Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздігі, этиологиясы, клиникалық белгілері. Өкпенің ісінуінде жедел жәрдем көрсету.




Жедел сол қарыншалық жеткіліксіздігі – жүрек демікпесі және өкпе ісінуі- кіші қан шеңберінде қанның іркілісі, қанның сұйық бөлігінің өкпенің интерстициалды тініне, сонан соң альвеолаларға ығысуы.

Жүрек астмасында көмек бермесе өкпе ісінуіне айналады.

Этиологиясы: миокард инфарктісі, артериалдық гипертензия, постинфаркті кардиосклероз, жүректің митралды және аорталды ақаулары.

Клиникалық белгілері:

ü Ауа жетіспеу сезіммен кенеттен жиі түнде басталады

ü Ентігу, кейде тұншығуға айналады

ü Жөтел (басында құрғақ, сонан соң қақырықпен), кейін алқызыл көпіршікті қақырықпен

ü Ортопноэ жағдайы (ortos – отыру)

ü Науқас қозған, тынышсыз

ü Терісі боз және ылғалды (суық тер), кілегей қабаттардың цианозы

ü Тахикардия (120 – 150 минутына), тахипноэ (30 – 40 минутына)

ü Мойын веналарының ісінуі

ü Аускультативті өкпеде везикулярлы тыныс әлсіреген, ылғалды әр түрлі калибрлі сырылдар өкпенің бүйірінде және төменгі бөліктерінде («қайнаған самаурын»)

 

Жедел жәрдем:

Ø Басын жоғары көтере отырғызу, аяқтарына бұрама салу (кезекпен шешіп алу).

Ø Наркотикалық анальгетиктер: морфин гидрохлориді 1% - 1мл 19 мл физиологиялық ерітіндімен к/т (анальгезия, вазодилятация, тыныс алу қозуын төмендету үшін)

Ø Диуретиктер: фуросемид(лазикс) 40-200мг к/т (айналымдағы қанды азайтады да қанның жүрекке баруын төмендетеді)

Ø Нитраттар: изокет спрей 0,4 мг; -нитроглицерин 0,5 мг тіл астына (вазодилятатор, нәтижесінде жүрекке келетін қан азаяды)

Ø Оксигенотерапия көбік басушымен (95% этил спиртымен) мұрын катетері арқылы алғашқы жылдамдығы 2-3 л, бірнеше минуттан кейін минутына 6-8 л

Ø Басын көтерінкі қалпында зембілмен интенсивті терапия бөліміне тасымалдау

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных