Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Омайядтар динасының әлсіреуі және құлауы.




ІІ Уалид бин ІІ Язид (743-744 ж.) халифа тағына отырысымен-ақ аймақтардағы уалидерді ауыстырып, биліктің барлығын уалилердің қолына берді де өзі уақытын көңіл көтерумен өткізді. Бұл оның рулас ақсүйектеріне ұнамады. Соңында Язид бин Уалид одан тақты тартып алып, өзін өлтірді. ІІІ Язид бин І Уалид, Ибраһим бин І Уалид кезеңдерінде халифат ішіндегі наразылықтар мен жанжалдар тоқтамады. Солардың бірі ретінде Яхя бин Зайд деген адамның Хорасанда ұйымдастырған көтерілісін атауға болады. Бірақ ол халифат әскері тарапынан аяусыз бастырылды. Бұл хорасандықтардың билік басындағыларға деген өшпенділігін одан сайын қоздырды. Сонымен қатар, химистықтар, палестиналықтар, мағрибтіктер, ямамалықтар, ирактықтар шыққан көтерілістер күннен күнге үдей түсті. Сондай-ақ рулық бақталастық Омайядтар одан сайын әлсіретті. Халифаның сүйенген сириялық араб әскерлері арасындағы рулық алауыздық омаядтардың күшін қауқарсыз етті.

Армения мен Азербайжан уалиі Маруан бин Мухаммад (744-749 жж.) тақтан тайдырылып, соңында өлтірілген ІІ Уалидтің қанын даулап, онсыз да әлсіреп отырған халифаға қарсы шығып, Ливанда болған шайқаста халифа әскерін қырғынға ұшыратты да Шамдағы халифат тағына өзі отырды.

Маруан таққа отырғаннан соң ел астанасын Харранға көшірді. Осы сәтте Сабит бин Нуайм деген адам Сирияда көтеріліске шығып, аз уақыттың ішінде Сириядағы қалаларды өзіне қаратты. Алайда 745 жылы оның жасаған көтерілісі бастырылды.

Маруан халифа болған кезде оның халифалығын Ирак мойындаған жоқ. Сондықтан, Сириядағы көтірілісті басқаннан соң, Маруан Иракқа бет бұрды. Осы сәтті пайдаланып, сириялықтар Сүлеймен бин Хишамды халифа ретінде сайлап, Киннассиринді жаулап алды да ел ішінде тағы бір бүлікті бастады. Мұны Маруан Куфаға келгенде ғана естіді. Сондықтан, ат басын Киннассиринге бұрды. Көтерілісшілерді қайта басып тастағаннан соң Маруан Сирия қалаларын да жермен жексен етті.

Алидің жақтастары осы ішкі алауыздық пен мазасыздықты шебер пайдаланып, Куфада Джафар бин Әбу Талибтің ұрпағы Абдуллаһ бин Муауияны имам ретінде жариялады. Бірақ, 747жылы бұл көтеріліс те бастырылды.

Харижиттер көтерілісі. Даххақ бин Қайс басшылығындағы харижиттер осы кезеңде Куфаны жаулап алды. Одан соң Мусул қаласын бағындырды. Халифаның жіберген жазалаушы қолы да Нусайб маңында жеңіліс тапты. Маруан Сирия көтерілісін басқаннан соң 746 жылы Даххақ бастаған харижиттерді талқандайды.

Аббастықтар көтерілісі. Маруан харижиттерді басқан кезде, Хорасанда Аббасилер көтеріліс ұйымдастырып жатқанын естігенмен оған бастапқыда мән бермеді. Хорасанда Омайядтарға қарсы, олардың жүргізген саясатына наразы түрлі ұлттан құралған адамдарды Аббастықтар шебер пайдалана білді. Көтерілісті ұйымдастырушы Ибраһим бин Мухаммад 746 жылы тегі араб емес Әбу Муслимді Хорасан өлкесіне жөнелтеді. Әбу Муслим араб еместерден құралған әскермен Мерв қаласын басып алады. Осылайша біртіндеп Хорасанда Омайядтар үстемдігі әлсірей бастайды.

Көтерілісшілер 749 ж. Куфаны жаулап алады да Әбу Аббасқа биат етеді. Әбу Аббас Омайядтар халифалығын құлату үшін Абдуллаһ бин Аббасты Сирияға жөнелтеді. 750 ж. Заб өзені бойында Маруан әскері Аббастықтар әскерінен жеңіліп, бас сауғалап қашады, алайда, оның соңына түскен Аббасилер әскері Маруанды Мысырда өлтіреді.

Омайядтар халифатының құлау себептері:

1. Рушылдық бақталастық;

2. Мұрагерлік мәселелері;

3. Әһли бәйт пен оны жақтаушыларды қудалау;

4. Исламның қойған әмірлері мен тиымдарына қайшы әрекет ету;

5. Өзге ұлт өкілдерін арабтардан төмен санап, құқықтарын шектеу.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных