Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аббаси халифаларының шежіресі




 

 

Әбу-л-Аббас ас-Саффах (749-754 жж.). Халифа ІІ Маруан өлтірілгеннен соң Әбу-л-Аббас ас-Саффах Ефрат өзені маңындағы Анбар қаласын Аббаси халифалығының астана ретінде белгіледі және оның атын «Хашимия» деп өзгертті. Жаңа династия басшысының алдында негізгі екі мәселе тұрды:

1. Омайядтар ұрпақтары толығымен жойылмаса, Солтүстік Африка мен Испанияда жаңа бір мемлекет құрылуы мүмкін;

2. Имамдықтың Али әулетіне тиесілі екендігін қолдайтындар көтеріліске қатысқан, бірақ олардың армандағанынандай Али әулеті емес, таққа Аббас әулеті келді.

Сондықтан, Әбу-л-Аббас ас-Саффах екі түрлі жолды алдына мақсат ретінде қойды:

1. Али әулетіне құрмет көрсету;

2. Али әулетін қолдаушылардың көңілінен шығу үшін Омайяд әулетінен өш алу.

Аббасилер өш алуды қатігездікпен жүзеге асырды. Осайлайша, Омайядтардың қайта бас көтереруіне жол бермеді. Сүлеймен бин Али Басрадағы Омайядтарды қырып, денелерін жолдың шетіне тастап, иттерге жегізген.

Ал Абдуллаһ бин Али 90 Омайяд өкілін асқа шақырып, барлығын дастархан басында қырып салады. Сонымен қатар, жерге көмілген Омайяд ақсүйектеріне де Аббастықтар өздерінше жаза қолданды. Абдуллаһ бин Али Шам қаласындағы Омайяд халифаларының қабірлерін аштырып, сүйектерін талқандап отқа жақты. Осы сәтте ІІ Маруанның қолбасшысы болған Әбу-л-Уард Киннасирин халқын ұйымдастырып, қол астына жиып, Аббастықтарға қарсы көтеріліске шыққан. Абдуллаһ бин Али көтерілісті жазалау үшін Киннасиринге аттанған кезде шамдықтар да бас көтереді. Дегенмен көтерілістер дер кезінде бастырылды.

Талас шайқасы. Арабтар Орта Азияны жаулап алған кезде жергілікті түркі билеушілері Қытайдан көмек сұраған болатын. Бұл өтінішті алғаш жасаған Ферғана ихшиді болатын. Ол тағына отырған жағдайда Қытайдың билігін мойындайтынын мәлімдеген. Артынша Бұхара билеушісі 726 жылы Қытайға елші жіберіп, араб басқыншылығынан құтқаруды өтінген. Самарқанд әміршісі де 719-731 жылдар арасында қытайдан көмек сұраған. Бірақ қытай дер кезінде көмек бере қоймады.

738 ж. Сұлу қағанның өлтірілуімен Түргеш қағанаты әлсірейді. Осы сәтті күтіп отырған Қытай императоры Батыс Түркістанды жаулап алу ниетімен 747 жылы қалың қолмен Ыстық көл өңіріне басып кіреді. Куча әкімі Као Сиен-Чи бастаған қытай әскері 751 жылы Шашты (Ташкент) басып алып, оның әміршісі Бахадүр Тұдұнды тұтқындап, императорға жібереді де ол сонда өлім жазасына кесіледі. Қытайлардың жасаған осы тәріздес зұлымдықтары түркілердің үмітін үзді. Түркілер енді арабтардан көмек сұрауға мәжбүр болды. Хорасан уалиі Әбу Муслим Зияд бин Салих басшылығындағы араб әскерін қытайларға қарсы аттандырады. Екі жақ 751 жылы талас өзені маңында кездеседі де, бес күнге созылған шайқастың соңында қарлұқтар қытай армиясына күшті соққы береді. Осылайша, қытайлар жеңіліске ұшырайды.

Әбу Джафар әл-Мансур (754-775 ж.). Мұрагерлік жол бойынша таққа отырған Әбу Джафарды немере ағасы Абдуллаһ бин Али мойындамады. Әбу Джафар осы мәселені шешуді Әбу Муслимге жүктейді. Екі жақ Нусайбин маңында шайқасып, Әбу Муслим жеңіп шығады да Абдуллаһ бин Алиді кейінірек өлтіреді.

Әбу Джафар Әбу Муслимнен де қауіптенетін. Себебі, ол Аббасилер әулетінің мемлекет басына келуіне көп қызмет жасағанымен, халық Аббасилер әулетін танымаса да Әбу Муслимді таныды. Абдуллаһ бин Али әскерінен түскен олжаны есепке алмақшы болғанда халифа мен Әбу Муслим арасында дұшпандық арта түседі де Әбу Муслимді айламен өлтіреді.

Әбу Муслим көтерілісшілерді артынан ілестіру үшін ешбір дін өкілдерін алалаған емес. Тіпті исламмен қатар өзге сеніммен қатар үндеулерін жариялайтын. Сондықтан, мұсылман дінін қабылдай қоймаған ирандықтар да оның артынан ерді. Әбу Муслим өлтірілгеннен соң, оны қолдаушы әскерлері Хорасанда Әбу Муслимнің кегін алу мақсатында және өздерін Әбу Муслим рухы қолдайтынын жариялап, халифаға бас көтерді. Осы көтерілісті ұйымдастырған Синбад есімді маджуси болатын. Нишапурда шыққан көтеріліс ұлғая келе Рейге дейін жалғасты. Оған халифа жазалаушы әскер жіберіп, Ссоңында Синбад әскері талқандалды (755 ж.).

Әбі Муслимнің өлімінен соң 755 жылы Исхақ есімді көтерілісші Мауреннахрда көтеріліс ұйымдастырды, оны Хорасан уалиі Әбу Дауд та баса алмады. Осыған орай 757 жылы Халифа Мансур баласа Махдиді жібереді. Махди әскері көтерілісшілерді басты.

759 жылы Хорасанда Әбу Муслимнің тағы бір жақтастары “Рауандия» атты бір топ та мемлекет басындағыларға бағынбай бас көтерген. Олар кейбір пайғамбарлардың рухтары араларындағы кейбіріне қонғандығын қуаттап, тіпті, Бағдатқа келіп, халифа Мансурды құдай ретінде танып, оған табынбақшы болған. Халифа өзі бастап бұларды жазаға тартқан.

Али ұрпақтарының көтерілістері. Омайядтар халифалығықұлағанға дейін Аббасилер мен Али әулеті арасында ешқандай мәселе орын алмаған. Омайядтар әулетінің билік басынан құлауында Али ұрпақтарының үлесі зор болатын. Бірақ, Аббасилердің билікке келуі жағдайды түбегейлі өзгертті. Куфа, Басра, Хорасан, Хиджаз халқы Хасан бин Алидтің немересі имам Мұхаммедтің халифа болуын қалады. Бұл мәселе халифаны қатты мазалады және олардың артынан тыңшы қойды. Мұхаммед пен Ибраһим атты Хасанның ұрпақтары халифаның тұзағына түсіп қалмау мақсатында сақтықпен жасырын жүрді. Себебі, олардың көтеріліс жасау ниеті бар екендігін халифа хабардар болатын. Аталған екеуін қолдаушыларды халифа аяусыз жазалап отырды. Соңында Имам Мұхаммед Мединеде, Имам Ибраһим Басрада көтеріліс жасауды ұйғарды. 762 жылы имам Мұхаммед көтерілісті бастап жіберді. Ал Ибраһим көтеріліске дайын емес еді. Халифа әскері көтерілісті дер кезінде басып басшыларын өлтірді.

Солтүстік Африка, Испания. Омайядтар кезінде уали ретінде тағайындалған Абдуррахман бин Хабиб Аббасилер кезінде де өз жұмысын одан ары жалғастырды. Алайда оның орталықпен байланысы суи бастағанына байланысты оны да туыстары өлтіріп тынды. Абдуррахманның баласы Хабиб әкесінің кегін алу үшін туыстарымен шайқасып, Кайраванды жаулап алды.

Осы кезде берберлер арасында харижиттік идеология кең таралған болатын. Хариджит берберлер өз алдына жеке халифалық жариялады. Көтеріліс көсемі –Асым Кайраванды жаулап алды. Солтүстік Африкадағы харижит мәселесін шешу үшін халифа Мансур Мухаммед бин Ашғасты Африкаға жібереді. Ол хорасандықтардан құралған армиямен Ливияны, Кайраванды берберлерден азат етеді. Осыдан кейін де харижиттер бірнеше бүліктер ұйымдастырған.

Аббастықтардан аман қалған Омайяд әулетінің өкілі Абдуррахман бин Муауия Солтүстік Африкада қолдау таппағаннан соң Испанияға өтеді. 756 жылы Испаниядан өзіне жақтастар тауып, Кордованы басып алады да өзінің халифалығын жариялайды және Аббастықтардан дербес мемлекет құрады.

