ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аббастықтар кезеңіндегі жаратылыстану ғылымдарыИслам тарихы бойынша жаратылыс ғылымының ең шарықтау шегіне жеткен заман – аббасилер заманы. Ежелгі дәуір мұраларын араб тіліне аудару нәтижесінде ортағасырлық мұсылмандар жаратылыстану ғылымын одан ары дамыта түсті. Медицина. Медицина саласы бойынша зерттеулер сонау омайядтар дәуірінен басталған болатын. Әдетте аббасилер заманында дәрігерлік қызметті көбінесе, бөгде дін адамдары арқарды. Аббасилер дәуірінің атақты дәрігері Юханна бин Масауайх анатомияға қатысты зерттеулер жүргізіп, Суданнан маймыл алдырып, Мутасымның кезеңінде көзіне зерттеу жасайды. Осындай медициналық жетістіктер нәтижесінде адамзат мәдениеті тарихында алғаш мәрте дәрі сататын дәріханалар ашылды. Бағдатта дәрі-дәрмек жасайтын әдіс-тәсілдерді оқытатын арнайы оқу орны жұмыс істеді. Дәрілер жайында алғаш қалам тартқан Жабир бин Хаййанның аты мәлім. Дәрі-дәрмек жасау Мамун мен Мутасым заманында белгілі бір ретке келтірілді. Яғни, дәрі-дәрмек жасау және дәріхана ашу үшін аранайы емтихандардан өтіп, одан соң оған рұқсат құжаты тапсырылды. 931 жылы дәрігерлерді де арнайы емтиханнан өткізу жарлығы шықты. Алғаш жүйелі түрдегі ұйымдастырылған аурухана Харун Рашид тарапынан ашылды. Бұл аураухана «Бимаристан» (науқас орны) деп аталды. Али ат-Табари. Бастапқыда христиан дінін ұстап, ол Мутауаккилдің заманында ислам дінін қабылдаған. Оның «Фирдаусу-л-Хукма» атты медициналық шығармасы мәлім. Рази. Еуропада Разес атымен танымал аталған дәрігер әрі философтың 41 еңбегі бізге мәлім. Оның медицинаға қатысты он томдық «Китабу-т-Тибб» атты еңбегі Еуропада көп уақыт бойы құнды шығарма ретінде танылды. Ибн Сина. Мұсылман дәрігерлері арасында «Шайху-р-Раис» атымен аты шыққан атақты дәрігер, терең ойлы философ - Әбу Али ибн Сина Еуропада Авицина атымен танылды. Бұхарада дүниеге келген бұл ғалымның «әл-Қанун фи-т-Тибб» атты еңбегі тек ислам әлемінде ғана емес, Еуропада ХІІ ғасырдан бастап, ХҮІІ ғасырға дейін медицина мамандарына негізгі оқулық болып келді. Ол медицинаға байланысты сол заманға тән жаңалықтарды ашып, қант диабеті және одан емделу жолы, қайнатылған суды ішудің пайдалылығы, туберкулез ауруының белгілері және одан сақтану, емделу жолдары туралы жаңа жаңалықтар ашты. Метамалика саласы. Аталған ғылым да аударма жұмыстарынан соң ислам әлемінде даму жолына түсті. Ортағасырда парсылар арқылы араб мұсылмандары үнділердің математикалық және астрономиялық жетістіктеріне қол жеткізді. Үнді сандары деп аталатын араб сандарын ортағасырлық мұсылмандар одан ары дамытып, икемдеп кең көлемдегі өркениеттік қолданысқа енгізді. Еуропада бұл сандар араб цифрлары деп аталады. Оған дейін Еуропада Рим цифрлары қолданылып келді. Бірақ Рим цифры есептеу кезінде ыңғайсыз болғандықтан, олар да араб цифрларын қолануға көшті. Метаматикалық есептеу әдісіне алғаш мәрте нөл санын ойлап тапқан Мухаммад бин Ахмад атты ғалым болатын. Сонымен қатар, Мухаммад бин Муса әл-Хорезми осы цифрларды таблицамен есептеуді дамытты және математика саласында ол «Хисабу-л-Жабр уа-л-Муқабала» атты шығарманы жарыққа шығарды. Бұл шығарма латын тіліне аударылып, Еуропаның жоғарғы оқу орындарында оқытылды және бүгінгі алгебра атауының «Хисабул-Жабр уа-л-Муқабаладан» туындағаны белгілі. Астраномия. Ортағасырлық ислам мәдениетінің алғашқы кезеңінде грек, Рим және үнді тілдерінен астраномиялық кітаптар да көптеп аударылғандығы белгілі. Мысалы, Птоломейдің «Алмагит» атты шағырмасы, Батламиустың «Мужаста» кітаптары араб тіліне аударылды. Одан кейінгі дәуірлерде халифа Мамун Бағдатта ашқан «Байту-л-Хикманың» жанынан обсерваториялық орталық ашты. Одан соң Шам қаласының маңындағы бір таудың басына екінші обсерватория ашты. Осы зерттеулер нәтижесінде жердің жұмыр екендігі және градустарын жобалап таба бастады. Химия және физика. Ортағасырлық ислам өркениеті химия мен физикаға да өз үлестерін қосқандығы және жаңалықтар ашқандығы белгілі. Әйгілі мұсылман химиктері - әл-Бируни, Сабит бин Қурра, Рази, ибн Сина, Омар Хайям, Әбу Муса Жабир бин Жафар әл-Куфи ойлап тапқан химиялық терминдер Еуропа тілдерінде сол қалпында қолданылды. Ортағасырлық мұсылман химиктері химиялық элементтерді пайдалана отырып, дәрі-дәрмек жасау әдісін ойлап шығарды. Сондай-ақ, сабын, қағаз, бояу, тыңайытқыш сияқты күнделікті өмірде қолданылатын заттарды дүниеге әкелді. Ал физика саласының білгірі ретінде ибн Хайсамды ерекше атауға болады. География. Сауда жасау және жаулап алынған жерлер жайында мәлімет жинақтау мақсатында мұсылмандар географиямен де айналысты. Аббасилер заманында Әбу Саид Асмаи, Әбу Убайд Сақуни, Әбу Ашас Кинди, ибн Хурдазбих сияқты географтар өмір сүрді. Осы дәуірде ибн Хурдазбих «Китабу-л-Масалик уа-л-Мамалик», Әбу Зейд Ахмет бин Сахл әл-Балхи де «Сауару-л-Акалим» атты еңбектерді жарыққа шығарды. Басқа да географтар қатарына Мухаддисиді, Бируниді, Бакриді, Зухриді және Идрисиді жатқызуға болады. Философия. Аббасилер дәуірінде ежелгі дәуірге тән философиялық мұралар, оның ішінде, әсіресе, Платонның, Аристотельдің, неоплатонизмнің т.б. философиялық трактаттары араб тіліне аударылғаннан соң, ислам мәдениетінде әлемді, адамды, жаратылысты, құдайды т.б. философиялық әдіспен түсіндіруге талпынған бағыттар қалыптаса бастады. Оратағасырлық ислам әлеміндегі «фалсафа» бағытының бастаушысы ретінде әл-Киндиді атасақ, оның ірі жаршысы ретінде әл-Фарабидің, ибн Синаның, ибн Мискауайхтың, әл-Ғазалидің т.б. орны бөлек. Мұсылман философтары антикалық философиялық мұраларды Еуропаға танытуымен және онда өзіндік ой білдіруімен орны ерекше. Себебі, әл-Фараби Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» (муалим сани) деп аталса, ибн Мискауайх «үшінші ұстаз» (муаллим салис) деген атаққа ие болды. Ортағасырлық мұсылман философиясы даһрилік (материалистік), машшаилік (перипатетизм) ишракилік және теологиялық философия атты философиялық ағымдарға бөлінді.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|