ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Ішкі алауыздықтар жайлы мәліметтерОсман халифалығының алғашқы алты жылында жоғарыда баяндалғаны тәрізді жорықтар одан ары жалғасрылды және түскен олжалардың артуы нәтижесінде материялдық молшылық одан ары көбейе түсті. Молшылыққа кенелумен қатар халықтың жеу, ішу және киіну әдеттерінде маңызды өзгерістер туындады. Жорықтан түскен табыстардың молаюымен рахат өмір басталған жылдарда халықтың көпшілігі халифа Османның жүргізген саясатына риза болатын. Тіпті Османның осы жылдары халық тарапынан Омардан да артық қолдауға ие болғандығы баяндалады. Ел іші тыныш өткен осы кезеңде билік басындағыларға шағым түсіргендер болғанымен ол үлкен дау-дамайға айналмастан проблема дер кезінде шешілді. Мұсылмандардың күн тәртібіндегі бірінші мәселе жорықтар болатын. Халық арасында тыныштық сақталды. Алайда, 650 жылдан бастап алауыздық дәуірінде мұсылмандар арасында қайшылықтар дүниеге келе бастады. Халифа Осман, әсіресе, уалилерінің кейбір істері шағымға арқау болып, сынға алынды. Билік басындағыларға қарсы шағымдар артып, соңы мұсылман ғұламалары алғашқы арандатушылық (фитна) деп есептеген және оның әсері бүгінгі күнге дейін жалғасқан қанды оқиғаға ұласты. Мұсылмандардың бөлшектенуіне жол ашқан аталған алауыздық ислам тарихындағы ең қайғылы мәселе болуы жағынан ерекшеленеді. өйткені, халифа Османды нысанаға алған және ел іші шайқастарға жол ашқан аталған қайшылық исламда пайда болған әртүрлі ағымтар тарапынан алуан түрлі түсініктемелер жасалды. Осы таұырыпты баяндайтын алғашқы мәліметтер көп жағынан бір-біріне қайшы келетін тұстары да жоқ емес. Осы мәліметтердің көпшілігі болған оқиғаны жеткізушілердің идеялық ұстанымдарына, саяси бағытына, тайпалық және дүниелік түсініктеріне байланысты қалыптасқан. Осыған орай істің анық-қанығы мен ақиқатын білу мүмкін емес. Осы тақырыптағы мәліметтердің үш негізгі дереккөзінің бірі болып табылатын Әбу Михнафтың шектен асқан шии екендігі белгілі. Оның берген мәліметте Осман ашық түрде айныпталып, Тальха басбұзарлар арасында орын алады. Ал Али кейбір істерде Османды айыптағанмен оған көмек қолын созған. Екінші негізгі дереккөз – Уақидидің мәліметінде Осман шектен аса қараланып, оған ауыр айыптар тағылған. Осы екі дереккөзден басқа үшіншісі – Сайф Омарға негізделген мәліметтердің ортақ ерекшелігі алауыздықта Осман мен басқа да сахабаларды кінәсіз деп табуы болып табылады. Бүгінгі күнгі атақты тарихшы Юсуф әл-Уш осы үш негізгі дереккөзде жеткізілген мәліметтерді ең сенімді жеткізушілер арқылы салыстыра, зерттей келе бір нәтиже шығарған. Оның қуаттауына қарағанда осы дереккөздердің ішінде Сайф бин Омардың жеткізген мәліметі шындыққа жанасады. Сайф бин Омардың жеткізген мәліметіне қарағанда осы алауыздықты өрбіткен құпия бір арандатушылық әрекетінің рөлі бар. Бұл құпия арандатушылық әрекетінің бастауы Абдуллаһ бин Сабаға барып тіреледі. Али, Тальха, Зубейр және Айша сияқты алдыңғы қатарлы сахабалар кейбір істеріне байланысты Османды сынға алғанымен басбұзарларға қаорсы халифаның жанынан табылған және халифаға деген адалдықтарын соңына дейін сақтаған. Халифа Осман үйін қоршауға алған кезде олар Османды қорғау үшін ұлдарын халифаның үйіне жіберген. Бірақ, басбұзарлар атақты сахабалардың атынан хаттар жазып, оларды өз қатарларындағы адам ретінде көрсетуге тырысты. Осылай істің анық-қанығын білмеген көптеген адамдарды сендіруге тырысқан. Алауыздықтың шығу себептері. Осман халифалығының алғашқы жылдарынан бастап, халифа Осман мен уалилерінің кейбір істері арыз-шағымдардың шығуына себеп болды. Бұл шағымдар халифалығының екінші жарьтысында үдей түсті де әсіресе, Омар заманында құрылған және Османның халифалығы соңғы жылдарында баюдан соң орын алған экономикалық тоқыраудан қатты әсерленген әскери бекініс қалалары Куфада, Басрада және Фустатта осы шағым иелері тіл табысатын лайықты орта табылды. Соңғы үш жылда бірге әрекет ете бастаған қарсыластар халифа Осман мен уалилерінің кейбір әрекеттерін теріс жағынан әшкере етуге көшті. Билік басындағыларға қарсы сындар мен қаралау әрекеттері күннен күнге арта келе басты сахаба сөздерімен ұштастыруға тырысылды. Кейін келе билік басындағыларды қаралау арнайы үгіт-насихатқа айналдырылды да оларға қарсы халықтың тізе қосуына шақыру талпынысы жасалды. Тарих мәліметтеріндегі ел іші қайшылықтарына жол ашатын баскөтеруге себепкер халифа Османға қарсы бағытталған айыптауларды былай тізбектеуге болады: уалилік және басқа да басты мемлекеттік қызметтерге Османның туыстарын қоюы, оларға және басқа да туыстарына мемлекет қазынасынан көп мөлшерде сый-сияпат тарту етуі, осыған байланысты ашық қарсы шығып, сынға алған Әбу Зарр әл-Ғыфари, Абдуллаһ бин Масуд және Аммар бин Ясир сияқты алдыңғы қатарлы сахабалар әртүрлі жолдармен жазаға тартылуы, кейбір сахабалардың жалақыларын кесуі немесе азайтуы, мухажирлер арасындағы Құрайш басшыларының Мединеден көшіп, жаулап алынған аймақтардағы қалаларға орналастыруына және олардың Мединедегі жерлерін барып қоныстанған жерлерімен ауыстыруына рұқсат беруі және ол жақта олардың көп мөлшерде мал-мүлікке ие болуына көз жұмуы, кейбір сахабаларға жаулап алынған қалалардан жер беруі, ардақты Пайғамбар тарапынан Тайфқа жер аударылған немере ағасы Хакам бин Әбу-л-Астың Мединеге қайта оралуына рұқсат беріп, оның ұлы Маруанды мемлекет хатшысы қызметіне қоюы, Құрайш атынан тайпалыққа бөлген кейбір уалилерге ешнәрсе демеуі, уалилердің қате шешімдеріне көз жұмуы және олардың алуы тиіс жазаларды бермеуі, Медине маңайындағы кейбір жерлерді байтулмал түйелерінің жайылымы қорығына айналдыруы, ардақты Пайғамбар, Әбу Бәкір және Омар қажылық мезгілінде намаздарды жолаушы намазымен оқыса, ол халифалықтың алтыншы жылынан бастап, Меккеде намаздарды тұрғылықты адам сияқты оқуы сияқты кейбір фықхтық тақырыптар, Әбу Бәкір заманында мусхафқа түсірілген Құран Кәрім нұсқасын көшіріп көбейткеннен соң, бастапқы нұсқа мен кейбір сахабалардың қолындағы жекелеген нұсқаларды толықтай жоюы, Пайғамбар мешітін кеңейткен кезде бұрын қолданылмаған кейбір құрылыс материалдарын қолдануы, ардақты Пайғамбардан келе жатқан халифалық мөрді Арис құдығына түсіріп алуы. Осы айыптауларға кеңірек тоқталып өтсек: халифа Османға бағытталған айыптаулардың басында басты мемлекеттік қызметтерге туыстарын қоюы келеді. Халифа Осман немере ағасының ұлы Маруан бин Хакамды мемлекет хатшысы етіп тағайындайды, ал Муауияны Сирияның негізгі уалиі етеді де Хумус, Кинасарин және Палестина уилаяттарын оның қол астына қаратады. Байтулмалдың сенімді қызметкері Абдуллаһ бин Масудпен араларында болған оқиғаға байланысты оны қызметтен босатқан, Куфа уалиі Саад бин Әбу Уаққастың орнына алдымен аналас бауыры Уалид бин Уқба бин Әбу Муайт, оның артынша туыстарының бірі Саид бин Асты қойған. Мысыр уалилігіне Амр бин әл-Астың орнына сүт бауыры Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сархты, Басра уалилігіне Әбу Муса әл-Ашаридің орнына нағашысының ұлы Абдуллаһ бин Амирді тағайындаған. Осы тағайындаулардың нәтижесінде мемлекеттің барлық билік тетіктері омайяд әулетінің қолына өтті. Халифа Османның мемлекет басқармасындағы бірлікті және түсініспестікті оңайлату мақсатындағы бұл ниеті Али мен басқа да басты сахабалар тарапынан сынға алынды. Ал Осман аталған уалилер мен қолбасылардың кейбірі бұрыннан-ақ сол қызметті атқарып келгендігін, ал кейіннен тағайындалғандардың осы қызметке лайықты екендігін айтып ақталды. Али әсіресе кейбір қателіктеріне орай, аталған уалилерге тек ауызша түрде ескерту жасаумен шектелуіне қарсы шықты және халифа Омар сияқты іс жүзінде жазаға тарту қажеттігін алға тартты. Халифаның уалилермен қатаң қатынас жасамауы арыз-шағымдарды одан ары үдете түсті. Бұл тайпашылдық әрекетін қайта қоздырды. Құрайш тармақтары ішінде Османның руы санататын Бани Умаййа (омайя) мен Алидің руы Бани Хашим арасында бәсекелестік күн тәртібіне айналды. Бұдан да күрделісі Османның бұл шешімі Құрайштан басқа тайпа лидерлері тарапынан Құрайштың үстемдігі ретінде сезілді. Аталға тайпалар Османның тайпасы болып табылатын Құрайшқа қарсы тайпашылдық отын тұтатуға тырысты. Билік басындағыларға қарсы басты қарсылық Бакир, Рабия, Азд, Кинда, Тамим, Қудаа сияқты жорықтарда көп күш берген қуатты тайпа өкілдері бірге өмір сүретін Куфада пайда болды. Халифа Омар мухажирлер арасынан Құрайш басшыларының Мединеден тысқары қалаларға қоныстануына тиым салған болатын. Тек қана арнайы рұқсатпен және уақытша ғана басқа жаққа баруларына рұқсат етілетін. Ол мұның себебін олардың мал-мүлікке құнығып кету қапуімен байланыстыратын. Сонымен қатар, олардың басқа қалаларға таралуына байланысты араларында келіспеушілік шығып кетуінен және олардың маңайына топтасқан тобырлар арасында келіспеушілік туындап қалуынан қауіптенді. Тарихшылар Омардың қорыққан қаупіне Османның душар болғанын алға тартады. Ал Осман Омардың осындай тиымына рұқсат беріп, Құрайш басшылары басқа аймақтарға қоныстануына мүмкіндік берді. Осыған байланысты олар өзге аймақтарға барып, мол мал-мүлікке қол жеткізді. Олар қоныстанған уилаяттардағы халық ардақты Пайғамбардың ең жақын серіктері болғандықтан аталған сахабалардың маңайына топтасты. Мысыр, Куфа және Басра халқы өз қалаларын таңдаған немесе өздерімен жақын қатынас орнатқан бір үлкен сахабаны лидер және халифа Османның соңғы жылдарында оның орнына отыруы тиіс халифа үміткері ретінде санай бастады. Халық кезкелген мәселелерде және мал-мүлік жинауда оларды өздеріне үлгі қылды. Бұл қалалар арасындағы бәсекелестікке жол ашты және бәсекелестік барған сайын күшейе түсті. Атақты ислам тарихшысы Табари мұны мұсылман үмметінің ең үлкен кемшілігі және бүкіл мұсылмандарға әсер еткен алауыздық себебі ретінде санайды. Кебір алдыңғы қатарлы сахабаларға деген Османның ұстанымы сынға алынды. Осы сахабалардың басында алғаш исламды қабылдағандардың бірі Әбу Зарра әл-Ғыфари, Абдуллаһ бин Масуд және Аммар бин Ясир келеді. Оның заманында Сирияға сапар шеккен Әбу Зар әл-Ғыфари Муауия бин Әбу Суфиянның ысырапшылдығын және мұсылмандардың игілігіне қажет дүниелерді Алла жолына жұмсамай, қысып ұстауын қатты сынға ала бастады. Оның сөздері кедей халық арасында қолдауға ие болды да байларға деген наразылықтың тууына жол ашты. Осыған байланысты Муауия оны ойынан бас тартуға тырысқанымен еш нәтиже шығара алмады. Ол халықтың Әбу Заррмен кездесуіне кедергі болып, жағдайды Османға жеткізді. Осыған байланысты Әбу Зарр Осман тарапынан Мединеге шақырылды (650-651 ж.). халифаның дүниелік билеушіге айналғанына мазасызданған Әбу Зарр әл-Ғыфари сыни ойларын Мединеде де жалғастырды. Қатысқан мәжілістерінде мал-мүлікке деген құнығуына және қажетінен артық дүниеге деген сараңдығына байланысты мұсылмандардың жақын арада бір бәлеге ұшырайтынын алға тартты. Халифа Османмен және кейбір сахабалармен Әбу Зарр арасында тартыстар болды. Осындай жұмыстарынан еш нәтиже шығара алмаған Әбу Зарр әл-Ғыфари Мединеден кету үшін рұқсат сұрады және ол өз қалауымен Осман тарапынан Рабазаға жіберілді. Бірақ, кейбір мәліметтерде оны күштеп жер аударылғандығы баяндалады. Халифаның Құранды көшіріп көбейткеннен соң кебір адамдардың қолындағы мусхафтарды, әсіресе, өзіндегі мусхафты жақтыруына байланысты Абдуллаһ бин Масуд халифаға қарсы шыққан болатын. Оның Пайғамбар мешітінде өзін сынға алған Османға жауап беруге тұрған кезде мешіттен шығарылғандығы, осыған орай, онымен қатаң қатынас орнатқандығы туралы мәліметтер орын алады. Омайяд әулетін мемлекет басына отырғызуы және Әбу Зарр әл-Ғыфариге жасаған қатынасы Аммар бин Ясирді халифаға қарсы қойды. Бірақ, Османның Аммарды өзіне қарсылық көрсеткен кейбір әрекеттерді зерттеу үшін Мысырға комиссия ретінде жіберуі екеуі арасындағы қайшылықтың болмағандығын көрсетеді. Дереккөздерде Осман жайлы Аммардың ауыр сөздер айтқандығы және оның ауыр дүреге тартылғандығы туралы мәліметтер бар. Алайда бұлардың көпшілігі негізсіз екендігі және басбұзарлар тарапынан әдейі ойдан шығарылғандығы анық. Хакам бин Әбу-л-Ас кейбір келеңсіз істеріне байланысты ардақты Пайғамбар тарапынан Таифқа жер аударылған болатын. Халифа Әбу Бәкірге барған Осман ардақты Пайғамбар тірі кезде одан немере ағасының кері қайтару рұқсатын алғандығын айтты және ағасының Мединеге қайта орлауына рұқсат сұрады. Бірақ, Әбу Бәкір оның айтқанына сенгенімен Пайғамбардың жер аударған адамын кері қайтармайтынын айтты. Одан кейін Омар да оған өз рұқсатын бермеді. Ал Осман өзі халифа болысымен немере ағасын Таифтан Мединеге шақырып, 100 000 дирхам берді. Ал ұлы Маруанды хатшылық қызметке тағайындады. Оның бұл ісін сахабалар жақсы қарсы алмаған болатын. Осыған байланысты көптеген адамдар халифаны сынға алды. Маруанның кебәр сахабалармен келісе алмауы және халифа атынан шешімдер шығарып, кейбір қателіктерге ұрынуы наразылықты одан ары арттырды. Демек Османның немере ағасы мен оның ұлына жасаған қамқорлығы соңында өзіне таяқ болып тиді. Османның туыстарына жақсылық жасауы оған деген наразылықтың үдеуіне жол ашты. Халық арасында халифаның Абдуллаһ бин Саад бин Әбу Сархқа, Маруан бин Хакамға және күйеу балаларына байтулмалдан тартулар бергендігі жайлы мәліметтер таралғандығы байқалады. Бірақ бұл мәліметтердің негізсіз екендігі, халифаның оларға өз дүниесінен бергендігі, бірақ халық арасында мемлекет қазынасынан берілді деп өтірік жала тарағандығы белгілі. Себебі, Осман басбұзарлармен кездесу кезінде әлгі тартуларды өз мүлкінен бергендігін айтқан. Бірақ, бұл жала халифаға қарсы айыптауға себепкер болғ,аны анық. Уалиліктерде көрініс тапқан қырағат айырмашылықтарына нүкте қою мақсатымен Құранды көшіріп көбейтуі кезінде басқа Құран нұсқаларын жоюға Османның талпынысы оның бетіне күйе жағылуына себеп болды. Оның бұл ісі жалпы алғанда қолдауға және дәріптеуге ие болғанымен, оны сынға алғандар да кездесіп жатты. Кейіннен қырағаттарын өзгерткенімен Абдуллаһ бин Масудтан қырағатты үйренген куфалықтар бұған қарсы шыққан. Куфада билікке наразы болғандар осыны шебер пайдаланды. Халифа Осман 650 жылы ардақты Пайғамбардан келе жатқан және бетіне «Мухаммад Расулуллаһ» деп жазылған халифалық мөрді Асир құдығына түсіріп алған болатын. Жүзікті табу үшін құдықтың суы толықтай шығарылды. Құдықтан алынған батпақтар үш күн бойы тексерілді. Бірақ, жүзік табылмады. Халифа Осман бұған қатты қапаланған да болатын. Османның жүзікті жоғалтуы оның қаралануына сыртау болды. Келесі жағынан бұл жаман күндердің бастауына белгі ретінде де саналды. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|