Бағдат қаласының салынуы. Халифа Мансур өзіне қауіпсіз бір мекен іздейді. Куфа, Басра, Анбар аймақтарында көтерілістер өрбіп, халифаға деген қауіп күннен күнге арта түсті. Сондықтан, Мансур 762 ж. қала құрылысы басталды.

Мәһдидің халифалық кезеңі (775-785 жж.). Мәһди халифа болысымен қатігездіктен аулақ болуға тырысты. Ауыр қылмыс істегеннен басқа қылмыскерлер абақтылардан босатылды. Солардың бірі Хасан бин Алидің немересе Ибраһимнің баласы Хасанды бостандыққа шығарып, оған қазынадан айлық бөлдірді. Ауру-сырқауларға, қариялар мен кедейлерге, жетімдер мен жалғыз бастыларға мемлекеттен қаражат бөлдірді. Қажылар мен саудагерлердің жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, керуен сарайлар салдырды, құдытармен хауыздар және су бөшкелерін орнатты. Оларды күзететін күзетшілер қойды. Масджид-л-Харамды кеңейтіп, пайғамбар мешітін қайта салдырды. Мемлекет территориясындағы мешіттер саны көбейтілді немесе жөндеуден қайта өткізілді. Почта қызметін одан ары жандандырды.

Әскери жорықтар. 775 жылы Үндістанға еріктілерден құралған армияны теңіз арқылы жіберді. Жіберілген жасақ біршама жерлерді жаулап үлкен табыспен оралды.

778 жылы арабтар Византияға баса көктеп кірген болатын. Бұған жауап ретінде Византия да әскер жөнелтіп, шегара аймақтағы тұрғындарды үлкен күйзеліске ұшырады. 779 жылы Мәһди Хасан бин Қахтабаны жіберіп, византиялықтарға тойтарыс жасатты. 779-780 жылдары және 782 жылы халифат әскері тарапынан Византияға үлкен соққылар жасалды.

Көтерілістер. 776 жылы Мерв қаласында Муқанна атты дін бұзар маңайына жақтастарын топтастырып, халифат билігіне қарсы көтеріліс жасады. Ол құдадың Адам пайғамбарға, одан соң өзге пайғамбарларға, кейін Әбу Муслимге, сосын өзіне қонғандығын қуаттады. Халифа әскері оның жасаған көтерлісін басып тастағанымен көтеріліс көсемі қашып шықты, алайда, соңында өзі жанұясымен бірге у ішіп өлді.

Аталған оқиғадан кейін де Муқанна идеясын қолдайтын бүлікшілер ақ киім, кейде, қызыл киім киіп, көтеріліске шығып отырған.

Мұса әл-Һади (785-786 жж.). Мұса таққа келген сәтте 786 жылы зындықтар тағы да көтеріліс жасағанымен олар дер кездінде бастырылып тасталынады. Оның билік жүргізген заманында маңызды оқиғалардың бірі Хасан бин Али әулетінен Хусейн бин Али Медине қаласында көтеріліс ұйымдастырады. 786 жылы Хусейн бин Али Пайғамбар мешітінде халықтан биат алады. Ол Мединедегі халифат билігін жойғаннан соң Меккені де жаулап алады. Халифат аталмыш көтерілісті басу мақсатында орталықтан Мұхаммед бин Сулайман басшылығындағы қолды жібереді. Екі жақ Мекке мен Медине арасындағы «Фах» деген жерде шайқасып, Хусейн майдан алаңында жан тапсырады. Бірақ көтеріліс қолбасылары – Яхя бин Абдуллаһ пен Идрис бин Абдуллаһ қашып құтылады. Яхя бин Абдуллаһ Дайламада, Идрис бин Абдуллаһ Солтүстік Африкадағы бүгінгі Марокко жерінде тәуелсіз мемлекет құрады.

Харун Рашид (786-809 жж.). Харун Рашидтің кезеңі Аббасилер халифатының алтын дәуірін құрайды және мемлекет территориясы да Аббасилер династиясының ең көлемді кезеңі болды. Халық тыныштық пен бейбітшілікте өмір кешіп қой үстіне бос торғай жұмыртқалайтын заман орнады. Харун дәуірінде ғылым мен өнер мейлінше дамыды. Халифа сарайы ақындармен, ғалымдармен, құқықшылармен т.б. толды. Атақты 1001 түн ертегісі осы кезеңдерде дүниеге келген. Бағдат бүкіл әлемнің ғылыми, өнер астанасына айналды, оның халқы да милионға жетті.

Көтерілістер. Харун дәуірінде Сириядағы Қайс пен Мудар тайпалары арасында жаһилия дәуірінен келе жатқан бақталастық пен өзара жауыздық 796 ж. Халифа Харун Рашид тарапынан бастырылды.

786 ж. Ифриқияда (Солтүстік Африка), 787 ж. әл-Жазирада 791 ж. Хорасанда хариджиттер көтерілісі бастырылды.

Фах соғысынан қашқан Идрис бин Абдуллаһ Солтүстік-батыс Африкада жергілікті халықтың қолдауымен «Идрисилер династиясын» құрды және бұл Аббасилер халифатынан бөлініп шыққан жеке сұлтанат болды.

Ағлабилер династиясы (800-909 жж.). Халифа Харун Рашид Тунис аймағын Ибраһим бин Ағлаб ат-Тамимидің жеке иелігіне беріп, билік әкеден балаға өтетін «Ағлабилер» династиясының құрылуына негіз жасады. Қысқа уақыттың ішінде аймақтағы тыныштықты қамтамасыз еткен Ибрахим бин Ағлаб пен оның ұрпақтары Кайраван қаласын өздеріне орталық етіп, Траблусғарб, Тунис, Алжир және Марокконың (Фас) бір бөлігіне иелік етті. Ағлабилер сұлтандығы Аббасилер халифалығына жау – Идрисилерден қорғанатын қамалға айналдырылды.

Ағлабилер Тунистегі жағалауға кемелер жасатып, Жерорта теңізінде де жорықтар жасады. Олар Византия флотын талқандады. Жерорта теңізіндегі аралдарды жаулап алып, 827 жылы Сицилияға жөнелтілген Қади Асад бин Фурат басшылығындағы әскер Палермоны алды. Олар онда ислам мәдениетінің ең көркем ескерткіштері мен шаруашылық пен өнер жетістіктерін, жолдар мен каналдар жасады. Одан соң Сардуния, Корсика және Мальтаны бағындыра отырып, Рим қаласын бірнеше мәрте қоршауға алды. Осы кезеңде Италияның бірнеше қалаларын басып алып, осы өлкелерде мәдени ескерткіштер мен мәдениеті арқылы өз іздерін қалдырды. Осылайша ғылым мен білімнің Италия арқылы Еуропаға өтуіне жағдай туғызды. Ағлабилер әулетінен 11 сұлтан билік жүргізген. Соңғы Ағлабиттер сұлтаны ІІ Зиядатуллаһ Фатимиттерден жеңілгеннен соң Ағлабиттер мемлекеті 909 жылы құлады.

Сыртқы жағдай. Бұрынғы халифалар тәрізді Харун Рашид дәуірінде де Византияға жорықтар жасалып, Константинополь маңайына дейін араб әскері жетті де кері шегінді. Харун Рашид кезінде Арменияда көтеріліс болды.

Харун Рашид Кордова халифаты мен Византияға қарсы Франк императоры Чарлманмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Халифа 808 жылы Самарқандтағы көтерілісті басу мақсатында жорыққа аттанғанда жолда науқастанып қайтыс болады.

Халифа Әмин дәуірі (809-813 жж.). Харун Рашид өзінен соң мұрагер ретінде алдымен Әминді, одан соң Мамунды сайлап кеткен, бірақ, өзгелердің аздыруымен халифа болып алғаннан соң Әмин Мамунды мұрагерліктен алып тастап, орнына ұлы – Мұсаны мұрагер еткісі келді. Осыған байланысты Бағдаттағы Әмин мен Хорасандағы Мамун арасында алауыздық оты тұтана бастады.

Мамунның қолбасшылысы Тахир бин Хусейн мен Әминнің қолбасшысы Али бин Иса Хорасандағы Джалула деген жерде 811 ж. билік үшін шайқасады. Шайқас нәтижесі хорасандықтардың жеңісімен аяқталады. Әминнің жіберген қосымша әскері де талқандалады. Тахир бин Хусейн Ахваз, Бахрейн, Оман, Ямама өлкелерін біртіндеп өзіне қаратып алады. Соңында Бағдат қаласын қоршауға алып, шайқаста қаланы басып кіреді де Әминді өлтіреді.

Мамунның халифалығы (813-833 жж.). Мамун Хорасандағы Мерв қаласынан Бағдатқа келіп, халифалық таққа отыруға асыға қоймады және ол парсы текті ақсүйектерді мемлекеттің жоғарғы қызметтеріне тағайындады. Бұл арабтардың ашу-ызасын қоздырды. 813 ж. әл-Жазирада Наср бин Шабас, 814 ж. Әбу Сарая (қарақшы) Куфада, 815 ж. Хусейн бин Хасан Меккеде көтеріліс ұйымдастырды және олар өздерінше жеке халифалар сайлады. Дегенмен, олар Мамун әскері тарапынан бастырылып тасталды. Тіпті, бағдаттықтар Мансур бин Махди ді халифа ретінде сайламақшы да болды. Бірақ, оған Мансур келісімін бермеді. Халифа Мамун халық арасындағы мән-жайды ұққаннан соң Бағдатқа оралып, өз тағына отырды. Ол халықтың көңілін аулау мақсатында Али ибн Әбу Талиб ұрпағы болып табылатын Мұса Қасымның ұлы Имам Али Ризаны өзінің мұрагері ретінде жариялады. Оған кейбір Аббас көсемдері мен халық имамға биат етеді. Алайда, 818 ж. Тус қаласында Али Риза қайтыс болып кетеді.

Бабек әл-Хурами көтерілісі. Әбу Муслимнің өлімінен соң оның өшін алу мақсатында бірнеше көтерілістер шыққандығы белгілі. Соның жалғасы ретінде Бабек бастаған 816 жылғы көтеріліс Азербайжанда пайда болды. Бабек рухының қасиетті екендігіне сенгендер сол маңайдағы және көршілес қарапайым қара халықты қатты күйзеліске ұшыратты және Бабек жақтастары күннен күнге арта түсті.

Халифа Мамун дәуірінде Византияға жорықтар жасалынды (830, 831, 832 жж.).

Халифа Мутасым дәуірі (833-842 жж.). Мутасым Мамунның інісі болатын және оның кезінде халық көтерілістері, ішкі тартыстар өрши түсті. Солардың бірі – 834 жылы Хорасанда Али ұрпақтарының бірі Мұхаммед бин Қасым өз халифалығын жариялағанымен көтеріліс халифа әскері тарапынан тез бастырылды.

Сонымен қатар Үндістаннан қоныс аударылған индус тайпаларының бірі Зуттар 834 Басра аймағында көтеріліс жасады. Алайда, 835 жылы Зуттарды жанжақтан қыспаққа алып, оларды Византиямен шекаралас аймаққа жер аударды. Мамунның кезеңінде бас көтерген Бабекилер елге үлкен қауіп төндірді. Халифа тарапынан оған жіберілген әскери жорықтар да сәтсіз аяқталып отырды. Соңында бабекилердің орталығы – тау шатқалындағы Без қаласын алу және оларды түбірімен жою Мутасымның бас қолбасшысы Афшинге жүктелді. Афшин 835-838 жылдар аралығында өте әскеи сауаттылықпен жеңіске жетіп, Бабектің басын кесті.

Бабек көтерісі кезінде онымен одақтас болған Визания да халифатқа шабуыл жасады. Оған қайтарым ретінде халифа әскері 838 ж. Визанияның бірнеше қалаларын талқандады. Мутасым заманында мемлекет ішіндегі жанжалдар күннен күнге үдей түсті. Басқа ұлт өкілдерінің жоғарғы билікке орнығуы араб текті ақсүйектердің қызғанышын оята түсті, тіпті, халифаға қастандықтар да жасалды. Алауыздықтың нәтижесінде атақты қолбасшы Афшин де өлтірілді. Осыған орай Мутасым күшті әскерге мұқтаж болды және ол сарай гвардиясын құрды. Оның құрамында шығыны аз соғыс тұтқындары мен мен түркілер көп болды. Түркілерден құралған әскерге арнайы киім кигізіп, жалақыларын жақсы төледі, тіпті қолбасыларды да түркілерден қойды. Бұл арабтардың қызғанышын одан сайын арттырды. Тіпті Бағдат көшелерінде қақтығыстар болып, адам шығыны үдей түсті. Осыған орай халифа түркі әскерлерін қаладан тыс жерге орналастыруды ұйғарды да 835 ж. Самарра қаласын салдырды. Халифа ішкі тартыстан қатты қажып 842 ж. Самаррада қайтыс болды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных