ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ижреттің сегізінші, тоғызыншы және оныншы жылдарыМута шайқасы. Мута Сирия жақтағы Византияға қарасты аймақ болатын. Осы шайқастың туындауына тарихшылар екі себепті ұсынады. Оның бастапқысы – пайғамбар Худайбия келісімінен соң осы бір бейбітшілік заманда көрші елдерге исламға шақыру хаттарын жолдаған болатын. Осы жолдау хаттарының бірі Бусраға жөнелтілген. Бұл аймақ Византияға вассал христиан арабтардың иелігінде еді. Олар Пайғамбар хатына ашуланып, елшіні де өлтірді. Ал екіншісі – Пайғамбар Сирия шекарасындағы Зату-т-Талхаға исламға шақыру үшін он бес адамды жіберді. Олар да келген елшілердің барлығын өлтірді тек біреуі ғана қашып құтылды. Осы екі себепке байланысты Мута шайқасы жүзеге асты. Хижреттің сегізінші жылы Пайғамбар Зайд бин Хариса қолбасшылығындағы 3000 адамдық армияны солтүстікке қарай аттандырды. Пайғамбар әскерді жорыққа аттандырар кезде, туды Зайдқа беріп тұрып, «Зайд шаһид болса, қолбасшылыққа Жафар бин Әбу Талиб өтсін, ол да дүние салса, Абдуллаһ бин Рауаха әскербасы болсын. Әйелдерді, балаларды, соқырларды өлтімеңдер. Үйлерді өртеп қиратпаңдар, ағаштарды кесіп бүлдірмеңдер» деп кеңес берді. Әскер негізгі мақсаттарын жасырын ұстағанмен мұсылман әскерінің солтүстікке аттанғанын Сириядағы Византия губернаторы Шурахбил тыңшылар арқылы естіп, маңайдағы тайпалардан әскер жасақтады. Византия императоры да қосымша әскер жіберіп, жау әскері 100 000-ды құрады. Византия әскерінің қолбасшысы – императордың інісі Теодор (Феодор) болды. Мұсылман әскері Сириядағы Маана деген жерге келген кезде, алып әскермен кездесетінін естіді. Мұсылман қолбасылар кеңесе келе Зейд Пайғамбарға хабар жіберейік десе, Абдуллаһ бин Рауаха соғысуды ұсынды. Осылай мұсылмандар алға қарай жүріп Мута деген жерже Византия әскерімен кездесті. Жау әскері сан жағынан басым болуымен қатар мықты қарулармен жасақалған. Мұсылман армиясы артқа шегінудің пайдасыз екендігін түсініп, шабуылға шықты. Ту ұстаған Зайд бин Хариса жер құшты, Пайғамбардың өсиеті бойынша Жафар қолбасылыққа өтті. Жафар шайқаста үлкен ерлік көрсетті. Қолдары кесілсе де туды жықпауға талпынды. Ол жан тапсырғаннан соң туды Абдуллаһ бин Рауаха алды. Ол да шаһид болды. Мұсылман әскерлері ыдырай бастады. Халид бин Уалид бытыраған әскерді жинамақшы болғанымен оны ешкім тыңдамады. Ол әскери шеберлігін басшылыққа ала отырып, бір жерді таңдап сонда тұрды. Оны көрген мұсылман әскерлер оның маңайына топтаса бастады. Қолбасшылық Халид бин Уалидке берілді. Халид берекесі қашқан әскерді жинастырып бір тәртіпке реттеді де жауға қарай шабуылға ұмтылды. Қиян-кескі шайқас болды. Келесі күні Халид жаңа әдіс ойлап тапты: ол алдыңғы шепті артқа артқы шепті алға, оң қанатты солға, сол қанатты оңға ауыстырды да шабуылға шықты. Византия әскері күндегі соғысып жатқан әскер емес, бейтаныс адамдарды көргенде артжақтан тағы да қосымша әскер келген екен деп қорқа бастады. Жауының санын мөлшерлей алмаған визаниялықтар кері шегініп кеңес құруға көшті. Ал мұсылмандар олардың ақылдасуына мүмкіндік бермей, Халидтің бұйрығымен қайта шабуылға шықты. Бұл жауды одан сайын үрейлетті және Византия әскері кері шегіне бастады. Осы сәтте Халид әскерді дереу артқа шегіндірді. Жау әскері де мұсылмандардың санын біле алмай шабуыл жасауға жүректері дауламай кері шегінді. Осайлы халид мұсылман әскерін аман алып қалды. Зату-с-Саласил шайқасы. Мута шайқасынан соң мұсылмандарды Византиядан жеңілді деп санап маңайдағы арабтар Мединеге қыр көрсете бастады және Медине малына барымта жасайды деген хабар Мединеге жетті. Пайғамбар арабтардың шабуыл тойтару және өз үстемдігін қайта паш ету мақсатында Амр бин әл-Астың басшылығындағы үш жүз әскері Сирия шекарасына аттандырды. Оның соңынан екі жүз әскермен бу Убайда бин Жаррахты аттандырды. Амр бин әл-Ас жау әскердің санын білмеу үшін ауа-райы суық болса да әскеріне түнде от жағуға тиым салды. Таң ата өздерінен әлдеқауда көп жау әскерін ыдыратты. Меккені алу. Мұсылмандардың жасаған жорықтарындағы жеңістер әсіресе, алып ел болып табылатын Византиямен теке-тірес мұсылмандардың араб әлемі арасындағы абыройын асқақтата түсті. Бұл ислам дінінің жан-жаққа таралуына көп септігін тигізді. Ирак мен Сирияға көрші орналасқан Нежд аймағындағы рулар арасына ислам діні тарай бастады. Византиямен одақ құрған араб тайпалары да мұсылмандарға бет бұра бастады. Мута шайқасынан кейін мұсылмандардың абыройы асып, Сүлейм, Ашжа, Ғатафан, Зубиан, Фазара және Саир тайпалары арасында мұсылман болғандардың саны артты. Алайда Мута соғысы оңтүстік арабтар арасында жақсы ағаланбады. Әсіресе, мұсылмандардың жеңілісін тілейтін меккеліктер мұсылмандардың Мутада кері шегінуін ұят санады. Бұл Құрайшқа үлкен серпін жасады. Бұл серпін аяғы Мединеге шабуылға ұласуы мүмкін. Құрайштар осы себепке байланысты Худайбия келісімен мән бермеуге көшті. Худайбия келісіміне сай араб рулары екі жақтың қалағанымен одақтасуға ерікті болатын. Осы келісім бойынша Хузаа руы мұсылмандармен, Бакр руы Құрайшпен одақтасқан. Аталған рулар ежелден бері бір-бірімен жау болатын. Құрайштар Бакр әулеті мен Хузаа әулеті арасындағы жанжалды сылтауратып, Худайбия келісімін аяққа таптады. Бәкр әулетіне болысып, Хузаалықтарды қырғынға ұшыратты. Хузаалықтар қарсы шықпады. Олар Будайл бин Уарқаның үйі мен қағбаны паналады. Хузаа тайпасынан Амр ибн Салим Пайғамбарға келіп болған жайды баяндады. Одан соң Хузаа әулетінен қырық адам келім болған жағдайды қайталады және Пайғамбардан көмек сұрады. Пайғамбар Меккеге елші жіберіп, мынандай талаптар қойды: Құрай өлгендердің құнын төлейді немесе бани Бакр әулетімен одақтасудан бас тартады, яки бұларға көнбесе Худайбия келісімі күшін жояды. Құрайштар үшінші талапты қабылдады. Құрайш басшылары өздерінің таңдауы жөнсіз екендігін кеш ұғіп артынша Әбу суиянды Мединеге елшілікке жібереді де Худайбия келісімінің жалғасуын сұранды. Бірақ бұл ұсыныс тым кеш болатын. Себебі пайғамбар да, сахабалар да оның ұсынысынан бас тартты. Әбу суфиян Меккеге құр қол қайтты. Осылай Меккені бағындыруға дайындыққа бұйрық берілді. Мединемен одақтас жаұ-жақтағы рулар Мединеге ағылып келіп жатты. Хижреттің сегізінші жылы Мединеден аттанған он мыңдық мұсылман әскері жолда қосылғандармен олардың саны одан ары артты. Пайғамбардың көздеген мақсаты – Қасиетті қалаға қан төкпей соғыссыз бағындыру және ондағы пұттардан Қағбаны тазалау болды. Жолда Пайғамбардың немере ағасы Аббас келіп қосылды және өзінің мұсылман болғандығын жариялады. Мұсылман армиясы Меккеге төрт шақырым қашықтықтағы марри Захран деген жерге келіп тоқтады. Мекке басшысы Пайғамбардың алдына барып ислам дінін қабылдады. Осылай Мекке соғыссыз алынды. Мұсылман армиясының алдынан ешкім шықпады. Пайғамбар әскерді төрт бағытқа бөлді. Зубайр бин Аууам солтүстіктен, Халид бин Уалид оңтүстіктен, Сад бин Убада (бүгін соғыс күні дегеніне байланысты оны орнынан алып тастап, ұлы қайсты осы бғыттағыларға қолбасшы етті) ансарларды бастап батыстан, Әбу Убайда бин Жаррах мухажирлерді бастап, Меккенің жоғары жағынан қалаға енді. Ешкім қарсылық көрсетпеді. Тек Меккенің аяқ жағынан Халид бин Уалид бастаған топ қалаға енген кезде Әбу Суфиянның ескертуіне құлақ аспастан Икрима бин Әбу Жаһил, Сафуан бин Умаййа, Сухайл бин Амр бастаған Құрайштың әскерінің бір тобы Халид әскеріне оқ боратты. Екі мұсылман жан тапсырды. Халид амалсыз қорғануға мәжбүр болды. Мүшіріктер мұсылман әскерінің жауабына төтеп бере алмай он үші өліп, қалғандары қашып кетті. Қалаға кірген Пайғамбар алдымен Қағбаға зиярат жасады. Халық көп жиналды. Осылайша атх құтпасын оқыды. Одан соң Қағбаны пұттардан тазалады. Одан соң ер әйел барлығы келіп Пайғамбарға биат етті. Пайғамбар өзіне зұлымдық жасағандардың барлығын кешірді. Хунайн және Аутас шайқасы. Мекке бағындырылғаннан соң он бес күннен кейін бір суық хабар келді. Меккеге көршілес Хауазин таупасы мұсылмандарға шабуыл жасамақшы. Олар Мекке алынғаннан соң ендігі кезек өздеріне келді деп есептеп соғысқа әзірлік жасаған. Хауазин көсемі – Малик бин Ауф Хауазин және Сақиф тайпаларын қол астына біріктіріп, үлкен әскер жасақтады. Оған басқа рудың әскерлері де қосылды және әскер саны 20 000-ға жетті. Олар Жушам руының Дурайд бин Самма атты қартын да оның соғыстағы тәжірибесін пайдаланамыз деп бірге ала келген. Себебі, Малик әскерін жігерлендіру мақсатында әйелдерін, бала-шағалары мен мал-мүліктерін де соғысқа ала келді. Жау әскері Хунайн ойматында шеп құрды. Мекке мен Тайф арасындағы осы жерде жыл сайын Зулмазаж жәрмеңкесі болып тұратын. Дурайд шулаған мал мен бала-шағаның дауысын естіп қалып, бала-шаға соғысуға кедергі болатынын, оларды жау қолына тастағаннан басқа еш нәрсе істей алмайтынын айтып ескертті. Бірақ, әскербасылар оны тыңдамады. Құрайштар да қосылған мұсылман әскері Хунайн деген жерге келгенде тар шатқанда жау шабуылына тап болды. Екі жақтан жау әскері оқты боратты. Осы сәтте мұсылман әскері аң-таң күйде артқа қаша бастады. Өйкені мұсылман әскері біркелкі емес еді, олардың арасында жаңадан ислам дінін қабылдағандар да болды. Осы сәтте Аббас бар даусымен ақабада ант берген ансарларды және мүхажирлерді шақырды, пайғамбап мұнда оны тастап қашпаңдар деді. Осы сәтте мұсылмандар ес жиып Пайғамбардың маңайына топтаса бастады. Тым-тырақай қаша бастаған мұсылмандарды өкшелеуге көшкен жау әскері не болғаын білмей қалды. Осы сәтте мұсылман әскері жауға қарсы шабуылға шықты. Хауазин әскері шайқасқа шыдай алмай, бала-шағаларын, мал-мүліктерін тастап кері қаша бастады. Хунайн шайқасында мұсылмандардан төрт адам өлді де жау жақтың жетпіс әскері жер құшты. Мұсылмандар жау әскерін Аутасқа дейін тықсырып, енді бас көтере алмайтындай етіп таптады. Мұсылман әскеріне көп олжа қалды. Жау әскерінің қолбасшысы Малик Тайф қаласына барып тығылды. Таифты қоршау. Жау көсемі Маликті өкшелей қуып мұсылман әскері Тайф қаласын қоршауға алды. Тайф қорғаны мықты қала болатын. Сондықтан жауды тізе бүктіру оңайға соқпады. Мұсылман әскерінен 18 адам құрбан болды, жаралылар да болды. Тайфты алу үшін салман Фарисидің ақылымен арабтар үшін жаңалық болып есептелетін жаңа соғыс құралдары – ірі садақтар мен катапулькалар жасалды. Бірақ бұлар да қаланы алуға пайда бермеді. Пайғамбар тұтқындарды босатады екендеген хабарды естігенде олардың бірнешесі қаладан қашып келіп, беріліп жатты. Мұсылман әскері аланы ала алмай кері шегінді. Мекке бағындырылғаннан және Хунайн шайқасында жау армиясын талқандағаннан соң араб тайпаларының исламға деген көзқарасы бірден өзгерді. Пайғамбардың Меккедегі пұттарды талқандағаны пұттардың ешбір пайдасы жоқ нәрсе екендігіне олардың көзін жеткізді. Пайғамбарға қарсы тұрып келген Құрайштың өзі тізе бүккеннен соң оған тәуелді болып келген араб тайпалары Мединеге келіп ислам дінін қабылдай бастады. Пайғамбар келген елшілерді қабылдаса, келесі жағынан төңірекке хат, елші жолдап, оларды исламға шақырып жатты. Осылай Хижаз, Бахрейн, Иемен, Оман халқы ислам дінін қабылдап жатты. Табуқ жорығы. Ислам діні арабтың шөл даласына тарала бастаған кезде, Византия Иранды жеңгеннен соң, территориясын кеңейту мақсатында исламға қарсы үлкен соққы жасауға дайындалып жатты. Өзіне бағынышты жекелеген иеліктер мен христиан арабтарға мұсылмандармен соғысуға бұйрық берілді. Бұл хабар Мединеге жетті. Осы жылы қуаңшылық болғанына байланысты әскер жасақтау қиынға соқты. Ытық күні әскерлер Табуққа келіп жетті. Оларға ешкім кездеспеді. Себебі, византиялықтар мұсылман әскерінің аттанғанын естіп қамаларына бекінген еді. Шекарадағы кейбір билеушілер Пайғамбармен келісім жасады, жылына салық төлеуге көнді. Пайғамар оларға келісім хатын берді. Сирияда оба ауруы тарап жатқанына байланысты әскері кері қайтты. Дирар мешітінің өртелуі. Мұнафықтар орайын тауып мұсылмандардың әлсіз жерлерін табуды үнемі ойлайтын. Құба мешітіне қарсы әрекет ету үшін мұсылмандардың арасына іріткі салу, оларды алауыз қылу мақсатында кәрілер және басқа да себепке байланысты жақын жерден мешіт салуды сылтауратып, Медине маңынан бір мешіт тұрғызды. Бұл мешіт іс жүзінде мұсылмандарды ыдыратуға бағытталған ұя қызметін атқаруы тиіс еді. Осы себепке байланысты Табуқ жорығынан қайтқаннан соң мешітті өртетті. Одан соң мұнафықтар басшысы Абдуллаһ бин Убай да дүние салды. Мединеге келген елшілер. Һижреттің тоғызыншы жылының соңы мен оныншы жылы Араб тайпалары топ-тобымен Мединеге келіп, ислам дінімен танысып жатты. Сақиф тайпасы көсемдерінің бірі – Уруа Иеменнен қайтарда ислам дінін қабылдайды да Тафиқа оралғаннан соң қауымын жаңа дінге шақырғанда қауымы тарыпан өлтіріледі. Осы аймақты мекендейтін Хауазин тацпасы мен көсемдері – Малик бин Ауф мұсылмандықты қабылдайды. Таифтықтар аймағындағы тайпалардың жаппай ислам дінін қабылдап жатқандығын байқап, өздеріне ешкімнің көмек қолын созбайтындығына көзі жеткен соң Мединеге елші жіберіп, мұсылман болғысы келетіндігін, бірақ, табынатын пұттары – Латты үш ай тағы сақтай тұруға рұқсат етуді өтінді. Пайғамбар рұқсатын бермегеннен соң бір ай мерзім сұрады, оған да рұқсат етілмеді. Соңында таифтықтар ислам дінін қабылдағаннан соң Пайғамбар Муғрианы жіберіп, Латты қиратады. Сақиф тайпасы намаз оқымауға да рұқсат сұрап көрді. Оларға Пайғамбар: «намазсыз діннің қайыры жоқ», деп жауап берді. Осы жылы Бани Тамим тайпасынан да елшілер келіп, ислам дінін қабылдады. Осылай, һижреттің 9 жылы бүкіл Араб түбегі ислам дінін қабылдаған болды. Иемен, Михра, Оман, Бахрейн, Иамама көсемдері көбінесе Мединеге елшілер немесе хаттар жіберіп, өздерінің исламды қабылдағандығын жариялады. Бани Тағлиб христиан тайпасы Мединеге 16 адамдық елші жіберді. Ал Нежраннан келген 70 адамдық христиан елшілері Пайғамбармен кездесіп, исламды қабылдамағанмен, өздеріне сенім хат жаздырып елдеріне қайтты. Хадрамаут өлкесінің екі көсемі өздерінің бір топ адамдарымен ислам дінін қабылдайды. Олар жібектен киім киіп келген болатын. Пайғамбар олардың жібек киімдерін ауыстыруларын ұсынды, оларда бұл ұсынысты қабылдады. Осылай екі жылдың ішінде саны өте аз христиан, еврейлерден басқа араб тацйпаларының барлығы дерлік ислам дінін қабылдап бітті. Һижреттің тоғызыншы жылы ардақты Пайғамбар Әбу Бәкірді қажылық жасау рәсіміне жолбасшылық жасауға міндеттеді. Әбу Бәкір жолға шығып кеткеннен соң, артынан Алиді Тауба сүресінің 1-37 аяттарын жеткізу және осы жылдан соң мүшіріктердің Қағбаны зиярат жасауына тиым салу және оларға төрт ай мерзім ғана рұқсат беру хабарын жеткізу үшін жіберді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|