған. Сонымен қатар сахабалар да өз нұсқалары мен жаттағанына қарай оқитын. Халифа Омар мен халифа Осман дәуірлерінде жасалған жорықтар арқылы халифат территориясы кеңейді. Жаулап алынған аймақтардағы мұсылмандар Құранда өз аймақтарында аты шыққан сахабаның нұсқасымен, қырағатымен оқитын. Тіпті, алуан түрлі уилаяттардағы әскерлер бір жерде бас қосқан кезде оларлың арасында қырағат айырмашылықтарына байланысты тартыстар орын ала бастады. Азербайжан мен Арменияны жаулауға қатысқан әскердің қолбасшысы Хузайфа бин Яман сириялық және ирактық әскерлер арасындағы қырағат қайшылығына және олардың бірін бірі теріске шығарғанына куә болып қатты мазасызданды. Дереу, Мединеге, Османның қасына барып, осы проблеманы тез арада шешу қажеттігін ескертті. Халифа Осман халифа Омардың өлімінен соң оның қызы және мүміндердің анасы хазіреті Хафсаға берілген Әбу Бәкір нұсқасын көбейтіп белгілі орталықтарға жіберуге шешім шығарды. Көшіру және көбейту жұмысына Зейд бин Сабит басшылығындағы Абдуллаһ бин Зубейр, Саид бин Ас және Абдуррахман бин Харис бин Хишамнан құралған комиссия мүшелерін жасақтады. Қырағат айырмашылықтарына байланысты туындаған тартыстарға нүкте қоюда сөздерді жазуда қайшылық туындай қалса, Құрайш диалектісін негізге алуын бұйырды. Құрылған комиссия жұмыстарын аяқтағаннан соң түпнұсқаны Хафсаға қайта тапсырды. 646-651 жылдары аралығында жасалған осы жұмыстың соңында көшіріліп көбейтілген жеті (немесе төрт, бес, сегіз) Құран нұсқасының бірі единеде қалдырылды. Ал қалған нұсқалар осы нұсқаны үйрету міндеттелген қарымен бірге Меккеге, Куфаға, Басраға, Шамға, Иеменге және Бахрейнге жіберілді. Құран нұсқалары уилаяттарда қолдауға ие болды. Осы күннен бастап, Құранды үйрету осы нұсқалар бойынша жүзеге асырылды.

Халифа Осман аталған қырағат қайшылығын одан ары жалғасуына тиым салу үшін осы көшіріліп көбейтілген нұсқалардан басқа жазылған Құран парақтары мен нұсқаларының өртелуіне бұйырық берді. Халифа Османның бұл шешімі көпшілік тарапынан қолдауға ие болды. Османның осы ісін қолдағандардың басында хазіреті Али келеді. Құранды реттеу жұмысының комиссиясы басшылығына Зейд бин Сабитті қоюға қарсы шыққан Абдуллаһ бин Масуд пен шәкірттері бастапқыда қарсылық білдіргенмен, кейіннен Османның шешіміне келісімдерін берді.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных