Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Хасан халифалығы




Хасан Али мен ардақты Пайғамбардың қызы Фатиманың үлкен ұлы ретінде хижреттің үшінші жылы рамазан айында (март 625 ж.) Мединеде дүниеге келген. Оның атын ардақты Пайғамбардың өзі қойып, құлағына азан оқыған.

Ол әкесі билік тағына отырғанға дейін саясаттан аулақ, тыныш өмір сүрді. Ол Осман дәуіріндегі Ифриқия мен Табаристанға жорыққа аттанырылған әскерге қатысты. Әкесі таққа отырған соң ол әкесі жағында болып, соғыстардың барлығына қатысты.

Хасанның халифа сайлануы.Халифа Али Абдуррахман бин Мулжам тарапынан ауыр жараланғанда өлім аузында жатқан Алиден жолдастары халифалыққа ұлын қоюды сұрады.Ал Али өзі оны бұйырмайтынын, бірақ, қарсы да шықпайтынын айтты.

Алидің дүние салуынан соң Хасанға Куфада биат жасалды. Биат кезінде Алланың кітабына және Пайғамбардың сүннетіне бой ұсынумен қатар басбұзарлармен соғысу шартында қосқысы келгендер болғанымен Хасан одан бас тартты.

Хасанға биат жасалған айлары Басра, Мекке, Медине, Хижаз және Иемен провинциялары өз биаттарын білдірді. Ал Мысыр мен Сирия провинциялары Муауияның қол астында болғандықтан Хасанға биат жасамады. Хасан билік басына келгеннен соң әкесінің уалилерін ауыстырмады.

Хасанның Муауиямен бейбіт келісімге келуі. Алидің өлімінен соң халифалыққа Хасанның сайлануын Муауия өзіне тиімді сәт деп білді. Осы мүмкіндікті жібермеу үшін Муауия Осман заманындағы Басра уалиі болған Абдуллаһ бин Амирді қолбасшы етіп үлкен қосынды әскерді Иракқа жіберді. Оның артынан өзі де жолға шықты. Ол жолға шығарда барлық уалилеріне хат жазып, әскерлерімен өзіне қосылуын бұйырды. Жеткілікті әскер жинай алған Муауия Мадаинге жақын маңайға дейін келді. Муауияның өзіне аттанғанын естіген Хасан әскердің жиналуына бұйрық берді. Бірақ өзін сайлаған халықтан күткеніндей әскер жиналмады. Хасан аз ғана әскерді зорға жинады.

Хасан жиналған әскерінің басына Убайдуллаһ бин Аббасты қолбасшы ретінде тағайындады. Муауия қарсыластарын ақшамен өзіне қаратуды көздейтін саяси қайраткер болатын. Алдымен ол Убайдуллаһты ақшамен сатып алуды көздеді. Оған жартысын қазір, қалған жартысын Куфаға кіргеннен соң беретін болып 1 000 000 дирхам ұсынды да өз жағына өтуін өтінді. Муауияның ұсынысын қабылдаған Убайдуллаһ әскерлері хабарсыз кезде түнде Муауияның әскеріне өтіп кетті. Қолбасшысының жау жаққа өтіп кетуінен әскердің рухы жоғалатыны белгілі.

Осы жағдайға байланысты әскерлері бас көтеріп, Хасанның ордасы тұрған жерге дейін келді. Хасанға шабуыл кезінде Хасанның үстіндегі сыртқы киімін бір әскер жұлып алды. Сонда Хасанның жанындағы адамдар оған кедергі жасады.

Муауиямен күресудің қиын екендігін ұққан Хасан онымен келісім жасауға бекіді. Муауия Хасанның ұсынысын қабылдап, оған Абдуллаһ бин Амир мен Абдуррахман бин Самураны өкілі ретінде жіберді. Муауияның өкілдері Мадаинде Хасанмен кездесіп оның шарттарын қабылдады. Хасан да халифалық құқығынан бас тартты. Хусейн мен кейбір куфалықтар келісімге қарсы шыққанымен Хасан келісімге келуден бас тартпады.

Хасанның ұсынған шарттар арасында бұрынғы текетіреске байланысты өзінің жақтастарын тұтқындамау, олардың бұрын істеген қылмыстарын кешіру, өз жақтастарының тыныштықта өмір сүруін қамтамасыз ету, Ахваздың харажын тек Хасанға беру орын алады.

Хасан халифалықтан бас тартқаннан соң Муауия Куфаға келіп, халықтың алдында Хасанның, Хусейннің және басқа да әһли байт өкілдері мен жақтастарының биатын алды (29 шілде 661 ж.)осылай шамамен алты айға созылған Хасанның халифалығы аяқталды. Осы келесіммен ислам әлеміне қайта бір шаңырақ астына топтасты.

Хасан Муауияға биат жасағаннан соң туыстарымен бірге Мединеге қоныс аударды да өмірінің соңына дейін сонда қалды. Ол осыдан соң саясатқа мүлдем араласпады.

Лекция




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных